Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Марта 2013 в 11:47, дипломная работа
Психология ғылымында кәсіби бейімделу процесін, кәсіби құндылықтарының дамуындағы студенттердің тұлғалық ерекшеліктерін, жоғарғы оқу орнындағы оқу процесінің спецификасын зерттеу ерекше мәнге ие бола тұрса да, бұл мәселе әлі күнге дейін толық қанды зерттелінбеген. Сондықтан, студенттердің кәсіпке бейімделуіндегі кәсіби мәнді құндылықтықтарының дамуын заман талабына сай зерттеуді, жүйелеуді қажет етеді.
Кіріспе-----------------------------------------------------------------------------------------3
1. Жалпы адамзаттық құндылықтар мен құндылықты бағыт-бағдарлар.
1.1 «Құндылық» ұғымының анықтамалары--------------------------------------------6
1.2 Білім жалпыадамзаттық құндылық ретінде---------------------------------------15
2.Психология ғылымындағы құндылықтар мәселесі.
2.1 Студенттердің құндылықтарының дамуы-----------------------------------------23
2.2 Құндылықтар және олардың қоғаммен мен адам өміріндегі рөлі-------------31
2.3Студенттердің мәдени құндылық бағыттануы ------------------------------------38
3. Студенттердің кәсіби құндылықтарының дамуын эксперименттік
Зерттеу-----------------------------------------------------------------------------------------46
Қорытынды------------------------------------------------------------------------------------56
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі---------------------------------------------------------58
Қосымшалар-----------------------------------------------------------------------------------60
Ұжымдағы қарым-қатынастардың
Топта қайырымдылық, адалдық, ізгілік, батылдық қасиеттер ерекше бағаланады, тіпті жеке тұлғалық сапалар басқалардың еліктеуіне тұратын үлгі ретінде қарастырылуы мүмкін. Оларды төмендегідей үш топқа бөлуге болады:
Ұжымшылдық – жұмыла бірлескен іс-әрекет, ынтымақтастық және ұйымшыл орта (ауызбіршілік, татулық, сыйластық);
Ұжымшылдық – топтың, ұжымның мүдделеріне адалдық (өтірік айтпау, ұрлық жасамау, уәдеде тұру);
Ұжымшылдық – ынтымақтастық, өзара түсіністік, басқаларға қамқорлық (көмектесу, ақыл-кеңес беру және т.б.). Демек, адамгершілік күрделі құбылыс болып табылатынын ескерген жөн.
Ал, бүгінгі күндегі студент бойындағы адамгершілік құндылықтарының мәні мен мазмұнына келсек: студент жалпы адамзатқа тән құндылықтар мен жеке қазақ халқына тән құндылықтарды анықтап тануға, одан қажеттісін ала білуге бағдарланған, ғалымның қол жеткен ғылыми жетістіктерді өздігінен білім алу дербісінде қолдануға, жаңашыл, қайырымды, туған елін, жерін отбасын, Отанын сүйетін және олардың алдында парызын түсініп, бар құндылықтарды толықтыра түсетін, табиғатты, өсімдіктер мен жан-жануарларға қамқор болуы керек; бүгінгі күнгі студент еңбек етуге қабілетті, жинақты, ұқыпты, іскер, өз қажеттілігіне орай болашақ мамандығын таңдаған, жауапкершілігін түсінетін, өзін-өзі қызмет етуге дағдыланған, уақытты тиімді пайдаланатын, қоғам – адам өміріндегі еңбектің орнын түсінген, жауапсыздықты, еріншектікті, табиғат байлықтарын рәсуә етушілерді жаны сүймейтін, оқу-тәрбие үрдісінде білім мен ғылым негіздерін сапалы игеріп, болашақ кәсіпкерлікті шығармашылық деңгейде көрсете білуі керек,
студент – дені сау, төзімді, шымыр, ширақ, қайратты, сымбатты, талғампаз, батыл, өжет, салауатты, жүйкесі мықты, Отанын қорғауға даяр, жеке бас гигиенасын сақтайтын, жұмыс орнын жинақты ұстайтын, зиянды әдеттерден аулақ, салауатты өмір салтын қалыптастыруға ұмтылатын, адамға тән қасиеттерді бойына сіңірген әлеуметтік белсенді жас болуы керек.
Жоғарыдағы осы айтылған студенттердегі адамгершілік құндылықтарының мәні мен мазмұны жүйелі түзілген педагогикалық шарттар және оның моделі арқылы жүзеге асатындықтан бұл мәселеге де көңіл бөлінді.
Бұл арада студенттерге динамикалық тұлға, дамушы, болашақ азамат, ұрпақ өсіруші, жетілуші, ертеңгі маман, қоғамның тіректері ретінде мәндік сипат беріледі. [22]
Құндылықтарды игеру механизмі
адамның өзін-өзі айқындау құндылығы
арқылы жүзеге асады. Өзін-өзі айқындаудың
алғашқы кезінде студент
Адамгершілік іс-әрекет дегеніміз адамның жалпы игілік, жақсылық және тұлғаның ерік-күйі адамгершілік мақсаттарға жетуге бағытталған және адамгершілік мақсаттар бойынша адамгершілік жағынан дәлелденген тәсілдер арқылы жүзеге асқан іс-әрекетті реттейтін адамның белсенділігін, оның қоршаған дүниемен өзара қатынасының өзіндік түрі, нысаны деуге болады.
Жеке тұлғаның адамгершілік іс-әрекеттеріне
құндылықтарды тәрбиелеу мақсат
1) когнитивтік өріс - шәкірттерді
өз өмір-тіршілігінде тәрбиелен
2) интеллектуалды өріс - ауқымды
құрылымы адамгершілік
3) мотивациялық өріс - көлемді құрылымы
жеке тұлғаның сұранысы, оған
жауап іздеуі, оған табылған дәлелді
жауаптарды қабылдауы басты
4) эмоциялық өріс - студенттердің жеке тұлғасының моральдық қалыптарын және адамгершілік ұстанымдарына сай жан ашуы, рахметі, көңіл-күйі, ар-намысы, ықыласы пайда болып, біртіндеп уақыт өте қалыптасады. Тәрбиелеу мен ыждағаттылықты қажет ететін үдеріс. Егер де өз өмірімізге шолу жасасақ бірнеше тұжырымдар шығады:
- жеке тұлға өзінің
өмірлік құндылықтарына сай
- жеке тұлға өзінің
- жеке тұлға өзінің білімдері
мен өмірлік тәрбиесін
5) ерік-жігер өрісі - студенттердің алдына қойған мақсатына жетуге қажетті табандылық, тәртіптілік, танымдық сияқты қасиетін дамыту, мақсатты тиянақты, тереңдете талпыныстар жасау орын алуын қажет етеді.
Тәжірибе көрсеткендей, адамның алдына қойған мақсаты, арманын өзі толық түсінген, жауапкершілігін арттыратын қозғаушы күшке айналады. Адамның өзін-өзі реттеуі, тәртіпті болуы, табандылығы, білімдері мен тәжірибесіне сүйенуіне қосымша біліктілігі ерік жігерін тәрбиелеуге негіз бола алады;
6) өзін-өзі реттеу өрісі - жеке
тұлғаның ар-ұят, өзін-өзі
7) заттың тәжірибелік өрісі -
жеке тұлғаның адамгершілік
8) экзистенциалдық өріс - іс-әрекеттерге
деген сапалы қатынас,
Айтылған өрістер бір-бірімен өзара байланысты, сонымен қатар сабақтас, бірімен-бір астарластық мақсатты әрекеттердің орындалуын талап етеді:
1. Студенттердің жеке тұлғасының психологиялық үрдісінің сыңарларын біріктіру мақсатында адамгершілік іс-әрекет пен қарым-қатынасты ұйымдастыру;
2. Этикалық жағдаяттарға талдау
жасау, оларды әрбір жеке
3. Ұжымдық еңбекті ұйымдастыру және уәждемелеу.
Нақты мәселені сөз ететін болсақ студенттердің адамгершілік құндылықтарын игеруге бағытталған оқу-тәрбие жұмыстарының құндылықтарын арттыру, жеке тұлғалардан үлгі алу нақтылық жағдайда өмірмен тікелей байланысты, жеке тұлғаны тәрбиелеуге бағытталған іс-шаралардың өзіне талдау және саралау жасап жетілдіріп, құндылықтарды пысықтап арттырып отырамыз.
Адамгершілік құндылықтарды
«Құндылыққа бағдарлау - бұл моральдық түсініктің жалпы бағалаушылық тұрғыдан оқушының ынтасын туғызып, оның әрекетін қамтамасыз етуші білік, мінез-құлықтың мақсатты бағытта реттелуі» деген А.И.Титоренконың анықтамасын еске ала отырып, адамгершілік құндылықтарды тереңірек зерттеуге бағдар береді.
Адамгершілік құндылыққа бағдарлау күрделі психикалық жаңа құрылымы ретінде екі құрамдастықтан тұрады. Бірінші құрамдастық уәждемелік - қажеттілік, оның басты мәні тұлғаның өз өмірінің басты мақсаты мен оларды қанағаттандыру сияқты іс-әрекетке талаптанудан өзін-өзі танып, мүмкіндіктеріне қарай өзін-өзі тәрбиелеу.
Құндылықты бағдардың екінші сыңары, яғни құрамдасы - жеке тұлғалардың басты мән-мазмұны нысанының бағалау белгілері оқуда және еңбекте, шығармашылықта жетістіктерге жету арқылы құрылады. Адамгершілік құндылықтарының рухани белгілерін өз нысаны ретінде жобасын, жоспарын ұйымдастыру, түзетулер енгізу, ойлау, көріністі талдау, т.б. белгілері арқылы қабілеттері дамуы мүмкін. [23]
Адамгершілік, жақсылық, батырлық, ерлік, қарапайымдылық, кішіпейілділік, әділдік, адалдық, шыншылдық, ұяттылық, әдептілік, имандылық, инабаттылық барлығы бірімен-бірі тығыз байланыста екендігін өмірлік тәжірибелер анықтап отыр. Сондықтан оқудағы, еңбектегі жетістіктерді талдаудың негізгі құралы адамгершілік құндылықтарының жеке ойлау түсінігінің динамикасы студенттер санасында тиянақты орын алып, жан-жақты қалыптасуына жағдай туады.
Патриоттық қасиет – бұл адамгершілік тәрбиесінің негізгі бір тармағы, адам бойындағы негізгі құндылықтар болып табылады. Халқымыздың бойындағы патриоттық құндылық ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырған заңдылық тұрғысыдан да қарастыруға болады. Көне түркі заманнан бастау алған патриоттық құндылық Құлтегін жазбаларында былай деп суреттеледі: «Елтеріс қағаның алғырлығы, еліне деген сүйіспеншілігі Құлтегіннің қанына ана сүтімен сіңді». Ғылыми деректерге зер салатын болсақ, патриотизм ұғымы XV ғасырдың басында француз халқының ұлттық батыры Жанна д’Арк ұлтының тәуелсіздігі үшін басқыншыларымен күресіп, өз Отанының дербестігін сақтап қалуды көздеген ұлы жеңістің нәтижесінде пайда болды десек, артық айтпаған болар едік. Басқа да елдердегі патриотизм де француз еліндегідей сырттан келген жаулап алушыларға, әртүрлі жаман пиғылдарға қарсы күрес тұрғысынан сипатталды.
Өмір ағымы талап етіп отырған жаңа қоғамға лайықты саналы, білімді, үйлесімді жетілген жеке тұлғаны дайындау бүгінгі мектеп алдында тұрған негізгі міндет. Осыған байланысты ЖОО болашақ мамандарды дайындауда оқу-тәрбие жұмыстарын жан-жақты толықтырып, халықтық тәлім-тәрбиенің озық үлгілерімен сабақтастырып қайта қарап шығу, бойында еліне, жеріне деген сүйіспеншілік сезімі дамыған азамат тәрбиелеу бүгінгі күн талабының өзекті мәселелеріннің бірі болып отыр.
Патриоттық сезімнің нысаны мен азаматтық парыздың өтелер өлшемі – Отан. Оны таратып айтсақ, бұл – туған жер, оның табиғат байлықтары, ұлттың тілі, дәстүрі, мәдени ескерткіштері, тарихы жасалған өлкедегі киелі орындары. Олардың адам санасына жылылық, жақындық, туысқандық сезімдерді ұялатып, ізгі де ерлік істердің бастауына айналуы – патриотизмге тәрбиелеудің арқауы. Ә.Қалмырзаев: «Бұл сезім әркімге әр кезеңде оянып, кейін кәмелетке келгенде біржола буыны қатып, тәжірибемен, жаспен, уақытпен, біліммен, қоршаған ортаның ықпалымен, мемлкеттік және қоғамдық әлеуметтік институттардың әсерімен қалыптасады» деп жазады.
Әрбір мәдениетті, білімді адам өзінің кәсіптік, дүниетанымдық деңгейін ұлттық мәдениетпен ұштастыра білуге міндетті. Мәдениетті болу үшін білімді болу міндет. Білімді болғанмен ұлттық мәдениетті игермеген болса, ондай тұлға ұлт алдында мәңгүрт, мәдениетсіз болып көрінеді де, халықтың наразылығына ұшырайды. Кәсіптік-мұрагерлік әдеп сақталған жерде дамыған дарынның мәдени жемістері көрінеді.
2.2 Құндылықтар және олардың қоғаммен мен адам өміріндегі рөлі
Сонымен құндылық дегеніміз не? Құндылық – ол адамның жүріс-тұрысы, іс-әрекеті, сөйлеу мәдениеті, қызығушылығы, еңбек сүйгіштігі, қоршаған қоғамдық ортада алатын орны екені тарихи-педагогикалық әдебиеттерде айқындалған.
Информация о работе Қазіргі студенттердің құндылық бағыттануы