Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Марта 2013 в 11:47, дипломная работа
Психология ғылымында кәсіби бейімделу процесін, кәсіби құндылықтарының дамуындағы студенттердің тұлғалық ерекшеліктерін, жоғарғы оқу орнындағы оқу процесінің спецификасын зерттеу ерекше мәнге ие бола тұрса да, бұл мәселе әлі күнге дейін толық қанды зерттелінбеген. Сондықтан, студенттердің кәсіпке бейімделуіндегі кәсіби мәнді құндылықтықтарының дамуын заман талабына сай зерттеуді, жүйелеуді қажет етеді.
Кіріспе-----------------------------------------------------------------------------------------3
1. Жалпы адамзаттық құндылықтар мен құндылықты бағыт-бағдарлар.
1.1 «Құндылық» ұғымының анықтамалары--------------------------------------------6
1.2 Білім жалпыадамзаттық құндылық ретінде---------------------------------------15
2.Психология ғылымындағы құндылықтар мәселесі.
2.1 Студенттердің құндылықтарының дамуы-----------------------------------------23
2.2 Құндылықтар және олардың қоғаммен мен адам өміріндегі рөлі-------------31
2.3Студенттердің мәдени құндылық бағыттануы ------------------------------------38
3. Студенттердің кәсіби құндылықтарының дамуын эксперименттік
Зерттеу-----------------------------------------------------------------------------------------46
Қорытынды------------------------------------------------------------------------------------56
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі---------------------------------------------------------58
Қосымшалар-----------------------------------------------------------------------------------60
ҚАЗІРГІ СТУДЕНТТЕРДІҢ ҚҰНДЫЛЫҚ БАҒЫТТАНУЫ
Мазмұны
Кіріспе-----------------------
1. Жалпы адамзаттық құндылықтар
мен құндылықты бағыт-
1.1 «Құндылық» ұғымының
1.2 Білім жалпыадамзаттық құндылық
2.Психология ғылымындағы құндылықтар мәселесі.
2.1 Студенттердің құндылықтарының дамуы-------------------------
2.2 Құндылықтар және олардың қоғаммен мен адам өміріндегі рөлі-------------31
2.3Студенттердің мәдени құндылық
бағыттануы ------------------------------
3. Студенттердің кәсіби құндылықтарының дамуын эксперименттік
Зерттеу----------------------
Қорытынды---------------------
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі------------------------
Қосымшалар--------------------
Кіріспе
Қазақстан Республикасының нарықтық
қатынастары мен
Қазіргі жағдайда жоғары мектеп дамуында уақыт талабына сай жоғары білікті маман даярлайтын оқыту әдістерін өңдеу, болашақ кәсіп иелерін тәрбиелеу маңызды жағдайлардың бірі болып отыр. Болашақ мамандарға қойылатын мақсат-міндеттердің күннен-күнге өсуі жоғарғы оқу орнындағы оқу процесінің тиімділігін арттыру үшін үлкен ізденіс пен шығармашылық қалыптасу жолын талап етеді. Сондықтан да, студенттердің жоғарғы оқу орнына бейімделуі мен кәсіби құндылықтарының дамуы процесіндегі қиындықтарға көп көңіл бөлу, оған мейлінше үлкен мән беру студенттің маман ретінде қалыптасуына, дамуына, болашақ іс-әрекетінің тиімділігіне ықпал етеді. Сол үшін кәсіби құндылықтары процесінің жалпы және нақты сұрақтарын шешу ғылыми дәлелдеуді қажет етеді. Осы ғылыми дәлелдеу кезінде кәсіпке бейімделу процесінде тұлғаның кәсіби мәнді құндылықтықтарының дамуын зерттеу қажеттілігі туындайды.
Адам өміріндегі кәсіп таңдау, мамандықты
меңгеру, кәсіпке бейімделу мәселесі
үлкен орын алады. Кәсіпке бейімделу
мәселесін Т.Н. Вершина,
И.К. Кряжева, М.П. Будякова, А.А. Русалина, Л.М. Митина және
т.б көптеген ғалымдар қарастырған. Олардың
айтуынша, кәсіпке бейімделуге дайындық,
яғни оқу процесі кезінде кәсіпті меңгеру
кезеңі мен жас маманның жұмыс ортасына
қосылуы, өндірістік практика кезіндегі
іс-әрекеті негіз болады. Студент кәсібін
меңгеру, кәсіби қалыптасуы кезінде өмірлік,
кәсіби жоспарларды өзгертеді, жетекші
іс-әрекеттері ауысады, тұлға құрылымының
қайта құрылу процесі жүреді. Сонымен
қатар, Т.А. Кухарева, И. Калайкова,
Болашақ мамандардың тұлғалық қасиеттерінің дамуында құндылықтық бағдарлардың тигізетін әсерін бір сөзбен айту қиын. Сондай-ақ, құндылық бағдарлар ең алдымен кәсіпке бейімделумен тығыз байланысты. Жалпы алғанда, құндылықтық бағдарлар белгілі бір кәсіпке бейімделуге оң және теріс ықпалын тигізеді. Студенттердің ұмтылған құндылықтары мен оның кәсіпке бейімделуі арасында үйлесімділік, байланыс болуы керек.
Бұл мәселені зерттеген В.А. Ядов, Г.М. Андреева, Г. Хайду, Б.С. Круглов, А.В. Петровский, С.Г. Якобсон және т.б. ғалымдарды ерекше атап кетсек болады. Олардың айтуынша, кәсіпке бейімделудегі құндылықтық бағдарларды қалыптастыру мақсатында оқытушылардың біліктілігі мен тәжірбесіне зор мән беру қажет деп тұжырымдайды. Кәсіби бейімделу мәселесін қарастырған С.М. Жақыпов, Ж.Ж. Бейсенова, Э.Қ. Қалымбетованың және т.б. қазақстандық ғалымдарымыздың еңбектерін атап өткеніміз жөн.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі кезде кез-келген кәсіп орасан зор әлеуметтік мәнге ие, болашақ маман иелеріне қойылатын мемлекеттік дамуын қамтамасыз ететін мамандықты игеру кезіндегі жауапкершілік әрқашан бірінші орынға шығады. Зерттеу тақырыбының өзектілігі болашақ мамандардың кәсіпке бейімделуіндегі құндылықтарының дамуы мәселелерінің жүйелік сипатымен негізделеді. Студенттердің құндылықтарын зерттеуде кәсіпке бейімделуді қарастыру жағдайы өте маңызды, себебі ол тұлғаның өмір бойы қалыптасатын негізгі жағдайларының бірі, әрі тұлғаның өмірлік даму жолдарына әсер етеді. Психология ғылымында кәсіби бейімделу процесін, кәсіби құндылықтарының дамуындағы студенттердің тұлғалық ерекшеліктерін, жоғарғы оқу орнындағы оқу процесінің спецификасын зерттеу ерекше мәнге ие бола тұрса да, бұл мәселе әлі күнге дейін толық қанды зерттелінбеген. Сондықтан, студенттердің кәсіпке бейімделуіндегі кәсіби мәнді құндылықтықтарының дамуын заман талабына сай зерттеуді, жүйелеуді қажет етеді. Осыған байланысты, біздің зерттеуіміздің негізгі мәселесі туындайды. Студенттердің кәсіпке бейімделуіндегі кәсіби құндылықтарының дамуын зерттеу жастық динамиканы тереңірек түсінуге және жастық, кәсіби дағдарыстардың болу критерийлерін анықтауға әсер етеді. Қоғам тарапынан болашақ мамандарға қойылатын талаптардың өсуімен тақырыптың өзектілігін тығыз байланыстыруға болады.
Студенттердің кәсіпке бейімделуі кезіндегі аса маңызды құндылықтардың мамандықты игеру кезінде қандай орын алады деген сұрақтарға жауап беру теориялық- эксперименттік тұрғыдан зерттеу қажеттілігін тудыра отырып, бұл мәселенің өзектілігін анықтайды.
Зерттеу мақсаты - студенттердің құндылықтарының дамуын анықтау және зерттеу.
Зерттеу мақсатына сәйкес, келесі міндеттер қойылады:
Зерттеу пәні – студенттердің құндылықтарының дамуы.
Зерттеу обьектісі – студенттердің құндылықтары.
Зерттеудің жаңалығы: студенттердің құндылықтық бағдарларының дамуы теориялық талдау негізінде зерттелінді; кәсіби мәнді құндылықтар дамуының критерийлері мен көрсеткіштері нақтыланды; кәсіби құндылықтардың даму ерекшеліктерін айқындайтын әдістемелік кешен беріліп, эксперименттік зерттеу негізінде тиімділігі дәленденді;
Зерттеудің болжамы: егер, жоғарғы оқу орнындағы болашақ мамандардың кәсіби мәнді құндылықтарының дамуы анықталса, онда кәсіби іс-әрекет ерекшеліктерінің мәні мен жеке даралық кәсіби өсуі жүзеге асады.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері. Зерттеуде П.С.Кузнецовтың әлеуметтік-психологиялық бейімделу факторларын қарастыру идеясы, Д.А. Леонтьев, Е.В. Шелобанованың кәсіпті таңдау мәселесі туралы ойлары, М.И. Дьяченко, П.А. Кандыбовичтің оқу процесінде кәсіби қызығушылықтарды қалыптастыру идеясы, Е.А. Климовтың кәсіпке бейімделу кезеңдерінің ерекшеліктерін сипаттайтын идеясы және С.М. Жақыповтың бірлескен-диалогтық танымдық іс-әрекет жөніндегі идеясы басшылыққа алынды.
Зерттеуде қолданылған әдістер. Қойылған мақсаттарға байланысты зерттеу әдістерінің жүйесіне студенттердің кәсіби құндылықтық бағыттарын анықтау үшін психологиялық және педагогикалық әдебиеттер және әдістемелік құралдарды теориялық талдау; модификацияланған мамандыққа қатынас сұрақтамасы; құндылықтық бағдарларға арналған М. Рокичтің құндылықтық бағдарлар әдісі; студенттердің кәсіби іс-әрекеттегі қызығушылықтарының құндылық компоненттерін зерттеуге бағытталған бірнеше позициядан тұратын сауалнама әдістер қатары кірді.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы. Зерттеу барысында жасалынған студенттердің кәсіби мәнді құндылықтарының даму ерекшеліктері туралы тұжырымдамалар психологиялық білімдерді толықтырады. Кәсіби құндылықтық бағдарлардың дамуы ұйымдасқан-нормативті, әлеуметтік-психологиялық шарттармен қамтамасыз етілген білім беру ортасында жүзеге асады. Осы ерекшеліктердің есепке алынуы жоғарғы оқу орнындағы даярлану процесін ұйымдастырудың мәні мен мазмұнын ашады. Кәсіби мәнді құндылықтық бағдарлар тұтастық тұрғыда зерттелініп, теориялық ережелерді толықтырды.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы. Алынған теориялық қортындылар мен практикалық нұсқауларды кәсіби бағдар, оқу-тәрбие жұмыстарында, психодиагностикалық, кеңес беруде қолдануға болады.
Зерттеу базасы. Семей мемлекеттік педагогикалық институты және «Қайнар Семей университетінің «Педагогика және психология» мамандығының 1;3 курс студенттері.
Жұмыстың құрылымы: жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды, пайдаланылған әдебиет тізімі және қосымшадан тұрады.
1. Жалпы адамзаттық
құндылықтар мен құндылықты
1.1 «Құндылық» ұғымының анықтамалары
Тұлға мəдениетінің негізі оның жалпы адамзаттық құндылықтарға қатынасынан көрінеді. «Құндылық» термині болмыстың белгілі құбылыстарының адами, əлеуметтік жəне мəдени мəн-мағынасын білдіру үшін қолданылады. Адам қызметіндегі заттар, қоғамдық қатынастар жəне олар қамтыған табиғат құбылыстары құндылықты қатынастар нысандары ретінде танылған бағалы заттар сипатында іс-əрекетке қосылады, яғни бұлардың бəрі де жақсылық пен жамандық, шындық пен жалғандық, əсемдік пен ұсқынсыздық, əділдік пен əділетсіздік жəне т.б. тұрғысынан пайымдалады. Белгілі құбылыстарды бағалауға негіз болған тəсілдер мен өлшем-шектер субъектив баға түрінде қоғамдық сана мен мəдениетте бекиді де адам əрекетін бағыттаушы құралдарға айналады. Қалыпты тəртіптік ұғым формасына енген мұндай құралдар түрі: ұстанымдар жəне бағалар, бұйрықтар мен шектеулер, мақсаттар мен жобалар.
Адам өмірінің өзегі – құндылықтар, ал басқа мақсаттар оған жеткізетін баспалдақтар ғана. Осы қағидаға сүйенсек, қоғамның жаңару кезіндегі жаңаша көзқарастардың бірі – құндылық бағдар.
Қазіргі таңда ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық мәдениет пен тарихымыздың дамып, өркендеуі, халқымыздың рухани бай мұрасын және салт-дәстүрлерін қастерлеу – еліміздің дүниежүзілік өркениеттегі егемендігін, дербестігін дәлелдейді. Осы өркениетті елдер қатарына қосылуға ықпал ететін болмыс – адам болып саналады.
Болашақтың адамы – парасатты, иманды, елгезек те, қаракетшіл адам; ол адамның мәндік күшінің шын бірлігінің мұратын, оның рухани және тәндік кемелдігінің мұратын бейнелейтін салиқалы, жан-жақты дамыған тұлға. Құндылықтар мәселесі қазақ халқының сонау көне замандағы сақтардың, ғұндардың, түркілердің ұрпағы екенін бүгінгі Қазақстан жерінен табылған археологиялық байлықтар, көне мәдени жазбаларынан өзінің бастауын алып, шығыстың ұлы ойшылдары Қорқыт ата, Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Қожа Ахмет Ясауи, Мұхамед Хайдар Дулати, Қадырғали Жалайыри және т.б. шығармаларында орын алған, тәлім-тәрбиелік тағылымдарымен ұштасып, мәңгі сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа рухани мұра ретінде жалғасып келеді. Осыған орай, бүгінгі таңда салауатты өмір салты ұлттық идеяға да айналуы тиіс мәселе. Өйткені қазақ халқында бұл идеяға негіз болатындай Қазақ хандығы тұсында өмір сүрген белгілі ойшыл Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баяны», Құртқа Сұлтанқожаұлының тәлімдік мұрасы, ұлттың генетикалық тазалығын сақтау үшін жеті атаға дейін қыз алыспауға тиым салған «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» заңдары және Тәуке ханның «Жеті жарғысы». [16]
Информация о работе Қазіргі студенттердің құндылық бағыттануы