Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2013 в 20:43, курс лекций
«Кадр» және «персонал» деген ұқсас және мағынасын өзара алмастыратын түсініктердің кейбір еркшеліктері бар. Кадрлар дегеніміз кәсіптік-біліктілік, әлеуметтік-психологиялық, жыныстық, жастық және басқа құрылымдық бөлшектермен сипатталатын кәсіпорын жұмыскерлерінің жиынтығы. Кадрларға тек еңбекке кәсіптік қабілеті және арнайы кәсіптік дайындығы бар жұмыскерлер ғана жатады.
Есептер
¹ 1 Есеп
Жұмысшының
кесімді-сыйақылық жүйесін
Еңбек шығындарының нормасы - 1 бұйымға 0,4 адам-сағаты, 1 бұйымның төлемі -0,3068 у.е., 176 адам-сағаты істелінді, 485 бұйым өндірілді. Норманы 100% орындаған үшін 10%-тік сыйақы төленеді және әр үстеме орындалған пайызға 1,5% кесімді еңбекақысы төленеді.
¹ 2 Есеп
Жұмысшының кесімді-прогрессивті жүйесін қолданып келесі мәліметтер бойынша еңбекақысын анықтаңыз:
1 детальдің шығындар нормасы - 2 адам- сағаты, 100 деталь өндірілді, әр қайсысына 1,537 у.е. төленеді, 22 смена орындалды (8сағаттық). Нормадан үстеме өндірілген детальдар үшін 1,5 есе артық төленеді.
¹ 3 Есеп
V разрядты слесарьдің еңбегі (сағаттық ставкасы 0,78 у.е.) уақыт-сыйақылық жүймен төленеді. Егерде нормаланған тапсырма орындалса 20%-тік сыйақы төленеді. Слесарь 184 сағат жұмыс істеді, 202 нормо-сағ. жұмыс көлемін орындады. Нормаланған тапсырма норманың 105%-не тең. Слесарьдің еңбекақысын анықтаңыз.
¹ 4 Есеп
Кесімді-прогрессивті жүйесін қолданып, жұмысшының еңбекақысын анықтаңыз, егерде ол бір айда (23 смена 7,6 сағаттан) 186 бұйым өндірді, 1 бұйымның уақыт нормасы- 1,1 адам-сағаты, сағаттік тариф ставкасы -0,803 у.е., барлық нормадан үстеме орындалған бұйымдар 2 еселік төлеммен төленеді.
¹ 5 Есеп
Жұмысшының
кесімді-сыйақылық жүйесін
Еңбек шығындарының нормасы - 1 детальға 0,4 адам-сағаты, 1 детальдің төлемі -0,292 у.е., 176 адам-сағаты істелінді, 485 деталь өндірілді. Норманы 100% орындаған үшін 10%-тік сыйақы төленеді және әр үстеме орындалған пайызға 1,5% кесімді еңбекақысы төленеді.
¹ 6 Есеп
Жұмысшының еңбекақысын есептеңіз, егерде уақыт нормасы 2 адам-сағатын құрайды, ал бір айда (22 жұмыс күні) 100 операция 1,76 у.е.-ден орындалды. Сонымен бірге, нормадан үстеме орындалған операциялар үшін төлем ақы 2 есе артық төленеді.
¹ 7 Есеп
Жұмыс істеп жүрген әйелге 126 күнге (1.07.05-3.11.05) еңбекке жарамсыздық парағы берілді (босану алдындағы және босану демалысы себептен). Әйел 5 күндік жұмыс апта графигімен жұмыс істеді. Егерде оның орта күндік еңбек ақысы 1600 теңгені құраса, жәрдемақының мөлшері қанша құрайды?
¹ 8 Есеп
Жұмыскер 2005 жылдың 1-ші шілдеден ауырып қалды, осы себептен ол 15 жұмыс күнін жіберді. Есеп мерзімінде 01.07.04 - 01.07.05 252 жұмыс күні орындалды, яғни жұмыс уақытының балансы толығымен орындалды. Бірақ 01.01.05 - 15.01.05 және 01.05.05 - 20.05.05 іс-сапарда болған. Есеп мерзімінде оған 240 000 теңге төленді, сонын ішінде іс-сапар мерзімінде:
01.01.05 - 15.01.05 - 7000 теңге
01.05.05 - 20.05.05 -9000 теңге
Уақытша жұмысқа жарамсыздық жәрдемақысын анықтаңыз.
¹ 9 Есеп
Жұмыскер 2005 жылдың 3-ші маусымнан 18 календарлы күнге еңбек демалысына шығады. Есеп мерзімі толығымен орындалған. Есеп мерзімінде оған 350 000 теңге төленді. Еңбек демалысының төлемін есептеп табыңыз.
¹ 10 Есеп
Жұмыскер 2005 жылдың 1-ші шілдеден 18 календарлы күнге еңбек демалысына шығады. 2005 жылдың наурыз айынан тыс (01.03.05-16.03.05 - еңбекке жарамсыздық парағы) есеп мерзімінің барлық айлары толығымен орындалған. Есеп мерзімінде оған 400 000 теңге төленген (еңбекке жарамсыздық парақтан тыс). Еңбек демалысының төлемін есептеп табыңыз.
¹ 11 Есеп
Жұмыскер 2005 жылдың 1-ші қарашадан 18 календарлы күнге еңбек демалысына шығады. Өткен еңбек демалысынын күндерінен (2004 жылдың1-ші желтоқсаннан - 20-ші желтоқсанды қоса) тыс есеп мерзімі толығымен орындалған. Есеп мерзімінде оған 380 000 теңге төленген (өткен еңбек демалысының төлемінен тыс). 1 қарашадан еңбек демалысының төлемін есептеп табыңыз.
¹ 12 Есеп
Жұмыскер бір ұйымда 6 ай жұмыс істеді. 5 күндік жұмыс апта бойынша 2005 жылда 17 мамырдан 5 маусымды қоса ауырғаннан …. жұмыс күні жіберілді. Жұмыскердің ортакүндің еңбек ақысы 1500 теңге құрады. Уақытша жұмысқа жарамсыздық жәрдемақысын анықтаңыз.
¹ 13 Есеп
Зауытта 60 аппарат бар, әр аппаратты і адам қызмет ету керек, жұмыс графигі 4 сменалық (смена -6 сағаттық). Кәсіпорын үзіліссіз жұмыс істейді, ал әр жұмысшы - жылына 225 күн. Жұмысшылардың тізімді және келген санын табыңыз.
¹ 14 Есеп
Өндірістік участкіде 1 жылда 50 мың детальді өндеу қажет. Сменалық өндеу нормасы - 25 деталь, ал орындау нормасы орташа есеппен 120%. Жұмысшылардың санын анықтаңыз, егерде бір жылда 226 жұмыс күні болса.
¹ 15 Есеп
1-ші қазанда
кәсіпорыннын жұмыскерлерінің
¹ 16 Есеп
Цехта 70 станок орнатылған, жұмыс режимі 2-сменалық, қызмет ету нормасы - 1 наладчикке 7 станок; 1 жұмыскердің жоспарланған жұмыс уақытының қоры 220 күн құрайды, кәсіпорынның жұмыс режимі - үзіліссіз. Наладчиктердің тізімді санын анықтаңыз.
¹ 17 Есеп
Кәсіпорын үзіліссіз режиммен жұмыс істейді. Жылдық жоспарланған жұмыс уақытының қоры - 230 күн, номиналды - 257 күн, жұмыстың жылдық жоспарланған еңбексыйымдылығы 30450 нормо-күн. Жұмыскерлердің тізімді санын анықтаңыз.
¹ 18 Есеп
Жылдық жоспарланған еңбексыйымдылығы - 28 300 адам-сағ. Бір жұмысшының жылдық жоспарланған жұмыс уақытының қоры - 230 күн, жылдағы мереке және демалыс күндерінің саны - 108, кәсіпорынның жұмыс режимі үзіліссіз. Жұмысшылардың тізімді санын анықтаңыз.
¹ 19 Есеп
Цехта 15 құрал-жабдық орнатылған, қызмет ету нормасы - 1 наладчикке 5 дана. Кәсіпорын үзіліссіз 3 сменамен жұмыс істейді. 1 жұмысшының жылдық жоспарланған жұмыс уақытының қоры - 230 күн. Наладчиктердің тізімді санын анықтаңыз.
¹ 20 Есеп
Бір жұмысшыға есептелінген белгілі жұмыстың уақыт нормасы 2 адам-сағатын құрайды, ал өндіру нормасы 8-сағаттық сменаға - 4 дана. Ұйымдастыру жұмыстарын жүргізген соң уақыт нормасы 5%-ке төмендеді. Жаңа уақыт нормасын, өндіру нормасын, өндіру норманын өсу пайызын анықтаңыз.
ТЕСТТЕР
1 тақырып
Персоналды басқару қызметін атқарушылар қалай аталады?
(?) жоспарлы бөлім
(?) есеп-қисап жүргізу бөлімі
(!) персоналды басқару бөлімі
(?) желілік басшылар
(?) оқу бөлімі
Қызметтің функционалды ортасы, оның мәселесі – кәсіпорынды керек уақытта қажетті мөлшерде және талап етілетін сапада кадрлармен қамтамасыз ету, оларды дұрыс орналастыру және ынталандыруды не деп атайды?
(?) персоналды оқыту
(?) персоналды дамыту
(?) мотивациялау
(?) персоналды қайта дайындау
(!) персоналды басқару
Кәсіпорында персоналды не үшін басқарады?
(?) кәсіпорын жағдайын жақсарту үшін
(!) кәсіпорын мақсатына жету үшін
(?) жастарды тәрбиелеу үшін
(?) кадрларды жұмыстан шығару үшін
(?) жұмыс орнын қысқарту үшін
Ұйымда персоналды басқару бойынша негізгі құрылымдық бөлім – бұл:
(?) жоспарлау бөлімі
(?) бухгалтерия
(?) стратегиялық даму бөлімі
(!) кадрлар бөлімі
(?) қаржы бөлімі
2 тақырып
Персоналды тәрбиелеу және оқытуға байланысты мәселелерді қай аспект қарастырады?
(?) техника-технологиялық
(?) құқықтық
(?) әлеуметтік-психологиялық
(!) педагогикалық
(?) ұйымдастырушылық-экономикалық
Еңбекті ұйымдастыру және персоналды басқарудың тәсілдері мен әдістемелерінің жиынтығын қамту неге жатады?
(?) персоналды басқару аспектілеріне
(?) персоналды басқару әдістемесіне
(!) персоналды басқару элементтеріне
(?) персоналды басқару мақсаттарына
(?) персоналды басқару міндеттеріне
Персоналдың саны мен құрамын, моральдық және материалдық ынталандыру, жұмыс уақытын пайдалану және т.б. себептермен қызметтерді жоспарлауға байланысты мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін қандай аспект?
(?) техника-технологиялық
(?) құқықтық
(!) ұйымдастырушылық-экономикалық
(?) педагогикалық
(?) әлеуметтік- психологиялық
3 тақырып
Персоналды жалдауды ұйымдастыру, онымен әңгімелесу, бағалау, іріктеу және қабылдауды ұйымдастыру, орын ауыстыру, марапаттау мен жұмыстан шығару қандай кіші жүйеге кіреді?
(?) персоналды жоспарлау кіші жүйесіне
(!) персоналды жалдау және есепке алу кіші жүйесіне
(?) жалпы және желілік жетекшіліктің кіші жүйесіне
(?) еңбек қатынастарын басқарудың кіші жүйесіне
(?) еңбек етуді қалыпты жағдайлармен қамтамасыз етудің кіші жүйесіне
Персоналды оқыту, біліктілігін көтеру және қайта дайындау, жаңа жұмысшыларды қызметке тарту және бейімдеу қандай кіші жүйеге жатады?
(?) персоналды жоспарлау кіші жүйесіне
(?) персоналды жалдау және есепке алу кіші жүйесіне
(?) жалпы және желілік жетекшіліктің кіші жүйесіне
(?) еңбек қатынастарын басқарудың кіші жүйесіне
(!) персоналдың дамуын басқару кіші жүйесі
Персоналдың шеберлігі мен мүмкіндіктерін тиімді пайдалану неге жатады?
(?) персоналды басқару аспектілеріне
(?) персоналды басқару әдістемесіне
(?) персоналды басқару элементтеріне
(!) персоналды басқару мақсаттарына
(?) персоналды басқару міндеттеріне
4 тақырып
Персоналды жоспарлау әдістеріне жататындар:
(!) баланстық, нормативті тәсіл, математика-статистикалық
(?) баланстық, нормативті тәсіл, физикалық
(?) нормативті тәсіл, математика-статистикалық
(?) баланстық, математика-статистикалық, жүйелілік
(?) баланстық, жүйелілік
Персоналды жұмысқа бейімдеудін түрлері
(!) алғашқы және туынды
(?) жалпы және туынды
(?) алғашқы және күрделі
(?) ағашқы және кәсіби
(?) кәсіби және күрделі
Жұмыскерлердің жұмыстан босауы
(?) жұмыскерлердің және әріптестерінің талабы бойынша
(?) қарамағындағы жұмысшының талабы бойынша
(!) жұмыскерлердің, әкімшіліктің талабы бойынша және зейнеткерлікке
шығуға байланысты
(?) сырттан келген адамның талабы бойынша
(?) көршісінің талабы бойынша
Персоналды жоспарлау неге жатады?
(?) персоналды басқару аспектілеріне