Саясаттану – саясат туралы ғылым және пән

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 22:11, лекция

Описание работы

Саясаттану сөзі ("политология") гректін, «политика" және "логос" деген сөздерінен шыққан, саясат туралы ғылым деген мағынаны білдіреді.
Басқа қоғамдық ғылымдардың ішінде саясаттанудың орны ерекше. Себебі, адамзат тарихында саясат негізгі рөл аткарды. Оның дұрыс-бұрыстығы, сайып келгенде, адамдардын, халықтардың тағдырымен тығыз байланысты.

Работа содержит 1 файл

Лекция Саясат -әлеум. 2 курс.doc

— 507.00 Кб (Скачать)

Саясаттың өзіне тән басты ерекшелігі — оның субъектілігі және оның субъектіге тәуелділігі мен онымен анықталынуы. Субъектілік — саясаттың шынайы факторы. Ол саяси процестер мен жағдайларға көпварианттылық, субъективті өзіндік сипат береді, олардың субъектінің жасампаздық әлеуетіне, оған тән ерік-жігерлік қасиетке, әлеуметтік белсенділігіне және әлеуметтік жауапкершілік дәрежесіне тәуелділігін сипаттайды. Дегенмен, субъект оған интериоризациялау (лат. interior — ішкі), яғни адамзаттың тарихи қалыптасқан саяси тәжірибесі, оны игеру, оның элементтерін қазіргі ұрпақтардың, казіргі әлеуметтік топтардың саяси тәжірибелерінің мәселелеріне сәйкес жаңашаландыру, тәжірибені олардың саяси іс-әрекетіне қажетті психикалық қабылдау, саяси приоритет, дағды элементіне айналдыру негізінде ғана айналады. Саяси тәжірибені игеру мен пайдаланудың негізгі мәселесі — оның уақыт пен кеңістіктегі субъектіден субъектіге берілуі. Саяси идеяларды, теорияларды, көзқарастарды, принциптерді құратын, тәжірибені сөздер, ұғымдар мен терминдер көмегімен адамзат санасына сіңіретін саяси ой саяси тәжірибенің трансляциялық формасы. Саяси идеялар саяси ойдың орталық элементтері болып табылады.

    Саяси  идея — шоғырланған (концентрацияланған) саяси ой. Ол, сонымен қатар практикада базалық саяси элемент ретінде іске асуыменде мәнді. Идея ұғымнан жоғары, өйткені идеяда ұғым нақтылықпен бірлікте көрініс табады деп Гегель жайдан-жай айтпаса керек. Міне, осы саяси нақтылықпен байланыс саяси идеяны саяси тәжірибенің шығармашылық элементі ететіндіктен саяси ойды саясаттың шығармашылық элементі деп есептеуге болады. Саяси идеяның саясат субъектілерінің өте кажетті мүдделерімен байланысы, сондай-ақ осы процесте идеяларды саяси іске асыру және реттеу процесі саяси идеяға күш, өміршеңдік, динамика береді. Саяси идеяларды жүйелі түрде жасақтау саяси практиканың концептуалды негізін анықтауға мүмкіндік беретін, стратегиялық мақсатын анықтайтын, стратегияның тактикасын түйістіретін, бағындыратын саяси теориялар есебінен жүргізіледі. Саяси идеялар, теориялар, концепциялар саясат субъектілері ретіндегі адамдар санасын жандандырады және жеткілікті деңгейде олардың саяси жүріс-тұрысқа ықпал етуші саяси көзқарастарының мәнді компоненттері ретінде көрінеді. К. Маркс айтқандай: "...теория бұқараны билеп ала салысымен-ақ, материалдық күшке айналады".

 Сондықтан саясат  өнер деп те есептелінеді. Өйткені  саясат — жасампаздық сферасы,  онда тек білім ғана емес, сонымен  бірге қиял, субъектінің интуициясы, оның өз бетінше шешім қабылдай  алу қабілеті, еркі, субъектінің  батылдығы, төтенше жағдайларға кіре білу ептілігі және одан шыға білу қабілеті іске асады. Міне, осының бәрі саяси іс-әрекетті шығармашылық процеске, өнерге айналдырады.

      Саясаттың  құрылымдық элементтеріне бүкіл  мемлекеттік аппарат пен оның  ұйымдарының формалары, әрекет ету әдістері мен оған пайдаланатын күш-құралдар кіреді. Аппарат басқару ісін кәсіби тұрғыда жүргізуі қажет. Баскару аппаратының маңызды мәселелері — басқару объектісін, оның жағдайын, даму тенденцияларын білу. Бұл билік шешімдерін жоғары басқарушылық нәтижесіне жеткізу үшін кажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пән: Саясаттану және Әлеуметтану  негіздері

 

№14 Лекция

 

Тақырыбы: Саяси мәдениеттің түсінігі. Идеологиялық жүйенің пайда болуы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Лекция-14

 

Тақырыбы:Саяси  мәдениет және идеология

 

    Қазіргі  заманның елеулі ерекшеліктерінің  бірі – адамзат қоғамының демократиялық даму жолына түсуі, жалпыадамзаттық қазыналарды ту етіп  көтеріп,  оларды басшылыққа алуы.  Бұл еркшеліктердің ойдағыдай өрістеп, жан-жақты өрбуінің кепілі – саяси мәдениет. Ол әдетте адамның  саяси өмірді оңды қалыптастырудағы  рөлін, қоғамдық топтардың саяси  санасы мен қоғамдық өмірдегі әртүрлі саяси жағдайда өзін-өзі ұстау  ерекшеліктерін, қандай болмасын мемлекеттік құрылыстың  сондай-ақ белгілі бір саяси жүйенің  сын-сипатын, өріс-өзгерісін, саяси процестің бағытын дұрыс түсінуге мүмкіндік береді.

«Саяси мәдениет» ұғымының саясаттануға енгеніне көп болған жоқ. Дегенмен,  ежелгі ойшылдар: Платон, Аристотель, кейінірек Н.Макиавелли,  Ф.Бэкон, Ш.Монтескье  және басқа  ғалымдар  әрқилы салт-дәстүрлерге тәрбиеленіп, әлеуметтік және саяси тәжірибе жинақтаған  адамдардың  бірыңғай, біртектес жағдайды әртүрлі сезінетіндігі,  оған  санқилы жауап қайтаратындығы неліктен  деген сұрақтарға жауап  іздеген.

Саяси  мәдениет тұжырымдамасын айқындап, дәйекті пікір түзуге М.Вебер, Э.Дюркгейм, Т.Веблен, Т.Парсонс сияқты батыстың ірі саясатшылары мен  социологтары  елеулі  үлес қосса, «саяси мәдениет» деген  категорияны ғылымда алғаш қолданып,  әдебиетке  енгізуші ХYIII  ғасырдағы неміс ағартушысы, философ Иоганн Гердер болды.

    Саяси  мәдениет деп  өкімет пен азаматтардың өзара қатынастарына байланысты  тарихи қалыптасқан саяси нұсқаулар, қазыналар, адамның  өзін-өзі ұстауы жөніндегі жарлық, қаулылар жүйесін  айтады.  Саяси мәдениет қоғамдағы саяси өмірдің барлық  салаларын қамтиды.  Оған алдымен саяси сананың мәдениеті,  адамдардың  топтардың, таптардың, ұлттардың өзін-өзі мәдени білуі,  осы жүйенің аясында жұмыс істейтін саяси мекемелердің мәдениеті кіреді. Сонымен қатар саяси мәдениет адамның  белсенді саяси өмірге дайындық дәрежсін де білдіреді.

Саяси мәдениет  саяси өмірде  еркін іс-әрекет жасауға көмектеседі.  Сол арқылы  адам даңғойлыққа ұрынбай, елдегі және әлемдегі саяси өмірдің  алуан түрлі оқиғаларына өзінің  жеке қатынасын  анықтауына мүмкіндік туады.  Саяси өмірге  еркін араласып, оның  белсенді атқарушысы, субъектісі бола  алады.

Жалпы қоғамның және жеке адамның саяси мәдениетінің дамып,  жетілуін еңбекші халықтың білімін  көтерумен  тығыз байланыстырған  абзал.  Білімді арттыруда алдымен сауаттылық қажет. Осы орайда В.И.Ленин  былай деп  жазды: «Сауатсыз адам саясаттан тыс тұрады. Оған әуелі әліппені үйрету керек. Мұнсыз саясат болуы мүмкін емес, мұнсыз саясат емес,  тек неше түрлі қауесет, өсек, ертегі, соқыр сенімдер ғана бола алады». (В.И.Ленин, ШТЖ, 44-том, 188 б.)

Сондай-ақ, дүниетанымдық  белсенділік жеке адамның  саяси  мәдениеті үшін айқындаушы  рөл  атқарады. Өйткені мұнда таптық, жалпыхалықтық  мүдделер барынша  көрініс тауып, соның  нәтижесінде  жеке  адамның  қоғамдық, саяси позициясы қалыптасады.  Саяси мәдениет категорияларының құнды қатынастары құрылымындағы  келесі деңгей өкімет пен өкімет қатынастары мәселелеріне  байланысты.  әрбір адамның  азаматтық  міндетттері мен құқықтарына деген  көзқарасы оның билік институттарындағы іс-әрекеттеріне баға беруі  арқылы қалыптасады. Бұл орайда, саяси мәдениет құрылымының қалыптасу детерминаты ретінде өкіметтің өз мәдени  деңгейі көрінеді.

Саяси мәдениеттің атқаратын қызметтері:

1)  Танып-білу  міндеттері. Қоғамдық  ғылымдарды меңгеру арқылы субъектілер саяси салада ойдағыдай қызмет етерлік біліммен  қаруланады. Сөйтіп адамдар қоғамдық  дамуды және сасаттың  өзін  айқындайтын заңдар мен негіздерді  танып біледі.  Бұл міндеттер  қоғамдағы басқарудың  әдіс-тәсілдері, құралдары қандай болатынын, саяси жүйенің жұмыс істеуі, мемлекет пен қоғамдық жұмыстарды басқаруға көпшілікті қалай  қатыстыру керектігін  қамтиды.

2)  Аға ұрпақтың  саяси тәжірибесін кейінгі ұрпақтың  қабылдап  алып, оны одан әрі  жалғастыру міндеттері.  Олар тарихи сабақтастықты, саяси процестің тоқтаусыз ұласып  дамуын қамтамасыз етеді. Қандай партия немесе  қоғамдық  саяси қозғалыс  болмасын өзінің іс-әрекетінде бұрынғы ұрпақтың саяси тәжірибесін, салт-дәстүрлерін пайдаланбай тұра алмады. Соның  арқасында олар  алдағы ағалардың  қателіктерін  қайталамай, алға қойған  мақсаттарына тезірек жетуі мүмкін.

3) Саяси өмірді  реттеу,  тәртіпке келтіру міндеттері.  Олар саяси жүйенің  дұрыс жұмыс істеп,  ойдағыдай дамуын,  қоғамдық  тәртіптің саналы түрде нығаюын, саяси тұрақтылықты, кемшіліктерге төбестікті,  қоғам алдындағы жауапкершілікті,  ұлттық  және әлеуметтік –таптық қатынастарды реттеуді  қатамасыз етеді.

4) Саяси психологияны  дамыту міндеттері.  Олар адамдарды қоғамдық-саяси қызметтерге қатысуға ынталандырады,  саяси белсенділікті  арттырады, белгілі бір  тосын саяси жағдайларда өзін-өзі қалай  ұстап, жылдам шешім қабылдауға тәрбиелейді.

5) Қарым-қатынас,  байланыс жасау міндеттері. Саяси мәдениетті  игеру арқылы тілек,  мақсаттары бірдей адамдар  топтасады, сөйтіп олар саяси қатынастардың ережелерімен қаруланады, одақтастар және қарсыластармен саяси әңігмеге келіп, тіл табыса  алатындай  шеберлікке  дағдыланады.

6) Қазыналық  міндеттер.  Олар жеке адамға (топқа,  ұйымға) саяси өмірдің  қазына жүйесінен өз мақсат, мүдделеріне сай келетін  ең құндыларын  таңдап алуына мүмкіндік жасайды.  Бұл міндеттер елдің  жедел алға басуына және  қоғамның өзін-өзі билеуіне  бағытталған талаптарын ақтайтын  саяси қазыналарды қорғап, сақтауға  жәрдемдеседі.

Саяси сананың  тағы бір ерекшелігі – мемлекетке, саяси партиялар мен  ұйымдарға  қатынасты болуында жатыр. Айталық,  американдықтар мемлекетке сыншыл, кейде жат көзбен  қарайды, ал немістер  болса мемлекетке әрқашан түзу ниет білдіреді.  Немесе  партияға  деген көзқарасты, қатынасты алайық. Францияда бірпартиялық – жөнсіз, қисынсыз болып саналады.  Сондықтан  онда  бірпартиялық  бола қоюы мүмкін емес. Ал  кейбір елдерде  бірпартиялықтың  ешқандай сөкеттігі жоқ. Саяси сананың мәдениеті «еркіндік», «теңдік», «әлеуметтік қорғау», «автономия», «төзімділік» т.б. сияқты  саяси қазыналардың  қайсысына бірінші  орын беріп, артық көруінен  де байқалады. Оңшылдар, солшылдар, радикалдар, либералдар деп бөліну де содан келіп шығады.

Саяси мәдениетке  тікелей қатысты тағы бір ұғым – ол саяси мінез туралы категория.  Саяси мінез немесе  саяси мінез-құлық -  басқару процесіне қатысты адамның ойлары мен іс-қимылдары болып табылады.  Саяси мінез-құлыққа адамның ойлары, сезімі, пікірі, мақсаты,  нанымы, яғни, ішкі әлемінің көрінісі кіреді.  Оның  нәтижесі мынандай іс-қимылынан білінеді. Сайлауға қатысы,  наразылығын  білдіруі, жиналыстар  мен  науқандарға қатысуы.  Кең көлемде саяси мінез-құлық кез келген жағдайда: отбасында, бизнесте,  шіркеуде, мешітте  байқалуы мүмкін. Алайда,  бұл термин  мемлекеттік инстиуттар шеңберінде өрістейтін  іс-қимыл әрекетіне  байланысты  қолданылады.

Сяси мінез саясаттану пәнінің бағдарламасына кіретін  саяси тұлға, саяси талап  және қоғамдық  пікір, сайлаушылар мінезі, саяси партиялар мен мүдделі  топтар,  саяси әлеуметтендіру,  саяси мәдениет,  бірлестіктегі билікті айқындайтын  формуланы қолдануға қажет болады.  Аталған  мәселелерден байқалғандай, саяси  психология мен саяси әлеуметтік  мүдделер де саяси мінездің  зерттеу саласына жатады.  Саяси мінез-құлық ғылыми пән ретінде, жалпылама алғанда, саясатты бихевпоралдық (мінез-құлықтық) зерттеудің синонимі ретінде  қолданылады.

Саяси мінез-құлық саясаттанудың  пәндік мазмұнын құрайды. Саяси сана мәдениетінің тағы бір маңызды  элементі – саяси тіл.  Жалпы тілдің  қолданысында да мәдениет болатындығы белгілі.  Тіл мәдениетіне  тікелей қатысты бұл күндері жиі айтыла басталған мәселе – сөздерді орнымен жұмсамау, мән-мағынасына жете үңілмеу, мақал-мәтел, фразеологизмді өзгертіп қолдану сияқты сәтсіздіктер.  Тағы бір мәселе, шаршы топ алдында аузыша сөйлеу жайы.  Бұл  күндері  теледидар  мен радиодан  немесе  жиын-жиналыс мінбелерінде, қысқасы, шаршы топ алдында ойымызды еркін,  жатық, әсерлі етіп айтып беру дағдымыз мәз емес.  Көбіміз топ  алдында мүдірмей, жинақы  түрде әсем сөйлей алмаймыз. Енді-енді жандана бастаған  бұл істе тілге деген жауапкершілік пен ықылас болса, орысша сөйлеп келген адам қазақша да сөйлеп,  тыңдаушысын сүйсіндірер еді. Саяси мәдениет  осы аталғандармен ғана шектелмейді.  Ол саяси іс-қызметті де қамтиды.  Оған адамның  саяси жүйеге  қатынасы және  т.б. жатады.  Әртүрлі елдерде  бұл мәселелерге көзқарас та,  олардың шешімі де біркелкі емес.  Бұл жағдай саясатшыны дау-дамайдан қашпауға, оларды басқара білуге  немесе  одан  әрі өрбітпеуге, әлеуметтік  «қопарылысқа», сілкініске жеткізбеуге  үйретеді.

Қоғамдық  жағдайларға,  сонымен  қатар көпшілік арасында  кең тараған ереже,  қалып,  үлгілерге байланысты саяси мәдениет әртүрлі болады.  Мұны мәдениеттің  әртүрлілігі дейді. Оны ғалымдар  әралуан жіктейді.  Солардың  ішінде ең көп тараған Г.Алмонд пен С.Вербаның «Азаматтық мәдениет» деген кітабында келтірілген жіктеуі. Олар Алманияның, АҚШ-тың, Англияның, Италияның, Мексиканың саяси жүйелерін  талдай келіп,  саяси мәдениетті партиархалық, азаматтық  және қоғамшыл етіп үш түрге бөледі.  Бірақ  ол көбінде  аралас болып  келеді.

 

     Қоғамның  жеке  топтарының саяси мәдениеті   де пайда болады.  Оны субмәдениет дейді.  Мысалы,  Алматы мен Шымкент тұрғындарының саяси ойлауы мен өзін-өзі ұстауында шамалы ғана өзгешелік байқалса, Қазақстан  мен Балтық  жағалауы республикаларының саяси мәдениетінде елеулі айырмашылықтар бар. Бұрынғы КСРО-ны тұтасымен  аласақ та соны байқауға болады.

Саяси мәдениетті ұалыптастыруда  ең алдымен мемлекет қатысады. Ол бұл  міндетін заң шығару, атқару және сот органдары арқылы  атқарады.  Мемлекет ұлттық  саяси рәміздердің қалыптасуын қатаң қадағалайды. Айталық,  респкбликаның туын,  елтаңбасын,  әнұранын,  ақшасын, т.б. қалыптастырады.  Мемлекетпен қатар саяси мәдениетті қалыптастыруға қоғамдық ұйымдар, әсіресе партиялар  да қатысады.  Саяси мәдениетті  қалыптастырушы күштерге зерттеушілер  әрдайым діни ұйымдарды да қосады.  Саяси мәдениетті  қалыптасруда ақпарат құралдары көп рөл атқарады.  Қазір  олардың  биліктің  төртінші саласы деп жүргені  тегін емес. Дамыған өркениетті  елдерде бизнес те  саяси мәдениеттің қалыптасуына ықпал етеді. Саяси  мәдениетті  қалыптастыруға тікелей және  мақсатты түрде қатысушыларлардың  қатарына академиялық  қауым да жатады.  Оның рөлі  әсіресе  АҚШ-та өзгеше көзге түседі.

Информация о работе Саясаттану – саясат туралы ғылым және пән