Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2011 в 19:42, курс лекций
Саясаттың мәні және табиғаты
Саясаттанудың пәні, қызметі, әдістері және парадигмалары
Саясаттану ғылымының маңыздылығы
Этносаяси жанжал тудыратын мәселелердің бірі – этникалық ұлтшылдық. Ол идеология немесе қозғалыс ретінде көрініс беруі мүмкін. Ондай этнос негізгі үш мақсатты алға қояды:
автономия
мен өзін-өзі басқаруды
белгілі бір жерге, аумаққа иелік ету құқығын алу;
өз
мәдениетін жалпымемлекеттік мәдениетпен
бірдей мәртебеге жеткізу.
10-
т а қ ы р ы п
САЯСИ ПАРТИЯЛАР, ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМДАР МЕН ҚОЗҒАЛЫСТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚР-дағы ОРНЫ МЕН РӨЛІ
Ж о с п а р ы:
Саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар мәні, түрлері, ерекшеліктері
Партиялық
және сайлау жүйелерінің ерекшеліктері
Саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар мәні, түрлері, ерекшеліктері
«Партия» деген ұғым латын тілінен аударғанда «бөлік, бөлшек» деген мағынаны білдіреді. Алғашқы партиялар ежелгі Грецияда пайда болған. Жалпы партиялардың даму кезеңдері:
аристократиялық котерийлер (үйірмелер);
саяси клубтар;
көпшілік партиялар.
Саяси партиялардың түрлері өте көп. Мысалға: кадрлық, көпшілік, консерваторлық, реформаторлық, революциялық, заңды, заңсыз, басқарушы, оппозициялық, оңшыл, солшыл, орталық, парламенттік және антипарламенттік болып бөлінеді. Бұл партиялардың идеяларында, бағдарламаларында ерекшеліктері көрсетілген.
Қоғамдағы партиялардың санына байланысты, бірпартиялық, қоспартиялық және көппартиялық жүйелер қалыптасады.
Партиялардың негізгі қызметтері:
жекелеген пікірлерді, мүдделерді біріктіру, жүйелеу, қоғамдық деңгейге көтеру;
басқа партиялармен бәсекелестікте болу;
белсенді
мүшелерін саяси элитаға
мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы байланысты тұрақты ету, дамыту;
қоғамның дамуына байланысты белсенді жұмыстар атқару.
Саяси
партиялардың қоғамдық ұйымдардан айырмашылығы,
олардың басты мақсаты –
Қазақстандағы
саяси партиялар мен қоғамдық
ұйымдар көп. Олардың бағдарламалары,
алдарына қойған мақсаттары анық көрсетілген.
Партиялардың демократиялық қоғамды
орнатуда маңызы өте зор. Қазақстандық
партиялар әлі қалыптасу
Партиялық және сайлау жүйелерінің ерекшеліктері
Мемлекеттің
саяси жүйесіндегі маңызды
Сайлау жүйесі дегеніміз - өкімет органдарына ашық сайлаумен байланысты және сайлау тәртібін айқындайтын қалыпты қоғамдық қатынастар жиынтығы.
Оның негізгі құрамдас бөліктері төмендегідей:
берілген дауысты санау тәсілі мен депутаттық мандат беру мағынасында алып қарағанда, сайлаудың саяси ұйымдастырылуы бейнеленеді;
сайлау процесі сайлаудың тікелей ұйымдастрыу жағын көрсетеді.
Сайлаушылардың берген даусын санау тәсілі мен депутаттық мандат беру ретіндегі сайлау жүйесі дамыған шетелдерде абсолютті көпшілікті мажоритарлық жүйе (Франция), пропорционалды жүйе (Австрия, Бельгия, Франция), аралас жүйе түрінде қолданылады.
Енді осы сайлау жүйелеріне байланысты қолданылатын сайлау кампаниялары, жарнама, ПР, сайлау үлгілеріне тоқталып, олардың Қазақстанда қолдану ерекшеліктеріне мән беруге тырысамын. Демократия көшіне бет алған тәуелсіз мемлекетіміздің кәсіби тұрпатта кемелденуін саралаудың мақсатты жолында төл сайлау жүйесін жетілдіру үшін әлемдік өркениет тәжірибесіне де назарымызда аударуымыз қажет деп ойлаймын.
Жоғарыда
айтылғандарды қарасақ, алыс және жақын
шет елдердегі саяси технологиялар
тәжірибелерін және либералдық демократиялық
дамуын зерттеудегі әдіснамалық негіздің
пайда болуы мен даму тарихына деген қызығушылық
заңды және негізі бар құбылыс болып табылады.
Соңғы жылдары қазақстандық қоғам
терең, сапалы өзгерістерді басынан өткеруде,
ол әлеуметтік-саяси жүйенің фундаменталды
параметрлерін радикалды құрастыруымен
байланысты. Мемлекеттің саяси іс-әрекетке
монополиясынан бас тартуы, плюралистік
және полисубъекті ретінде қазақстандық
саяси өмірдің қалыптасуы жаңа парадигмаларды
қажет етеді және практикалық қайта
құру саласында, саяси нақтылықты теориялық
ұғыну жағынан да осындай талаптар бар.
11-
т а қ ы р ы п
САЯСИ ЭЛИТА ЖӘНЕ КӨСЕМДІЛІК
Ж о с п а р ы:
Саяси элита: ұғымы, түрлері, тұжырымдамалары
Саяси
көсемділік: мәні, түрлері, қасиеттері
Саяси элита: ұғымы, түрлері, тұжырымдамалары
«Элита» термині француздың elite деген сөзінен шыққан таңдап алынған, сұрыпталған деген мағына береді. Элитаның түрлері өте көп: саяси, басқарушы, экономикалық, рухани, әскери т.б.
«Элита» терминін ғылымға алғаш енгізген Вильфредо Парето (1848-1923). Ол бойынша элита билік басына алдыңғы қатарлы идеяны ұсынуның арқасында келеді. Ол идея жүзеге асқанда олардың энергиясы азайып, ізденісі баяулай бастайды. Олардың орнына жаңа идеямен жаңа элита билік басына келеді. Мұндай алмасу қоғамда әрқашан болмақ. Яғни, бір элита екіншіні алмастырып, жаңарып, қоғамды алға жылжытып оытрады.
Гаэтано Моска (1854-1941) элита теориясын негіздеді. Онда ол қоғам басқарушылар мен бағынушыларға бөлінеді деді. Оған ұйытқы болатын қасиеттерге әскери ерлікті, байлықты, діни дәрежені жатқызады.. Осы үш қасиет адамға басқарушылар қатарына енуге жол ашады.
Саяси
элита дегеніміз қоғамда
Еңбектік бөлінуі;
Әлеуметтік құрылымның иерархиялы түрде болуы;
Басқарушы
қызметтің жақсы сипатты
Көпшіліктің билікке, саясатқа қызықпауы.
Саяси элита бірнеше түрге бөлінеді. Олар:
Жоғарғы элита;
Ортаңғы элита;
Әкімшілік элита.
Саяси элитаның қалыптасуына байланысты екі жүйе қалыптасқан. Гильдия және антрепренерлік.
Антрепренерлік түрде басқарушы қызметке үміткердің ерекше қасиеттері, көпшілік жұртқа ұнай білу қабылеті басты орын алады. Мұнда кандидаттың байлығына. Кәсібіне, біліміне, мамандығына онша мән берілмейді. Жеке басының ерекше қабылеті мен қасиеттері арқасында элита құрамына өте алады. Элита да ол кандидаттың жеке принциптері мен көзқарастарына тосқауыл қоймайды.
Гильдия жүйесінде үміткер билік сатысы бойынша баяу болса да анық көтеріліп отырады. Мұнда жоғары лауазымды қызметке үміткерге көптеген талаптар қойылады.
Оған кандидаттық білімі, адамдар арасындағы жұмыс тәжірибесі, партиялық стажы және т.с.с. жатуы мүмкін. Егер элитаның идеясына қарсы пікірлері болса ол кандидаттың элитаға өтпей қалуы мүмкін.
Антрепренерлік
жүйе көбіне демократиялық қоғамда
қалыптасса, гильдия жүйесі авторитарлық
және тоталитарлық қоғамдарды кең таралған.
12-
т а қ ы р ы п
САЯСАТ СУБЪЕКТІЛЕРІ: ТҰЛҒА, ӘЛЕУМЕТТІК ТОПТАР, ӘЛЕУМЕТТІК ҚАУЫМ
Ж о с п а р ы:
Тұлға саясаттың объектісі және субъектісі ретінде
Қоғамның
жіктелуі және оның саясатқа әсері
Тұлға саясаттың объектісі және субъектісі ретінде
Тұлға саяси субъект те, объект те бола алады. Адамдардың өз бойында мұндай қасиеттерді орнықтыруы үшін қоғамның құрылымында да қажетті өзгерістер жүзеге асуы тиіс. Адамның өзін еркін сезінуі, бостандығы тікелей заң жүзінде бекітілген құқығымен қорғалады. Адамның бостандыққа деген құқы іс жүзінде адамның жеке меншік құқымен өлшенеді. Адамның өмір сүруін қамтамасыз ететін жеке меншігі болмайынша, өзін емін-еркін сезіне алмайды. Қазір бізде меншікке деген көзқарастың өзгеруі, меншіктің түрлі формаларының өмір сүруіне еркіндік алуы азаматтық қоғамды қалыптастыруға қолайлы алғышарттар жасауда.
Биік парасатты адам қоғам алдындағы өзінің жауапкершілігін де жете түсінеді, соның нәтижесінде ол қоғам мүшелеріне міндетті деп танылған барлық талаптар мен міндеттерді бұлжытпай орындауға, қоғам, мемлекет алдындағы жауапкершіліктерін мүлтіксіз жүзеге асыруға, парыздарын өтеуге әрдайым бейім тұрады.
Әрбір адамда саяси, әлеуметтік, экономикалық құқықтары болады.
Қоғамның әлеуметтік құрылымы мен жіктелуін оқып-білудің маңызы өте зор. Себебі, қоғам өзінің қандай әлеуметтік топтардан, ал олар қандай жай-күй, жағдайда тұратындығын білуі керек. Олардың іс-әрекеті барлық қоғам институттарының қызмет ету сапасын, қоғам дамуының бағытын анықтайды. Қоғамның тұрпаты, саяси және мемлекеттік құрылымы оның қандай әлеуметтік топтардан тұратындығына, олардың қайсысы жетекшілік, қайсысы тәуелді жағдайда екендігіне байланысты.
Қоғамның жіктелуі және оның саясатқа әсері
Адамның қоғамдағы орны көптеген әлеуметтік белгілерімен сипатталады. Оған ұлты, тұратын жері, қоғамдық өндіріске қатысуы, қоғамдық еңбек бөлінісіндегі орны, кәсібі, білімі, табыс мөлшері, саяси билікті іске асыруға қатынасы және т.б. жатады.
Осындай бір немесе бернеше әлеуметтік белгілерімен бірлескен адамдар жиынтығын әлеуметтік топ дейді. Мысалы, жұмысшы, шаруа, зиялылар, орыстар, немістер, студенттер, зейнеткерлер, ауыл адамдары, қала адамдары, ой еңбегімен шұғылданатындар және т.б.
Адам саяси процесте белгілі бір әлеуметтік топтың өкілі немесе мүшесі ретінде қатысады. Олар жалпы қоғамдық өмірдің, оның ішінде саяси процестің басты субъектісі болып табылады. Сондықтан қандай да болмасын саяси іс-қимылдың сыртында біреулердің топтық мүддесі тұрады.
Қоғам үнемі даму үстінде, соған байланысты кейбір әлеуметтік топтар құрып, жаңа топтар пайда болады.
Олардың
барлығы саяси үрдіске не белсенді
не енжар араласуы мүмкін. Әрине, мұның
бәрі сол топтардың, қауымның мүдделеріне,
талаптарына және мұқтаждықтарына
байланысты.
13-
т а қ ы р ы п
САЯСИ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ САЯСИ ӘЛЕУМЕТТЕНУ
Ж о с п а р ы:
Саяси мәдениет ерекшелігі, құырылымы
Саяси
әлеуметтену кезеңдері, түрлері
және агенттері
Саяси мәдениет ерекшелігі, құырылымы
Саясаттану ілімінде бұл тақырыптың маңызы зор. Ол нақтылы саяси жүйенің сипатын, қазіргі саяси тәртіптің мәнін, қоғамдық топтардың саяси санасы мен іс-әрекеттерінің ерекшеліктерін, саяси процестердің даму жолын және бағытын түсінуге жол береді.
Саяси мәдениет дегеніміз,
Саяси стереотип (қағида) – саяси билік, саясат туралы қарапайым, эмоционалды сезімге негізделген білімсіз түсінік.
Саяси сана – саналы және санасыз, рационалды және иррационалды, нормативті және эмперикалық сезімдер мен түсініктердің жиынтығы.