Философияның қалытасуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 09:34, реферат

Описание работы

Философия мәнін түсіндірмелеудің негізгі типтері. Дүниеге қатынас және дүниетаным ұғымдары. Дүниетаным және дүниенің жалпы мәденилік суреті. Дүниетаным және фплософия. Философия пайда болуының тарихи-әлеуметтік детерминанттары. Мәдениет дүниесіндегі философияның қатынасы мен тағайыны. Философия адам құштарлығының әр түрлі төрт саласының - ғылым, поэзия, дін, логика - негіздемесі ретінде. Философия және мифология. Философия және дін. Философия және өнер. Философия және ғылым. Философия және саясат.

Работа содержит 1 файл

философ.doc

— 898.50 Кб (Скачать)

Инстикт – ырықсыз  сезім – адамның жағдай – күйіне қарай немесе осы жағдайда сәйкес жүзеге асырылатын қозғалыс әрекетінің және күрделі мінез – құлқының жиынтығы. Инстинкт туа бітеді.

Мінез – құлықтың табиғи құрамында түр сақтайтын және тұқым жалғастыратын эволюциялық дамудың тәжірибесі сақталады.

Мінезді жете тексеретін, оның шығу тетіктерін зерттейтін ғылым  этология деп аталады. Этологиялық  зерттеудің нәтижесінде мінез –  құлықтың ішкі қажеттілік арқасында пайда болатындығы дәлелденеді, инстинкт әсерленуді іске қосатын қозғағыш күш – сыртқы түрткілер. Әрбір қозғағыш түрткі өзіне лайықты стереотиптік әрекеттерді қосады.

Орталық жүйке жүйесі іштегі үстемді талапқа сәйкес мінездің тиісті әрекеттерін жүзеге асырады. Мидың мінез құратын іс - әрекеті даярлық және атқарушы болып бөлінеді. Даярлық іс - әрекет көбінесе ішкі мұқтаждық сезімдері арқылы қанағаттанады.

Танымдық және сезімдік жүйелерде мидың әртүрлі құрылымдары  қатысады. Танымдық жүйе орталық жүйке жүйесінің арнайы бөлімдері, ал сезімдік жүйе мидің торлық құрылымы, мимбия жүйесі арқылы қызмет атқарады.

Ашығу, шөлдеу, үрей, ләззат, агрессия, жыныстық, ата- аналық, жылулық  сияқты организмнің жетекші мұқтаждықтары  биологиялық мотивация деп аталады. Бұлардың барлығы да туа пайда болады және тұқым қуалау негізінде қалыптасады.

Білім алу, мамандықты игеру, көркемөнер, әдебиетке әуестік т.б. биологиялық мотивациядан ерекше, қоғамдық тәрбие арқылы қалыптасады.

Ми іс - әрекетінің ең тартымды құбылыстарының бірі – оның қабылдаған ақпаратты сақтау және еске түсіру, яғни зерделік қабілеті. Зерде дегеніміз – жүйкенің ақпаратты код ретінде сақтап, нақтылы бір жағдайда оның қасиеттері мен көшірмесін өзгертпестен қайта жаңғыртуы.

Зерде ақпаратты сақтау ұзақтығына қарай, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болып бөлінеді.

Адам зердесінің барлық түрі қисынды – мағыналық және сезімді бейнелік болып екіге  бөлінеді. Бұлардың біріншісі ұғымдарға, екіншісі елестетуге сүйенеді. Адам үшін зерденің қисынды мағыналық типі ең жоғары түрі болып есептеледі.

Анализ және синтез үлкен  ми сыңары қыртысының өте маңызды  қызметі. Организм өзінің тіршілік іс - әрекетінде сыртқы және ішкі ортаның  тітіркендіргіштеріне үнемі анализ – синтез жасап отырады.

Анализ - әркелкі сигналдарды  айыру, бөлу, организмге тиетін әралуан әсерді ажырату. Синтез – біріктіру, талдау, қорыту, ми қыртысының әртүрлі бөліктерінде туатын қозуларды бірлестіру.

Адамның психикасы мен  мінез құлқының ерекше кескінін олардың  табиғи темпераменті мен бойындағы  мінезі жасайды.

Адам мінезі сангвиник (ширақ), флегматик (салмақты), холерик (ұстамсыз), меланхолик (әлсіз) деп бөлінеді.

Темперамент адамның  әлеуметтік мәнділігін білдіре алмайды, өйткені оның мінез – құлығын  санасы басқарып отырады.

Барлық кісілерді экстроверт, интроверт және невротиктерге жатқызуға болады (К.Юнг, Г.Айзенк). Экстраверт әр алуан сыртқы әсерлерге ашық, Интроверт, керісінше, тұйық мінезді. Ал невротиктерде көптеген тіршілік жағдайларында әртүрлі жабығу күйі пайда болады.

Адам керемет ерекшелігі бар құбылыс. Оның кереметтігі - әлеуметтік мәні мен биологиялық қасиеттерінің ерекше бірігуінде. Сонымен қатар, өзі мен қоршаған ортаның өзара байланысын ұйымдастыратын, басқаратын заттық – практикалық іс - әрекеті бар.

Адам – бір жағынан, биологиялық негіздері бар, екінші жағынан, терең абстрактілі ойлауға қабілетті, рухани мүмкіндігі жоғары тіршілік иесі.

Ол қоғамдық өмірдің  жоғары деңгейіне, мәдени жетістіктерді  меңгеруге, табысты білім алуға  бейім. Қазіргі өркениет уақытында  тәрбиенің, заңдардың, моральдың, нормалардың ықпалы мол болғандықтан, ондағы биологиялық негіздерді әлеуметтік бастау толық бақылауға алған.

Сондықтан да адамда мәндік, мағыналық қасиет жоғары дамыған.

Философия тарихында  адамның мәнін түсіндіруге тырысқан көптеген ізденістер болған. Әр философ өзінің мүмкіндігінше тәжірибесіне, қызығушылық нысанына байланысты адамды түсіндіруге тырысқан.

С.Р.Аблеев «Основы философии» деген кітабында мынадай анықтамаларды  жүйелеп ұсынған.

- Адам ғарыштың бөлігі, кішкене ғарыш. (көне Үнді, Қытай,  Грек философиясы)

- Адам – бұл мәңгі,  абсолютті рух (атман). (Көне Үнді  философиясы – йога, веданта)

-  Адам – барлық  заттардың өлшемі (көне Грек софистері  – Протагор)

-  Адам – саяси  жануар (Аристотель)

-  Адам – Құдайдың  бейнесі (орта ғасырлардағы христиандық  теология)

-  Адам – ойшыл  жан (Р.Декарт)

-  Адам адамға қасқыр (Т.Гоббс)

- Адам – жанды машина (Ж.Ламетри)

- Адам – екі әлемге  қатысты жан. Табиғи қажеттілік  әлеміне және адамгершілік еркіндік  әлеміне (Им.Кант)

- Адам адамға –  Құдай (Л.Фейербах)

- Адам – рационалды жануар (К.Линней)

- Адам – құрал жасай  алатын жан (С.Кьеркегор)

- Адам – уәде беруге  қабілетті жан (Ф.Ницше)

Осы көрсетілген анықтамаларды  жүйелеп, жинақтап ой қорытатын болсақ, адам табиғатының үш маңызды қыры ашылады.

- табиғи – биологиялық  (материалды) қасиеттері;

- психологиялық, әлеуметтік  қасиеттері;

- рухани мәні мен  қасиеттері.

Жер бетінде тіршілік параллелді екі жолмен іске асқан: астральді  – психикалық және белокты - нуклейнді. Миллиондаған жыл бұрын Х нүктесінде осы екі жол бір тіршілік иесі биологиялық, психологиялық алдыңғы адам болып есептелді. Ғарыштық ақылдың көмегімен сондағы психикалық бастау дами берді, сөйтіп онда ақылдың бастаулары пайда болды.

Алдыңғы адамдағы ақылдың  пайда болуы ғарыштағы белгілі  ақпараттың кеңістіктік магниттік  трансляциясы нәтижесінде іске асып, адамның санасының дамуына негіз болған.

С.Р.Аблеевтің пікірінше, адамның санасы үш маңызды фактордың  көмегімен одан әрі дамыған:

- ғарыштық немесе рухани  фактор (ғарыштың энергетикалық  ықпалы)

- биологиялық (тұқым  қуалаушылық, өзгергіштік, табиғи сұрыптау)

- әлеуметтік (қоғамдық  қатынастар, еңбек, оқыту, тәжірибе  алмасу)

Сана – жоғары ұйымдастырылған  материя – мидың жемісі. Ол эволюция процесінде қалыптасқан адамның  психологиялық әлемінің ерекше қабілеті.

Көне заман философиясында сана деп – адамның өмірінде аса маңызды роль атқаратын ішкі әлем – жан есептелінді. Тән өткінші, ал жан мәңгілік. Демокрит жанды ерекше сезімдік атомдардың жиынтығы деп ойлады.

Орта ғасырларда сана мен ақыл құдайдың маңызды атрибуттары  ретінде, ал Қайта өркендеу дәуірінде табиғаттың қасиеті деп қарастырылды.

XVIII ғасырдағы француз  материализмі сананы – адам  миының ерекше функциясы деп  анықтап, оның көмегімен адам  сыртқы дүниені бейнелейді деп  есептеді.

Орыс философиясында сана мен психика теориясына И.И.Сеченов, В.М.Бехтерев, И.П.Павлов үлкен үлес қосты. Олар адамның психикалық іс - әрекетінің физиологиялық негіздерін зерттеді. Кейіннен осы бағытта С.Л.Рубинштейн, А.М.Леонтьев, Л.С.Выготский белсенді еңбек етті. Олар сананы адамның іс - әрекетінде қоғамдық қатынастарды айқын бейнелейтін әлеуметтік феномен деп анықтады.

Сана дегеніміз –  тек адамға ғана тән сыртқы дүниені  бейнелеудің жоғарғы формасы. 

Сана – объективті әлемнің субъективті образы. Сана, ең алдымен, адамның табиғатқа, қоғамға, басқа адамға сонымен қатар, өз - өзіне деген қатынасы. Сана – болмысты түсіну, ұғыну, бейнелеу. Ол болмыстан келіп шығады.

Сана – ол әруақытта  өзіндік сана, яғни адамның өзін басқа әлемнен бөлуі, өз өмірінің мағынасын түсіну, өзінің іс - әрекетінің негізгі мақсаттарын белгілеуі. Сананың өзегі сыртқы дүние туралы ғылыми емес мәліметтерді жинақтайтын білімдер болып табылады.

Ғылым мен философия  сананы туынды, екінші қатардағы құбылыс  деп қарастырады. Мұның мәні неде? Біріншден, сана - табиғаттың ұзақ эволюциясы мен бейнелеу формаларының жетілуінің нәтижесі. Екіншіден, сананың мағынасы (сезімдер мен ойлар, образдар мен идеялар) дүниені тек бейнелеп қана қоймайды, онымен шектелмейді. Өйткені, адамның санасы табиғаттың, қоршаған дүниенің көшірмесі ғана емес, ол ең алдымен, еңбектің даму көзі, соның негізінің бірі. Адам өз еңбегі арқылы дүниені өзгертеді, оны жандандырып оған мән береді. Адамның санасы, саналы іс - әрекеті арқылы дүниенің негізгі мән ашылады.

Сана тек қоғамда  ғана қалыптасады. Өйткені адамның  шын мәніндегі адам болуы, оның қоғамдық қатынастарды толық меңгеруімен тығыз байланысты. Сана – мидың негізгі функциясы. Мидың дамуымен сананы, психиканың дамуының арасында өте тығыз байланыс бар. Адам тектес маймылдар мен адамдарды салыстырып көрейік. Шимпанзенің миының көлемі 400 куб см., ал қазіргі адамның миының көлемі 1400 куб см. Еңбек ету процесніде адам миының көлемінің өсуі оның санасының қалыптасуында өте үлкен роль атқарды. Мидың дұрыс қызмет етуі маңызды фактор, оның кейбір бөліктерінің болмауы адамға кері әсерін тигізеді.

Ми – сыртқы әлемді бейнелейтін және адамның күрделі  тәртібінің бағдарламасын қамтамасыз ететін өте күрделі жүйе. Сондықтан  да оның қызметінің кейбір бөліктерінің, әсіресе бас ми қабатының қызметі  бұзылса адамның санасында, тәртібінде психикалық функцияларында күрделі ауытқушылықтар болып тұрады.

Ми қызметі – адам санасының физиологиялық негізі.

Бірақ ми емес, оның көмегімен  адам ойлайды. Ми ойлаудың құралы ғана. Ойлау үшін қоғамдық тәжірибені, білімді, икемділікті меңгеру қажет.  «Ойлаудың  шын мәні, жан – жақты анықтылығы диалектикалық логикада – табиғатқа, қоғамға және адам баласына қатысты жалпыға бірдей заңдар туралы білімде ашылады ... Демек, ойлау – дара психологиялық әрекет емес. Ол адамдардың өмір сүру қызметінің әртүрлі салалары үшін аса маңызы бар әлеуметтік – тарихи құбылыс, адамдардың сан ғасырғы тарихи тәжірибесінің жемісі».

Осы әлеуметтік тәжірибені қалай меңгеруге болды. Үйрену әруақытта  белгілі бір әрекетті керек етеді. Сәби қасықты бірден дұрыс ұстай  алмайды. Қасықты пайдалана бастаған кездегі баланың епетейсіз, солақай қозғалыстары бірте – бірте дұрысталып, нақты әрекетке айналады. Жүзіп үйрену үшін суға түсіп, жүзуге тырысу қажет.

Тәжірибені меңгеру, үйрену дегеніміз – қоғамда жасалған және адамдар қолданып жүрген заттармен  әрекет жасау. Еңбек құралдары арқылы еңбек ету операциясын меңгеру де осылай іске асып отырады.

Қоғамдық тәжірибені меңгеруде бала ойынының алатын орны ерекше. Бала үшін оның дамуының алғашқы  кезеңдерінде ойыншықтар нақты құралдар мен заттарды алмастырады, ал ойында ересек адамдардың іс - әрекетінің көптеген сюжеттері мен нақты байланыстардың, қатынастардың көбісі жаңғыртылады, яғни қайталанады. Өйткені балалар ұшқыш, капитан, дәрігер болып ойнайды. Ойын балаға тек рахаттану сезімін сыйлауымен ғана емес, ойнау кезінде ересектердің тәжірибесін меңгеруімен де қызықты.

Ойынды пайдалану –  жөніндегі неміс философы Гегельдің  ойлары қызықты. Ол бала ойыншықты шаша отырып, өзінше практикалық талдау жасайды, ол кейіннен заттарды ойша талдау икемділігіне ұласады. Заттарды жинастыруды үйрену – балаға ойды синтездеу қаіблетін дағдыландыруға жағдай жасайды.

Әрекет, белсенділік –  бұл заттарды қабылдау мен қоғамда  жинақталған тәжірибені меңгерудің белгілі еңбек дағдыларын игерудің негізгі шарттары. Практикалық дағдылардың  жетілу жолында адамдар ойлау операциясын өндіру бейімділігін дамытады. Ойлау қабілеті дегеніміз – адамның сыртқы дүниеге деген белсенді қатынасының нәтижесі.

Адамның әлеуметтік тәжірибені игеруінің маңызды құралы – сөйлеу. Алғашқы адамдар ымдау, ишара  арқылы бір – біріне ақпарат беріп отырды. Бірте – бірте адамдар сөздерді меңгере бастады. Әртүрлі күрделі белгілердің жиынтығы ретінде, «екінші сигналды жүйе» (И.П.Павлов) – тіл қалыптасты. Тіл – адам ойлауын білдіру тәсілі, немесе Гегельше айтсақ, ойлаудың тәні. Тіл арқылы адам өзінің сезімдік қабылдау процесінен шығып, объективті дүниені түсінуге, оның мәнін ұғуға ұмтылды. Тіл өзара ұғынысу, араласудың маңызды құралы болды, сонымен қатар, басқаның да ойын қабылдап, өз пікіріңді, түсінігіңді жеткізуге мүмкіндік жасады.

XX ғасырда ғылыми –  техникалық есептегіш машиналар  пайда болды, олар біраз күрделі  операцияларды іске асыра алады.  «Жасанды интеллект бола ма?»  деген сұрақ туындап, машинаның  ойлау мүмкіндігі, оның адамды  ауыстыруының өрісі туралы мәселелер  қойыла бастады.

Электронды есептегіш  машиналар көптеген операцияларды  адамнан да тез орындай алады. Дегенмен, машина адамды ешуақытта  толық алмастыра алмайды. Біріншіден, машина әруақытта адам оған берген бағдарлама аясында ғана жұмыс жасайды. Машина – нақты белгілі – үлгі, онда шығармашылық жоқ, ол өздегінен жаңа ешнәрсе де ойлап шығара алмайды.

Екіншіден, онда әлемге деген  сезімдік эмоциялық қатынас жоқ. Эмоциялар әлемі - өте күрделі  де алуан түрлі. Оған қуану, қорқу, күлу, аффект т.б. кіреді. Сезім адамның  болмысына, қарым – қатынас жасау қажіттілігіне байланысты туындап отырады. Махаббат, құмарлық, сүйіспеншілік, моральдық сезім, эстетикалық сезімдер т.б.

Информация о работе Философияның қалытасуы