Саясаттану – саясат туралы ғылым және пән

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 22:11, лекция

Описание работы

Саясаттану сөзі ("политология") гректін, «политика" және "логос" деген сөздерінен шыққан, саясат туралы ғылым деген мағынаны білдіреді.
Басқа қоғамдық ғылымдардың ішінде саясаттанудың орны ерекше. Себебі, адамзат тарихында саясат негізгі рөл аткарды. Оның дұрыс-бұрыстығы, сайып келгенде, адамдардын, халықтардың тағдырымен тығыз байланысты.

Работа содержит 1 файл

Лекция Саясат -әлеум. 2 курс.doc

— 507.00 Кб (Скачать)

   Франциядағы буржуазиялық революцияның көрнекті өкілі Шарль Луи Монтескье /1689 - 1775/ әр халықтың адамгершілік бейнесін, оның заңдарының айырмашылығын, қоғамның дамуын географиялық ортаға /ауа райына, топырағына, жер бедеріне, көлеміне, т.б./ байланыстырды. Бостандық – заң неге ерік берсе, соны істеу. Саяси бостандық экономиканың, өндірістің, сау-даның дамуына әсер етеді. Ол сөз, баспасөз,ұждан бостандығын жақтады. Мемлекет азаматтарды өмірге қажетті қаражаттармен қамтамасыз етуге міндетті. Бостандықты баянды ету мақсатында және төңкерістерге жол бермеу үшін билікті заң шығаратын, атқарушы және сот билігі етіп бөлу керек деді.

    Францияның  ойшыл-ағартушысы Жан Жак Руссо  /1712 - 1778/ ұсақ буржуазияның шаруалардың мүддесін қорғады. Ол еркіндік пен тендікті ең жоғарғы игілік деп санады. Еркіндіктің кепілі тендік, ал тендік саясатта ғана емес, мүлікте де болуға тиіс. Мемлекет шектен тыс байлық пен кедейлікке жібермей, адамдар арасында тендікті сақтауы керек.

    Руссо тікелей  халық-билігін ұсынды. Егер елдің  жері үлкен болса, халықтың  өкілдігін қолдануға болады. Бірақ  бұл ретте депутат халық қызметшісі  болуға тиіс. Руссо оқтын-оқтын  халық жиналасын өткізіп, онда  үкімет есеп беруін талап етті.

   Америка халкының демократия жолында азаттық күресі Томас Джефферсонның /1743 - 1826/ атына байланысты. Ол сол кездегі ұлы революциялық құжат- Америка Құрама  Штаттарының «Тәуелсіздік Декларациясын» жазды. Мемлекеттік өкіметті құрап оны бақылау құқынан еш адамды шеттеуге болмайды. Тәуелсіздік үшін күрес кезінде өзінің батыл идеяларымен Томас Пейн /1737 – 1809/ көзге түсті. Ол Америка халқын азаттық қүреске, отаршылдардан бөлінін шығуға шакырды. Адамның табиғи құқына еркендікті, сөз, баспасоз, дінге сену бостандығын, рақатқа, бақытқа жету, т.б. жатқызды. Пейн бірінші болып қоғам мен мемлекетті ажыратты. Мемлекетті қоғам тудырады дейді. Үкіметтің мақсаты – қауіпсіздік пен бостандықты қамтамасыз ету. Онын саяси мұраты – жалпыға бірдей сайлау құқы, тен өкілдігі бар демократиялық республика. Жаңа заманда саяси санада айтарлықтай із калдырған немістің классикалық философиясының негізін салушы Имануил Кант. Оның саяси пікірлері «Космополиттік көзқарас жөніндегі жалпы тарихтын идеялары»; «Омірлік бейбітшілікке» деген еңбектерінде баяндалған. XVIIIғ. аяғы – XIX ғ. бірінші жартысында Батыс Еуропада капиталистік мәдениет заманалық екі қозғаушы қүштін әсерімен дамыды. Оның біріншісі – капиталистік қатынастарға жол ашқан Ұлы Француз революциясы. Екіншісі – алдымен Англияда, сосын Франция және басқа батыс Еуропа елдеріндегі күрделі өнеркәсіп өзгерістері /ірі машиналы индустрияның мануфактуралық өндірісті алмастыруы/ капитализмді одан әрі нығайтты. Бұған орай жаңа қоғамдық құрылыс пайда болды. Осіп келе жатқан буржуазия еркіндікке, жылдам алға дамуға, заңдылыққа тырысты. Сондықтан бұл кездегі буржуазиялық саяси идеологиның бас бағыты либерализм /ерікті, азат деген сөзінен шыққан/ болды . Сонымен катар мен пролетариаттың арасындағы таптық күрестің үдеуіне байланысты кертартпалық пікірлер де туа бастады.        Саясаттану XIX ғасырдан екінші жартысында өз алдына жеке пән ретінде қалыптасты. Оған бұл кезде бихевиористік, тәжірибелік (эмпирикалық) әдістердің кеңінен пайдаланыла бастауы зор ықпалын тигізді – 1857 жылы АҚШ-тың Колумбия колледжінде (кейін университетінде айналды) процессор Фрэнсис Либер «Тарих және саяси ғылым» деген кафедра ашты. Соның негізінде онда 1980 жылы саяси ғылымның жоғары мектебі құрылды. АҚШ-тағы сияқты 1872 жылы Францияда аппаратқа арнайы қызметкерлер дайындайтын саяси ғылымдар мектебі жұмыс  істей бастады. 1889 жылы Американың саяси және әлеуметтік ғылымдар академиясы, ал 1903 жылы Америкалық саяси ғылымдар ассоциациясы құрылды.

   XX ғасырдың басында  саясаттану бөлек академиялық  пән ретінде толық бөлініп  шықты. Бұл ғылымның халықаралық мәртебе алып толыққанды қалыптасуына ЮНЕСКО-ның басышылығымен 1949 жылы құрылған саяси ғылымдардың халықаралық ассоциациясы зор рөл атқарды. Ол саяси зерттеудің белсенділігін арттыру жолында қазір де жемісті еңбек етуде.

Бұрыңға Кеңес елінде бұл ғылымды партияға халыққа қарсы, буржуазиялық ғылым деп айдар тағып, оқытпаған болатын. Себебі, Кеңес өкіметі шын мәнінде, саяси сауатты адамдарды даярлауға мүдделі болмады. Ондай жағдайда тоталитарлық жүйе 70 жылдан артық дәуреннің құра алмаған да болар еді.             Бірақ бұдан ол кезде саяси ғылымда еш көңіл бөлінбеген екен деген ой тұмауға тиіс. Саясата мәселеллері қаралып,зерттеліп жатты. Алайда, олар ғылыми коммунизм, тарихи материализм, Коммунистік партия тарихи сияқты коммунистік идеологияға негізделген пәндердің шеңберінен шықпайтын және ең алдымен қандай әлеуметтік-саяси процестер социализм мен комунизм әкелуі мүмкін, соның жолдарын іздейтін.

    Саясаттануға  деген көзқарас 80-жылдардың екінші  жартысында бұрыңғы Кеңес Одағындағы  түбегейлі реформаларға қоғамның  демократиялануына, тоталитарлық  жүйенің күреуіне байланысты  өзгерді. 1989 жылдан жоғары аттестациялау  комиссиясында саясаттанудан эксперттік Кеңес жұмыс істей бастады.1990 жылы КСРО-ның ғылым және техника бойынша мемлекеттік комитеті «Саяси ғылымдар» деген атпен саяси ғылым қызметкерлердің тізімін ресми түрде бекітті. 1989-1990 оқы жылдарында Балтық бойы елдерінде 1990 жылдан бастап ТМД-ның басқа елдерінде саясаттану оқытыла бастады. Қазір Қазақстанның барлық ж.о.о. дерлік бұл ғылым жеке пән ретінде өтілуде. Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетінде және Абай атындағы Алматы Мемлекеттік педагогикалық университеті бұл салада арнаулы мамандар даярлайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша тақырып (Семинар)

Тақырыбы: Қазақ  жерінде қоғамдық және саяси ойлардың шығуы

 

  1. Қазақ жеріндегі саяси ойлардың дамуы
  2. Тарихи тұлғалардың саяси ой-пікірлері

 

1.Қазақ жеріндегі  саяси ойлардың дамуы

Қазақ – ойшыл, философ  халық.

Қазақ халқы ойшыл, не айтса да мәселенің байыбына жетіп  барып айтатын, сөздің түйініне мән  берген халық. Бейпіл ауыздарды, аузына не келсе соны сөйлей беретіндерді әсте жаратпаған. Халқымыздың тағы бір ерекшелігі естігенін қағып алып, бұлжытпай қайталай білген. Бұл сірә қазаққа ұлы дала, ұлан байтақ, алып сахара сіңірген игі қасиет болса керек. Ен далада сөйлесетін ешкім таппаған қазақ кейде бір төбенің басына шығып алып, жападан-жалғыз отырып, ертелі-кеш әрілі-берілі бара жатқандарды байқап, ойға шомып, өзімен өзі сырласып, ал әңгімелесетін кісі тап болса қуанып, айтқан сөзіне құлақ құрышын қандырып отырған. Мұның өзі тіпті бүкіл көшпелі халықтардың, оның ішінде қазақтардың да жадында сақтау қабілетін арттырғанға ұқсайды. Оның тағы бір себебі – адам миының кіршіксіз таза болып, көптеген қажетсіз стрестердің әсерінен, түрлі керексіз ақпараттардың әсерінен аулақ болғандығы. Әлбетте жадында сақтауы, суырып салып бір – екі ауыз өлең айтуы қазақтардың ми құрылымының ерекше қалыптасуынан болмас керек. Ол күнделікті дағдыға, дархан дала сіңірген қасиетке байланысты. Ел арасында күні бүгінге дейін 500 – 600 адамның аты-жөнін, бала-шағаларына дейін атап-атап беретіндер жиі кездеседі. Ал кейбіреулер одан да көп білген. Мәселен, «Түп-тұқияннан өзіме шейін» деген кітапта Қазыбек бек өзі Бәдібектің 42-ұрпағы екенін, ал өзіне дейінгі 87 атаның аттарын атайды. Осыларды есте сақтаудың көшпелілердегі ең тиімді себепкері – шежіре. Ол жылнама емес. Қазақ шежіресінде үлкен мән бар. Қазақтар бір-бірімен танысқанда, сұрау қойып, тыңдап отырған адам, егер шежіре білсе «пәленнің пәлен деген баласынан болдың ғой» – деп әркімнің алыс-жақындығын ажыратқан. Сондықтан, әрбір адам өз руын, оның толып жатқан буындарын, оның бөлінуін жақсы білуге тиіс болған. Қазақ халқы Қазан төңкерісіне дейін ғасырлар бойы ру-ру, ауыл-ауыл болып көшіп-қонып отырған. Көшкенде кез-келген жерге емес, белгілі өзінің мекені, ата жерін жайлаған. Бұл да рулық тәртіптің санада сақталуына себепкер болған. Қазақтың шежірешілдігін, тарихшылдығын ұлттық қасиет деуге болады. Бұл, әрине ерекше, артық жаратылғандықтан немесе артта қалған жабайылықтан емес. Қазақ халқының шежірешілдігін, тарихи санасының сергектігін, ең алдымен, оның ұзақ ғасырлар аясында көшпелі өмір салтта болуымен сабақтастырған жөн. Ал, салт атты көшпелілер өркениетінің Еуразия ойкүмегінде үш мың жылдық тарихы бар. Біздің заманымызға дейінгі ІІ ғасырдан біздің заманымыздың XVIIІ ғасырына дейінгі еуразиялық далада бір ғана өндіріс тәсілі болды. Ол – көшпелі мал бағушылық еді. Мұндай өмір салтпен қазақ халқы ХХ ғасырдың табалдырығын аттады. Яғни, адамзат тарихындағы ең ұзақ базистік өмір салты, ең ұзақ формацияны Еуразия көшпелілері бастан кешті. Қазақ халқының тарихи тағдыры өте ауыр, трагедиялы беттерге толы. Олай болуы қазақ елінің орналасу ортасына байланысты. Тағдыр қазақ халқына ұлан-байтақ, саналуан байлықтарға толы жер сыйлағанмен, ол жерді Қытай, Ресей, Жоңғария, Монғолия сияқты отаршыл империялармен көрші етті. Жүздеген жылдар бойы қазақ этносы осы отаршыл елдермен күресу үстінде болды. Асқан ерлік күрес, қазақ халқының үлкен шығындары жағдайында қазақ этносы сақталды.

Қазақ халқы бұралаң  жолдардан өтті. Өз жерін, мекенін  сыртқы жаулармен қиян-кескі күрестерде ерлікпен сақтап қалды. Халық өз басына қауіп-қатер төңген сын сағаттарда ар-абыройын сақтай білді, даналық пен ұстамдылық танытты. Жау жағадан, бөрі етектен алған сәттерде халық даналары ұлт бірлігін ұштай білді. Ортақ жауға қол ұстасып бірге аттанып, өз тағдырын, өз тарихын жасай білді.

Қазақ рухының төл  қасиеттері де осында.

2.Тарихи тұлғалардың  саяси ой-пікірлері.

 Қазақ халқы қисынды,  дәлелді сөйлеуді тәуір көреді. Ол әр уақытта сөздің парқына  мән берген. «Сөзге сөзбен жауап  бермесең, сөздің атасы өледі»  – деген қазақ не болса да  таусылып, түбіне жетпей тоқтамайтыны белгілі. Біздің мақал-мателдеріміз тұнып тұрған философия. Сондықтан да шешендеріміз сөзін дәлелді, уәжді ету үшін әманда мақал-мәтелдерге жүгініп отырған. Асылы шешен, дәлелді, қисынды сөйлеу қазақ халқы арасында ерте заманнан дәстүрге айналған. Тіпті біздің заманымызға дейінгі VII – VI ғасырлар шамасында көшпелі скифтер арасынан шыққан данышпан Анахарсис бабамыз ертедегі Афиныға барып, дәлелді, қисынды сөйлеп, түрлі ұлағатты іс-әрекеттер жасау арқылы күлі әйгілі гректерді таңқалтырып, әулие атанған. Анахарсистің өмірлік көзқарасы, дүниетанымы күдікке құрылған. Осы жерде ғалым-философтың мына бір түйінді пікірін мысалға келтіре кеткен жөн: «Сенімге негізделген дүниетаным әмәнда шектеулі – ол – көпшілік, тобыр үшін керек. Ал Анахарсис сенімге құл болмаған». Ол тәңірге табынған. Оның болжамынша, «тәңірге сыйыну – сенім емес, дін емес, ол – адам мен табиғаттың арасындағы үйлесімділікті мойындағандық. Тәңірді мойындау адам еркін шектемейді». Тәңіріні, керек десеңіз, табиғаттың синонимі деп те қарауға болады. Ұлы ғұлама Анахарсис скифияның кең даласына сыймай білім іздеп, ғылым қуып Грекиядан бірақ шығады. Оның алғашқы ат басын тіреген үйінің иесі әйгілі ғұлама Солон болса керек. Солон жолаушыдан жөн сұрауға есіктегі құлын жұмсайды. Қонақ: «Қожайыныңа айт, Скифтің сайын даласынан өзіңмен дос болуға Анахарсис келіп тұр», - деп хабарлауын өтінеді. Сонда Солон скифтік дананы сынамақ болып: «Әдетте досты адам өз Отанынан іздемей ме?» деген сауал қойыпты. Анахарсис оған кідірместен: «Ендеше Солонға өз Отанында неге дос іздемеске» - деп тапқырлық танытыпты. Бұған сүйсінген Солон көп ұзамай онымен дос болып кеткен екен. Сол Солон біздің ұлы бабамызды Грекияның ғұламаларымен таныстырады. Ол әділдігімен, білімділігімен, шыншылдығымен, даналығымен, туралығымен, ізденімпаздығымен елге танылады. Арада талай жылдар, ғасырлар өткенде  де Эллада жұрты кеменің зәкірін ойлап тапқан бабамызды әйгілі «жеті ғұламаның» қатарында атап жүрді. Кейде бұл санаттан шығып қалған күннің өзінде оның есімі Диоген, Биант, Солон, Хилон, Периандр, Фалес, Аристодем, Пифагор сияқты әйгілі грек ғалымдарымен қатар аталады. Басқасын былай қойғанда, гректердің біздің бабамызға ескерткіш орнатып, тұғырына «Басқа пәле тілден» дегендей қанатты сөз жазуы тегінен-тегін болмаса керек.

Анахарсис бар ғұмырын Грекияда өткізбеген. Бұл елден іздегенін тауып, аларын алып, білім, ғылым бұлағынан мейірі қанған ғұлама еліне, кіндік қаны тамған жеріне қайтып оралады. Өнерлі өркениетті елден алған өнегесін ата жұртқа жаймақ болады. Елдің заң жүйесін реформалауға ниеттенеді. Бұған өзінің Скиф бауырлары көнбейді. Ақырында данышпан бабаны қандас туыстары атып өлтіреді. Байғұс бабамыз көз жұмар сәтінде: «Элладада мені ақылым сақтаса, туған жерімде қызғаныш деген қызыл иттің құрбаны болдым-ау», - деп өкінген екен. Ғұламаның грек тілін білгені даусыз. Бірақ түркі тілін білмеді деген әбестік. Өйткені ол түрік тілінде сөйлейтін Скифияда туды, мәйіті де сонда қалды. Бұл кезде және түркі Әліпбиі, жазуы болмады деп тағы айта алмаймыз. Өткені түркінің жазу мәдениетінің болғандығын Орхон-Енисей ескерткіштері әлдеқашан дәлелдеп берген ғой. Ендеше бұл жазуды, бұл тілді Анахарсис білмеді деуге аузыңыз бармайды. Олай болса өз дәуірлерінің теңдесі жоқ алыптар болған Анахарсистың, Майқыбидің, Иоллығтегіннің, Жүсіп Баласағұнның, Ахмет Яссауидың, Абайдың  мұралары, философиялық дүниетанымы осы арнада – түрік тілі арнасында келіп тағы бір тоғысады екен.

Арада XXV ғасыр өтсе де Анахарсистың әңгімелері мен ғибратнамалары қазақтың бүгінгі әдет-ғұрыптарына  айнымай ұқсайды. Кезінде Анахарсисты Платон мен Аристотель де өте жоғары бағалаған. Керек десеңіз, формальдық логиканың негізін салған Аристотель де өз ілімінің кейбір принциптерін сол Анахарсистен қалған үлгіден үйренген деген де пікір бар.

Әлемдік ой-пікір тарихында  еміс-еміс көрніс берген Анахарсиспен қатар Абарис сияқты дана, абыз бабамыздан да ұлттық ақыл-ойымыздың бастау алатындығын айтпасқа болмайды.

Қазақ халқында мұндай ойшылдық дәстүр ежелден келе жатыр. Асылы  әрбір халықтың өзіндік ой тұжырымдары, мақал-мәтелдері, дүниетанымы болады. Демек, дүниеде өзіндік саяси ой пікірі жоқ ешбір халық болмақ емес. Әрине түрлі жағдайға байланысты біреуінде ол жоғары дамыған, белгілі дәрежеде жүйеленген, ал енді біреуінде саяси ойлар бір жүйеге келтірілмеген, жинақталмаған, шашыраңқы күйде кездеседі. Сондай халықтар қатарына қазақ халқында жатқызуға болады. Бұдан келіп, қазақ жерінен жүйелі саяси ой-пікір айтқан данышпандар мүлде шықпаған деп айта алмаймыз. Ел басына күн туған тарихтың небір қысылтаяң кезінде халық өз ортасынан қол бастаған батыр, от ауызды, орақ тілді шешен, ел бастаған көсем, билер мен саясаткерлер шығарып отырған. Сол қасиетті бабалар сапында ғұлама ғалым Әл-Фарабидің өзіндік лайықты орны бар. Ол Х ғасырда аты бүкіл әлемге жайылып, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанады. Әбу Нәсір Әл-Фараби Оңтүстік Қазақстан жеріндегі Отырарда дүниеге келген. Бірақ өсіп, ірі ғылым дәрежесіне жеткен жері – араб елдері. Ол ұрпақтарына 160 –тай философиялық трактат жазып қалдырған.

Фарабиден екі ғасыр  бұрын дүниеге келген Қорқыт ата  да үлкен данышпан ойшыл философ болған. Оның туып-өскен және дүние салған жері – қазіргі Қызылорда облысы Қармақшы ауданы. Қоқыт ата туралы сөз еткенде мына бір қызық жайды айтпай кетпеске болмайды. Аңыз кейіпкері әйгілі Қоқыт баба мен Екінші Түрік қағанатының негізін қалаушы Тоныкөктің бір адам екендігін жазушы Қойшығара Салғараұлы салыстырмалы тарихи деректер арқылы дәлелдеп шыққан. Жазушының атауында ол Тоңюкөк деп айтылады. Мұндай жаңалықты жазушы түгіл, кәсіпқой тарихшыларымыз да ашпағаны өтірік емес. Тосын жаңалық, қазақ тарихын байыта, кемелдендіре түскен өзіміздің атақты Түрік қағанатының шынай мұрагері екенімізді дәлелеп беретін жаңалық қой бұл.

Қоқыт атаның шығармалары  бүкіл Шығыс елдеріне кеңінен  тараған. Оның «Кітаві деде Қорқыт»  атты еңбегі Ватикан мұражайында сақталып, 1952 жылы Римде жарық көрген, 1958 жылы түрік тілінде Анкарада басылып шақты. Оның өлеңмен жазылған шығармалары данышпандық, филосифиялық ойлар мен толғауларға толы. Ел арасында Қорқыт ата айтыпты деген мақал-мәтелдер көп. Мәселен, «Ескі мамық бөз болмас, кәрі дұшпан дос болмас» немесе «Шөлді жердің отын киік білер, сулы жердің қадірін құлан білер» деген сияқты.

Қазақтың дана, әрі  ойшылдарының бірі – Асан қайғы. Ол  XV ғасырда Батыс Қазақстанның жерінде  өмір сүрген. Асан қайғы көптеген нақыл сөздердің, саяси ой-толғаулардың иесі. Мәселен, «таза мінсіз асыл тас су түбінде жатады, таза мінсіз асыл сөз ой түбінде жатады» деген философ жыраудың сөздері көп нәрсені аңғартады. Ол Алтын Орданың  ыдырап, Дешті қыпшақтың орынына бірнеше ұсақ хандықтардың пайда болуын уайымдайды. Асан қайғы елдің бастан кешіп отырған тұрмысына қанағаттанбайды, ренжиді. Ол малға жайлы, шөбі, суы мол, жұт болмайтын, ел қауіп-қатерден аман, ру арасы тату, байлыққа кенелер қоғамды аңсап, оны «Жерұйық» деп атаған. «Жерұйық» қазақ жағдайына байланысты ойдан шығарылған утопиялық қоғам. Оның адамгершілікті арқау еткен қанатты сөздер де дәл осы кезде туған. Оларды далалықтар күні осы уақытқа дейін қоданады. ХІ ғасырда қазіргі Жамбыл облысы жерінде өмір сүрген ірі тұлғалардың бірі – Жүсіп Баласағұн. Ол әрі ақын, әрі ғылымға жаны жақын философ болған. Оның «Құтадғу білік» деген дастаны (1069) сасяат, мемлекет басқару, әдіскерлік іс жөніндегі философиялық трактат десе де болады. Негізгі пікірлері әділеттілік, бақыт, қанағат, ақыл – сана туралы диалогтардан тұрады. Басқа рубайларында адамдарды – адамгершілікке, тазалыққа, адалдыққа шақырған. Ол артына: «Біліп сөйле, білмегенді үйрет», «Білім – жарығын шашып тұрған нұр», «Кірді сумен жуады, су кірлесе оны немен жуады», - дегендей ұлағатты, өсиетті сөздер қалдырған.

Информация о работе Саясаттану – саясат туралы ғылым және пән