Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2011 в 19:42, курс лекций
Саясаттың мәні және табиғаты
Саясаттанудың пәні, қызметі, әдістері және парадигмалары
Саясаттану ғылымының маңыздылығы
«Өлілер кітабында» адамдардың өлгеннен кейінгі тіршілігі өлілер патшалығына ауысатындығы туралы баяндалады. Бұл патшалықта жылу мен жарық және адамдар тұрмысына қажетті нәрсенің бәрі бар. Бұл патшалыққы келгендерді Осирис құдайдың әділ соты олардың жер үстіндегі өмірінде әділ де қайырымды немесе қатыгез де сұрқия болғандығын таразылайды. Шындық құдайы – Ма-ат мүсіні жанында Осиристің әділ соты олардың барлық іс-әрекетін сұрайды. Сот алдына келгендер «Мен ешкімге қастық жасаған жоқпын, мен ұрлық жасаған жоқпын, мен ешкімді алдаған жоқпын, мен ешкімді жылатқан жоқпын, мен ешкімге қарыздар емеспін, мен құдайларды сөккен жоқпын» - деп, ант-су ішеді.
Египеттіктердің түсінігінше, адамдар жер бетіндегі сот жазасынан құтылғанымен, өлілер патшалығындағы Осирис құдайдың әділ сотынан құтыла алмайды. Жер бетіндегі өмірде әділдік пен шындық бола бермейді, бірақ түбінде оған жауап беруге тура келеді. Жер бетіндегі патшалықтағы теңсіздік пен заңсыздыққа адамдардың өздері жол берген. Мемлекет билеушісі – перғауын – құдайлар патшасы – күн құдайының ұлы. Сондықтан да ол адамдар патшасы болып тағаындалады. Ол жер бетіндегі барлық әрекетті, жамандық пен жақсылықты, қатыгездік пен әділдікті бүтіндей бақылай алмайды, адамдар арасындағы келіспеушіліктің орын алуы да осыдан пайда болады.
Билік пен заңның белгілі бір топтың ғана мүддесін қорғағандығы және оған мүдделі топтардың осы заңдар мен нормаларды да өз мақсаттары үшін пайдаланғандығы, оны қызғыштай қорғағандығы әділдік пен билік туралы жоғарыда айтылған ережелерден айқын көрінеді. Мақтанышпен айтылған әділ билік пен әділетті заңға халық бұқарасының наразылық білдіргендігі, қарулы күреске шыққандығы туралы мәліметтер де кездеседі. Осындай халық қозғалыстарының бірі туралы (б.з.д. 1750 жылдар шамасында) «Ипусердің сөздерінде» айтылады. Ол бұл қозғалысты «заң мен билікке қарсы әрекет етушілер» ретінде көрсетеді, бұл кезде елде адам айтқысыз өзгерістердің болғандығын, билік органдары мен сот палаталарының қиратылғандығын. Билеуші сарайындағы сақтаулы заңдардың көшеге шығарылып, аяққа тапталғындығын және жоылғандығын баяндайды.
Ежелгі Вавилон билеушілері өздерінің билігі мен заңдарының құдайлық сипатта екендігін дәлелдеуге тырысты. Б.з.д. ХVIII ғ. Хаммурапи заңдарының кіріспесінде «Аннуақтардың мәртебелі патшасы Анум мен ел тағдырын шешуші көк пен жердің әміршісі!... бүкіл адамзатты билеуді маған беріп, елге әділеттілікті орнату үшін, қылмыс пен жауыздықты құртып, әлді әлсізге қысым жасамау үшін және елге жарық беруге Анум мен Энлиль игілігіне халық мені шақырды, жерде әділдік пен тәртіп орнату үшін мені Шаман құдай жіберді, менің бұйрықтарым мен заңдарымды ешкімнің де өзгертуге құқы жоқ» деп айтылады.
Хаммурапи
бірінші Вавилон әулетінің
Әділдіктің
қорғаушысы ретінде баяндалған бұл
заң еркін адамдар мен
Ежелгі парсылардың дүниетаным туралы көзқарастары зароастризмде көрініс тапты және дамытылды. Діни-этикалық бұл ағымның негізін қалаушы б.з.д. VIII ғасырда өмір сүрген Заратустра болып саналады. Кейбір тарихшылар оның туып өскен жері Сыр бойы деп есептейді. Қалй болған да ағым діни сипатта дамып, кейін едәуір территорияға ықпалын тигізді. Таяу Шығыс, Алдыңғы Азия, Үндістан, Греция, Орта Азия елдеріне кең тарады. Зороастризмнің негізгі қағидасы бір-біріне қарама-қарсы екі күш – жақсылық пен жамандықтың өзара күресі мазмұнында өрбиді. Қайырымдылық пен жақсылықты жасаушы жарық дүние патшалығы Ормузда құдай, жауыздық пен жамандықты жасаушы қараңғы дүние патшалығы Ариман құдай құдыреті көп көрсетіледі.
Қайырымдылық пен жарық дүние адамдардың жауыздық пен қараңғы дүниеге қарсы күресіне көмектеседі. Адамдардың өмірі мен тұрмысы да күрес нәтижесінде айқындалады. Бұл күресте жауыздықтың уақытша билігінен кейін әрдайым жақсылық жеңіске жетіп отырады.
Зороастризм бойынша мемлекет аспан құдайы Ормузданың жердегі билігі болып табылады. Мемлекет билеушісі – монарх – жердегі Орузданың әмірін орындаушы қызметкері, ол халықты жауыздық пен жамандықтан қорғауға, мемлекетке қауіп төндіретін әрекетке қарсы күресуге, қайырымдылық нәрін себуге міндетті.
Қоғамның әлеметтік құрылымы, зороастризм бойынша, әркімнің қандай кәсіппен шұғылдануы еркін таңдауы бойынша жүзеге асырылады. Бұл әлеуметтік топтың әрқайсысының басында жетекшілік ролді атқаратын неғұрлым белсенді және беделді адамдар тұрады. Заратустра Ормузда қызметшілерін өзара сүйіспеншілік пен сыбайластыққа, бір-бірін кешіре білуге және бітімге шақырады.
Платон – антикалықзаманның ғана емес, бүкіл философия, саяси ілімдер тарихындағы ұлы ойшылдардың бірі (б.з.д. 407-399). Платон идеалды мемлекет туралы еңбегінде әділдікті әркімнің өз ісімен айналысуынан және басқаның ісіне араласпауынан көреді. Адамдардың әлеуметтік топқа бөлінуімен олардың арасындағы мүлік теңсіздігін қалыпты жағдай ретінде қарастырады.
Платон адамдардың жан дүниесіне мемлекеттік құрылымның бес түрінің сәйкес келетінін айтады (аристократия, тимократия, олигархия, демократия және тирания). Олардың әпқайсысы биліктерін өз мүдделеріне қарай іске асырады. Тимократияда әскери адамдар билікте болады, олар жиі соғысады, соғыс мемлекеттің басты байлығы болып есептеледі. Олигархияда байлар билікке ие болғандықтан, өздеріне дұшпандық ниеттегі кедейлермен үнемі қақтығыста болады. Бұл мемлекетте кедейлердің наразылығы нәтижесінде кез-келген уақытта мемлекеттік төңкеріс болуы мүмкін. Тирания – мемлекеттік құрылымның заңсыздық пен зорлық-зомбылық үстемдік еткен ең нашар түрі.
Платон идеалды мемлекет құру туралы жобасында аристократиялық мемлекеттік құрылымды жақтайды және өз жобасының қиындықпен болса да жүзеге асатынына сенеді. Идеалды мемлекеттің өзі де мәңгі өмір сүре алмайды.
Платонның шәкірті Аристотель (б.з.д. 384-322жж). Еңбектері: «Афины политиясы», «Саясат», «Никомах этикасы». Аристотель тұңғыш рет саясат ғылымы туралы талдау жасауға кірісті. Саясатты ғылыми тұрғыдан түсіну адамгершілік пен этиканың дамыған ұғымы болып табылады.Әділдіктің екі түрін көрсетеді: теңестіретін және үлестіретін.Теңестіретін әділдіктің өлшемі ретінде «арифметикалық теңдік» қарастырылады. Бұл принциптің қолданылу аясы – азаматтық-құқықтық мәмілелер, шығынды қалпына келтіру, жаза және т.б. ал үлестіру әділдігі «геометриялық теңдік» принципі түрінде ұсынылады және бұл принцип ортақ игіліктерді еңбегі мен қоғамдағы орнына қарай бөлуге негізделеді.
Мемлекеттің дұрыс түрлері: монархия, аристократия, полития;
Мемлекеттің бұрыс түрлері: тирания, олигархия, демократия.
Ежелгі Үндістандағы саяси ілім үндіс қоғамында ұзақ ғасырлар бойы олардың рухани және әлеуметтік-саяси өмірінде үстем болған брахмандарға тікелей байланысты болып келеді.
Брахманизм
идеяларының алғашқы
«Ману заңдарында» адамдардың варналарға бөлінуі және олардың қоғамдағы орны мен әлеуметтік теңсіздігі қорғалады. Мұнда да брахмандардың жоғары дәрежедегі жағдайы мен үстемдігі, артықшылығы туралы айтылады. Тіпті патшалар да брахмандарды құрметтеуге, олардың ақыл-кеңестері мен талаптарын орындауға, олардан «Веда» ілімін оқып үйренуге тиісті. Бұл заң бойынша патшаның басты міндеті варна жүйесін қорғау және оған қарсы келгендерді жазалау болып табылады.
«Ману заңдары» бойынша патшаның өкілдігі шектеулі, ол брахмандардың ақыл-кеңестерін тыңдаумен қатар кейбір талаптарға да сәйкес болуы керек. «Ману заңдарының» 3-бабында «ақылсыздықпен өз елін азапқа салған патша уақыт күттірместен өзінің ағайын-туыстарымен бірге елден кетуі тиіс және ол өмірден айырылады» деп айтылады. «Ману заңдарында» жазаға көп көңіл бөлінген, оның басты мақсаты варналарды сақтауға және қорғауға бағытталған. Құдай иелігінің ұлы ретінде жаза (данда) оның жердегі бейнесі «таяқ» деген ұғымды білдіреді. Яғни, жаза өзінің бұл ұғымында «басқару өнері» (данданиттер) деген мағына береді.
Б.з.д. VI ғасырда Будда («данышпан» деген ұғымды білдіреді) деген атпен белгілі болған Сиддхартха Гаутама «ең бастысы – адамның атағы мен шыққан тегі емес, адамгершілігі» деп үйретті. Буддистер үшін брахмандар артықшылыққа ие болған варна мүшесі емес, қарапайым адамдардың бірі.
Будда ілімін жақтаушылар дхарманы табиғи заңдылықты басқарушы әлем ретінде көреді. Саналы мінез-құлық үшін танымның қажеттілігі, табиғи заңдылықты қабылдау және мойындау туралы айтылады. Адам өмірінің мәні байлық пен атақта емес, әрқашан шындықты айтып, мейірімділік пен қайырымдылыққа ұмтылуда екендігі дәріптеледі.
Дхарма
түсініктемелерінде адамдардың бір-біріне
бауырмалдығы, қайырымдылығы, жамандыққа
жамандықпен емес, жақсылықпен жауап
беру арқылы ғана бұл әлемді ізгілікті
өмірге қол жеткізетіндігі баяндалады.
Буддизм ілімі бойынша
Ежелгі Қытай қоғамдық-саяси ойындағы ықпалды ағымдардың бірі даосизм ілімінің негізін салушы болып б.з.д. VI ғасырда өмір сүрген Қытай оқымыстысы Лао-цзы болып саналады. Оның басты еңбегі «Дао және дэ туралы кітап» («Дао дэ цзин») Аспан астындағы күштер туралы дәстүрлі діни түсініктерден даосизмнің айырмашылығы – аспан астындағы билеушіден тәуесіз заттардың табиғи дамуы мен табиғи заңдылықтары туралы сипаттама берілуінде. Яғни, даосизм ілімі «дао» ұғымына негізделеді, ал «дао» «алғашқы түп негіз» дегенді білдіреді.
Даосизм ілімінде аспан, табиғат және қоғам заңдылықтары анықталады. Бұл заңдылық жоғары қайырымдылық пен табиғи әділдікті жақтайды. Дао ілімі бойынша барлық адам тең. Өз дәуіріндегі мәдени жетімсіздіктер мен адамдардың әлеуметтік-саяси теңсіздігін, халықтың қайыршылық жағдайын және т.б. Лао-цзы даодан ауытқу деп есептейді. Сол кездегі халықтың ауыр жағдайына наразылық білдірген Лао-цзы даоның әділдікті қайта орнататынына сенеді.
Даосизм ілімінде адамдардың қанағатшылдығы мен белсенді әрекеттерден тартыну принципі көбірек орын алған. Лао-цзы сонымен бірге соғыстың барлық түрі мен армияны қатты сынға алады. Оның айтуынша, әскер жүріп өткен жерде арам шөптер мен тікенектер ғана өседі, үлкен соғыстардан кейін ашаршылық жылдары басталады. Прогрестік дамуды жақтырмаған Лао-цзы өткен дәуірге қайта оралуды және білім мен ғылымнан бас тартуды ұсынады. Оның айтуынша ақылды билеуші өзінің қол астындағыларға «дао» жолымен жүруге жағдай жасайды. Ондай билеуші халықтың жеке ісіне араласпайды. Оның басты мақсаты – елдегі тәртіп пен заңдылықты сақтау ғана.
Қытайдағы саяси ілім тарихында конфуцизм ілімі маңызды роль атқарады. Оның негізін қалаған б.з.д. 551-479 жылдары өмір сүрген ұлы Қытай ойшылы Конфуций болды. Оның көзқарастары оның шәкірттері құрастырған «Лунь юй» («әңгімелер мен пікірлер») кітабында жинақталған. Бұл кітап ғасырлар бойы Қытай халқының өмірі көзқарасына, тәлім-тәрбиесіне едәуір ықпал етті. Оның даналық туралы өсиеттері әлі күнге дейін мәнін жоғалтқан жоқ. Ол «даналыққа біз үш түрлі жолмен жетеміз, ең ізгі жол – санамен саралау, ең оңай жол – еліктеу, ең қиын жол – тәжірибеден тәлім алу» деді.
Дәстүрлі көзқарастарға сүйенген Конфуций мемлекеттің патриархалды – патерналистік концепциясын жасады. Оның айтуы бойынша, мемлекет – үлкен отбасы. Патшаның қол астындағыларға билігі әкенің балаға билігі ретінде көрсетіледі. Патшаның билігі отбасындағы жасы кішілердің ересектерге бағыныштылығымен теңестіріледі. Конфуций суреттеген әлеуметтік-саяси жүйедегі адамдар теңсіздігі, «қараңғы адамдар», «төменгі адамдар», «құрметті адамдар», «жоғары шенді адамдар», «лауазымды адамдар» ретінде көрсетіледі.
Әлеуметтік теңсіздікті қалыпты жағдай ретінде қарастырған Конфуций аристократиялық билік концепциясын, яғни ақсүйектер тобының билігін жақтады. Биліктің зорлықсыз тәсілін жақтаған Конфуций билеушілерді өз бағыныштыларына қайырымды болуға шақырады. Билеуші қайырымды болса, төменгі адам да қайырымды болады. Биліктің осы ережесін ұстанған Конфуцийден «Шөп жел соққан жаққа қисаяды» деген нақыл сөз қалған. Ішкі және сыртқы соғыстарға қарсы болған Конфуций Қытай жерінен алыс тұратын басқа халықтарды білімділікпен және ақылмен жаулап алуды ұсынады.