Қазіргі студенттердің құндылық бағыттануы

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Марта 2013 в 11:47, дипломная работа

Описание работы

Психология ғылымында кәсіби бейімделу процесін, кәсіби құндылықтарының дамуындағы студенттердің тұлғалық ерекшеліктерін, жоғарғы оқу орнындағы оқу процесінің спецификасын зерттеу ерекше мәнге ие бола тұрса да, бұл мәселе әлі күнге дейін толық қанды зерттелінбеген. Сондықтан, студенттердің кәсіпке бейімделуіндегі кәсіби мәнді құндылықтықтарының дамуын заман талабына сай зерттеуді, жүйелеуді қажет етеді.

Содержание

Кіріспе-----------------------------------------------------------------------------------------3

1. Жалпы адамзаттық құндылықтар мен құндылықты бағыт-бағдарлар.
1.1 «Құндылық» ұғымының анықтамалары--------------------------------------------6
1.2 Білім жалпыадамзаттық құндылық ретінде---------------------------------------15

2.Психология ғылымындағы құндылықтар мәселесі.
2.1 Студенттердің құндылықтарының дамуы-----------------------------------------23
2.2 Құндылықтар және олардың қоғаммен мен адам өміріндегі рөлі-------------31
2.3Студенттердің мәдени құндылық бағыттануы ------------------------------------38


3. Студенттердің кәсіби құндылықтарының дамуын эксперименттік
Зерттеу-----------------------------------------------------------------------------------------46

Қорытынды------------------------------------------------------------------------------------56
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі---------------------------------------------------------58
Қосымшалар-----------------------------------------------------------------------------------60

Работа содержит 1 файл

Шынар 1.doc

— 669.00 Кб (Скачать)

 

Біздің зерттеулеріміздегі экспериментте  қолданылатын әдістерді таңдау ең алдымен  студенттерді, олардың даралық психологиялық  ерекшеліктерін зерттеуден бастау алды. Зерттеу жұмысында таңдап алынған  әдістемелердің ерекшелігі, олардың тұлғаның сипаттамаларын жан-жақты ашуға мүмкіндігі бар екендігінде болып табылады. Зерттеу жұмысында басшылыққа алынған әдістемелерге сипаттама береміз.

Таңдалған зерттеу әдістемелері төмендегідей:

«Мамандыққа қатынас» сауалнамасы;

 М. Рокичтің құндылық бағдарлар әдістемесі

Әдістеме: «Мамандыққа қатынас» сауалнамасы  мамандыққа деген жағымды эмоциялық  қатынастарын байқауға арналған.

Мамандану - маман қалыптасу кезеңінің  тұтастай үздіксіз процесі болып  табылады. Бұл мамандық таңдау сәтінен  басталып, адамзаттың барлық өмір ағымында жүзеге асады және іс-әрекет тоқтауымен аяқталады. Бұл процесс тұлғаның өз қызығушылықтарын, мүмкіндіктерін және қабілеттерін ескере отырып, мамандық таңдауын; мамандық ережелері мен нормаларын игеру; маман ретінде өзін сезіну және қалыптасуын; тәжірибе жинақтау және мамандық амалдары арқылы тұлғасын дамытуын енгізеді.

Тұтастай алғанда мамандану- бұл  әлемуеттену процесінің бір жағы болып табылады. Маман ретінде  қалыптасу тұлға дамуының аспектілерінің бірі.

Тұлғаның мамандану жағдайына байланысты сыртқы әсерлер мен тұлғаның кәсіби өзін ұйымдастыруы дамуында тұлға белсенділігі жатыр. Тиімді сыртқы жағдайлардың алғышарттарын құру тұлғаның ішкі белсенділігін арттырады, оның субъектілігін, рефлексивтілігін, креативтілігін  жоғаралатады.

Біздің зерттеулерімізде мамандыққа қатынас сауалнама арқылы анықталды. Сауалнама шкаласына біз әлеуметтік мәнділік, ұнамдылық, құрметтеу және жақындық жағдайын таңдау жасадық. Бұл  жағдайлар студенттің мамандыққа қатынас  көрініс анықтауға мүмкіндік беретін сенімділігі жоғары болып табылады.

 

 

 

 

Студенттердің мамандыққа қатынасы                                             Кесте   2   

 

Топтар

Әлеуметтік мәнділік

Ұнамдылық шкаласы

Құрметтеу шкаласы

Жақындық шкаласы

Бірінші курс

5,7

4,5

4,7

4,2

Үшінші курс

6,3

6,1

5,6

5,5




2- кестеден әдістеме шкалары  бойынша зерттеуші топтар арасындағы  айырмашылықтарды көруге болады. Екі топтада мамандықтың әлеуметтік  мәнділігі жоғарғы деңгейді көрсетті.

 

 

    М. Рокичтің  құндылық бағдарлар әдістемесі;

    М. Рокич тұлғаның құндылық жүйесін екі топқа бөлген.

    1. адамның негізгі  өмірлік мақсаттарын білдіретін  терминалдық құндылықтар.

    2. мақсатқа  жету тәсілін білдіретін инструменттік  құндылықтар.

Бұл зерттеу студенттердің құндылық мақсаттары мен мақсатқа жету тәсілдерін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл зерттеу бізге студенттердің құндылық бағдарлар жүйесінің иерархиялық құрылымын анықтауға мүмкіндік береді.

      Ең алдымен  зерттеуші топтардың терминалдық  құндылықтарының рангтық иерархияларын  көрсетейік.

 

 

 

 

Топтардың терминалдық  құндылықтық бағдарларының рангтік  иерархиялары                                                                                                     Кесте   3    

 

Бірінші курс студенттеріндегі құндылықтар

Ранг

Үшінші курс студенттеріндегі құндылықтар

Ранг

Денсаулық

     1

Денсаулық

    1

Бақытты отбасылық өмір

     2

Махаббат

    2

Жақсы және адал достарының болуы

     3

Бақытты отбасылық өмір

    3

Қызықты жұмыс

    4 

Белсенді іс-әрекеттік өмір

    4

Өмірлік даналық

    5

Қызықты жұмыс

   5

Түрлі ләззат алулар

    6

Шығармашылық

   6

Махаббат

    7

Материалды қамтылу

   7

Материалды қамтылу

    8

Таным

   8

Қоғамдық бедел

    9

Түрлі ләззат алулар

   9

Елдегі тыныштық

    10

Жақсы және адал достардың болуы

  10

 Өзіне-өзі сенімділік

    11

 Қоғамдық бедел

  11

Әрекеттер мен қылықтарда көрінетін  еркіндік

    12

 Өз-өзіне сенімділік

  12

Таным

    13

 Әрекеттер мен қылықтарда  көрінетін еркіндік

  13

Белсенді іс-әрекетті өмір

   14

Пікірлер мен бағалаудағы тәуелсіздік

  14

Пікірлер мен бағалаудағы тәуелсіздік

   15

 Елдегі тыныштық

  15

 Шығармашылық

   16

 Өмірлік даналық

  16

Табиғат пен өнер сұлулығы

   17

 Табиғат пен өнер сұлулығы

  17

 Теңдік

   18

Теңдік

  18


 

Бұл кестеден көріп отырғандай студенттердің  өмірлік құндылықтары өте ұқсас болып келеді. Бірінші және үшінші курс студенттерінің құндылықтық бағдарларының бірінші орнында денсаулық жағдайы көрсетілген. Келесі кезекте махаббат, бақытты отбасылық өмір және т.б. құндылықтар алға шығады. Жоғарыдағы көрсеткіштер бойынша зерттелуші топтардағы құндылықтық бағдарлар көп айырмашылық жоқ.

Келесі кезекте біз зерттелуші топтардың инструменталдық құндылықтық  бағдарларының орналасу ретін немесе иерархияларын көрсетейік.

 

Зерттелуші топтардың инструменталдық  құндылықтық бағдарларының рангтік иерархиялары

                                                                                                         Кесте 4

Бірінші курс студенттеріндегі құндылықтар

Ранг

Үшінші курс студенттеріндегі құндылықтар

Ранг

Шыдамдылық

1

Рационалдылық

1

Жауапкершілік

2

Жоғары талаптану деңгейі

2

Рационалдылық

3

Білімділік

3

Жоғары талаптану деңгейі

4

Іс-әрекеттегі тиімділік

4

Тәртіптілік

5

 Өзін-өзі қадағалау

5

Мықты ерік-жігер

6

Жауапкершілік

6

Шыншылдық

7

Мықты ерік-жігер

7

Тиянақтылық

8

 Өмір сүйгіштік

8

Сезімталдық

9

 Сезімталдық

9

Жұмыстағы тиімділік

10

Тиянақтылық

10

Орындаушылық

11

 Тәртіптілік

11

Өмір сүйгіштік

12

 Шыдамдылық

12

Білімділік

13

Өз пікірін қорғаудағы батылдылық

13

Көзқарастың кеңдігі

14

 Көзқарастың кеңдігі

14

 Өзін-өзі қадағалау

15

 Басқаның және өз кемшіліктерін  қабылдамау

15

Өз пікірін қорғаудағы батылдылық

16

 Шыншылдық

16

Басқаның және өз кемшіліктерін  қабылдамау

17

Орындаушылық

17

Тәуелсіздік

18

 Тәуелсіздік

18


 

Жоғарыдағы кестеде көріп отырғандай, студенттердің инструменталдық құндылықтарында да айырмашылықтар көп емес. Талдап көретін болсақ, бірінші курс студенттерінде шыдамдылық бірінші рангте орналастырылған. Себебі, мектеп жағдайы мен жоғары оқу орнының ерекшеліктері едәуір қиыншылықты алып келеді. Осы орайда, шыдамдылықты түсіндіруде біз бірінші бөлімде талдап кеткен бейімделу мәселесін алға тартады. Жоғары оқу орынының ережелері, студенттің алдына қоятын талаптары мен міндеттері, оқу процесін ұйымдастыру ерекшеліктері бейімделу процесінде, яғни іс-әрекетті ұйымдастыруда шыдамдылықты талап етеді.

 

 

 

 

 

 

Мамандыққа деген қызығушылық  параметрі бойынша көрсеткіш  төмендегі кестеде көрсетілген.

 

Студенттердің мамандыққа қызығушылығы                     Кесте 5    

Параметрлер

Үшінші курс  студенттері

Бірінші курс студенттері

Мамандыққа деген қызығушылық

2,2

1,3


 

 

Мотивациялық-құндылық компоненттік құрылымындағы келесі көрсеткіш-ол мамандық жайлы хабардар болу. Бұл  әдістеме арқылы студенттердің өзінің болашақ кәсіби іс-әрекетінің мазмұны мен сипаты жайлы түсініктері айқындалады. Мамандық таңдауда жоғарыда атап өткендей, объективті және субъективті факторлар әсер ететін ескерер болсақ, төменде бірінші және үшінші курс студенттерінің таңдаған мамандықтары туралы хабардарлық болу дәрежесі берілді.

 

Өз кәсібін білу дәрежесі                                            Кесте 6

 

Өз кәсібі іс-әрекетінің мазмұнын, сипатын және жағдайын білу дәрежесі

Арифметикалық орташа мәні

Білетіндер

Жауап беруге қиналғандар

Білмейтіндер

Зерттеу саны

%

Зерттеу саны

%

Зерттеу саны

%

Бірінші курс студенттері

1,5

  14

30

  16

32

10

38

Үшінші курс студенттері

2,3

  29

72,5

6

15

5

12,5


 

Жоғарыдағы кестеде экспериментке  қатысқан екі топ студенттерінің өздерінің мамандығы туралы білу дәрежесінің пайыздық көрсеткіші көрсетілген. Бірінші курс студенттернің 30 пайызы өз кәсібі туралы хабардар екендігін, 32 пайызы жауап беруге қиналатындықтарын, 38 пайызының  білмейтіндері анықталды. Ал, үшінші курс студенттерінің 72,5 пайызы білетіндерін, 15 пайызы жауап беруге қиналатындықтарын, 12,5 пайызы білмейтіндерін көрсетті. Төменде бұл көрсеткішті гистограммада  көрсетеміз.

 

 

Жоғарыдағы суреттен көріп отырғандай, педагогика және психология мамандығының студенттері бірінші курсқа келгенде мамандық туралы әлі де болса көзқарас қалыптаспағандығын айта аламыз. Сондықтан, мамандыққа кіріспе пәндері бойынша педагог-психолог қызметінің ерекшеліктері туралы жетік ақпараттар беру қажеттігі туындайды.

Қазіргі білім беру жүйесіндегі  түбегейлі бетбұрыстар тұлға  құрылымдарын түрлі бағытта зерттеуді қажет етіп отыр. Бұл жағдайлар болашақ мамандарды даярлауда бәсекеге қабілеттілік мәселесін өзектендіреді.

 

Студенттердің кәсіби құндылықтарының  дамуын анықтауда біз келесі кезекте  институтты бітіргеннен кейін қандай салада жұмыс жасайтындығы туралы сауалнамаға жауап алды. Сыналушылардың берген жауабын біз төмендегі кестеде көрсетеміз.

 

 

 

 

 

 

 

Институт бітіргеннен  кейінгі қалаулы жұмыс істеу  саласы

                                                                                                                  Кесте 7 

       Жауап нұсқаулары

Үшінші курс студенттері

n= 40

Бірінші курс студенттері

n= 40

Зерттеулер саны

     %

Зерттеулер саны

    %

Мамандық бойынша әдістер жүргізіп ғылыммен айналасамын

11

27,5

11

27,5

Мамандық бойынша педагогиялық еңбекпен шұғылданамын

9

22,5

3

7,5

Практикалық жұмыс жасаймын

12

30

6

15

Басқа салада

2

5

7

17,5

Материалдық жағдайды жақсартатын  жерде

6

15

13

32,5

Информация о работе Қазіргі студенттердің құндылық бағыттануы