Лекции по "Политологии"

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2011 в 19:42, курс лекций

Описание работы

Саясаттың мәні және табиғаты
Саясаттанудың пәні, қызметі, әдістері және парадигмалары
Саясаттану ғылымының маңыздылығы

Работа содержит 1 файл

ПолитологияКАзгруппа.doc

— 259.00 Кб (Скачать)

    ҚОҒАМДЫҚ  ҚАТЫНАСТАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ САЯСИ БИЛІК

    Ж о с п а р ы:

    Билік мәні, тұжырымдамалары

    Биліктің  негізі, ресурстары, элементтері 

    1. Билік мәні, тұжырымдамалары

    Билік жөнінде ғалымдар арасында әр түрлі  анықтамалар мен тұжырымдамалар бар. Солардың негізгілеріне қысқаша тоқтала кетейік.

    Телеологиялық анықтама билікті белгілі бер мақсатқа, белгілеген нәтижеге, қорытындыға жету мүмкіндігі деп түсіндіреді. Мысалы, ағылшын ойшылы Т. Гоббс (1588-1679) билік болашақта игілікке жетудің құралы және өмірдің өзі өле-өлгенше билік үшін үздіксіз ұмтылыс деп жазды.

    Бихевиористік анықтама бойынша билік деп басқа  адамдардың жүріс-тұрысын, өзін-өзі  ұстауын өзгерту мүмкіндігіне негізделген  іс-әрекеттің ерекше түрі.

    Инструменталистік анықтама билікті белгілі бір құралдарды, амалдарды (зорлық-зомбылық, күштеу сияқты шараларды) пайдалану, қолдану мүмкіндігі деп біледі. Мәселен, Американың белгілі саясаттанушысы Р. Даль (1915 жылы туған) билік бір адамға екінші адамды өз еркімен жасамайтын іс-әрекетті жасауға мәжбүр ету мүмкіндігін береді дейді.

    Структуралистік анықтама билікті басқарушы мен  бағынушының арасындағы қатынастың ерекше түрі деп ұғады. Олар кейбір адамдарды туғанынан, табиғатынан  әміршіл, басқарғысы келіп тұратын  болады, ал басқалары көнбіс, көнгіш, басқа біреу өз ырқын билеп, басқарып, жол көрсетіп тұрғанын ұнатады, қалайды дейді. Солардың арасында, олардың ойынша, билік қатынастары туады.

    Конфликтік  анықтама билікті дау-жанжал жағдайында игілікті бөлуді реттейтін мүмкіндік, шиеленісті шешудің құралы деп түсіндіреді.

    Біраз ғалымдар билікті кең мағынасында  басқаларға тигізілетін жалпы ықпал  ретінде қарайды.

    П. Моррис, А, Гидденс сияқтылар, жоғарыдағы көзқараспен келіспей, билікті біреуге  немесе бірдеңеге тигізетін жай  ғана ықпал, әсер емес, оларды өзгертуге бағытталған іс-әрекет дейді.

    Америка саясаттанушылары Г. Лассуэл мен  А. Каплан «Билік және қоғам» деген  кітабында билікті шешім қабылдауға қатысу мүмкіндігі ретінде сипаттайды.

    Биліктің  объектісі және субъектісі болады. Ол саяси өзгерістерге байланысты ауысып отырады.

    2. Биліктің негізі, ресурстары, элементтері

    Әдетте, «билік» деген сөз әр түрлі  мағынада қолданылады. Оны ықпал  ету бағытына, объектісіне байланысты былай етіп бөледі: ата-аналар билігі, мемлекеттік, экономикалық, саяси, әлеуметтік, құқықтық, әскери, рухани билік және т.б.

    Саяси билік бар жерде теңсіздік  бар. Мұнда біреулер билік етуге  құқыты да, екіншілері оларға бағынуға міндетті. Бұл теңсіздік неден  туады?Ол үшін саяси биліктің қарамағында  теңсіздікті қамтамасыз ететін әдіс-құралдары бар. Оған жататындар:

Экономикалық  қор. Қандай саяси билік болмасын оған қаржы-қаражат керек. Ұлттық валюта, алтын қор, материалдық құндылықтар, пайдалы қазба байлықтары және т.б. кіреді. АҚШтың Конституциясында кез  келген АҚШ азаматы Президент бола алады деп көрсетілген. Бір тарихтағы президенттердің бірде-бірі кедей отбасынан шықпаған.

    Әлеуметтік  әдіс-құралдар. Үстемдік етіп отырған  билік өзін қолдайтын, оның одан әрі  өмір сүруіне мүдделі адамдар  іздейді. Ондай рөлді ең алдымен  оның мәртебелі, абыройлы, жалақысы мол қызметтерді атқаратын, көптеген жеңілдіктермен пайдаланатын қызметкерлері орындайды. Оларға көптеген рөлдер мен статустар беріледі.

    Күш жұмсау құралдары. Олар мемлекетті қорғайды, ішкі тәртіпті сақтайды, саяси билікті  құлатуға әрекет етушілерге мүмкіндік бермейді. Оған жататындар: әскер, полиция, қауіпсіздік органдары, түрме және т,б,

    Ақпарат құралдары. Қоғамдық пікір тудырып, саяси өмірге ықпал ету жағынан  оны төртінші билік деп те атайды. Кейбір саяси қайраткерлер кім теледидарды бақыласа, сол бүкіл әлемді бақылай алады деп санайды. ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры деп тегін айтылмаған.

    Саяси биліктің өзіндік қызметтері болады. Оған жататындар: қоғамның саяси жүйесін  қалыптастыру; оның саяси өмірін ұйымдастыру (ол мемлекет пен қоғам, таптар мен топтар, ассоциациялар, саяси институттар, мемлекеттік басқару органдары мен аппараттары, партиялар, азаматтар және т.б. арасындағы қатынастарды қамтиды); әр түрлі деңгейдегі қоғам мен мемлекеттің істерін басқару; өкімет органдары, саяси емес процестерге басшылық ету,; саяси және басқа да қатынастарды бақылау және түптеп келгенде, белгілі бір қоғамға сәйкес басқарудың түрін, саяси тәртіпті және мемлекеттік құрылысты, ашық және жабық қоғамды құру, қоғамдық тәртіп пен тұрақтылықты қорғау; дау-дамай, шиеленістерді ашып, оларға шек қою және дер кезінде шешу; қоғамдық келісімге, мәмілеге келу және т.б. 
 
 
 
 

    4- т а қ ы р ы п 

    БИЛІК ЖӘНЕ САЯСИ РЕЖИМДЕР

    Ж о с п а р ы:

    Биліктің  жүзеге асуы. Саяси режимдер

    Антидемократиялық режимдер 

    Биліктің  жүзеге асуы. Саяси режимдер

    Саяси режим деп саяси билікті жүзеге асыруға қолданатын әдіс-тәсілдердің  жиынтығын және қоғамдағы еркіндік деңгейін айтамыз.

    Қазіргі кезде саяси режимдерді үлкен  екі топқа бөледі: демократиялық  және антидемократиялық режимдер.

    Демократия  көне грек ойшылы Геродоттың еңбегінде кездеседі. Жалпы ежелге дәуірдің ойшылдары демократияны биліктің нашар түрі деп сынаған.

    Демократиялық режимге халықты биліктің қайнар көзі деп санап, оған мемлекеттік  істерді шешуге құқық берілген  және ол үшін қажетті жаңдайлар жасалған биліктің түрі, қоғамның мемлекеттік-саяси құрылысы жатады. Мұндай тәртіпте азаматтардың негізгі құқықтары мен еркіндіктеріне кепілдік беріледі. Саяси мәселелер ашық талқыланады, биліктің шектен тыс шоғырлануына жол берілмейтін тетіктер жасалады, азаматтарға қолайлы құқықтар мен еркіндіктер, олардың саяси көңілін білдіру түрлері айқыедалады, жалпыға бірдей сайлау құқығы орнатылады.

    Сонымен қатар, демократиялық режим мынадай  белгілермен сипатталады:

    Билік көзі халықта;

    Сөз бостандығы;

    Сайлаудың ашық жүргізілуі;

    Азаматтардың  тең құқықты болуы;

    Азшылықтың  көпшілікке бағынуы;

    Демократиядағы  ең негізгі фундамент ретінде  сайлауды айтуға болады. Адал, шынайы сайыс  арқылы, жүйелі түрде өткізілетін  сайлау. Ол амал-айласыз, қулықсыз жүргізілсе және оны шынайы жүргізудің жолы табылғанда ғана адал болады. Егер мемлекеттік билік бір партияның қолында болса да сайлау адалдыққа жатпайды. Шынай сайыс арқылы дегенде өзінің кандидатурасын еркін ұсынуға мүмкіндігі бар әр түрлі топтар мен жеке тұлғалардың болуын айтады. Егер бір топтар қатысып, екіншілері қатыса алмайтындай болса, онда сайлау жарыс арқылы өтпегендігі.

    Демокатияның  негізгі тұжырымдамалары: плюралистік (М.Вебер, Г. Ласки  және басқалары); ұжымдық (К. Маркс) және либералистік (Дж. Локк, Ш. Монтескье)

    Антидемократиялық режим түрлеріне тоталитаризм және авторитаризм жатады.

    Антидемократиялық режимдер

    Тоталитарлық (латынның total - бүтін, тұтас деген  ұғымын білдіреді) режим деп қоғам, адам өмірінің барлық салалары тұтасымен  мемлекеттік бақылауға алынған мемлекеттік-саяси құрылымды айтамыз. Онды өндіріс, экономика, бұқаралық ақпарат құралдары, білім, мәдениет, адамдардың жеке өмірі – бәрі тек мемлекеттің бақылауында болады. Сөз бостандығы болмайды. Жеке меншік, бәсекелестік, нарықтық қатынастарға жол берілмейді. Азаматтық қоғамның элементтері жұмыс істегенімен, ол тұтасымен мемлекеттің қарамағында. Жеке басқа табынушылық, бір партияның идеялық күштілігі байқалады. Халық дін ретінде бір идеологияға сенеді, бағынады. Барлық іс-әрекеттер алдын ала жоспарланған, жоғарыдан түсетін бұйрық арқылы жүзеге асырылады, жекелікке, даралыққа жол берілмейді. Мемлекеттің идеясына қарсы шыққандарды «халық жауы» деп құртады. Оппозицияны болдырмайды.

    Тоталитаризмнің үш түрі ХХ ғасырда болған. Ол Италиядағы Муссолини кезіндегі фашизм, Германиядағы Гитлер кезіндегі национал-социализм және Кеңес Одағындағы Сталин негізін салған коммунизм. Бұл мемлекеттегі идеологияның күштілігінен осы елдер өз уақытында ірі мемлекеттерге айналды.

    Авторитарлық  режим тоталитарлық қоғамнан демократиялық қоғамға өтетін кезең, бұл күшті тәртіпке негізделген, жеке адамның билігі қалыптасқан режим.

    Авторитарлық  режим Иордания, Индонезия, Морокко, Сауд Аравиясында, бұрынғы Кеңес  мемлекеттерінде және т.б. елдерде  қалыптасқан.

    Авторитарлық  режим кезінде тоталитаризмнің де демократияның да белгілері кездесе береді бұл қоғам өзінің қатаң тәртібі мен тұрақтылығымен ерекшеленеді, себебі мұнда қоғамды өзгеріске ұшырататын идеялар мен топтарға жол бермейді, заң жүзінде оларға қатаң бақылау жасалынға. Қоғамда сайлау, көппартиялық жүйе қалыптасқанымен ол мемлекетке тәуелді. Азаматтар биліктен алшақтатылған, билікті бақылай аламйды. Басқарудың күш көрсету құралдарын пайдалана отырып жүргізілетінін көруге болады. Мемлекет басында тұрған адам өзінің үстемдігін шексіз жүргізе алады. Оны шектейтін демократиялық элементтер, мемлекеттің тармақтарының болуы формалді түрде. Тағы да бір ерекшелік: мемлекет тұтас бақылаудан бас тартқан. Адам саяси жүйеден басқа әлеуметтік, экономикалық, мәдени және тағы да басқа салаларды өз таңдауын жүзеге асыра алады.

    Әрине, әр халық өзіне лайық саяси  режимді қалыптастыра алады. Бұған  тек жоғарыдағы мемлекеттік билік  қана емес сонымен бірге халықтың менталитеті де әсерін тигізеді. Сондықтан  қай елде қандай режимнің қалыптасып, дамуы үлкен күрделі үрдіс болып табылады. 

    5- т а қ ы р ы п  

    ДЕМОКРАТИЯ  ТЕОРИЯСЫ: ТАРИХЫ ЖӘНЕ БҮГІНІ

    Ж о с п а р ы:

    Демократия  мәні, пайда болуы және ерте замандағы  демократия жайлы ұғымдар

    Қазіргі кездегі демократияның негізгі  теориялары 

    Демократия  мәні, пайда болуы және ерте замандағы демократия жайлы ұғымдар

    Демократия  ұғымын бірнеше мағынада қолдануға  болады: 1) мемлекеттің типі мен жалпы  саяси жүйесі; 2) мүшелерінің теңдігіне, басқару органдарының мерзімді сайлануы және көпшілік дауыспен шешімдер қабылдау принциптеріне негізделген кез келген ұйымның ұйымдастыру түрі; 3) қоғамдық құрылымның мұраты (идеалы) және соған сәйкес көзқарастар.

    Демократияның классикалық теориясы антикалық  дәуірден бастау алады. Бірақ өзіндік  ерекшелігі ең алдымен барлық адамдар  тең, бәрі де саяси шешімдерді қабылдауға қатысуы керек деген тезиске байланысты. Оны «Қоғамдық келісім» атты еңбегінде Ж.Ж. Руссо жан-жақты қарастырады. Оның ойынша, саяси процеске тартылған өз бетінше саналы іс-әрекет жасайтын, ақылды адамдар қосылғанда жаңа сапа пайда болады. Олар жабылып ортақ игілік теориясын ойлап табады. Бұл идея саясаттың басшы принципіне айналады және ортақ ерік, жігер, қайрат негізінде қалыптасады. Бәрі бас қосқан сайыстан кейін нашар жақтары алынып тасталып, жақсылыққа жету жолдары іздестіріледі. Сөйтіп, жалпы жұрттың ықтиярын, көзқарастарын жинап, топтастырып ортақ игілікке жетудің шешімін қабылдайды. Бұл тұжырымдама ХІХ ғасырға дейін басымдық етті.

    Иозеф Шумпетер (1883-1950) австрия әлеуметтанушысы  өзі аттас «шумпетерлік» теорияның  негізін қалады. Оның ойынша, жалпы ықтиярлық, тілек барлық халықтың еркімен қалыптаспайды, оны жасайтын соған мүдделі кәсіби топтар. Демек, демократия ешқашан халықтың басқаруы болған емес. Халық тек белгілі бір арадағы институтты  сайлайды. Ол өз кезегінде ұлттық атқарушы органды немесе үкіметті қалыптастырады. Бұдан кейін көпшілік іс жүзінде саясаттан шектейді. Сондықтан демократиялық тәсіл – Шумпетердің ойынша, жеке адамдардың халық дауысын алу үшін бәсекелік күрес нәтижесінде жететін институционалданған шаралар жүйесі. Қорыта келгенде, басқаратын халық емес, жеке адамдардың арасында бәсекелік күрес жүреді, ал халық бұл күресте солардың біріне дауыс береді.

Информация о работе Лекции по "Политологии"