Лекции по "Политологии"

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2011 в 19:42, курс лекций

Описание работы

Саясаттың мәні және табиғаты
Саясаттанудың пәні, қызметі, әдістері және парадигмалары
Саясаттану ғылымының маңыздылығы

Работа содержит 1 файл

ПолитологияКАзгруппа.doc

— 259.00 Кб (Скачать)
    • ортақ Конституция;
    • ортақ заң шығарушы орган;
    • ортақ әкімшілік-территориялық бөліну;
    • ішкі шекараның болмауы;
    • ортақ саясат.

    Унитарлық мемлекеттің кемшіліктері:

    • заң шығарушы аппараттың икемсіздігі;
    • аймақтардың мәселелерін ескермеу;
    • этностық топтардың пікірімен санаспау.

    Федеративті мемлекет белгілері:

    • бірнеше Конституция, азаматтық құқық бар;
    • федеративті және аймақтық сот және атқарушы билік қатар жұмыс істейді;
    • территориялық бірліктердің өз бетімен федерациядан шығуға құқығы жоқ;
    • саяси салада орталыққа бағынған.

    Конфедерация  белгілері:

    • ортақ Конституция жоқ, тек құжаттарды қабылдағанда бірігеді;
    • азаматтық ортақ емес;
    • ортақ конфедеративтік сот жүйесі жоқ.

    Діни  белгісіне байланысты: зайырлы және діни болып бөлінсе, саяси режимнің қалыптасуына байланысты демократиялық, авторитарлық және тоталитарлық болып  үшке бөлінеді.

    Негізгі приоритетті қызметіне байланысты құқықтық және әлеуметтік деп бөлеміз.

    Қазақстан Республикасы осылырдың ішінде қайсына  жатады?

    Мемлекет  негізгі екі қызмет атқарады: ішкі және сыртқы. Ішкі қызметіне жататындар:

    • экономикалық салады мемлекет кәсіпкер, жоспаршы, уйлестіруші ретінде мәселелерді шешеді;
    • әлеуметтік өмірді ұйымдастырады;
    • заңдылықты қамтамасыз етеді;
    • мәдени-тәрбиелік салада жұмыс атқарады;
    • Сыртқы қызметіне жататындар:
    • мемлекеттің тұтастығы мен қауіпсіздігін қорғау;
    • өзін-өзі билеу, егемендігін сақтау;
    • ауқымды мәселелерді шешуге араласу;
    • басқа мемлекеттермен қарым-қатынас жасау;

    Сайып келгенде мемлекеттің басты міндеті  – қоғамның тұрақтылығын орнатып, қалыпты  тіршілігіне жағдай жасау.

 8- т а қ ы р ы п  

    ҚҰҚЫҚТЫҚ  МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ

    Ж о с п а р ы:

    Құқықтық  мемлекет пен азаматтық қоғам мәні

    Қос ұғымның бір-біріне қажеттілігі  мен өзара қатынасы 

    Құқықтық  мемлекет пен азаматтық  қоғам мәні

    Бұл екі ұғым көптің аузына соңғы жылдары ғана ілікті. Бұрын 20-жылдары, кейінірек алпысыншы жылдардың басында біршама қолға алынып, кейін ұмыт болған-тын. Оның есесіне жалпы халықтық мемлекет және қоғамдық өзін-өзі басқару тіркестері қолданыла бастаған.

    Қазір азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет қайтадан құжаттарға еніп, ғалымдар ден қоя бастады. Ал шындығында бұл  екі ұғымның мән-мазмұны неде, ара-қатынасы қандай, шығыстық ойда қандай көрініс тапқан? Осы сұрақтарға жауап іздеп көрелік.

    Азаматтық қоғам тарихи жағынан мемлекеттен  бұрын пайда болған,\. Азаматтық  қоғам-адамдардың өмір сүруіне, тіршілік етуіне қажетті өзара қарым-қатынасының шарты. Өйткені адам тіршілік ету үшін бір-бірімен қатынас жасап, өзара қауымдасып еңбек етеді. Сөйтіп адамдар жаңа материалдық игіліктер жасайды, сол игілікті бөлісу, айырбастау, бірлесіп пайдалану үшін, бір сөзбен айтқанда, тіршілік тоқырап қалмау үшін түрлі әрекеттер жасайды, отбасы құрылып, бала сүйеді, топтарға, ұйымдарға бірігіп өз мүдделерін қорғайды. Адамдардың қауымдасуы өзінің белгілі бер даму кезеңінде өз қауымдастарының жеке бастары мен отбасы мүшелерінің, бірлестіктері мен ұжымдарының мүддесін қорғау, тыныштығын қамтамасыз ету үшін саяси күшті қажет етеді. Мұндай күш ретінде өмірге мемлекет келеді.

    Азаматтық қоғам мен мемлекет бірлесіп, ынтымақтасып қатар бой түзеп өмір сүреді. Бірін  бірі тежеп, бір бірінің қызмет аясына араласып, іштей текетіреске де барып отырады.

    Мемлекет  өзін азаматтық қоғамның өзу туғызып, оны соның өзі асырап, оның іс-әрекетін бақылап отырғанын кейде ұмытып, бар билікті өзуысында ұстауға  тырысады. Азаматтық қоғам өз ықпалын  әлсіреткен жағдайда, мемлекет өзінің зор күшіне еніп, жыртқышқа айналады. Қоғамның бүкіл ұңғыл-шұңғылына араласып, адамды басып-жаныштайды, адам бостандығы мен құқын аяққа басуға дейін барады.

    Адамның өзі дүниеге келтірген саяси  күш – мемлекет бірте-бірте оның өзіне ауыз салады, экономикалық қыспаққа салады, алым-салықты үдетіп, саяси жағынан қыспаққа алады, құқықтарын шектейді, заңсыздықтарға барып, адамдарды кейде жазықсыздан-жазықсыз жазалайды, айдауға жіберіп, түрмелерге жабады. Осыған орай адам мемлекеттің зорлық зомбылығын шектеуді қажет етеді. Азаматтық қоғамға иек артып, соның мемлекетті шектеу ықпалын пайдаланып, соған арқа сүйемек болды. Азаматтық қоғамды дамытуға күш салды.

    Азаматтық қоғамды қалыптастыру, оны дамытуды мемлекет атаулыны жұтып қою немесе оны қоғамнан аластау деп түсіндеу керек. Бір сөзбен айтқанда, құқытық мемлекет дегеніміз азаматтық қоғамның қалыптасуының, оның жетіліп дамуының заңды жемісі деген сөз.

    Көпшілік  арасында азаматтық қоғам мен  ұлттық мемлекетті бір біріне қарсы  қойып, оларды бірін бірі теріске  шығаратын антиподтық ұғым деп түсіну кеңінен етек алып отыр. Бұл әрине дұрыс емес. Азаматтық қоғам мемлекеттің ұлттық сипатына ешқандай да қарсылық көрсетпейді, керісінше ол құқытық мемлекеттің қалыптасуына қызмет етеді.

    Құқықтық  мемлекет орнықпайынша, әкімшіл-әміршіл  жүйе бой көрсетуден танбайды, жеке адамның заңды құқы аяққа тапталып, мүлт кеткен шалыс қадамы жазаланып отырылады. Төрт-бес күнге көршілес елге барып қайту үшін де мемлекеттен

рұқсат  сұрап, әуре-сарсаңға түседі. Мемлекет өз үстемдігін толық жүргізіп, адамдардың жеке ісіне, отбасына, сенім-нанымына да қол сұғып, жөн-жосықсыз араласудан біржола

арыла алмайды. Мұны тәртіпке келтіріп, мемлекеттің  шексіз билігіне шектеу жасап, оның бәрін  әділ қабылданған заңдармен реттеп, заңдастырып отыру – құқықтық мемлекеттің қызметі.

    Азаматтық қоғам ұлт мүддесіне қарсы  әрекет етпейді. Керісінше, адам құқығын  қорғауға күш салады. Алайда, азаматтық  қоғам мен ұлттық мемлекет деген  ұғымдар қарсы қоюшылық та осындайдан туған. Бұл екі ұғым бір-біріне қарсы  болатындай емес, екеуі екі деңгейде өрбитін ұғымдар. Азаматтық қоғам мемлекеттің ұлттық сипатына емес, мемлекеттің адам құқығы  аяқ асты ететін әрекеттеріне қарсы бой көтереді, нағыз демократия үшін күреседі. Осыны ажырата білген абзал.

    Қос ұғымның бір-біріне қажеттілігі мен  өзара қатынасы

    Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің  қалыптасуы бір бірімен өзара  тығыз байланысты.

    Азаматтық қоғам дегеніміз мемлекеттен  өзін тәуелсіз сезінетін өндірушілер, игілікті жасаушылар, өздерін өздері басқарып отыратын кәсіпкерлер, кәсіподақтар, партиялар мен қозғалыстар, мәдени бірлестіктер, ғылыми қоғамдар, отбасы және дін ұжымдарының жиынтығы болып табылады. Ол мемлекеттің болат құрсауынан біртіндеп құтылып, жаңа әлеуметтік қауымдасуға бет алады. Азаматтық қоғамда адамның мәртебесі биіктеп, мәні арта түседі. Адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін қызмет етеді. Бүкіл әлеуметтік топтар, қауымдар заң жүзінде белгіленген құқықтар мен мүмкіндіктергі ие болып, өз мүдделерін қорғауға мұрсат алады.

    Азаматтық қоғам адамдар қауымдасуының  жаңа сипаттағы биік белесі болып табылады. Бұл қоғамның қалыптасуы тек материалдық игіліктердің даму дәрежесімен ғана өлшенбейді, ол қоғам мүшелерінің рухани жетілу дәрежесімен, биік кескін-кейпімен сипатталады. Мұндай белес-дәреже біз үшін таяқ тастам жерде немес анау қырдың астында болмай тұрғаны белгілі. Сондықтан да азаматтық қоғам алғаш тәуелсіздік алған мемлекеттерде – алда тұрған жаңа белес.

    Құқықтық  мемлекеттің қалыптасуы да бір жылдың ісі емес. Бұл мемлекет тұсында  нендей бір таптың, партияның, топтың, билеуші бюрократияның диктатурасына жол бермейді, оның есесіне қоғам мүшелерінің барлығына мемлекеттік және қоғамдық істерді басқаруға қатысуға. Лауазымды қызметтер атқаруға кең жол ашылады.

    Демократиялық жағдайда қабылданған заңдар алдында  мемлекет те, қоғамның әрбір мүшесі де бірдей жауапты. Заң мемлекетке де, азаматқа да бірдей қызмет етеді. Құқықтық мемлекет жағдайында заң қағидалары әрбір азаматтың бостандығын, пікір әрқилылығын, жариялылықты қорғауға тиісті. Құқықтық мемлекет беделге бас июшіліктен, шындықтан, әділдіктен жалтарудан аулақ болуға тиіс.

    Азаматтық қоғам адамдардың өздерін еркін  сезінуін, бас бостандығын, азаматтық  қадір қасиетін, ар-ожданын қамтамасыз етеді.

    Азаматтық қоғам тұсында адамдардың теңдік, қауіпсіздік құқықтары толық  жүзеге асырылады.  Адамның теңдігі дегеніміз олардың заң алдында бірдей құқықпен пайдалануы деген сөз, заң әрбір адамды қорғаса да, жазаласа да әрбір адамға ол бірдей талап қояды.

    Адамдардың  қауіпсіздігі – азаматтық қоғам  үшін ең мәртебелі әлеуметтік ұғым.

    Құқықтық  мемлекетті орнықтыру да адамдардың ежелгі арманы болатын. Құқықтық мемлекетте заң емес, құқық қалай жүзеге асырылатыны арқылы саяси институттар мен олардың әрекеттеріне баға беріледі. Құқықтық мемлекетті қалыптастыру биліктің ара-жігін ажыратып, оларды даралауға тікелей байланысты болмақ.

    Құқықтық  мемлекет  - адам қоғамының өмір сүру формасының ең жетілген жоғары, биік сатысы. Жаңа тұрпаттағы мұндай сатыға мемлекеттік  құрылым өз бетімен келмейді.

Ол көп  шарттарға байланысты. Құқық жүйесі – қондырма, базистің өзгеруімен бірге  ол да жаңа сипат алады. Заңды адамдар жазады, бірақ бұл олардың ойына келгенін қағазға түсіреді деген сөз емес. Заң қоғамдық құбылыстардың дамуын қамтамасыз ететін шынайы ішкі байланыстарды бейнелейді.

    Халық ежелден еркіндікке, бостандыққа  ұмтылған. Осы жолда небір тар  жол, тайғақ кешулерді бастан кешірген.   

    9- т а қ ы р ы п  

    САЯСАТТАҒЫ  ДАУ-ЖАНЖАЛ ЖӘНЕ ДАҒДАРЫС

    Ж о с п а р ы:

    Саяси дау-жанжал және дағдарыс

    Этносаяси дау-жанжалдарды шешу жодары 

    Саяси дау-жанжал және дағдарыс

    Жанжал  деп әрбір қарсы жақты қолайсыздықта  ұшыратып, істі насырға шаптыратын қарама-қарсы мүдделердің, пікірлердің, көзқарастардың қайшы келуін, елеулі келіспеушілікті, өткір таласты айтамыз.

    Саяси жанжалдар өзінің даму барысында  бірнеше кезеңдерден өтеді. Алғашқы  кезеңде кмкілжіңдерге негіз  туады. Қоғамның кейбір салаларында қиындықтар пайда болады. Оларға айтарлықтай мән бермесе, өрби түседі. Мысалы, адамдардың өмір сүру деңгейі төмендейді, құқық сақтау, адамгершілік тәртіптері бұзылады. Әділетсіздікті бұрынырақ сезетін қарсы жақтың алдыңғы қатарлы адамдары өздерінің келіспеушіліктерін білдіре бастайды. Келесі кезеңде келіспеушілік, наразылық ашық айтылып, алғашқы қақтығыстар болуы мүмкін. Билікті халық мойындағанда, оның заңдарын дұрыс түсініп, өз ерістерімен орындағанда билік. Сонда оның беделі де, халықты бағындыратын сиқырлы сыры да болады. Ал мынадай кикілжіңде басқарушы элитаның  қылмыстары ашылып, беделдері кетіп, оларға деген сенімсіздік туады. Одан кейін екі жақтың арасында ашық қарсылықтар, қақтығыстар болады. Егер мұның бәріне жол табылып, шешілмесе, дау-жанжал өркениетті түрден шығып, қарулы қақтығысқа айналады.

    Этносаяси дау-жанжалдарды  шешу жолдары

    Сондықтан қазір көбіне шиеленістерді дер  кезінде шешуге тырысады. Оның екі  жолы бар:

    Шиеленісті  мәмілеге келу арқылы бейбіт жолмен шешу. Мәміле деп дау-жанжалға қатысушы жақтардың өзара кешірімділік білдіріп, ымыраға келуін айтады. Онда екі жақ бірін-бірі ұғынысып, өзара кешірімділік жасасып, ортақ келісімге келеді.

    Зорлық  негізінде бітістіру, келістіру. Мұндай жағдай бір жақтың күші айтарлықтай басым болғанда, екінші жақ жеңілгенде немесе оны толық жойып жібергенде туады.

    Екі жақты татуластырудың кең тараған  түрі – кліссөздер. Ол арқылы қарсы  жақтың пікірі, дәлелдері белгілі  болады, күштің арақатынасы айқындалады, келісімнің шарттары анықталады.

Информация о работе Лекции по "Политологии"