Қазіргі студенттердің құндылық бағыттануы

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Марта 2013 в 11:47, дипломная работа

Описание работы

Психология ғылымында кәсіби бейімделу процесін, кәсіби құндылықтарының дамуындағы студенттердің тұлғалық ерекшеліктерін, жоғарғы оқу орнындағы оқу процесінің спецификасын зерттеу ерекше мәнге ие бола тұрса да, бұл мәселе әлі күнге дейін толық қанды зерттелінбеген. Сондықтан, студенттердің кәсіпке бейімделуіндегі кәсіби мәнді құндылықтықтарының дамуын заман талабына сай зерттеуді, жүйелеуді қажет етеді.

Содержание

Кіріспе-----------------------------------------------------------------------------------------3

1. Жалпы адамзаттық құндылықтар мен құндылықты бағыт-бағдарлар.
1.1 «Құндылық» ұғымының анықтамалары--------------------------------------------6
1.2 Білім жалпыадамзаттық құндылық ретінде---------------------------------------15

2.Психология ғылымындағы құндылықтар мәселесі.
2.1 Студенттердің құндылықтарының дамуы-----------------------------------------23
2.2 Құндылықтар және олардың қоғаммен мен адам өміріндегі рөлі-------------31
2.3Студенттердің мәдени құндылық бағыттануы ------------------------------------38


3. Студенттердің кәсіби құндылықтарының дамуын эксперименттік
Зерттеу-----------------------------------------------------------------------------------------46

Қорытынды------------------------------------------------------------------------------------56
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі---------------------------------------------------------58
Қосымшалар-----------------------------------------------------------------------------------60

Работа содержит 1 файл

Шынар 1.doc

— 669.00 Кб (Скачать)

Құқықтық норма адамның қоғамдағы талапқа сай əрекет-қылығының мұратты  моделі. Құқық пен тəрбиенің өзара байланысты əрекеті негізінен жанама түрде тəрбиеге араласқан ата-аналар мен ересектер арқылы іске асып барады. Азаматтық қорғанысы əлі жетілмеген бала заң аясында қолдау табады: оның ерекше мəртебесі «Адам құқықтарының жалпы декларациясында»(1989ж) жəне «Бала туралы Конвенцияда» (1989ж) жарияланды. Отбасы жəне мектеп жағдайларында балалар орынды əрекет-қылық əдеттерін, адамгершілік жəне құқықтық нормаларын, əлеуметтік іс-əрекеттердің алғашқы дағдыларын меңгере бастайды.

Құқықтық тəрбиеге байланысты іс-əрекеттер мазмұны- құқық бұзушылық  əрекеттерге арқау болар жағдайларды (өмір мен тəрбиедегі қолайсыз жəйттерді) жою; оқушылардың өмірі мен тəрбиесіне орай жағдайлар мен оларды қоршаған ортаны зерттеу; тəрбиеленушінің жеке ұстанымдарына түзетулер енгізу; бұрын қылмыс жасаған оқушылармен жұмыс алып бару.

Адамгершілік тəрбиесі. Бұл қоғамдық талаптар жəне əрекет-қылық нормаларын ескерумен іс жасауға мүмкіндік  беруші ептіліктер мен дағдыларды қалыптастыруға бағытталған тəрбие процесінің мəнді бір бөлігі.

Мəдениет тарихында адамгершілік тəрбиесі мəнін түсінудің төрт негізгі  дəстүрі қалыптасқан:

- патерналистік (патер-лат.  «əке», үлкендерге құрмет түріндегі  адамгершілік тəрбиесі);

- діни-дəстүрлік (діни наным сенімдер мəртебесін қолдау түріндегі адамгершілік тəрбиесі);

- ағартушылық (ғылыми  білімдер игерудің нəтижесі түріндегі  адамгершілік тəрбиесі);

- коммунитаторлық (коммуна-лат.  «қауым», «бірлестік»; ұжымшылдық  сезімін қалыптастыру сезімі түріндегі адамгершілік тəрбиесі).

Адамгершілік тəрбиесінің мақсаты- өз іс-əрекетіне жауапкершілікті, адал, намысты, жалғандық пен кəззаптықтан жаны аулақ адамды тəрбиелеу.

Алайда адамгершілік тек сырттай форма ретінде  игерілуі мүмкін емес, ол адамның тұлғалық дербестігіне негізделіп, əр тұлғаның өзіндік заңы күйінде танылады. Адамгершілік қалаған уақытта, қалаған нақты жолмен орындалатын жəй мақсат емес. Ол адами іс-əрекеттің өз негізінде жатқан мақсаттардың мақсаты.

Адамгершілік тəрбиесі негізінде  қалыптасушы сапа-қасиеттер түрі келесідей: шыдамдылық, жомарттық, əдептілік, ізгіліктілік; адамдар арасындағы өзара сыйластық, өзара жəрдем жəне жолдастық, үлкенге сый, кішіге қамқорлық, əйел жəне ер арасындағы құрметтеу қатынасы; өзіндік тəртіптілік, өзіндік қадағалау, өзіндік басқарым, өзін өзі тану, өзін өзі реттеу қабілеттері. Əр адам өзі қалаған əдет-қылықтарды ардақтау арқылы өз адамгершілігінің дамуына ықпал жасауы мүмкін.

Адамгершілік тəрбиесіне орай іс-əрекеттер  мазмұны:

- ұжымдық оқу жəне  қоғамдық пайдалы іс-əрекеттерді ұйымдастыру арқылы тəрбиеленушілерді қамқорлыққа баулу;

- қайырымдылық пен  жауыздық проблемаларын талдай  білуге үйрету;

- шынайы жəне бейнақты  гуманизмді айыра білуге жаттықтыру;

- əлеуметтік əділдік  пен əділетсіздік мəнін түсінуге баулу;

- гуманизм идеялары  мен олардың жалпы адамзаттық  сипатын түсіне, бағалауға дағдыландыру.

Экологиялық тəрбие. Бұл тəрбиенің  мақсаттары- тəрбиеленушілерде қоршаған ортаға деген жауапкершілік; табиғатты  ұлттық жəне жалпы адамзаттық құндылық ретінде тану мен оған жауапкершілікті қатынастар жасау жөніндегі білімдер қалыптастыру; нақты тіршілік аймағы табиғатын зерттеп, мүмкін болар экологиялық жағдайлардың ауысуынан туындайтын зардаптардың алдын алуға үйрету; сонымен бірге қоршаған ортадан лəззат (халықаралық экологиялық қауымдастықтың ұраны) алу арқылы табиғат субъекттерінің баршасына қатысты қайырымдылық сезімін тəрбиелеу.

Эстетикалық тəрбие. Бұл тұлғаның эстетикалық көңіл-күй –сезімдік  жəне тұлғалық сана мен оған сəйкес іс-əрекет қалыптастыру жəне дамыту. Бұл тəрбие түрі тұлғаның өзіндік білім игеруі мен өзіндік дамуы барысында іске асады əрі құндылық мəнін иелейді. Эстетикалық тəрбие өз ішіне эстетикалық көңіл шарпулары (эмоция) мен бағамдарын туындататын болмыстың əсем нысандары мен олардың қасиеттеріне бағытталған тəрбие жұмыстарының формалары жəне əдістемелік жұмыстар түрлерін қамтиды.

Эстетикалық тəрбие жəне білім алудағы  мақсаттар: тұлғаның өнер мен қоршаған болмыс нысандарын қабылдау, игеру  жəне бағалау дайындығын дамыту; көркем өнер, рухани жəне дене шынықтыру мəдениеті саласында шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру.

Эстетикалық тəрбие тұлғаның əсемдікті  тануға орайласқан санасын (сезімі, бағамы, талғамдары, ұғымдары, мұраттары, құндылықтары мен көзқарастары), оның қасиеттерін, бағалау - эстетикалық қатынастарын жəне олардың əрекет-қылық пен мінезде, өз қалаулары мен іс-əрекеттеріндегі (қабылдауында, бағалауында, шығармашылық қызметтестік пен өзіндік жасампаздық, сезіне жауапқа келуінде, талдауда) көрінісін ашуға, анықтауға бағытталған.

Қазіргі заман жағдайларына орай аса  маңыздылары ретінде эстетикалық  тəрбиенің келесі бағыттары алға тартылуда: көркем өнерлік білімді  үздіксіз дамыту; оқушылардың əн-күй  мəдениетін қалыптастыру, театрға байланысты тəрбие мен білім беру, көркем əдебиеттік қабілеттер дарыту жəне дамыту, т.с.с.

Əсемдікке тəрбиелеудің нəтижелік көрсеткіштері: тəрбиеленушілердің эстетикалық санасының даму деңгейі; олардың эстетикалық құнды заттар, құбылыстар, көркем шығармалар əлемінен игерілген қорға шығармашылдықпен қатысы.

Дене тəрбиесі – тəн - денелік  бой тіктеу үшін қажетті білімдер мен əдістерді ұрпақтан ұрпаққа  ауыстыра жеткізуге бағытталған  педагогикалық ұйымдасқан процесс. Дене тəрбиесінің мақсаты – адам тұлғасының, оның дене қасиеттері мен қабілеттерінің жан-жақты жетілуі, қозғалысты дағдылары мен ептіліктерінің қалыптасуы, тəн саулығын көтеру.

Дене тəрбиесінің негізгі құрал-жабдықтары – дене шынықтыру жаттығулары, табиғаттың тума күш көздерін пайдалану (күн  энергиясы, ауа мен су ортасы жəне т.б.) гигиена ережелерін ұстану (əр адамның жеке басына, еңбегіне, тұрмысына жəне т.б. байланысты). Дене шынықтыруға арналған жаттығулар тəн-дене қабілеттерінің дамуына əртараптан əсер етеді. Олардың адам ағзасына ықпал жасау заңдылықтарын тану жəне оларды орынды қолдана білуден əрбір оқушы не ересек дене шынықтыру мəдениетін, дене тəрбиесі мақсаттарын іске асыруға пайдалана алады. Бұл тəрбие түрі үш негізгі бағытта орындалып жатады: жалпы дене дайындығы, кəсіби дене дайындығы, спорттық дайындық.

Дене тəрбиесіне орай іс əрекеттер  мазмұны өз ішіне таңғы гимнастиканы, таза ауада жүріп-тұруды, кешкі серуенді, салауаттық күндерін, əрқилы спорттық бөлімдерге қатысуды, туристік саяхаттарды жəне т.б. қамтиды.

Еңбек тəрбиесі. Бұл тəрбие түрінің  мақсаты- тəрбиеленушіде осы заманғы  техника, технология жəне өндірісті ұйымдастыру, жалпы еңбектік ептіліктер мен дағдылар, еңбекке деген жауапкерлі қатынас пен психологиялық дайындық, еңбектенуге болған ықылас-ниет, еңбеккерге сый-құрмет сезімін қалыптастыру.

Еңбек тəрбиесінің мазмұндық негізін  оқу еңбегі (ақыл-ес жəне тəн-денелік), өзіндік қызмет еңбегі (мектепте жəне үйде), қоғамдық пайдалы еңбек (демалыс кезіндегі тəжірибелік еңбек, құрылыс отрядтарындағы жұмыстар, орман қорғау, тимур қозғалысы жəне т.б.) құрайды.

Экономикалық тəрбие тəрбиеленушілердің мүмкіндіктеріне орай өндіріс, заттасқан жəне рухани игіліктерді бөлісу, алмасу мен қажеттікке жарату жөніндегі біртұтас түсініктерді меңгертуге бағытталады.

Экономикалық тəрбиенің негізгі  мақсаты- нарықтық заман аймағында  бағыт-бағдар алып жүруге қабілетті əрі өз іс-əрекеті мен қызметін экономикалық тұрғыдан үнемді де тиімді іске асыра білетін тұлға қалыптастыру.

Экономикалық тəрбие мазмұны тəрбиеленушілердің экономикалық білімдерді меңгеруі үшін қажет əрқилы құрал-жабдықтарды  пайдалануына, экономика бастауларын оқу барысында , сондай-ақ сабақтан тыс (бизнес –клуб, менеджерлер клубы, маркетинг-клуб жəне т.б.) үйренуіне; кəсіби оқуына жол ашады. Экономикалық тəрбие формалары мен əдістері оқушылардың экономикалық білімдерді қажетсінуінен өз бетінше игеру жəне оларды қалыптан тыс жағдайларда пайдалана білу ептіліктерін орнықтыруға бағытталған. [39]

Кəсіби бағдарлау  – отбасы, оқу орны, мемлекет, қоғам  жəне коммерциялық мекемелердің ел тұрғындарына кəсіп таңдау, іріктеу жəне ауыстыру жолында жəрдем беруді қамтамасыз етуші ақпараттық əрі ұйымдастыру – тəжірибелік іс-əрекеті. Бұл қызмет əр тұлғаның жеке мүддесін, сонымен бірге еңбек рыногінің қажетін ескеру негізінде жүргізілуі тиіс. Кəсіби бағдарлау ісі – əр адамның өз жеке басына сай кəсіпті өзінше айқындап, таңдауына жəрдем ретінде ұйымдастырылатын əлеуметтік-экономикалық, психологиялық-педагогикалық, медициналық-биологиялық, өндіріс-техникалық шаралардың ғылыми негізделген жүйесі.

Кəсіби бағдарлау  жүйесі өз аймағында келесідей кəсіптік қызметтерді қамтиды:

- ағарту – тəрбиеленушілерді  əрқандай кəсіптердің əлеуметтік  –экономикалық, психологиялық –физиологиялық  ерекшеліктері жөніндегі білімдермен  таныстыру; 

- диагностикалау – кəсіп таңдауға  байланысты адам жүйке жүйесінің  ерекшеліктерін, оның денсаулығын, қызығулары мен ынтасын, құндылықты бағыт-бағдарын, ұстаным-көзқарастарын зерттеп, анықтау;

- кеңес беру – кəсіпке қойылатын  талаптар мен нақты тұлғаның  жеке-дара психологиялық ерекшеліктері  арасындағы сəйкестікті айқындау;

- кəсіптік іріктеу – адамды  қызметке қабылдаушы мекемелер тарапынан жүргізілетін іс;

- бейімделу – адамның кəсібі  іс-əрекетке кірісу процесі, өндіріс  жүйесі мен мамандық ерекшеліктеріне  икемдесу процесі.

1.2 Білім жалпыадамзаттық құндылық  ретінде

 

Бүгінгі ғаламдану процесінде ұлттық  құндылықтарды  сақтау мен өзінің бет-бейнесін, ізгі дәстүрлерін сақтау жолындағы күрес ұлттық сананы сақтау күресі екенін түсіну.

Ұлттық тәрбие деп жеке тұлғаның ұлттық сана сезімі мен мінез-құлқының ана тілін, ата  тарихын, төл мәдениетін және ұлттық салт-дәстүрлерді меңгеруі негізінде қалыптасуын айтамыз.[6]

Ұлттық мәдени  құндылықтар  дегеніміз не? Қарапайым тілмен айтқанда ұлттық мәдени  құндылықтар  – белгілі бір ұлтқа, ұлт азаматына тән зат, адами қадір-қасиет, яғни халық ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық рухани және материалдық  құндылықтар .

Адамдардың  бойында қалыптасқан имандылық  қадір-қасиеттер рухани  құндылықтарға , ал адамдардың қолымен жасалған тұтыну заттары мен кәсібі материалды  құндылықтарға  жатады.

Өзімізді  өзіміз бағалай білуге бет бұру –  ұлттық байлығымызды игеру, ұлттық санамызды  дамыту. Ұлттық  құндылықтарды  іріктеп, оқыту процесіне енгізу арқылы ұлттың тұнып тұрған асыл мұралық рухани байлығынан болашақта ел билейтін ұрпақтарды сусындатып, отбасында да, мектепте де ұлтжандалылық пен отаншылдыққа баулып, өз халқын, өз мемлекетін көздің қарашығындай қорғайтын тұлғаларды тәрбиелеп шығару.

Өз ұлтын  қадірлеп-қастерлеген, ұлт қадірін  білген азаматтың бірі Ж.Аймауытов: «Мен халыққа кіндігіммен байланып қалғанмын. Оны үзе алмаймын.Үзу қолымнан келмейді» - дейді. Сырым Датұлы: «Мен ағайынды екеумін: бірі -өзім, екіншісі-халқым» - дейді.

Қазақ халқының осындай дәріптеуге, қастерлеуге, дамытуға тұрарлық ұлттық  рухани және материалдық  құндылықтары  туралы ұлағатты, құнды ойларын халық игілігіне, келешек ұрпақты, ел-жұртқа ие болар азаматтарды тәрбиелеуге қолданылады. 

Қоғамдағы адамдар жасаған рухани, материалдық, мәдени  құндылықтардың  алмасуы оқыту процесі арқылы жүзеге асырылады.

Жеке тұлғаны ұлттық тәрбие арқылы дамыта отырып, нақты  әрекет арқылы оқытуда төмендегі   құндылықтардың  болуы қажет:

- белсенді қарым-қатынас:  студент пен оқытушының әрбір мәселеде өз көзқарастарын білдіріп отыруы;

- индивидтік: оқытушының әр жеке студенттің ерекшелігін дамытуы, қоғам алдындағы жауапкершілігінің болуы;

- өзіндік тәртіп: өзіндік бақылау  мен бағалауды, шешім қабылдауды  үйрену және оны дамыту;

- шыдамдылық: әр түрлі пікірлерді  қабылдай алу, бір-бірінің пікірлері  мен ерекшеліктерін құрметтеу, қабылдау.  

«Адам мен адамның бір-бірімен  араласу,өзара қарым-қатынасында  ғана адамның адамдығы өзі үшін де,өзгелер  үшін де ашылады»,-дейді философ  М.М.Бахтин.Оның пікірінше, диалог тұлғаны  қалыптастырудың құралы ғана емес,оның адамдық болмысын да көрсетеді.Тұлғаның белсенділігі,өзін-өзі дамытып отыруға ұмтылуы өзгелерден бөлек жағдайда емес, өзге адамдармен диалогтық қатынастарға түсу кезінде жүзеге асырылады. Бірлескен қарым-қатынас негізінде студент-студент, оқытушы-студент арасында өзара құрметтеу, мойындау, түсіне білу және сыйластық әрекеттері пайда болып, толеранттық пен мейірімділік көзқарастары қалыптасады.

Студент тұлғасына шоғырланған  білім беру оқытушы тарапынан  әр студенттің өзіндік жақын даму аймағында дербес қабілетін дамытуға түрткі болу, оларды оқыту мен оқу  құндылықтары  жүретін практикалық әрекеттерге баулу, студенттің қолынан келетін істерін қолдау арқылы қиын проблемаларын шешуге көмектесу болып табылады.

Студент тұлғасына шоғырланған  білім берудің мәні неде?

1.Студент тұлғасына  шоғырланған білім беру – адамның  қалыптасуы, тұлғаның өз мәдениетінің субьектісі болуына көмектесу, шығармашылық өмірге үйрету.

2.Студент тұлғасына  шоғырланған білім беру сырттан  келетін тәрбиелеу емес, адам  бойынан адамдықты табу, оны қолдау  және дамыту негізінде өзін-өзі  реттеуге, тәрбиелеуге әкеледі.Сол арқылы өзіндік болмысы, санасы бар тұлғалық бейне қалыптасады.

Информация о работе Қазіргі студенттердің құндылық бағыттануы