Саясаттану – саясат туралы ғылым және пән

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 22:11, лекция

Описание работы

Саясаттану сөзі ("политология") гректін, «политика" және "логос" деген сөздерінен шыққан, саясат туралы ғылым деген мағынаны білдіреді.
Басқа қоғамдық ғылымдардың ішінде саясаттанудың орны ерекше. Себебі, адамзат тарихында саясат негізгі рөл аткарды. Оның дұрыс-бұрыстығы, сайып келгенде, адамдардын, халықтардың тағдырымен тығыз байланысты.

Работа содержит 1 файл

Лекция Саясат -әлеум. 2 курс.doc

— 507.00 Кб (Скачать)

-   террористік полицейлік бақылау жүйесі;

-  барлық бұқаралық  ақпарат құралдарына (радио, телевидение,  газеты, журнал) партиялық бақылау;

-  қарулы-әскери күшпен  бақылау;

- экономикаға орталықтанған  бақылау және экономикалық қызметті  бюрократиялық басқару жүйесі;

-  қоғамдық және индивидуальдық өмірдің барлық салаларына биліктің қадағалау орнатуы

- тұлғаның еркін ойлауы  мен әрекеті болмайды;

-  «Билік бұйырмағанның  (рұқсат етпегеннің) барлығына тиым  салынады» - деген принцип әрекет  етеді;

Тоталитаризмнің негізгі  белгілерін белгілі батыстық политологтар К. Фридрих, З. Бзежинский, Х. Арендт өз уақытында анықтаған. Белгілі Американдық зерттеуші З. Бзежинский тоталитарлық режимге келесідей «диагноз» қойды: егер елде осы аталған белгідердің бесеуі кездессе онда осы режим демократиялық жаққа көшпейді. Тоталитарлық – ол индустриализация, модернизация дағдарысы кезеңіндегі қоғамның «реакциясы» мұндай кезеңде қоғам үлкен қиыншылыққа келеді: дәстүрлік құрылымдар бұзылады, адамдарда сезімнен айырылу, жалғыздық пайда болады. Үстемдік жүргізетін – идеологияға соның саяси іс-әрекетінің мазмұнына әсер ететітіне қарай. Тоталитаризмді негізінен коммунизмге, фашизмге және ұлтшылды-социализмге бөледі.

Авторитаризм  – саяси тәртіп, бұнда бір түрдің немесе топтың өз басшысымен билікке ұмтылысы.   Авторитаризм қоғамдық құрылысы ауысып жатқан елдерде, тағы да ұзақ дағдарыста болып жатқан қоғамда пайда болады. Берілген шарттар, авторитарлық саяси режимнің орнату факторы болады.

Өз сипаттаумен ол тоталитаризммен демократияның  арасында орналасады. Тоталитаризммен оның автократиялық заң мен шектелмейтін билік сипаттамасы демократиямен – автономия бар болуы, мемлекет пен басқарылмайтын қоғам салаларымен ұқсайды. Мысалға XX ғасырда көп авторитарлық мемлекеттерде легитимация мақсатымен ұлттық идеология және формальды билік бақылайтын сайлау көп қолданған. Көптеген Азиядағы, Африкадағы және Латын Америкадағы болған авторитарлық режим өзін өмір сүруін ұлттық босатумен және туумен ақтайды.

      Соңғы  онжылдықта авторитарлық жүйелер  жиі кейбір демократиялық институттармен пайдаланған – олар сайлау, плебисцит т.б. Мысалы, конкуренті емес немесе жарты конкуренті сайлаулар: авторитарлы немесе жарты авторитарлы режиммен Мексикада, Бразилияда, Оңтүстік Кореяда, Ресейде, Қазақстанда және басқа мемлекеттерде пайдаланған.

Жалпы зерттеушілер авторитаризмнің  айыратын белгілерін береді, олар:

-          күшті орталықтанған билік

-          бір топтың немесе партияның  билікке монополиясы

-          элитаның қалыптасуы

-          оппозицияға толық немесе толық  емес тиым салуы

-          билік өзгеруінің күштеу мінезі

-          шектелген плюрализм

-          билікті ұстап қалу үшін күш  құрылымын кең қолдануы

-          өкіметтік билік органдарының, салмаудың  және оппозицияның бар болуы.  Бірақ оларды жұмыс істеуі  шектелген тек формальды түрінде ғана.

-          халықты билікке жібермеуі

-          қоғам мен жеке адамның үстінен  тотальды бақылаудан бас тарту.

Қазіргі әлемде авторизмнің  сақталып қалуына көп жағдайлар  себеп болып келеді.

Мысалы:

-          Азаматтық қоғамның дамымағандығы

-          Экономиканың артта қалуы

-          Дамушы  қоғамдарда шиеленістің  биік  тәсілі

Қазіргі уақытта тоталитарлық саяси жүйенің ыдырауымен көптеген әлемнің коммунистік мемлекеттерінің  ғылыми және саяси қызығушылығы авторитаризмге көбейді. 80-90 жылдары авторитарлық мемлекеттер, олар (Оңтүстік Корея,Чили, Китай, Въетнам және т.б.). Өзінің экономикалық және әлеуметтік күштілігін көрсетті және экономикалық гүлденудің саяси тұрақтылығымен күшті биліктің – бостандық экономикамен және қауіпсіздікпен дамыған әлеуметтік плюрализммен дамығандығын дәлелдейді. Сондықтан авторитаризмнің реформаторлық мүмкіншіліктері бар екен деп ғалымдардың пікірлерімен келісуге болады (В.П. Пугачев). Бірақ демократияға көзделген авторитарлық тәртіп көпке шыдамайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пән: Саясаттану және Әлеуметтану  негіздері

 

№8 Лекция

 

Тақырыбы: Демократия туралы жалпы түсінік  және                                Қазақстан Республикасындағы демократия.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Лекция 8

Тақырып: Демократия туралы жалпы түсінік.

                            Қазақстан Республикасындағы демократия. (Семинар)

 

Бұнда қазіргі жағдайда тұрақты саяси жүйенің бір  типі – ол демократия.

«Демократия» - түсінігі ол саяси ғылымда маңызды болып келеді.

Демократия ол:

-          бір қалыптасқан ұйымның түрі мүшелерінің шешім қабылдауына тек қатысуына негізделген;

-          қоғамдық құрылымның идеалы және  оған сәйкес әлем көзқарасы;

-          халық билігі және демократияның  мақсаты мен идеалының жүзеге  асуы үшін әлеуметтік-саяси қозғалыс;

Демократияны мемлекеттік  құырылым ретінде зерттегеннен кейін  оның тағы бір белгілерін көресетеді:

-          қоғамда көптеген қызығушылықтармен  мүмкіндіктердің бар болуы;

-          саяси институтқа-топтарға кепілденген  жолы;

-          жалпы сайлау құқығы;

-          өкіметтік институттардың өкімет  іс-әрекеттік бақылау;

-          саяси нормаға қатысты көпшілік  қоғамның келісуі;

-          пайда болған шиеленістерді бейбітшілік  түрінде шешу.

Демократия анықталған жағдайда пайда болады және сақаталады.

Біріншіден. Экономикалық дамудың биік деңгейі. Пипсет С Дженмен В. мен Куртпен жасалған.

Екіншіден. Қоғамда толеранттылықтың бар болуы, саяси азшылықтың құқығын сыйлау.

Үшіншіден. Қоғамның базалық құндылығына, тең құқығына, қатысты келісімі.

Төртіншіден. Халықтың саясатқа қатысуы.

Демократиялық саяси  режимді демократиялық тәртіпке негізделген басқару түрі деп  атауға болады. Оның негізінде –  адамның бостандығын, құқық кепілдігін қорғау.Демократияда өмірді реттейтін  ол заң  болып табылады. Мемлекет міндетті түрде құқықты болады және қоғам азаматты түрде болады.

Плюрализм принципі қоғам  өмірінің бүкіл саласына таралған. Сондықтан мемлекеттік және қоғамдық құрылымнан  туындайды. Бұған әсер ететін азаматтық қоғам және әртүрлі  әлеуметтік қабаттың мәдениет демократиясы. Тұрғындардың билік құрылымының әрекетіне бақылау жүргізуіне мүмкіндігі бар және орын өз басқарушылығынан дамыған. Тікелей немесе өкіметтік демократия. Осындай принцип: «Заң мен тиым салмағанның бәріне рұқсат» бар. Осымен демократия саяси режимнің жүргізуші элементі болады.

 Батыс саясаттанушылары, демократия режимнің мынадай   басқару түрлерін ажыратады:

1.      Президенттік  режим

2.      Парламенттік  режим

Президенттік  режим түрі онда парламенттің және заңшығарушылық қызметінің орындауына қарамастан толық билік президенттің қолында болады. Осы режимде Президент үкіметті өзі құрады заңға вето салуға құқығы бар және заң шығаруға  құқығы бар; парламентті шашыратуға және парламенттік сайлаудың мерзімге дейін жариялауға құқықығы бар және т.б. Президенттік режим классикалық түрін АҚШ-та көруге болады.

Парламенттік  режим түрінде толық заңшығарушы билік парламентте мемлекет басшысы монарх немесе парламент пен тағайындалған президент болса да осы режимде Парламенттің Президент ветосын қабылдамауға құқығы бар, президент заң шығаруына қарсы заң қабылдауға құқықығы бар: импичмент арқылы президентті орнына алуға құқықығы бар; президент басқарып отырған үкімет үстінен бақылау жүргізуге құқықығы бар; және т.б.

                       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пән: Саясаттану және Әлеуметтану  негіздері

 

№9 Лекция

 

Тақырыбы: Мемлекеттің пайда болуы және оның негізгі белгілері, қызметтері мен түрлері.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Лекция-9

Тақырыбы:Мемлекет пайда болуы және оның белгілері,

қызметтері  мен түрлері

  1. Мемлекеттің пайда болуы, ұғымы
  2. Мемлекет белгілері, қызметтері, механизмдері

 

Мемлекетке  дейінгі кезеңдегі  әлеуметтік  биліктің ерекшеліктері мыналар болып табылады: ол тек бір ру көлемінде ғана таралды, соның еркін білдіріп, қандық туыстыққа негізделді; ол алғашқы қауымдық  демократияның, өзін-өзі басқарудың  бастамаларының  негізінде  қалыптасты; мұнда  билік органдары ретінде  рулық жиналыстар, ақсақалдар, әскербасылары  және т.б. қызмет етті, олар алғашқы қауымдық қоғамның  өмір сүруінің  маңызды мәселелерін шешіп отырды.

Мемлекет пен құқықтың пайда  болуының негізгі объективтік заңдарына мыналарды жатқызамыз: қосымша өнімнің пайда болуы;жеке меншіктің қалыптасуы;таптар мен топтардың арасындағы күрестің басталуы;қарама-қайшылықтарды реттеп, қоғамды  басқару үшін құқық пен мемлекеттің өмірге келуі.  

Діни (теологиялық) теория – мемлекеттің пайда болуын, мемлекеттік биліктің пайда болуын  құдайдың  құдыретінен деп есептейді,  яғни  барлық  билік құдайдан  деген тұжырымдаманы жақтайды. Әрбір ірі дін  құдайдың әрекеті деген діни құқықтық қағидалары бар.  Өзінің  діни мазмұнына  қарамастан бұл  теория  бірқатар  шынайы  жағдайларды  атап  айтқанда,  алғашқы  мемлекеттердің  теократиялық  нысандарын – абыздар  билігін, шіркеудің  ролін,  діни  және  әкімшілік  орталықтар  арасындағы  еңбек  бөлінісін  көрсетеді. Қазіргі заманда да кейбір мемлекеттер осындай қағидаларға негізделіп құрылып, қызмет атқарады. Бұл қағидаларға сүйене отырып діни теоректиктер  мемлекет пен құқық құбылыстарын діни рәсімдерге байланыстыра түсіндіреді. Бұл  теорияның  көрнекті  өкілдерінің  бірі – Фома  Аквинский.

Патриархалды теория– мемлекеттің  пайда  болуын  отбасымен  байланыстырады, ал мемлекет  басшысының  билігін  отбасы  мүшелерінің алдындағы әке билігінен  туындатады.Сөйтіп отбасы мүшелерінің  белгілі бір тәртіпке бағынып, қалыптасуының жөн-жобаларын анықтайды. Адамдар осындай қағидаларды басшылыққа алып, мемлекет құруда отбасын басқару үлгілерін қолданған дейді.  Бұл  теория  патшаның  шексіз  билігін  негіздеуге  бағытталған,  ал  бұл  биліктің  қайнар  көзі  ретінде  құдайды  емес, отбасындағы  әкенің, патриархтың шексіз билігі  орын алған отбасы нысанын таниды. Бұл  теория Грецияда пайда  болған, негізін  салушы  Аристотель болса,  ағылшын  ғалымы  Фильмердің еңбектерінде дамытылған.

Шартты  теория (табиғи құқықтық  теория)– Теорияның  мазмұны – адамдардың  өздерінің  табиғи  құқықтары  болады (бостандық, теңдік, еңбек ету, т.б.). оны  ешкім  жоя  алмайды, оған  зиян  келтіре алмайды. Мемлекет пен құқықтың шығуын, пайда болуын адамдар арасындағы келісім-шартпен байланыстырады.  Қоғамның  тарихи  даму  процесінде  адамдардың  арақатынасында  қайшылықтар басталды, сондықтан қоғамда бостандықты,  теңдікті, әділеттілікті сақтау  үшін  адамдар өзара шарт  жасасып мемлекетті  құрды. Мемлекетке тән басқару, оған қоғам мүшелерінің барлығын қорғауды, лайықты өмір сүруіне жағдай туғызуды міндеттейді. Қоғам мүшелері де заң талаптарына бағынатыны туралы міндеттеме алады, деп түсіндіріледі.  Өкілдері: Г.Гроций, Спиноза, Д.Локк, Т.Гоббс, Ж.Ж.Руссо, А.Радищев.  Мысалы: А.Радищевтің  пікірінше,  билік  халыққа  тиесілі, алайда  ол мемлекет басшысына  берілген  және  оны  халық  бақылауы  тиіс.

Күштеу  теориясы– мемлекеттің  пайда болуының  негізі  ретінде  күштеу  әрекетін, бір халықтың  екінші халықты жаулауын  таниды. Жауланған халықтың үстінен билікті бекіту  үшін, оған  күштеу жүргізу үшін  мемлекет  құрылады. Күштеу  теориясы ХІХ ғас.  пайда болды, өкілдері -  Л.Гумплович, К.Каутский, Е.Дюринг.

Психологиялық  теория– мемлекеттің  пайда  болуын  адам психикасының  көріністерімен: бағыну  қажеттігімен, еліктеумен, жоғарғы  топқа  тәуелділікті  сезінумен,  белгілі бір  әрекет  түрлерінің  әділдігін  түсінумен  және т.б. байланысты. Өкілі – Л.Петражицский, Г.Тард.

Органикалық теория- өкілдері  мемлекетті  биологиялық ағза  түрінде түсіндіреді. Яғни  оның  миы (басшысы) және оның  шешімдерін  жүзеге  асыру құралдары (халық)  болады. Өкілдері: Г.Спенсер, Х.Прейс.

Материалистік  теория– мемлекеттің  пайда  болуын  әлеуметтік-экономикалық  факторлармен, яғни   қоғамның  таптарға  бөлінуімен, жеке меншіктің пайда  болуымен байланыстырады. Бұл  теорияның  өкілдері – К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин – мемлекет  бір таптың екінші таптың үстінен  үстемдігін  сақтау  және бекіту, қоғамның  біртұтас ағза  ретінде өмір  сүруі мен қызмет  етуін қамтамасыз  ету мақсатында  пайда болды деп санайды.

Информация о работе Саясаттану – саясат туралы ғылым және пән