Саясаттану – саясат туралы ғылым және пән

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 22:11, лекция

Описание работы

Саясаттану сөзі ("политология") гректін, «политика" және "логос" деген сөздерінен шыққан, саясат туралы ғылым деген мағынаны білдіреді.
Басқа қоғамдық ғылымдардың ішінде саясаттанудың орны ерекше. Себебі, адамзат тарихында саясат негізгі рөл аткарды. Оның дұрыс-бұрыстығы, сайып келгенде, адамдардын, халықтардың тағдырымен тығыз байланысты.

Работа содержит 1 файл

Лекция Саясат -әлеум. 2 курс.doc

— 507.00 Кб (Скачать)

Ортағасырдағы ірі ойшылдардың  бірі Қожа Ахмет Яссауи. Ол ХІІ ғасырда  қазіргі Шымкент облысы Сайрам жерінде  дүниеге келіп, саналы өмірін Түркістан  шахарында өткізген. Оның басты кітабы – «Диуани хиқмет» («Даналық жайындағы кітап»). Кітапта өзінің 63 жасқа дейінгі өмірін баяндайды. Жас кезінде жетімдікті, өмірден көрген азабын, шеккен қасыретін айтады. Сондай-ақ бұқара халыққа үстемдік құрған хандардың, бектердің, қазылардың харамдық істерін әшекерлеп, сынайды, фәнидің жалғандығын айтады. Дін адамдарының құдайдың атын жамылып, бас пайдасын ойлап, кемтарларды ұмытып, елді алдап, байлыққа құныққанын көріп, түңіліп, өзін олардан аулақ ұстап, алла тағалаға адал берілгендігін дәлелдеп, дүние қызығынан безіп, софылыққа (аскетизмге) ден қояды. «Диуани хиқмет» кітабынан қазақ халқының ежелгі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына, этнографиясына, экономикасына қатысты көптеген құнды деректер табылады. Кітап халқымыздың дүниетанымын біршама кеңейтерлік рөл атқарады. Яссауи кедей, кемтарлар жақ болды. Оның есімі бүкіл араб елдеріне кең тарады. Әмір Темір Яссауидің жерленген жеріне арада екі ғасыр өткенде дүнижүзілік маңызы бар Түркістан кесенесін орнатты. Түркістан жалпы мұсылман әлемінде «екінші Мекке» деген ұғымға айналған. Мұндағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесі – ЮНЕСКО-ның Қызыл кітабына енгізілген. Барлық түрік нәсілдес халықтар Түркістанды байырғы ата-жұртымыздың астанасы деп санайды. Түкістан – қазақ халқының тұтастығының, бірлігінің нышаны. Қазақ ұлттының басын біріктіріп, сыртқы жаудан, ішкі ыдыраудан аман сақтап қалған Есім хан, Қасым хан, Тәуке хан, Абылай хан, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, т.б. есімдері Түркістан қаласымен тығыз байланысты. Қазақ арасында бүкіл түрік елдеріне ортақ Қожа Нәсірдің халқымыздың философиялық ой-пікірін оятып, оптимистік сенімін арттырудағы, халықтарды тазалыққа, әлідікке тәрбиелеуге алатын орнын айтпауға болмайды. Қазақ халқының философиялық ой-пікірінің бір ерекшелігі – оның данышпандықты жоғары бағалағандығы, ойшылдығы, инабаттығы мен қайрымдылығы, кең пейілдігі мен кешірімділігі. Мәселен, Абайдың қарасөздерін алайықшы. Олар үлкен философиялық мәні бар еңбектер. Сөйлемдері қысқа, сөздері нақты. Сондықтанда қалың көпшілік оларды жақсы түсінеді. Абай - әлемдік тұлға. Ол өзініңі сезімдерімен ғана оқырманаға әсер етіп  қоймай, ұшан-теңіз білімімен бүкіл адамзаттың санасына данышпандықтың дәнін сепкен ойшыл да кемеңгер ақын. Ол – нағыз ғұлама, әрі тәңірдің өзінен туған әулие десе де болғандай. Оның поэзиясының енбойынан адамдарға деген сүйспеншілік пен аяушылық сезімі есіп тұрады. Сонымен қатар, ол, адамның көкірек көзін тұмшалайтын қараңғылық пен надандылыққа қарсы бітіспес күреске шақырады. Ал, гуманистік идеялары Еуропаның классикалық философиясымен ғажайып бір үндестік тауып жататынына еріксіз қайран қаламыз. Осынау қазақ ақынын толғандырған проблемалар қазірдің өзінде кез-келген халық өкілінің көңіл пернесін дөп басып жатыр десек, артық айтқандық емес. Абай - әлемдік поэзияның асқарларымен иық теңестіріп тұрған заңғар тұлға. Қазақтың ойшылдығына қазіргі көзқарас. Қазір ғылыми- техникалық прогресс кезеңінде өмір сүріп отырмыз. Оның бір ерекшелігі қысқа сөйлеуді, аз сөзбен нақты ұғым беруді қажет етеді. Бүгінде халық бірте-бірте газет, журнал, кітап оқудан қалып барады. Өйткені халық хабарға мұқтаж емес. Бәрінің орнын теледидар басып отыр. Ол әрі қысқа айтады, әрі көрсетеді. Қазақта «өнер алды – қызыл тіл» деген мәтел бар. Бұл сөзге көп мән бергендікті көрсетеді. Бүгін бұл мәтел өмір талабына сай «сөз - өмір, сөйлеу - өнер» деп жаңартуға болар еді. Ойшыл халық алды-артын байқап, шамалап, орынды өсиет жасап отырады. Біздің нарыққа көшкен кезеңімізде бұл әбден қажет. Біз егеменді ел болдық деп алғашқы  жылдарда түрлі себептер тауып, той тойлап, шаттандық, шабылдық. Енді әулилелерге ас беру басталды. Ол да дұрыс, имандылық іс. «Өлі риза болмай, тірі байымайды» деген қағида да бар. Бірақ алла – тағала да халықтың риздығын шаша бер демейтін шығар.

Біздің Қазақстан жылына 28 миллион тонна мұнай шығарады екен. Болашақта оны біз 85 миллион  тоннаға жеткізеді екенбіз. Енді осыншама мүмкіндігіміз бола тұра неліктен Ресейге мұнай үшін 150 миллиард сом қарызбыз? Оның себептері де бар шығар. Себепсіз еш нәрсе жоқ. Бірақ ол себептерге не себеп болды? Бұл дүниетанымдыққа жатпай ма? «Өзіңді бұлдай алмайсың»,- деп Құнанбай Абайды мінеген екен. Әрине, бұл басқа жағдайда, басқа мағынада айтылған. Бірақ біз өз құнды заттарымызды бұлдай білдік пе?

Шетімізден «қазақ үшін өлемін де, тірілемін де» деп жүреміз, ал іс жүзінде жағдай басқадай да болып  шығып жатады. Мерзімді баспасөз беттерінде қазақтық сезімімізге, ісімізге, мінезімізге, көзқарасымызға қарай «шала қазақ», «мәңгүрт қазақ», «мәмбет қазақ», «сырты қазақ – іші орыс», «қазақ тілін білмейтін қазақ», «орыс тілін білмейтін қазақ», «екі тілде де арластырып, сапырып жүрген әлдігүрт қазақ» деген ұлтымыздың «түрлері» пайда болды.

Сондықтан жастарды ұлттық салт-сана рухында қанаттандырып, шынайы патриот етіп тәрбиелеу – отбасынан  басталуға тиіс десек, бүгінгі ұрпақ  – біздің өзіміздің де дәл осындай  өнеге бигінен табыла білуіміз қажет. Ал, шынайы патриот болу деген не? Ол әншейін: «Мен – қазақпын» деп көкірек керу емес қой. өзінің өзгемен терезесі тең болуы үшін, ақылы – парасаты мен адамгершілігінің, өнері мен тұрмысының өзгеден кем болмауы үшін қайратты әрекет жасайтын адам ғана, мейлі, ол қай салада еңбек етсін, өз елінің адал презенті бола алмақ.

Әлемде философиялық ойы жоқ халық бар ма? Айырмашылығы – біреуінде ол жоғары дамыған, енді біреуінде төмен дәрежеде дамыған. Ал дүниеге көзқарас-философиялық проблема. Ол жан –жақты дамығандықты, жоғары мәдениеттілікті қажет етеді. Одан соң біздің ұлттық сана сезіміміз қалыптасып жетпеген. Оянуы оянды, бірақ шарықтап дами алмай келеді. Ұлттық намыс қандай? Бұларды саяси ой – пікір емес деп кім айта алады. Осыларды біруақ ойлап, санаға салайықшы, біз қандай екенбіз. Күні кеше бізге керегі «Оян қазақ» ұраны болса, енді бүгін – «Ойлан, қазақ» деудің реті келді демекпіз. Өйткені ұлттың қамын ойлау – ұлтшылдық емес. Біз мыңдаған жылдық тарихы бар, дүниеге ұлы адамдары көп берген шығысытың әйгілі халқымыз. Дүниежүзінде жеріміз кеңдігі жағынан тоғызыншы елміз, 2500 тілдің ішінде тіліміз 70-орында тұр. «Малым жанымның, жаным арымның садағасы» деп мәрт мінез танытушы, асқан адамгершілікті халықтың ұрпағы екенімізді ұмытпағанымыз жөн.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пән: Саясаттану және Әлеуметтану  негіздері

 

№3 Лекция

 

Тақырыбы: Саясаттану пәні мен міндеттері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Лекция-4

Тақырыбы: Саясаттану пәні мен міндеттері

 

1.Саясаттану пәні, бөлімдері

2.Саясатту пәнінің  атқаратын қызметтері

 

  Саясаттану пәні мына басты бөлімдерден тұрады:

1.      Саяси  теориялар (олардың пайда болуы,  дамуы және қазіргі кездегі  қызметі);

2.      Саяси  институттар (конституциялар, аймақтық  және жергілікті басқару, көпшілік, әкімшілігі, саяси институттарды  салыстырып зерттеу);

3.      Партиялар  мен қоғамдық ұйымдар;

4.      Қоғамдық  пікір;

5.      Халықаралық  саясат (халықаралық ұйымдар мен  халықаралық құқық)

     Саясаттану саяси құбылыстармен өзгерістердің мән-мағнасын түсініп-білу үшін бірталай әдістерді пайдаланады. Әдіс деп зерттеу жүргізуді ұйымдастыру тәсілін айтады. Оларға: салыстырмалы, жүйелеу, социологиялық, тарихи, бихевиористік, нормативтік және т.б. әдістер жатады.

Салыстырмалы  әдіс- әр түрлі елдердегі саяси құбылыстарды салыстырып, олардың жалпы жақтарын және жеке ерекшеліктерін ажыратуға мүмкіндік береді. Ол елдегі саяси тұрақтылық пен саяси шешімдер қабылдауға көмектеседі.

Тарихи әдіс - саяси құбылыстарды мезрзімі жағынан дәйекті, заманына қарай, бұрыңға, қазіргі және болашақтық айқындай отырып қарастырады. Ол әр түрлі саяси оқиғаларады , процестерді, дерекетерді олардың болаған уақыт мезгілін еске ала танып-білуді талап етеді.

Жүйелеу әдісі- саяси құбылыстарды басқа күрделі құрылымның бір бөлігі ретінде қарап, оны құрайтын элементтердің әлеуметтік өміріндегі орнын қызметін байланысын зерттейді.

Социологиялық әдіс- саясатты қоғам өмірінің экономикалық, әлеуметтік құрылымы мен мәдени байланысын анықтайды.

Бихевиористік әдіс- жеке адамдар мен топтардың іс-әрекетін, белгілі бір саяси жағдайларда өздерін ұстау талаптары негізделеді.

Нормативтік әдіс- қоғамдық игілік қамтамасыз ететін немесе әуел бастан адамға тән табиғи құқықты іске асыруға бағыталған саяси құрылыстың түрін зерттейді.

2 сұрақ. Қай ғылым болмасын белгілі бір функцияларды атқарады. Саясаттануда да ондай міндеттер бар.

Танымдық (гносеологиялық)- саяси білім қоғамдағы оқиғаларды танып-білуге, олардың саяси мәнін түсінуге және болашақты болжауға мүмкіндік береді.

Бағалау (аксеологиялық) - Ол саяси құрылысқа, институттарға, іс-әрекеттерге және оқиғаларға саяси баға береді.

Демократиялық мемлекеттерде саясаттану саяси  әлеуметтену - азаматтықты, халықтың демократиялық саяси мәдениеттілігін қалыптастырады.

Жетілдіру - бұл ғылым саяси институттар мен қатынастарда, басқаруда реформалдар жасап, оларды қайта қарауда теориялық негіз болады. Оның көмегімен заң шығарушы және атқарушы органдар қабылдайтын құқықтық жарғылар мен саяси-басқарушылық шешімдер алдын ала сарапқа салынып, зерттеледі, қоғамда немесе оның жеке аймақтарында қалыптасып жатқан нақтылы жағдайлар саяси тұрғыдан талданауы.Солардың негізінде ол кейбір саяси институттардың жойылып, оның орнына бүгінгі талапқа сай басқалары келу керектігін негіздейді. Мемлекеттік басқарудың қолайлы үлгілерін іздестіреді, әлеуметтік-саяси шиеленістерді ауртпалықсыз пішу жолдары мен әдістерін көрсетеді.

 Болжау -саяси зерттеулердің құндылығы саяси процестердің үрдісін ойнытпай бейнелеумен ғана тынбайды. Ол белгілі бір саяси жағдайларда алдынғы қатарлы, азық саяси өзгерістер жасауға бағытталған ғылыми негізделген болжаумен аяқталуы тиіс..

    Саясаттану басқа қоғамдық ғылымдармен тығыз байланыста дамиды. Себебі олардың бәрінің зерттеу объектісі. Ортақ-Қоғамдық өмір. Олар  бірталай ортақ ұғымдарды да пайдаланады. Бірақ та әрбір қоғамтану ғылымның өзімдіқ пәні бар. Сондықтан саясаттанудың  басқа гуманитарлық ғылымдар арасындағы ерекшелігін, алатын орнын анықтап алған ләзім.    

  

Саясаттану ең алдымен философиямен тығыз байланысты. Философия-табиғат, қоғам және таным дамуының неғұрлым ортақ заңдылықтары ғылым. Ол тіршіліктің түпкілікті себептерін, рухани байлықтардың негізінде жатқанның және т.с. ашып дүниеге тұтас көзқарас тұғызады. Сондықтан басқа пәндер сияқты саясаттануда жалпы әдістемелік ғылым болып келеді. Ол саясатты философиялық тұрғыдан дәлелдейді. Саяси құбылыстар мен процестерді талдауға дүниетанымдық бағдар береді. Саясаттану өмірдің жалпы жақтарын қарастырғанда философия тұжырымдамаларына сүйенеді, ал саясаттың нақтылы жақтарына келгенде философия саясаттануға жүгінеді.

    Саясаттану экономикалық теориямен өзара байланысты. Саяси экономия саяси процестерде экономикалық тұрғыдан дәлемдей отырып, ол процестердің негізінде әр түрлі әлеуметтік топтардың өз мүдделерін жүзеге асыру үшін күресіп көз жеткізеді. Саясаттану экономикалық саясатты дайындау және іске асыру процестерді мемлекеттік реттеу принциптерін ғылыми түрде негіздейді.

Тарих болса жүйелі, дәйекті  түрде оқиғанның болған уақытына байланысты саяси институттар мен  идеялардың дамуы туралы деректерді жинап сүреттейді.

Көрсетілген ғылымдармен  қатар саясаттану басқа да адамгершілік ғылымдарымен байланысты. Солай болса тұра саясаттанудың өзіне тән зерттеу объектісі бар. Оған қоғамның саяси сапасы, ондағы болып жатқан барлық саяси құбылыстар процестер жатады. Қазіргі демократиялық мемлекеттерде саяси оқу институттарының қызмет негізгі адамгершілік құндылықтарды, әсіресе, әрбір тұлғаның еркіндігі мен абыройын, оның табиғи, ажырамас құқықтарын мойындап, қадірлеуге негізделеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пән: Саясаттану және Әлеуметтану  негіздері

 

№4 Лекция

 

Тақырыбы: Саяси билік ұғымы мен теориясы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Лекция-4

Тақырып : Саяси  билік ұғымы мен теориясы

  1. Саяси билік түсінігі, мәні және негізгі сипатттамалары.
  2. Саяси биліктің қайнар көздері мен ресурстары.
  3. Саяси биліктің ерекшеліктері

 

1 сұрақ. Қоғамдағы саяси саланың қызметі билікпен байланысты. Билік саясаттың ең өзекті мәселелерінің бірі және саяси ғылымның негізгі зерттеу пәні болып есептеледі. Билік адамзат пайда болғаннан бері бар дүние. Оның қажеттілігі туралы ертедегі грек ойшылдары  айта бастаған.

Биліктің қажеттілігі: 1) Адамдардың әр кезде, барлық жағдайда өз құқықтарын қамтамасыз ету үшін;  2) Қоғамдық қатынастардың негізі болып  келетін қоғамдық ережелерді бекіту үшін;   3) Қоғамдағы жасампаздық  шаруашылықты қызметін атқару үшін қажет.

Қазіргі ғылым әдебиетте биліктің 5 анықтамасы бар: 

1. Бихевиористік- анықтама бойынша билік адамға мінез - құлқына әсер етуші мүмкіндігіне негізделген. 

2. Телеологиялық- билік алға қойған мақсатқа сәйкес белгілі бір нәтижеге жетудің (құдай арқылы). 

3. Инструменталистік- билік белгілі шаралар қолдану құралы ретінде қарастырылады. Мысалы: зорлық, күштеу, т.б.  

4. Структуралистік- билік жүргізушілер мен бағынушылар арасындағы айрықша бір қатынастың көрінісі ретінде түсіндіріледі. Яғни ол біреулердің екінші біреулерге ықпал жасауы.  

5. Конфликттік- анықтама бойынша игіліктерді, даулы жағдайларды бөлісуді үйлестіру, құрастыру ретінде түсіндіріледі.

Жалпы алғанда билік дегеніміз тап, әлеуметтік топ, мемлекет, жеке адам т.б. тарапынан өзіндік ерік- жігерді іске асырудағы қабілеттіліктермен пайдалана отырып, адамдардың қызметі мен мінез- құлқына бедел күштеу құралдары арқылы әсер ету деп түсінуге болады.

Информация о работе Саясаттану – саясат туралы ғылым және пән