Қазіргі студенттердің құндылық бағыттануы

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Марта 2013 в 11:47, дипломная работа

Описание работы

Психология ғылымында кәсіби бейімделу процесін, кәсіби құндылықтарының дамуындағы студенттердің тұлғалық ерекшеліктерін, жоғарғы оқу орнындағы оқу процесінің спецификасын зерттеу ерекше мәнге ие бола тұрса да, бұл мәселе әлі күнге дейін толық қанды зерттелінбеген. Сондықтан, студенттердің кәсіпке бейімделуіндегі кәсіби мәнді құндылықтықтарының дамуын заман талабына сай зерттеуді, жүйелеуді қажет етеді.

Содержание

Кіріспе-----------------------------------------------------------------------------------------3

1. Жалпы адамзаттық құндылықтар мен құндылықты бағыт-бағдарлар.
1.1 «Құндылық» ұғымының анықтамалары--------------------------------------------6
1.2 Білім жалпыадамзаттық құндылық ретінде---------------------------------------15

2.Психология ғылымындағы құндылықтар мәселесі.
2.1 Студенттердің құндылықтарының дамуы-----------------------------------------23
2.2 Құндылықтар және олардың қоғаммен мен адам өміріндегі рөлі-------------31
2.3Студенттердің мәдени құндылық бағыттануы ------------------------------------38


3. Студенттердің кәсіби құндылықтарының дамуын эксперименттік
Зерттеу-----------------------------------------------------------------------------------------46

Қорытынды------------------------------------------------------------------------------------56
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі---------------------------------------------------------58
Қосымшалар-----------------------------------------------------------------------------------60

Работа содержит 1 файл

Шынар 1.doc

— 669.00 Кб (Скачать)

Білім- педагогикалық процесс. Білім - бұл мұғалім мен оқушының субъектив-объектив əрекет жолдарымен мақсатқа жетуді көздеген педогогикалық процесс жүрісі. Адамның тұлғалық дəрежеге жетуі оның қоғам мұраттарына сай қалыптасуы педагогикалық процестен тыс іске асуы мүмкін емес.

Педагогикалық процесс осыдан білім  беру, тəрбиелеу жəне дамыту міндеттерін шешуге бағытталып, арнайы ұйымдастырылған педагог пен тəрбиеленуші арасындағы өзара ықпалды қызметті аңдатады, яғни педагогикалық процесс – бұл анайы тар мағынадағы оқу мен тəрбиенің бірлігін қамтамасыз ету жолымен кең мəндегі тəрбиені іске асыруды көздеген біртұтас процесс. Мəндік, мағыналық тұрғыдан педагогикалық процесс-əлеуметтік құбылыс. Педагогикалық процестің басты мақсаты- қоғамның əлеуметтік тапсырысын іске асыру, яғни өздеріне жүктелінген міндеттерді табысты шеше білетін адамдардың жан-жақты дайындығын қамтамасыз ету. Педагогикалық процеске əлеуметтік тəжірибе ұсынылады, əрі ол белсенді игеріліп барады, бұл мақсат бағдарлы ұйымдастырылған іс-əрекеттер жəрдемімен, тəрбиелеуші жəне тəрбиеленушілер қарым-қатынасымен, шəкірттер санасына, еркі мен көңіл-күйіне жүйелі əсер етумен орындалып жатады. Педагогикалық процестің ең алдымен көзге түсер, тілге алынар бірліктері- бұл оқу жəне тəрбие. Осылардың арқасында тұлғаның білімділігі, тəрбиелілігі жəне дамуындағы іштей өзгеріс процестері іске асады. Өз кезегінде, оқу жəне тəрбие процестері бір-біріне ұштасқан нақты іс-əрекет процестерінен құралады: оқу-оқыту жəне бұдан туындайтын өзіндік тəрбие.

Педагогикалық процесс атқаратын  қызметтер түрі: ақпараттық (тəрбиеленушіні сауаттандыру); тəрбиелік (тəрбиеленушінің тұлғалық өзгеріске келуі); дамытушылық (тəрбиеленушінің жан-жақты кемелденуі);

аксиологиялық (тəрбиеленушінің  құндылық сезіну бағдары, заттар  мен  құбылыстарға болған қатынастарын қалыптастыру); əлеуметті икемдестіру (тəрбиеленушіні нақты өмір жағдайларына бейімдеу).

Педагогикалық процесс субъекттерінің өзара байланысты іс-əрекеттерінің  соңғы нəтижесі – тəрбиеленушілердің адамзат жинақтаған тəжірибені игеруі. [35]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.Психология ғылымындағы құндылықтар мәселесі.

2.1 Студенттердің құндылықтарының дамуы

 

Студенттік жас (18-25 жас) адам өміріндегі ерекше кезең болып табылады, себебі «жалпы мәні бойынша және негізгі  заңдылықтары бойынша 1-ден 25-ке дейінгі  жас, балалық даму кезеңдері қатарындағы ақырғыдан гөрі, кемелді жас кезеңдерінің қатарында бастапқы буын болып табылады [7].    Студенттік проблемасын ерекше әлеуметтік-психологиялық және жас ерекшелік категориялар ретінде қою еңбегі Б.Г. Ананьевтің, Н.В. Кузьминаның, Ю.Н. Кулюткинның, А.А. Реанның, Е.И. Степанованың зерттеулерінде, сондай-ақ П.А. Просецкий, Е.М. Никиреев, В.А. Сластенин, В.А. Якунин және т.б. еңбектерінде үлкен эмпирикалық материалдары жинақталған.

Осы көптеген зерттеулердің мәліметтері  студентті әлеуметтік-психологиялық  және психологиялық-педагогикалық позициялы оқу іс-әрекетінің ерекше субъекті ретінде сипаттауға мүмкіндік береді. Студенттік кез – бұл ерекше әлеуметтік категория, жоғарғы білім беру институтымен ұйымдастырыла біріктірілген адамдардың ерекше қауымдастығы. Бұл әлеуметтік-кәсіби категория ХІ–ХІІ ғғ. алғашқы университеттер пайда болғаннан бері тарихи құрылған.

Студенттік шақ білімдер мен  кәсіби іскерліктерді мақсатты, жүйелі игеруші, ұйғарылғандай, табанды оқу  еңбегімен айналысатын адамдарды  қамтиды. Әлеуметтік топ ретінде кәсіби бағыттылығымен, болашақ мамандыққа тұрақты қатынастың қалыптасқандығымен сипатталады, бұның өзі кәсіби таңдаудың дұрыстығының, студенттің таңдап алған мамандық жайлы ойының барабарлығы мен толықтығының мәні болып табылады. Соңғысы мамандық қоятын талаптар мен кәсіби іс-әрекеттерін білуді қамтиды. Зерттеулер нәтижелерінің көрсетуінше, студенттердің мамандық жайлы елестетулері деңгейі (біркелкі және біркелкі емес) оның оқуға деген қатынасының деңгейімен теңестіріледі: студент мамандық жайлы неғұрлым аз білсе, соғұрлым оның оқуға деген қатынасы жағымсыз болады. Сонымен бірге студенттердің көпшілігі оқуға жағымды қатынаста екені көрсетілген. Әлеуметтік – психологиялық аспектіде студенттік кезең басқа топтармен салыстырғанда, білімділіктің неғұрлым жоғары деңгейімен және танымдық мотивацияның жоғары деңгейімен ерекшеленеді.

Сонымен бірге студенттік шақ –  әлеуметтік қауым, яғни ол аса жоғары әлеуметтік белсенділік пен интеллектуалдық  және әлеуметтік кемелділіктің жеткілікті үйлесімді арақатынасымен сипатталады. Студенттік кездің осы ерекшелігін есепке алу оқытушының әр студентке педагогикалық қарым-қатынас партнері ретінде, оқытушы үшін қызықты тұлға ретіндегі қатынастарының негізінде жатыр. Тұлғалық-іс-әрекеттік тұрғыдан студент белсенді, өз іс-әрекетін өз бетінше ұйымдастыратын педагогикалық өзара әрекеттесу субъектісі ретінде қарастырылады. Оған танымдық және коммуникативтік белсенділіктің нақты кәсіби-бағдарланған міндеттерді орындауға деген ерекше бағыттылық тән.

Студенттік кез үшін оқытудың негізгі формасы таңбалық-контекстік болып табылады (А.А. Вербицкий). Студенттік кезді әлеуметтік-психологиялық сипаттау үшін маңыздысы адам дамуының осы кезеңінің қалыпты экономикалық тұрақтылықтың қалыптасуымен, ата-аналық үйден кетіп, өзінің отбасын құрумен байланысты болуы.

Студенттік кез – адамның, жалпы  тұлғаның қалыптасуының, сан алуан  қызығушылықтардың көрінулерінің  орталық кезеңі. Бұл спорт рекордтарын  орнату, көркемөнер, техникалық және ғылыми жетістіктерге жету, адамның болашақ  «қайраткер», кәсіпқор ретінде қарқынды және белсенді әлеуметтену уақыты. Осыны оқытушы оқу іс-әрекеті мен жоғары оқу орнындағы педагогикалық қарым-қатынасты ұйымдастыру мазмұнынында, проблематикасында және тәсілдерінде есепке алады.

Б.Г. Ананьев мектебінің зерттеушілері  алған мәліметтердің көрсетуінше, студенттік жас – бұл интеллектуалдық құрылымданудың күрделі шағы, ол өте даралық және әртүрлі. Осы жастағы адам интеллектісінің мнемологиялық «ұйытқысы» бір жағынан, үнемі «шыңдардың» немесе «оптимумдардың» кезектесуімен сипатталса, келесі жағынан осы ұйытқыға кіретін функциялармен сипатталады. Бұл дегеніміз, оқу тапсырмалары үнемі бір мезгілде меңгеріліп отырған материалдың түсінілуіне, ұғынылуна және студенттің есінде қалуы мен құрылымдануына да, оның сақталуы мен мақсатты өзектілігіне бағытталған. Мәселені осылайша қою бірқатар оқу-әдістемелік зерттемелерде бейнелеуін тапты, мұнда проблемалық міндеттерді орындауда оқу ақпаратының студент жадында қалуының, түсінілуінің және бекіп қалуының ажырамастығы көрстіледі.

Студенттердің танымдық іс-әрекетін белсендендіру үнемі оқу ақпараттарының есте сақталуы және қайта жаңғыртылуымен қатар жүреді. Студенттік шақтың көрнекілігі бола отырып, студент ең алдымен оқу іс-әрекетінің субъекті ретінде болады, оның өзі, бұрын көрстелігендей, ең алдымен түрткілермен анықталады. Түрткілердің екі типі көбінесе оқу іс-әрекетін сипаттайды – жетістік түрткісі және танымдық түрткісі. Соңғысы өз тарапынан адамның ой іс-әрекетінің табиғатына сәйкестене отырып, оның оқу-танымдық іс-әрекетінің негізі болып келеді. Бұл іс-әрекет проблемалық ситуацияда пайда болады және студенттер мен оқытушылардың қатынастары мен өзара әрекеттесулері дұрыс болғанда дамиды. Оқытуда жетістік мотивациясы танымдық және кәсіби мотивацияға бағынады. Жоғары оқу орнында оқыту барысында еңбек, кәсіби іс-әрекеттің негізі қалыптасады. «Оқытуда білімдерді, ептіліктерді, дағдыларды меңгеру енді оқу іс-әрекетінің пәні ретінде болмайды, ал кәсіби іс-әрекет құралы ретінде болады» [14].

Жоғары оқу орны студенттерінің жартысында жоғары оқу орнын таңдаудағы мамандыққа қызығушылық мотивінің жоқ екенін көрсетеді. Студенттердің үштен бір бөлігінен көбі таңдауларының дұрыстығына сенімсіз немесе болашақ мамандықтарын ұнатпайды [10]. Студенттің оқу іс-әрекетінің субъекті ретіндегі елеулі көрсеткіші оның осы іс-әрекеттің барлық түрлері мен формаларын орындау ептілігі болады. Алайда, арнайы зерттеулер нәтижелерінің көрсетуінше, студенттердің көпшілігі дәрістерді тыңдауды және жазуды, әдебиеттерден конспектілеуді білмейді (көп жағдайда дәрістік материалдың тек 18-20% ғана жазылады). Мысалы, В.Т. Лисовскийдің мәліметтері бойынша, студенттердің тек 28,8% ғана аудитория алдына шығып сөйлей алады, пікір талас жүргізуді 18,6%, проблеманың аналитикалық бағасын беруді 16,3% ғана біледі. Нақты әлеуметтік зерттеу материалында көрсетілгендей: студенттердің тек 37,5% жақсы оқуға ұмтылады, 53,6% үнемі тырыса бермейді, ал 8% мүлдем жақсы оқуға ұмтылмайды. Бірақ тіпті жақсы оқуға ұмтылғандардың өзінде 67,2% оқу үлгерімі жақсы емес [22].

Соңғы он жылдықта осы іскерліктер мен жалпы оқуға деген қатынастардың сапалық көрсеткіштерінің өзгеруі тұсында олардың толықтай қалыптаспауының жалпы бейнесі сақталып қалды. Оқытушылар алдында студентті оқу іс-әрекетінің субъекті ретінде қалыптастырудың психологиялық – педагогикалық міндеті тұр, бұл ең алдымен, оны өз іс-әрекетін жоспарлау, ұйымдастыру ептілігіне, толықтай оқу, қарым-қатынас жасау іскерлігіне үйретуді ұйғарады. Мәселені осылайша қою табысты оқуға қажетті оқу іс-әрекеттерін, оларды нақты оқу материалында орындау бағдарламасын анықтауды және оларды қалыптастыру бойынша жаттығуларды нақты ұйымдастыруды талап етеді.

Бұл жерде осы әркеттерді үлгілі орындауды мұғалім студенттердің 1-курстағы оқуға бейімделу кезеңінің  қиындығын есепке ала отырып, өзі  көрсетуі керек. Студенттің жаңа құндылық бағдарларының, мотивтерінің және үрейлік сияқты даралық қасиеттерінің қалыптасуына оқытушының әсеріне баға жетпейді. Студентке, әлеуметтік кемелденген тұлға, ғылыми дүниетанымды тасымалдаушы ретіндегі қатынас, дүниетаным – бұл адамның тек дүниеге ғана емес, осы дүниедегі өзінің орнына деген көзқарастар жүйесі екенін есепке алуды ұйғарады. Басқаша сөзбен айтқанда, студенттің дүниетанымын қалыптастыру дегеніміз оның рефлексиясын дамытуды, өзін іс-әрекет субъекті ретінде, белгілі бір қоғамдық құндылықтарды тасушы, әлеуметтік пайдалы тұлға ретінде саналы түсінуін білдіреді. Өз кезегінде, бұл оқытушыны оқытудың диалогтығын күшейту жайлы, педагогикалық қарым-қатынасты арнайы ұйымдастыру жайлы, студенттер үшін өз көзқарастарын, мақсаттарын, өмірлік позицияларын сақтап қалуға оқу орнындағы оқу-тәрбиелеу процесінде жағдай жасау жайлы ойлануға міндеттейді.

Студенттік кезең – бұл ерекше әлеуметтік мәдениет, жоғары білім  беру институтымен біріктірілген адамдардың қоғамы.

Студенттердің адамгершілік құндылықтарын қалыптастуы. Жалпы адамгершілік құндылықтардың мәні мен мазмұндары көне заманнан бүгінгі күнге дейін философтар, психологтар, педагогтар мен әлеуметтанушылар, мәдениеттанушылардың зерделерінен орын алып, қоғам ерекшеліктері мен сұраныстарына орай талданып, жүйеленіп келеді. Өйткені, жалпы адамзаттық құндылықтар әрбір адамның ақыл-ой байлығының тікелей көрсеткіші. Сол себептен де, құндылықтың мәні мен табиғаты, оның адам мен қоғам тіршіліктеріндегі алатын орны, жас ұрпақты тәрбиелеудегі ықпалы т.б. мәселелер ғалымдарды толғандырып келеді.

Еліміздегі нарықтық экономика  жағдайында жастардың мінез-құлықтарында бәсекелестік қабілетті қалыптастыру жаhандану заманында сұранысы артып  отыр. Әсіресе, заманауи технологиялық  үдерістер әлеуметтік-экономикалық өмір тіршілігіне етене енуіне байланысты интернет, ақпаратты – коммуникативтік, жаңашылдық  үстемдік құрғанда адамгершілік құндылықтары жүйесінің орны ауқымдылығымен сипатталынуда. Мәселен, құндылықтарға бейімделу, мойындау, әрбір адамзатқа көңілінен орын алатын мәдениетті қарым-қатынас жасау жүйесі жеке тұлғаның өмірлік мәні, ой-санасы, бет-бейнесі болып табылады.

Еліміздің қазіргі кезеңдегі адамгершілік тәрбиесінің теориялық-әдіснамалық  негізін зерттеу барысында, өзіндік  жаңа ұстанымға негіздей келе, жалпы  адамзаттық құндылықтар ішінен Адам, Еңбек, Білім, Отбасы, Ұлт, Бейбітшілік, Жер, Отан, Мәдениет деген құндылықтарға, ерекше назар аударылады.

Айтылған пікірлерге, өмірлік тәжірибеде құндылықтар тізіміне, қазіргі кезеңдегі  басты тұлға, басты капитал жасампаздықтың иесі, гуманистік бағыттағы жан, ең маңызды құндылық иесі – Адам екендігі даусыз. Жер бетіндегі барлық заттар, бүкіл адамзаттық мәдени мұралардың ең ізгілері – құндылықтар адам қолдарымен, ақыл-ойларының нәтижесінде жасалған.

Психологиялық-педагогикалық тұрғыдан зерттеуші профессор Р.К.Төлеубекова жеке адамның адамгершілік құндылықтарын жастарда тәрбиелеу тұжырымдамасын жасағандықтан, оны ғылыми-зерттеу жұмысымызда, біздер негізге алдық. Айтылған жүйелер (А.Н.Леонтьев, Б.Г.Кузнецов, В.Супредин, А.Тоинби, Н.Д.Хмель, Р.К.Төлеубекова, Л.А.Байсерке, А.А.Калюжный, В.А.Ким, Э.А.Орынбасарова т.б.) бір-біріне ұқсастығы болғанымен жалпы, адамзаттық құндылықтарға авторлардың ортақ көзқарастарын көреміз, оларды біріктіріп тұрған ізгілігті бағыт: үш жүйеде де «Адам» ең негізгі құндылық. Әлеуметтанушылар құндылықтар жүйесін зерттеу нысандарына алып, мысалы, көпшілікке белгілі «Әлеуметтанушының жұмысшы кітабы» деген шығармада: «Кез-келген нысан (материалдық немесе идеалдық) тұтас топтың немесе жеке адамның мақсат-ниеті, тілек-ықыласының негізін құрап, өмір сүруінің маңызды шарты болып табылса, онда ол әлеуметтік құндылық бола алады» делінген.

Жоғарыда айтылған пікірлерді тұжырымдай келіп, қорытындыласақ: құндылық зат  та, нәрсе де, мәселе де емес, олардың  қасиеттері де емес, ол адам ойының қандай да бір жоғары түрі екендігі анықталады. Құндылықтар дегеніміз – ұнатқан игіліктер мен оларға қол жеткізу тәсілдері туралы қорытындылаған, белгілі көзқарастар, орнықты ойлар, үлгі аларлық объектінің озық тәжірибелері, сыннан өткен пікірлер арқылы өзінің мінез-құлқын анықтайды. Келесі бір авторлар, мінез-құлық құндылықтар мәдениетінің түрлері мен байланыстарына ерекше назар аударып зерделеуде.

Қазіргі жастарды тәрбиелеу мәселесінде  адамның ішкі жан дүниесін, рухани әлемін танып, дамытып, жетілдіру бағытында ізденістер жасап жатыр. Мәселен, қазақстандық ғалымдар білім мен тәрбие беруді дамытуда жалпы адамзаттық ұлттық құндылық тенденцияларына ғылыми-теориялық, әдіснамалық бағытта әр қырынан зерттеу (Г.А.Уманов, Н.Д.Хмель, Қ.Б.Жарықбаев, А.А.Бейсенбаева, С.А.Ұзақбаева, Т.Сапабекова және т.б.) жүргізіп келеді. Аталған ғалымдардың ортақ ойлары біркелкі ой-пікірге келіп тоғысады, адамның кісілік келбеті соған лайықты: студенттердің іскерлік жағдайы жан-жақты кіріктірілген, әртүрлі қабілетер мен қажеттіліктерді бойға жинақталған және ізгілік бағытымен реттелетін гуманитарлық пәндерде, әлеуметтік тәжірибелерде нақты жүзеге асырылатын үдеріс; олардың адамгершілік жолындағы ізденістер білімнің, біліктің және дағдының жай жиынтығы емес; студенттер ұжымның болашақ мүшелері, бір-бірінен денсаулығы, сыртқы пішіні, мінез-құлық ерекшелігі, ұжымшылдығы, білім және басқа да көптеген қасиеттерімен ерекшеленеді.

Информация о работе Қазіргі студенттердің құндылық бағыттануы