Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 22:11, лекция
Саясаттану сөзі ("политология") гректін, «политика" және "логос" деген сөздерінен шыққан, саясат туралы ғылым деген мағынаны білдіреді.
Басқа қоғамдық ғылымдардың ішінде саясаттанудың орны ерекше. Себебі, адамзат тарихында саясат негізгі рөл аткарды. Оның дұрыс-бұрыстығы, сайып келгенде, адамдардын, халықтардың тағдырымен тығыз байланысты.
Сот билігі адамдардың құқығын қорғайды, заң бұзушылықтан сақтайды, парламент не президент қабылдаған заңдардың, конституциялы жарғылардың сәйкестігін анықтайды. Оны халық немесе өкілетті мекемелер қалыптастырады. Ол заң шығарушы немесе атқарушы билікке тәуелсіз. Өз жұмысында тек заңды ғана басшылыққа алады. Егер жоғарғы сот мемлекеттік органның немесе қызмет адамының шешімін конституцияға қарсы десе, ол шешім толығымен күшін жояды. Соттың маңызды принциптеріне жариялылық, айыпкердің өзін қорғауға және сот үкімін бұздыру туралы шағым арыз беруге құқығы жатады.
Билік түрлері өзара байланысты бірқатар белгілермен өзгешеленеді.
1. Институционалданған
(өзінің басқарушы және
2. Жұмыс істеу саласына байланысты билік саяси және саяси емес болып бөлінеді.
3. Құқықтық шегіне, құдіретінің мөлшері мен саласына қарай билік мемлекеттік, ассоциативтік болып, сыртқы саясат қатынастарында, дүниежүзілік ұйымдар мен одақтардың халықаралық билігі болып жіктеледі.
4. Биліктің субъектісі бойынша парламенттік, үкіметтік, соттық, дербес, ұжымдық, т.с.с. болып топталады.
5. Қолданылатын әдіс,
тәсіліне қарай үстемдік, озбырлық,
басқа түрлерді еріксіз
6. Әлеуметтік түріне қарай феодалдық, буржуазиялық, т.с.с. болып бөлінеді.
Сонымен қатар билікте “объект” , “субъект” деген ұғымдар бар. “Объект”- өзгертуші, “субъект” – іс-әрекетті жасаушы.
Биліктің объектілері:
1.Мемлекет.
2.Ел.
3.Аймақ.
4.Штат.
5.Республика.
Биліктің субъектілері:
1.Мемлекет.
2.Әлеуметтік топ, тап.
3.Әлеуметтік топтар жүйесі.
4.Әлеуметтік топтарға сүйенген шағын адамдар тобы.
Пән: Саясаттану және Әлеуметтану негіздері
№6 Лекция
Тақырыбы: Саяси жүйенің түсінігі және элементтері.
Лекция-6
Тақырып : Саяси жүйенің түсінігі және элементтері.
1.“Саяси жүйе
” ұғымы ХХ ғасырдың
Т.Парсонс әлеуметтік жүйе теориясы бойынша қоғамдағы рухани, эконмикалық және саяси жүйелер өздерінің атқаратын қызметіне қарай ерекшеленеді. Сөйтіп, олар өз алдына жүйе болып алады. Саяси өмір сол сияқты Д.Истонның “Саяси жүйе” (1953), “Саяси талдаудың шегі” (1965), “Саяси өмірді жүйелеп талдау” (1965) атты енбектерінде қарастырылады. Сонымен қазіргі кездегі саяси жүйелердің алуан түрлі концепциялары бар. Олардың бірі саяси жүйені саясат негізінде жатқан идеялар жиынтығы десе, екінші біреулері оны өзара қарым-қатынас жүйесі деп есептейді.
Қоғамның саяси жүйесі - дегеніміз жалпы алғанда белгілі бір таптардың, әлеуметтік топтардың, ұлттардың әрқайсысына және бәріне тән мүдделерін жүзеге асыруға бағытталған билік жүргізуші құрылымдар жиынтығы. Оған: мемлекеттік мекемелер; саяси партиялар және түрлі қоғамдық ұйымдар кіреді.
Саяси жүйе қоғам қондырмасының басты бөлімі болып табылады. Қоғамның саяси жүйесі барлық елде бірдей емес. Ол әрбір қоғамның өзіндік ерекшеліктеріне қарай құрылады, өзгеріске түсіп дамиды. Сондықтан қоғамның алуан түрлі саяси жүйесін талдап жіктеу арқылы; олардың ұқсастықтарына қарай жіктеу жолымен толығырақ түсінуге болады. Саяси жүйені бір ғана мағына, тек бір ғана өлшем тұрғысынан жіктеуді ғылыми деуге болмайды.
Саяси жүйелерді әр-түрлі өлшем тұрғысынан жіктеу (типология) мынадай:
- формация мен әлеуметтік-экономикалық құрлымы жағынан қарау (марксистік тәсіл: құл иеленушілік, феодалдық, буржуазиялық, коммунистік-әлеуметтік-саяси жүйелер);
- мемлекеттігі орныққан
саяси тәртіп тұрғысынан(
- әдеттегі саяси жүйеден модернизацияланған жүйеге өту кезеңі тұрғысынан;
- саяси мәдениеттер айырмашылығы тұрғысынан;
- Ж.Блонделдің саяси жүйені жіктеу түрлері (бес категориялы : либералды-демократиялық, радикалды-авторитарлық, немесе коммунистік, дәстүрлі, популистік, авторитарлы-консервативтік саяси жүйелер ) ;
-
Саяси жүйелер өзінің ұстанған
бағытына, тұрақтылығы мен
2. Енді саяси жүйенің құрылымы мен атқаратын қызметі.
Саяси жүйе өзінің біртұтастығына қарамастан өзгеріп отырады. Қамтитын аумағы да өзгермейтін нәрсе емес, қайта түрлі жағдайларға байланысты бірсыпыра өзгерісте болады.
Саяси жүйеге мынадай түрліше саяси жүйе тармақтары кіреді: институцияналдық, нормативтік, функционалдық, коммуникативтік және мәдени. Институционалдық тармаққа, мысалы мемлекеттік мекемелер, партиялар, қоғамдық саяси ұйымдар жатады. Олардың ең бастысы- мемлекет. Мемлекет - саяси ұйымның жоғарғы формасы ретінде қоғамның саяси жүйесінің ең басты бөлігі, түйіні болып табылады. Қоғамның саяси жүйесіне кіретін саясат пен ықпалды топтар қоғамдық, көпшілік істерді шешуге араласуы арқылы мемлекет қызметін атқарады. Бірақ олардың іс-әрекеті мен әдістерінің арасында айырмашылық та бар. Мысалы партиялар мемлекеттік аппартты бағындырып, оларды басқаруға ұмтылады. Ал ықпалды топтар мемлекетік аппараттардың шешім қабылдау ісіне ықпал жасаумен шектеледі. Бұлар кейде саяси партиялардың құрамына да кіреді.
Діни құрылымдардың саяси ролі олардың әсерінің бұқаралық екендігінде. Сондай-ақ, ол халықтың білім дәрежесіне байланысты. Сол үшін де көптеген елдерде діни және діни емес өкіметтер бір-бірінен ажыратылған. Саяси жүйенің нормалау тармағына саяси өмірді реттеуге қатысатын құқықтық, моральдық мөлшерлер, саяси дәстүрлер т.б. жатады. Функционалды тармақ түрлі саяси процесстерде саяси ісәрекеттің формалары мен бағыттарынан, өкіметтің жұмыс істеу әдістері мен тәсілдерінен көрінеді. Олар кейде “саяси режим”, “саяси орныққан тәртіп” деп те атайды.
Тоталитарлы саяси жүйеінің пайда болуы түрлі себептерге байланысты. Олардың ішінде мыналар: меншіктің жаппай мемлекеттендірілуі; бір ғана саяси партияның орын тебуі және оның мемлекетпен тұтасып кетуі, қоғамның оның ішінде, рухани өмірдің бір ізге ғана түсіріліп, бірыңғайлануы, партияны, көсемді дәріптеу, қоғамдық санада тек бір ғана “дұрыс жол бар” деген түсініктің қалыптасуы және т.б. Сонымен қатар, саяси жүйенің қызметін оның қоғамда өзгерте алатын іс-әрекетінен де көрінеді. Ондай өзгерістер не күштеу қолданылмайтын реформалар арқылы жасалатыны белгілі. Тарихтан бұған қатысты материялдарды көптеп келтіруге болады. Егер бұрын саяси жүйеде тар шеңберде партиялық саясат үстемдік етсе, қазір қоғам дамуында шектелген номенклатуралық, этнократиялық және криминалды топтар ықпал етуге тырысуда. Олай болса, саяси күштердің қайта топтасу кезеңінде превентивті түрде бақыланатын саясат керек деген сөз. Онсыз тұрақты саяси жүйе болуы қиын.
Қоғамның саяси жүйесі қызметінің жоғарыдағы айтылғандарға қоса тағыбір кейбір ерекшеліктері бар:
- Қоғамның саяси жүйесіне түрлі саяси, әлеуметтік, экономикалық және технологиялық күштердің зияны ықпал да болмай тұрмайды. Егер де елдің саяси жүйесі тарапынан оны болдырмаудың алдын алу жоспары болмаса, яғни бұл іс өз бетімен жіберілсе, онда ол түбінде айтарлықтай әлеуметтік бүліншіліктерге әкелмей факторларды зерттеп, болжап тиісінше оң ықпал жасау, превентивті саясат жүргізу саяси жүйенің ерекше міндеттерінің бірі болып табылады.
- Саяси жүйе
қоғамның тепе-тендік, тұрақтылық, орнықтылық
белгілерін нормалау
- Саяси жүйе өзінің құрамындағы микро саяси жүйелерді терең зерттеп, оларды одан әрі жетілдіру жолдарын жүзеге асырады.
-
Әрбір елдің саяси жүйесі
Саяси жүенің өзгеру үрдісі
саяси трансформация деп
Пән: Саясаттану және Әлеуметтану негіздері
№7 Лекция
Тақырыбы: Саяси жүйе және саяси тәртіп.
Лекция-7
Тақырып: Саяси жүйе және саяси тәртіп
Қазіргі саяси ғылымда саяси режим түсінігін елдегі саяси өмірдің сипатын, еркіндік деңгейіне, билік органдарына құқықтық негіздегі қарым-қатынасына байланысты анықтайды. Осы түсінік турасында анықтама беруде талас-тартыстар саяси талдаудың басқа категорияларымен салыстырғанда аз емес. Бірақ көпшілік зерттеушілер саяси режимді саяси жүйе құрылымының өзара әрекеттестіктегі реттілігімен, саяси билік пен мақсаттардың жүзеге асыруымен байланыстарады.
Саяси режимнің функционалды мазмұны маңызды сұрақтарға жауап береді, яғни қоғамның саяси жүйесінің қызметтерінде ерекше орын алатын. Одан мынадай сұрақтар:
- билікте қандай саяси күштер болады және олар қандай механизммен билікті жүзеге асырады;
- саяси билік
қалай шынайы таратылады және
оның жүзеге асуын кім
- қоғамда тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарына қандай жағдайда кепілдіктер беріледі;
- қоғамда саяси оппозицияның өмір сүруіне жол беріле ме;
- саяси билікке қол жеткізуді жүзеге асыруда қандай әдістер, тәсілдер және құралдар қажет т.б.
Саяси режимнің сапалық сипаттамаларын мынадан анықтауға болады: адам құқықтары мен бостандықтарының өлшемі, мемлекеттік биліктің жүзеге асу әдістері, мемлекет пен қоғамның өзара қарым-қатынас сипаты, саяси шешімдерді қабылдауда қоғамның ықпал жасау мүмкіндіктерінің барлығы немесе жоқтығы, саяси институттардың қалыптасу жолдары.
Нақты бір елдегі өмір сүріп отырған саяси режим түрі субъективті және объективті жағдайларға сондай-ақ басқа да көптеген факторларға байланысты. Сондықтан да саяси режимнің классификациясы өмірде көп кездеседі. Кең тараған саяси әдебиеттерде классификация-ол қоғамда демократиялық принциптердің бірқалыпты дамуы деп көрсетіледі. Осы классификация бойынша саяси режимнің түрі былай анықталады:
- саяси-қоғамдық процестердің
интенсивтілігі және даму
- басқарушы элитаның құрылымы және оның қалыптасу механизмі;
- қоғамдағы адам құқықтары мен бостандықтарының жағдайы;
- бюрократиямен қатынас жағдайы;
- қоғамда басқарушылық лигитимді түрде болу деңгейі;
- қоғамдағы саяси санаға
қозғау салатын қоғамдық-саяси
Осы айтылғандармен байланыстырып саяси режимнің негізгі үш түрін ажыратады: тоталитарлық, авторитарлық және демократиялық.
Тоталитарлы саяси режим – ол мемлекеттің қоғам өмірінің барлық салаларына толықтай бақылау жасауы. «Тоталитаризм» терминін ең бірінші саяси лексиконға еңгізген итальяндық фашистер лидері Б. Муссолини. Ол 1925 жылы өз режиміне сипаттама бергенде осы терминді пайдаланған болатын. Осындай режим сондай-ақ Германияда, Испанияда, СССР-да және Руминияда т.б. елдерде болған. Әр елде өзіндік ерекшеліктерімен көрінсе де оның жалпы белгілері, мәні және мазмұны бар. Осындай белгілерге тоталитарлық режим кіреді:
- азаматтардың жаңаша
ойлау және жаңа қоғам құруын
жоққа шығаратын ресми
- билікке жалғыз
бұқаралық партияның
Информация о работе Саясаттану – саясат туралы ғылым және пән