Лекции по "Политологии"

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2011 в 19:42, курс лекций

Описание работы

Саясаттың мәні және табиғаты
Саясаттанудың пәні, қызметі, әдістері және парадигмалары
Саясаттану ғылымының маңыздылығы

Работа содержит 1 файл

ПолитологияКАзгруппа.doc

— 259.00 Кб (Скачать)

    Саяси менталитет – ірі әлеуметтік топтардың  әлеуметтік- психологиялық сапалы тұрақты  жағдайы.

    Саяси белгі – саясаттағы коммуникативті қызмет атқарушы.

    Саяси әлеуметтену – адамның қоршаған ортаның құндылықтарын меңгере  отырып, сол ортаға бейімделу процесі.

    Бұдан басқа саяси мәдениетке идеология, дін және саяси ориентация кіреді. Қоғамның саяси өмірінде дін айтарлықтай  орын алады. Бұрынғы Кеңес Одағы  кезінде  дін қудалауға түсіп, саяси өмірден  шететтілуінің, атеистік идеологияның үстемдік етуінің  салқыны өз сарқыншағын Қытай қоғамына да қалдырды.

    Бұл жұмыста көңіл аударатын бір  мәселе – мемлекет пен  діннің ара  қатынасы.

    Саяси әлеуметтену кезеңдері, түрлері және агенттері

    Саяси әлеуметтену адам өмірінде маңызды  орын алады. Оның басты кезеңдері:

    Саясилану;

    Персонификация;

    Идеологизация;

    Институционализация.

    Саяси әлеуметтену агенттеріне жататындар:

    отбасы;

    дос, жолдастар;

    мектеп;

    БАҚ;

    саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар.

    Саяси әлеуметтенудің екі түрі бар: тікелей  әлеуметтену және қосалқы әлеуметтену.

    Тікелей әлеуметтену дегеніміз, мемлекеттің  өзі мүдделі болып келеді. Ол өз азаматтарын өзі тәрбиелеп, олардың  саяси әлеуметтенуін өзі қадағалайды.

    Ал  қосалық саяси әлеуметтенуде, бұған мемлекет араласпайды, тұлға өз қабылеті мен тілегі бойынша сол қоғамына бейімделіп, сол мемлекеттің құндылықтарын меңгереді. 
 

    14- т а қ ы р ы п  

    ӘЛЕМДІК САЯСАТ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР

    Ж о с п а р ы:

    Қазақстанның  геосаяси жағдайы

    Қазіргі кездегі әлемдік саясаттағы күрделі  мәселелер 

    Қазақстанның  геосаяси жағдайы

    ХХІ ғасырда интеграциялық үрдістер әлемдік жүйедегі өзара байланыс пен өзара тәуелділікке алып келеді.

    Қазақстанның  Шығыс пен Батыстың арасындағы байланысты орнатудағы орнының ерекшелігіне байланысты осы елдің саясаткерлерінің саяси ойларына шолу жасалық.

    Президентіміз Назарбаев Н.Ә. былай деп өз ойын айтады: «Біздің басымдықтарымыз  сол күйі өзгеріссіз қалуы тиіс –  белсенді, жан-жақты және теңестірілген  сыртқы саясат, ол ХХІ ғасырдың үніне қарсы айтылған жауап, ұзақмерзімді ұлттық мүддені қамтамасыз етуге бағытталған».

    Президент Қазақстанның Шанхай Ынтымақтастық  ұйымына аса назар аударады, ТМД-ні реформалауға дайын екенін ескертеді. Оның Шығыс елдеріне қатысты жаңа ойларының бірі Орталық Азия мемлекеттерінің достастығына байланысты.

    XV ғасырдың аяғына дейін Орталық  Азия әлемдік экономикадағы маңызды  аймақтардың бірі болды. Біздің  аймақ Батыс пен Шығысты байланыстырып  отырды. Халықтар территорияларға,  ұлттарға бөлінбеді. Жібек жолының тоқтауынан бұл аймақ арта қалды. Енді 500 жылдан кейін бұл жер қайтадан әлемдік экономика үшін маңызды экономикалық аймақ бола бастады. Біз өзіміздің транзиттік мүмкіндіктерімізді бекіте бастадық, әлемдік нарықта құнды тауарларды таситын елдің бірі бола бастадық. Ол: мұнай, газ, кен және ауылшаруашылық шикізаттары. Қазірден белгілі, бұрынғы Жібек жолын жаңғыртатын мұнай газ жолдары мен авто- және темір жодарды салу басты мақсат болып отыр.

    Міне, осының бәрі Азияда сенім шаралары мен қауіпсіздік орнатуға бағытталған жемісті дипломатикалық қызмет болашағына айтарлықтай көлеңке  түсіреді. Кейбір азия елдерін мүдделері бойынша топтастыруға талпыныстар болған жоқ деп айтуға болмайды. СЕНТО, СЕАТО, АНЗЮС және басқа әскери – саяси блоктарға сілтеме жасасақ та жеткілікті. Алайда бұл ұйымдар егес сипатындағы нақтылы міндеттерді шешу үшін құрылғандықтан олардың қызметтері аймақта бұрынғыдан да үлкен тұрақсыздық туғызды. Екі алып держава АҚШ пен КСРО және екі бітіспес қоғамдық-саяси жүйелердің қарама  қарсы тұру дәуірінде әскери-саяси блоктардың қызметінен басқаша нәтиже күту мүмкін емес болатын.

    Аймақтық  интеграцияның сәтті мысалдарын АСЕАН мемлекеттері неғұрлым анығырақ көрсеткен тәрізді. 1968 жылы Сингапур, Малайзия, Тайланд, Филиппин, Индонезия  жаңа АСЕАН бірлестігін құрды. Осы ұйымды құру туралы мәлімдемеде оның басты мақсаты негізінен халықтардың экономикалық гүлденуіне жәрдемдесу, кооперация мен интеграция негізінде тиісті мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты қалыпқа келтіру деп көрсетілген болатын. Алайда мұқият бақылаушылар үшін бұл бірлестіктің шын саяси мәні құпия емес те еді.

    Міне, осының бәрі Азияда сенім шаралары мен қауіпсіздік орнатуға бағытталған  жемісті дипломатикалық қызмет болашағына айтарлықтай көлеңке  түсіреді. Кейбір азия елдерін мүдделері бойынша топтастыруға талпыныстар болған жоқ деп айтуға болмайды. СЕНТО, СЕАТО, АНЗЮС және басқа әскери – саяси блоктарға сілтеме жасасақ та жеткілікті. Алайда бұл ұйымдар егес сипатындағы нақтылы міндеттерді шешу үшін құрылғандықтан олардың қызметтері аймақта бұрынғыдан да үлкен тұрақсыздық туғызды. Екі алып держава АҚШ пен КСРО және екі бітіспес қоғамдық-саяси жүйелердің

қарама  қарсы  тұру дәуірінде әскери-саяси  блоктардың қызметінен басқаша нәтиже күту мүмкін емес болатын.

    Аймақтық  интеграцияның сәтті мысалдарын АСЕАН мемлекеттері неғұрлым анығырақ көрсеткен тәрізді. 1968 жылы Сингапур, Малайзия, Тайланд, Филиппин, Индонезия жаңа АСЕАН бірлестігін құрды. Осы ұйымды құру туралы мәлімдемеде оның басты мақсаты негізінен халықтардың экономикалық гүлденуіне жәрдемдесу, кооперация мен интеграция негізінде тиісті мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты қалыпқа келтіру деп көрсетілген болатын. Алайда мұқият бақылаушылар үшін бұл бірлестіктің шын саяси мәні құпия емес те еді.

    Қазіргі кездегі әлемдік  саясаттағы күрделі мәселелер

    Терроризмнің  кең таралуына, оынң өте-мөте Азия құрлығында көбірек етек алуына байланысты бұл  құбылыстың табиғаты жөнінде әр түрлі  пайымдаулар пайда болуда. Кейбір саясаттанушылар тіпті әлде бір  террористік өркениеттің пайда  болғаны, қазіргі заманғы әлемді батыстық үлгіде жаңғыртуға, яғни, жаһандастыруға өзіндік жауап ретінде деген сәуегейлікті де айтады. Белгілі зерттеуші С. Хантингтонның пікірінше, терроризмнің тамырлары «батыс имперализмі» саясатында және оның жиырмасыншы ғасырдың басым көпшілігі бойына мұсылман әлемінде үстемдік жүргізуінде жатыр. Сонымен қатар, «бұл мұсылман халықтарының өз мемлекеттері ішіндегі сыбайлас жемқорлыққа, үкіметтердің тиімсіз жұмысы, олардың қуғын-сүргін әрекеттеріне және өздері осы режимді қолдайды деп білетін батыс елдеріне қарсы жауабы».

    Жаһандастыру  жағдайында - әлемдегі экономикалық, мәдени және қаржылық байланыстардың бір біріне тартылысуы және бірігуі кең көлем  алып, күшеюде – біз  көбіне «орын  кеңістігінде» емес, «ағымдар кеңістігінде»  өмір сүреміз. Бұл кеңістік «қысқарып» келеді, уақыт «жоғалып келеді», біз «қысылып бара жатырмыз» және сондықтан да бәріміз бірігіп те келе жатқандаймыз.

    Алайда  адамзат қауымы өзінің даму барысындағы  ең бір күрделі кезеңді басынан  өткеруде,  әлем бір жағынан ұйымдасқан, екінші жағынан хаосқа кірген, бір жағынан жаһандасуда, екінші жағынан локалдықты жақтайды, бір жағынан бірігеді, екінші жағынан бөлінеді.

    Саясаттанушылар ескертеді: әлемде үлкен соғыс жүріп  жатыр, бірақ ол атыссыз, оқсыз, соғыс  тіршілік үшін соғыс. Бұл соғыстың жаңа түрі - әлемді билеу үшін психологиялық және экономикалық соғыс. Бәсекелестік әлемде әмбебап кредоға, идеологияға айналған. Трансұлттық компаниялар планетаны тұтас бір жаһанды базар деп есептейді. Жаһандастыру мемлекеттер арасындағы өзара бейбітшілікке қауіп тудырады – осы жағдайда қарамағында, яғни қол астында жаңа технологиялар мен арзан, бірақ жоғары білікті жұмыс күшін иеленген кейбіреулер ғана бекіп, өзін өзі көрсетіп тұрақтап қала алады.

    Сонымен бірге кең таралған пікірлер де бар. Мысалы, жаһандастыру саяси билік пен ұлттық мемлекеттерді басқаруды құртуға әкеледі, бұл Д. Беллдің формуласы бойынша «үлкен тұрмыстық мәселелерге бұл кішкентай болуы, керісінше кішкентайларға- тым үлкен болуы мүмкін». Бұл жағайда жаһандастырудың бесігі – Батыс болғандықтан, олар жаһандастыру тенденцияларын ойлап шығаруда. 
 

    15- т а қ ы р ы п  

    САЯСИ ҮРДІС. МОДЕРНИЗАЦИЯ

    Ж о с п а р ы:

    Саяси үрдіс, модернизация ұғымдары

    Қазақстандағы демократиялық модернизация 

    Саяси үрдіс, модернизация ұғымдары

Саяси процесс ұғымы кең және тар мағынада қолданылады. Кең мағынасында ол қоғамның саяси жүйесінің уақыт пен кеңістікте дамып, жұмыс істеуін білдіреді. Тар мағынасында түпкілікті нақты нәтижеге жеткен белгілі бір көлемдегі процесті көрсетеді.

    Қоғамдық  өмір, оның ішінде саяси сала - өте күрделі процесс. Онда өмір сүріп жатқан топтардың, жіктердің, ұйымдардың мақсат мүдделері кейде қабысып, кейде келіспей, шырмалып жатады.

    Осындай саяси жүйенің  бір қалыпты жағдайдан  екінші жағдайға келіп, ауысуын, өзгеруін, қозғалысын саяси процесс дейміз.

    Жалпыұжымдық  мақсат-мұратты анықтауға, қалыптастыруға ресми органдар, билік институттары, кәсіподақтар, бейресмиұйымдар, ақпарат  құралдары қатысады. Бірақ мұнда  басты рөлді саяси институттар  атқарады. Себебі саяси шешімдерді қабылдап, іске асыратын солар.

    Саяси жүйені тұтас алсақ, оның даму процесін төрт сатыға, кезеңге бөлуге болады:

    Саяси жүйені конституциялық тұрғыдан айқындау. Ескі саяси жүйенің орнына жаңасы келгенде, ол бұрынға мемлекеттік  билікті ауыстыруы мүмкін, соның  легитимдігін көрсетеді.

    Саяси жүйенің өзін-өзі жаңартуы.

    Саяси-басқарушылық шешімдерді қабылдау және жүзеге асыру.

    Саяси жүйенің жағдайы мен іс-әрекетін бақылау

    Саясатта  ақиқатты табудың бірден-бір дұрыс  жолы демократиялық ойлау жүйесін  қалыптастыру екенідігі белгілі. Ал мұндай баламаны ойлау жүйесінің бұған дейінгі тарихы, ондағы саяси оқиғалар мен ағымдардың, ойлар мен идеялардың пайда болуы мен дамуы және жүзеге асу жолдары саяси және құқықтық жолда болашақты дұрыс таңдай білуі оның бұрынғы тарихын жақсы оқып, үйренуге байланысты.

    Қазақстандағы демократиялық модернизация

    Саяси модернизация дегеніміз – қоғамның барлық салаларының арта қалған жақтарын дамытуға байланысты бірден өзгеріске  әкелтіп, гүлдену процесі. Қазақстан  Республикасының Президенті өзінің 2005 жылғы жодауында жақсы атап көрсеткен. Жалпы модернизация қазіргі таңда ұлттық мүддемен тығыз байланысты. Соған байланысты біздің мемлекетіміз біршама шаралар жүргізуде:

    ақпараттық  қауіпсіздік - елдегі іс - әрекет ететін экстремистік топтарды есепке алу және олардың негізгі бағыттары жөнінде толығымен ақпараттанып отыру;

    әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздік - елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайының бұл топтардың таралуына  өте жақсы ықпал ететінін ескере отырып, осы салаларды  қатаң қадағалау;

    құқықтық  қауіпсіздік - заң тұрғысында терроризмге және эктремизмге толық анықтама бере отырып, оны жоюды және жазалауды толығымен қамтамасыз ету;

    ұлттық  қауіпсіздік – қоғамның тұтастығын сақтау, интеграциялық шаралар жүргізу. 
 

    Ұсынылатын  әдебиеттер тізімі

    1. Әбсаттаров Р.Б. Саясаттану – ғылым//Хабаршы. Қоғамдық және тарихи ғылымдар сериясы.- Алматы: Абай атындағы АлМУ, 2001, №2. 71-79б.
    2. Әбсаттаров Р.Б. Салыстырмалы саясаттану: мәсселеге жалпы көзқарас// Хабаршы. Тарих және саяси- әлеуметтік ғылымдар сериясы. Алматы: Абай атындағы АлМУ, 2002, №2.-104-123 беттер.
    3. Әбсаттаров Р.Б. Саяси технологиялар: теория мен тәжірибе // Хабаршы. әлеуметтану және саяси ғылымдар серисы.- Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2004, №1,2.- 64-82, 81- 104 беттер.
    4. Байтұрсынов А. Бес томдық  шығармалар жинағы.- Алматы: Алаш,2003.
    5. Балғымбаев А.С.Саясаттану . оқу құралы.-Алматы, 2003.- 302б.
    6. Бөкейхан Ә.Таңдамалы.-А.: Қазақ энциклопедиясы, 1995.-478б.
    7. Джон Локк. Басқару туралы екі трактат /Ауд.М.Ө.Иманбаев,- Алматы: Раритет, 2004.- 280б.
    8. Дулатұлы М. Бес томдық шығармалар жинағы.-Алматы: “Мектеп”, 2003.
    9. Жамбылов Д.Ә. Саясаттану. Оқулық.-Алматы: Жеті жарғы, 2003.- 288 б.
    10. Жамбылов Д.Ә. Тәуелсіздік және саяси сана. – Алматы: Жеті жарғы, 1999, -160 б.
    11. Жандаулетов Т.Қазақ ұлттық идеологиялық мәселелер.- Алматы: ХКАА “ЖШС”, 2004.-164 б.
    12. Қазақстан Республикасының Конституциясы.- Алматы, 1995.
    13. Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы “Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы”. –Алматы, 2004.
    14. Введение в политологию: словарь-справочник / Под ред. В.П. Пугачева – М.: Аспект Пресс, 1996
    15. Джунусова Ж.Х., Булуктаев Ю.О., Козелецкая Г.В. Политология: курс лекций – А.: ИПК, 1998
    16. Казахстанская политологическая энциклопедия / Центр политических исследований. А.: 1998
    17. Мухаев Р.Т. Политология: Учебник для вузов. М.: ПРИОР,1997
    18. Мұхамедов М., Сатершинов Б., Сырымбетұлы Б., Саяси-құқықтық ілімдер тарихы. А.: 2002
    19. Политология: Учебник. / Под ред Л.А. Байдельдинова – А.: 1997
    20. Политология: Энциклопедический словарь / Под общ. ред. Ю.И. Аверьянова – М.: 1993
    21. Политология: Учебник для вузов / Под общ. ред. А.Н. Нысанбаева – А.: 1998
    22. Смагулов Е.М. Основы политологии. Астана, 2001
    23. Абдильдина Х.С. Саясаттану. Оқу құралы. Астана, 2007

Информация о работе Лекции по "Политологии"