Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 22:11, лекция
Саясаттану сөзі ("политология") гректін, «политика" және "логос" деген сөздерінен шыққан, саясат туралы ғылым деген мағынаны білдіреді.
Басқа қоғамдық ғылымдардың ішінде саясаттанудың орны ерекше. Себебі, адамзат тарихында саясат негізгі рөл аткарды. Оның дұрыс-бұрыстығы, сайып келгенде, адамдардын, халықтардың тағдырымен тығыз байланысты.
Мысалы зерттеушілердің бір тобы саясатты – адамдардың өз мүдделерін іске асыруға, қорғауға бағытталған, саяси билікті басып алуға, қолында ұстап тұруға, оны пайдалануға тырысушылықпен байланысты мемлекттің, ұлттың, үлкен әлеуметтік топтың, не жеке адамның қызметі деп түсіндіреді.
Ал, екіншілер, саясат - ол мемлекеттің басқарушылық істеріне қатысу, оның қызметінің мақсаты мен мазмұнын анықтау дегенді білдіреді.
Үшіншілер, саясатты – ол басшылар мен бағынушылар арасындағы қарым қатынастардың бір түрі.
Бірақ бәрі саясаттың
негізгі маңызды мәселесі - билікке
қатысты жағдайдан
Саяси сала мен оны анықтайтын факторларды талдампаздық модель ретінде түсіндіруге болады. Ол модель әлеуметтік ықпалдар мен қатынастар саласын, саясат өрісі саяси құбылыстың үлкен жиынтығын қамтиды. Сондықтан, қоғамның саяси өмірі осылардың негізінде қалыптасады. Мұндай саясат өрісі саясаттың қызметін факторларынан көрінетін әлеуметтік кеңістікті белгілейді.
Саясаттың негізгі мәселесі билік болып табылады. Өйткені, саясат топтар мен басқа да әлеуметтік бірлестіктер арасындағы өзара қатынастардың ерекше түрі ретінде мемлекеттік билікті қолға алып, ұйымдастыруымен байланысты. Сондықтан, саясат деген ұғымның мағынасы ең кең тараған мемлекеттік билік, халықаралық қатынастар ұғымымен байланысты. Саясат - ол қызмет болса, екіншіден ол - өнер, «мемлекетті басқару өнері» болып табылады /Аристотель/.
3. Саясат дегеніміз – адамдардың өздерінің қоғамдық мәні бар мүдде мен қажеттіліктерін жүзеге асыру үшін пайда болған әлеуметтік топтар, ұлттар, мемлекеттер арасындағы билікке байланысты іс - әрекет болып табылады.
Саясаттың түрлері негізінен екіге бөлінеді: ішкі және сыртқы.
Ішкі саясат мемелекеттің, қоғамдық саяси ұйымның, саяси басшылықтың, қоғам ішіндегі саяси әрекетінің процесінің негізі.
Ішкі саясаттың негізгі бағыты билік қатынастарын қалыптастыру, билік жүргізу, биліктің қолданыстарын ұйымдастыру, біріктіру, жетілдіру болып табылады. Ол қоғамның нақтылы кезеңіндегі даму мүмкіншіліктерін әлеуметтік күштердің ара салмағын ескере отырып жақын арадағы, келешектегі мақсаттарын белгілейді. Оларға мыналар жатады:
- саяси мақсаттарға
жету үшін ұйымдардың, әлеуметтік
күштерді ұйымдастырудағы
- сол мақсаттарды шешуге қолынан келетін мамандарды дайындау.
Сонымен, ішкі саясат – мемелекеттің ішкі функцияларын реттеп отырады.
Сыртқы саясат - мемлекеттің жалпы саяси жүйесін халықаралық дәрежеде ең алдымен өз мүддесін қорғау үшін жүргізген жұмысы, басқа елдермен, ұлттармен қарым – қатынас орнату.
Оларға мыналарды жатқызуға болады:
- достық қарым – қатынас орнату.
- сауда қарым – қатынастарын орнату.
- экономикалық қарым – қатынастарды орнату.
- әскери қарым – қатынас орнату.
Жалпы алғанда дамыған ішкі саясат, дамыған сыртқы саясатты қамтиды және бір – бірінсіз болмайды.
Қорытындылай келсек, саясат қоғамның өмір сүруін ұйымдастыру, реттеу үшін қажет. Саясаттың негізгі мәселесі – билікті қолға алу, ұстап тұру, пайдалана білу. Қазіргі жағдайларда мемлекеттік саясаттың негізгі мақсатты міндетті түрде адамдардың аса маңызды мұқтаждықтарын анықтап, оларды әртүрлі жолдармен қадағалап шешуі болып табылады. Жалпы алғанда саясат қоғамдағы құбылыс деп айтуымыздың өзінде де үлкен мән жатыр. Адам саясатпен араласпаса да, саясат адаммен әрқашан бірге болып, қабаттаса жүріп араласады.
Әрине, қоғам – саясат, саясат барлық қоршаған орта, халықаралық тұтастық болып саналады.
Саясаттануды зерттейтін ғалымдардың көпшілігі (үшінші топ) бұл ғылымды саясат туралы жалпы, оның барлық көріністерін қамтып, тәртіпке келтіретін, жинақтап біріктіретін ғылым деп санайды. Бұл пікірді Біріккен Үлттар Ұйымының Білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО) басшылығымен 1948 жылы Парижде өткен саясаттанушылардың Халықаралық коллоквиумы да мақұлдады. Оған қатынасқан дүние жүзінің белгілі ғалымдары саясаттану пәні мына бөлімдерден тұрғанын жөн деп тапты: І) саяси теориялар (олардың пайда болуы, дамуы және қазіргі кездегі қызметі); 2) саяси институттар (конституциялар, аймақтық және жергілікті басқару; көпшілік әкімшілігі, саяси институттарды салыстырып зерттеу); 3) партиялар мен қоғамдық ұйымдар; 4) қоғамдық пікір; 5) халықаралық саясат (халықаралық ұйымдар мен халықаралық құқық)
Саясаттану пәні қоғамның саяси саласын, оның даму заңдылықтарын, қазіргі саяси өмірді ұйымдастыруды, басқаруды, оның құрылысы мен жұмыс істеуін зерттейді. Ол адамзаттың демократиялық, қоғамдағы қүқығы, еркіндігі мен міндеттері, жеке адамның саяси-құқықтық жағдайы, оның саяси өмірге қатынасу тәсілдері, саяси өзгерістердің түрлері, саяси мәдениетті қалыптастырудың мазмұны мен жолдары, қазіргі замандағы сан түрлі саяси идеялық көзқарасгар, жаңаша саяси ойлаудын мәні, казіргі дүниежүзілік дамудың козғаушы күштері туралы түсінік береді. Ол бұрынғы және қазіргі саяси жүйелерді, адамның санасындағы, көзқарасындағы, мақсат-мүддесіндегі және мінез-құлық, іс-әрекетіндегі саяси өзгерістерді қарастырады. Ол, бір жағынан, жиналған деректерді қорытады, екінші жағынан, құбылыстардың өзара ұқсастығы бойынша болашаққа болжам жасайды.
Сайып келгенде, саясаттану дегеніміз саясат туралы, саясаттың адам және қоғам арасындағы қарым-қатынастары туралы жинақталған ғылым. Ол саяси биліктің қалыптасуымен даму заңдылықтарын, оның жұмыс істеуі мен пайдалануын, түрлері мен әдіс-тәсілдерін зерттейді.
Саясаттану саяси құбылыстар мен өзгерістердің мән-мағынасын түсініп-білу үшін бірталай әдістерді пайдаланады. Әдіс деп зерттеу жүргізуді ұйымдастыру тәсілін айтады. Оларға салыстырмалы, жүйелеу, социологаялық, тарихи, бихевиористік, нормативтік және т. б. әдістер жатады.
Пән: Саясаттану және Әлеуметтану негіздері
№2 Лекция
Тақырыбы: Саясаттану ғылымының пайда болуы мен дамуы
Лекция-2
Тақырыбы: Саясаттану ғылымының пайда болуы мен дамуы
Адамзат қоғамы сияқты, ғылым мен білім, мәдениет пен әдебиет біркелкі дами қоймайды. Олардың шарықтап шалкитын, құлдырап түсетін де кезендері болады. Тарихта белгілі ең алғаш өрелі өркениеттіліктін ошағы болып, кұлпырап гүлдену Ежелгі Шығыс – Мысар /Египет/, Вавилон /Ирак/, Үндістан,, Қытай, Парсы / Иран/ елдеріне келеді. XV ғасырға дейін Шығыс мәдениеті Батыс мәдениетінен шоктығы көш жоғары болып, өркениеттіліктін үлгісін көрсеті. Мұнда ең алдымен математика, геометрия, астрономия, медицина сияқты нақты ғылымдар басым дамыды. Шығыс елдерінде жоғарғы билік шектелместен монархтың /халиф, хан, патша, султан, король, император және и т.б./ қолында болды. «Жерге мемлекет иелік етеді, ал мемлекет бүкіл халықтың игілігі үшін қызмет етеді» деген көзқарас қалыптасты.
Батыс елдерінің ішінде саяси идеялар Ежелгі гректерде қатты дамылды. Онда қоғам Шығыс елдерімен салыстырғанда көп жағдайда қарама-қарсы өрістеді. Греция ол кезде саяси бытыранқы күн ел еді. Саяси ұйым түрін жеке мемлекет болып саналған қалалар /полистер/ құрды. Патшалық өкіметтің орнына аристократиялық және құл иеленушілік демократия орын алды. Билеу турі сан алуан болатын және жиі ауысып отырды. Саяси өмір кызу өрбеді, ол саяси сана теориясының терең дамуына әкелді. Сондықтан олардың саяси санасы мифтан теорияға тез ауысты.
Көне гректерде
саяси ғылымға мол мұра
Платонның екі жүздей еңбектері бар. Олардың ішінде біздің ғылымызға тікелей қатысы бар шығармалары «Мемлекет», «Саясатшы», «Заңдар», «Софист», «Парменид» және т.б. Платонның ойынша, адамдар қажеттіліктерін жеке-дара өтей алмайды. Олар өмір сұру үшін тамак, киім өндірулері, үй салулары және т.т. жасаулары керек. Біреулері егіншілікпен, екіншілері тігіншілікпен, үшіншілері кұрылысшылықпен, төртіншілері етікшілікпен және т.б. айнасылады. Сөтіп, олардың бәрі бірігіп қана қажеттіліктерін өтейді. Осы бірігудің арқасында қоғам, мемлекет пайда болады. Мемлекет адамдарды алаламай, байына да, кедейіне де, азына да, көбіне де қарамай – бәріне бірдей әділ қызмет етуі керек. Бірақ бұдан Платон адамдардың бәрін тендестірген екен деген ой тумауы керек. Платон қоғамдық меншікті қолдап, жеке меншікке қарсы тұрды. Өйткені қоғамдағы кикілжіндерді, дау-жанжал, қайшылықтарды тудыратын жеке меншік деп санады.
Платон мемлекеттік құрлысты 5 тұрге бөлді: аристократия, тимократия, олигархия, демократия және тирания. Бұлардың ішінде ең жақсысына аристократиялық мемлекетті жатқызды. Онда ақыл-естелік, парасаттылық билейді, оның принциптері – адамгершілік, абырой, ар-намыс деп санады.
Ертедегі гректердің саяси ой-пікірлерін одан әрі дамытып, фәлсафасын шыңына жеткізген ұлы ойшыл Аристотель /б.з. б. 384 - 322 ж.ж./ болды. Ол 17 жасында аты шыққан Платон академиясын іздеп келіп оқуға тұседі. Оны үздік бітірген соң 20 жыл бойы сонда ұстаздық етті.
Саясаттануға қатысты «Саясат», «Афиналық полития» , «Этика», «Риторика» деген еңбектері бар.
Аристотель саясатқа
кең мағына берді. Оған
Цицерон мүліктік теңдік идеясына қарсы болды, қоғамдық саяси қатынастарда әлеуметтік жиктелу мен теңсіздікті әділеттілік деп санады. Саяси ой тарихында орта ғасырлардағы феодалдық қоғамның орны ерекше. Батыс Еуропада феодализм мың жылдан артыққа созылды /V – XVI ғасырлар/. Бұл дәуірде рухани өмірде дін түгелдей үстедік етті. Христиан діні феодалдық қоғам көзқарасының өзегі, біртұтас христиан мәдениетінің негізі болды. Орта ғасырдағы Батыс Еуропаның саясат тарихында римдік католиктік ширкеудін, папалықтың және ақсүйек феодалдартың арасында қоғамдағы басқарушы рөл үшін киян-кескі қүрес болып тұрды. Үкімет басында дін иелері ме әлде ақсүйектер болуы керек пе деген сұрақ сол кездегі саяси білімнің негізгі мәселелерінің бірі болды. Бұл заманда христиан дініне көп еңбек сіңірген Аврелий Августин /354 - 430/ еді. Ол христиан фәлсафасының негізгі қағидаларын зерттеп, жетілдірді. Оның саяси көзқарастары «Қудай қаласы туралы» деген еңбегінде баяндалған. Августин барлық әлеуметтік, мемлекеттік және құқықтық мекемелер мен заңдарды адамның қүнәсінің нәжесі деп санады. Оның ойынша, құдай адамға еріктің еркіндігін береді, яғни ол өз бетімен /күнәhар болып/ немесе құдай жолымен өмір сүруге мүмкіндігі бар.
Христиан дінінің саяси теориясын жасап, шыңына жетгізген монах Фома Аквинский /1225 - 1274/ болды. Оның саяси көзқарастары «Билеушілердің басқаруы туралы», «теологияның жиынтығы» деген еңбектерінде қаралды Аквинский өз шығармаларында Аристотельдің көзқарастарын католик дінінің қағидаларына бейімдегісі келді. Атап айтқанда, ол Аристотельдің адам қоғамдық және саяси тірі жәндік деген пікірін пайдаланды. Жалғыз адам өз мұқтаждығын, қажеттілігін жеке-дара қанағаттандыра алмайды. Сондықтан мемлекет болып бірігіп өмір сүру адамдардың пешенесіне әуел бастан жазылған деп түсіндірді. Мемлекттік биліктің мақсаты – «ортақ игілікке» жету лайықты, ақылға сыйымды өмір сүруге жағдай жасау. Ол үшін феодалдық-сословиелік жіктелудің сақталуы шарт. Жоғарғы сословиеге бәрі бағынуы тиіс. Осыған ұқсас саяси көзқарас мұсылман дінінде де орын алды. Ислам саяси билік дін басшыларының қолында болуын көздеді. Құранның талабы бойынша қай мұсылман болмасын Аллаға, оның өкіліне билік иесіне бағынуы тиіс. Қайта өрлеу дәуірінің көрнекті өкілі буржуазиялық саяси ғылымның негізін салушы Никколо Макиавелли /1469 - 1527/ болды. Оның атақты шығармалары «Патша», «Тит Ливийдің бірінші онкүндігі жөнінде ойлар», «Флоренцияның тарихы».
Макиавелли діні
көзқарасқа қарсы болды.
XVII ғасырда буржуазиялық революция Еуропа көлемінде ең бірінші Англияда болды. Ол феодализмге күйрете соққы беріп, капиталистік қатынастардың тез дамуына жол ашты. Бұл дәуірідің көрнекті өкілдерінің бірі ағылшын ойшылы Томас Гоббс /1588 - 1679/ еді. Оның ойынша, мемлекет қоғамдық келісімнің негізінде; жалпыға бірдей бейбіт өмір мен қауіпсіздікті сақтау үшін пайда болды. Қоғамдық келісім бойынша патшаға /не мемлекет ұйымдарына/ жеке адамдардың құқы тапсырылады. Адамдар өз тілектері мен еріктерін шектеп, барлық билікті мемлекетке берді. Ол монархиялық мемлектті ұнатты.
Информация о работе Саясаттану – саясат туралы ғылым және пән