Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2011 в 19:42, курс лекций
Саясаттың мәні және табиғаты
Саясаттанудың пәні, қызметі, әдістері және парадигмалары
Саясаттану ғылымының маңыздылығы
1- т а қ ы р ы п
САЯСАТТАНУ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ
Ж о с п а р ы:
Саясаттың мәні және табиғаты
«Саясат» термині (грекше politika – мемлекеттік және қоғамдық істер, polis – қала-мемлекет) Аристотельдің «Саясат» атты еңбегінде алғаш зерттеліп, қарастырылған. Сол кездің өзінде саясатты зерттеудің екі басты бағыты қалыптасты: функционалды және құндылықты. Функционалды зерттеу бағыты көбіне саясаттағы мақсат пен соған жету және нәтижесіне көңіл бөледі. Ал құндылықты бағыт сол саясаттың негізінен идеялық құрылым мен адамгершілік критерийлерді іздейді. Саясатты зерттеген әрбір зерттеуші өзінің бағыты бойынша келесі анықтамаларды берген. Біз олардың кейбіреулеріне тоқталайық. Мысалы:
«Саясат мемлекет ішілік немесе мемлекет аралық билікті үлестіруге ықпал ету немесе билікке қатысуға ұмтылысты білдіреді»
(М. Вебер)
«Саясат – қоғам ішіндегі құндылықтарды билік арқылы реттеу»
(Д. Истон)
«Саясат
принциптер күресін жамылған мүдделер
күресі. Жеке бастың пайдасы үшін қоғамдық
істерді басқару»
«Саясат – жоғары мәнде өмір, ал өмір саясат» (О. Шпенглер)
«Саясатты
зерттеу – ықпал мен ықпал
етушіні зерттеу, басқаша айтқанда, кім
не пайда табады, қашан және қалай»
«Саясат онымен айналысқан адамдардан ақыл шеберлігін талап етеді; ол тәртіпке мәңгі берілген өзгермейтіндерді білмейді» (Г. Плеханов)
Бұл
анықтамалардың әрқайсысы шындыққа
негізделген және саяси өмірдің
көп қырларын ашып береді, анықтамалардың
әртүрлілігі саясаттың
Саясаттың мәні бірнеше деңгейде жүзеге асырылады:
Төменгі деңгейі жергілікті мәселелерді шешуді қарастырады. Саясатты бұл деңгейде жекелеген индивидтер жүргізеді, алайда жекелеген мәселелер жергілікті ассоциациялар арқылы шешіледі.
Аймақтық деңгей мемлекеттің араласуын талап етеді. Өз аймағындағы экономикалық дамуға мүдделі топтар мен ассоциациялар саясатты белсене жүргізеді.
Ұлттық деңгей саясат теориясында орталық орынға ие болған, бұл мемлекетті ресурстарды үлестірудегі негізгі институт екендігін анықтайды.
Халықаралық
деңгей, мұнда саяси іс-қимылдың
негізгі субъектілері ретінде егемен
мемлекеттер қатысады.
2. Саясаттанудың пәні, қызметі, әдістері және парадигмалары
Саясатты түсіну ежелден бастау алады. Оны ғылыми тұрғыда шешу кейінгі ғасырларға келеді.
Саяси ғылым қазіргі кездегі мәнін ХІХ ғ. екінші жартысында иеленеді, ол жеке білім саласы ретінде бөлініп шықты. Лондон университетінде ХІХ ғ аяғында Лондонның экономика және саясат ғылымдарының мектебі ашылды. 1857 жылы Колумбия университетінде Америка тарихында алғаш саяси ғылымдар кафедрасы ашылды. Ал
Батыста саясаттану ІІ дүниежүзілік соғыстан кейін дами бастады. Бұған көбіне 1948 ж Парижде ЮНЕСКО басшылығымен өткен саяси ғылымның сұрақтары жөніндегі халықаралық коллоквиум себеп болды. Онда саясаттанудың негізгі мәселелерін, мәнін ашатын құжаттар қабылданды. Құжатқа сая саясаттанудың зерттеу және оқыту мәселелері анықталды. Олар:
Саяси теория (оның ішінде саяси идеялар тарихы);
Саяси институттар (орталық және жергілікті өкіметтік органдар, мемлекет билік тармақтары, саяси және қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер);
Саяси мәдениет және сана;
Саяси даму және модернизация;
Саясат субъектілері;
Халықаралық қатынастар.
Қазақстандағы саяси ғылымның негізгі пәніне бұдан басқа, құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам, геосаясат, ұлттық мүдде және ұлттық қауіпсіздік мәселелері кіреді.
Саясаттану басқа ғылымдар сияқты, келесі қызметтерді атқарады:
Танымдық қызмет саяси өмір және биліктік қатынастар туралы жүйелі түсінік қалыптастыру және дамудың тенденциялары мен заңдылықтарын анықтайды.
Практикалық қызмет, саяси теориялар мен тұжырымдар негізінде, мақсатқа жетуге байланысты нақты әдіс-тәсілдерді ұсынады.
Саяси
өмірді рационализациялау қызметі,
мемлекеттің шешімдері мен
Әлеуметтендіру қызметі, азаматтық, патриоттық сезімді қалыптастыру және саяси мәденитетті көтеруге байланысты қызмет.
Болжам
жасау қызметі, саяси үрдістің даму
тенденциялары мен
Саясаттану әдістері:
Саяси құбылыс пен үрдістер көптеген әдістер арқылы танылады. (грекше metodos – зерттеу жолы). Әдістер – бұл, теорияға баға беру жәнетексерудің тәсілдері, сараптау құралы.
Институционалды әдіс арқылы Конституция, мемлекеттің заңдар мен қоғамның нормалары мен тәртібін зерттеу арқылы тұтас дамудың мәнін ашады.
Салыстырмалы әдіс ежелден таныс, саяси объектілерді салыстыра отырып, олардың ұқсастығы мен айырмашылығын білу.
Әлеуметтенулық әдіс арқылы нақты саяси құбылысқа әлеуметтанулық зерттеу жүргізу арқылы қоғамның саясатқа қатынасын білуге болады.
Антропологиялық әдіс адам табиғаты ерекшелігінен туындайды. Бұл әдіс адам типі мен саясат байланысы, ұлттық сипаттың саяси дамуға әсер етуі немесе керісінше, саяси дамудың ұлт сипатына әсер ету мәселелерін шешуге көмектеседі.
Психологиялық әдіс саяси іс-әрекеттің, жеке адами сана, мінез-құлықтық субъективті механизмдерін және сонымен бірге психологиялық мотивацияның механизмдерін зерттеуге бағытталған.
Бихевиористік әдіс, саясат – қоғамдық құбылыс ретінде ең бірінші жекедаралық өлшем арқылы анықталады деген тұжырымға негізделген.
Коммуникативті әдіс саяси үрдістің кибернетикалық модельдерін қалыптастырады.
Саясаттанудың
негізгі парадигмалары: әлеуметтік,
психологиялық, биосаяси, теологиялық
және натуралистік парадигмалар. Парадигма-үлгі
деген мағына береді.
3.Саясаттану ғылымының маңыздылығы
Отандық саясаттану ғылымы тағдыры өте қиын қалыптасты. ХХ ғасырдың басындағы қоғамда болған ірі-ірі өзгерістер халық зиялыларының елдің саяси болашағы жайлы толғануларына әсер етті. Олар өз еңбектерінде саяси тағдыр, революция, мемлекет, билік мәселелері жайлы ойлар жазды. Кеңес Одағы кезінде саясаттану ғылымымен
айналысуға тиым салды. Тек ХХ ғасырдың 90-жылдарынан бастап, Қазақстанда саясаттану пән ретінде оқытыла бастады.
Жоғары оқу қоғамдағы ірі салалардың бірі. Студенттер тек қана базалық білімдер жинағын лап қана қоймай, сонымен бірге жаңа білім алуға дағды қалыптастырады. Қоғамның әлеуметтік, мәдени, саяси және құқықтық құндылықтарды меңгереді. Бұл болашақ қоғамның субъектісіне толық тұлға болып қалыптасу үшін мүмкіндік береді. Ал сол жоғары оқуды гуманизациялау мемлекеттік бағдарламада негізгі жолға қойылған.
Студентке
саяси білімнің қажеті не деген сұрақ
туындайды. Саяси сауатсыз адам қазіргі
қоғамда өзіндік пікір
2-
т а қ ы р ы п
ӨРКЕНИЕТ ТАРИХЫНДАҒЫ САЯСИ ОЙДЫҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ
Ж о с п а р ы:
Ежелгі замандағы саяси ойлардың қалыптасуы
Орта ғасырлар мен Қайта өрлеу дәуіріндегі саяси идеялар
Жаңа заман және ХХ ғасырдағы саяси ілімдер
Ежелгі замандағы саяси ойлардың қалыптасуы
Нақтылы бір тарихи дәуірдегі қоғам, мемлекет, құқық, саясат туралы ойларды дұрыс түсіну үшін сол қоғамның, сол дәуірдің белгілі бір әлеуметтік топтары мен таптары үшін, олардың қандай мүдделерді қорғағандығын, бұл ілімнің авторы қандай мақсат пен позиция ұстанғандығын білу шарт. Сонда ғана саяси және сол мемлекеттің ерекшелігіне қарай дұрыс баға беруге болады. Ең алдымен саяси ілімдер тарихының негізгі кезеңдері мен оның ерекшеліктерін және саяси тарихын терең білу шарт.
Саяси ілімдер тарихын хронологиялық және мазмұндық тәртіппен ірі төрт кезеңге бөлуге болады:
Ежелгі замандағы саяси ілімдер тарихы (алғашқы мифтік көзқарастардың пайда болуынан, б.з.д. 3 мың жылдықтан – б.з. V ғасырына дейін).
Орта ғасырлар мен Қайта өрлеу дәуіріндегі саяси ілімдер тарихы (V-XVIIғғ).
Жаңа заман және ХХ ғасырға дейінгі саяси ілімдер тарихы.
ХХ және ХХІ ғасырлардағы саясат туралы ойлар.
Саяси
ілімдер алғашқы кезеңде
Адамзат
саясаттың сиқырлы сырын, құбылмалы
құбылысын өте ерте заманнан түсініп –
білгісі келген. Ежелгі Шығыс ойшылдары
мемлекеттің, саяси биліктің мән-мағынасы
неде және кімге қызмет етеді, қоғамдық
құбылыстың қандай түрлері бар және олардың
ең жақсысы, халыққа ең қолайлысы қайсысы
деген сияқты сауалдарға жауап іздеген.
Бірақ ол кездеге пайымдаулар негізінен
діни-мифологиялық сарында болғаны белгілі.
Себебі, ертедегі адамдар жер бетіндегі
өмірге құдайдың құдыретінен туған жалпы
әлемдік космостық тәртіптің бір ажырамас
бөлігі ретінде қарады. Мысалы, Мысырда
(Египетте), Вавилонда (қазіргі Ирак), Үндістанда,
Қытайда сол кездегі мифтерге сүйенсек,
басқарушының билік көзі құдайда және
ол жер бетіндегі істерді реттеп, тындырып
отырады. Көне Қытай мифі бойынша билік
құдайдың құдыретімен жүргізіледі де,
ал іске асырушы онымен байланысты император
болып есептеледі. Әрине, діни көзқарастар
мен парадигмалар ғылыми болып саналмайды,
бірақ біз мұны жоққа да шығара алмаймыз,
себебі қазіргі кезде діннің қайтадан
қоғамда үлкен орын ала бастағанына қарасақ,
мемлекеттегі және мемлекет аралық саясаттағы
діннің орны ерекше.
Ежелгі еврей халқында адамдарды алғашында құдайлардың билегендігі, ежелгі Қытайда Аспан астындағы билеушінің болғандығы туралы айтылады. Ежелгі Египеттің діни және мифтік аңыздарында әділдік пен заңдылықты, шындық пен жақсылықты құдай-ана Ма-ат жіберіп отыратындығы баяндалады. Египеттікдердегі «ма-ат» ұғымы сияқты ежелгі үндістерде «рта», ежелгі Қытайда «дао», ежелгі гректерде «дике» ұғымдары бар және бұлардың барлығында олар шындық пен әділдіктің елшісі ретінде көрсетіледі.
Ежелгі Египетте «Птахотеп өсиеті» (б.з.д. ХХVIII ғ.), «Өлілер кітабы» (б.з.д. XXV-XXIV ғғ.) және т.б. жердегі әлеуметтік-саяси тәртіптер мен заңдар, адамдардың іс-әрекеттері мен өзара қарым-қатынастары құдайдың әділ істері ретінде мақталады.
«Птахотеп өсиеті» кітабында барлық адамдардың табиғи еркіндігі, туа біткен данышпандар мен оқымыстылардың болмайтындығы туралы көзқарастар кездеседі. Бұнда адамдардың мінез-құлқы «ка» принципіне – ізгілікті де қайырымды және әділетті мінез-құлық өлшеміне сәйкес келіу қажеттілігі негізге алынады. «Гераклепольдық патшаның өзінің ұлына айтқан өсиетінде» (б.з.д. ХХІІ ғ.) құдайларға айтылған мақтаулар мен перғауынның құдайлық билігі туралы сөздермен қатар, заң мен әділдікке қарсы ешқандай іс-әрекет жасамау керектігі, өйтпеген жағдайда адамдардың құдайдың қаһарына ұшырап, қайыршылық пен азапты өмір кешетіндігі туралы үндеулер кездеседі. Бұл өсиет кітапта патша сонымен бірге «әділдікті жасаушы және қорғаушы» ретінде дәріптеледі. Өсиет кітаптың авторы патша Ахтой өзінің ұлына, яғни мұрагеріне «Өзінің билігіңді жоғары ұста және оны одан әрі көтере түс, ол сенің заңдарыңды күшті етеді және мемлекетіңді қорғайды» деп, өсиет айтады.