Философияның қалытасуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 09:34, реферат

Описание работы

Философия мәнін түсіндірмелеудің негізгі типтері. Дүниеге қатынас және дүниетаным ұғымдары. Дүниетаным және дүниенің жалпы мәденилік суреті. Дүниетаным және фплософия. Философия пайда болуының тарихи-әлеуметтік детерминанттары. Мәдениет дүниесіндегі философияның қатынасы мен тағайыны. Философия адам құштарлығының әр түрлі төрт саласының - ғылым, поэзия, дін, логика - негіздемесі ретінде. Философия және мифология. Философия және дін. Философия және өнер. Философия және ғылым. Философия және саясат.

Работа содержит 1 файл

философ.doc

— 898.50 Кб (Скачать)

Таным, Абайдың пікірінше, - адам тіршілігінің маңызды мақсаты, адам жанының бірден – бір қажеттілігі.

Табиғат пен қоғам  ұдайы өзгерісте, дамуда. Қоғам дегеніміз – ұрпақтың үнемі ауысып отыруы.

«Адам бол» деген Абай принципінің мәні адамды, оның ролін  жоғары бағалауында. Ойшылдың пікірінше, әр адам еңбекқор, әділетті және гуманды, адал, мейірімді болуы керек.

«Әсемпаз болма әрнеге

Өнерпаз болсаң, арқалаң.

Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тап та, бар  қалан», - деп жазды Абай.

3. Қазақ философиясының  көрнекті өкілі – Шәкәрім Құдайбердиев. Ол арнайы философиялық трактат  «Үш анықты» жазған. Өзінің рухани  ұстаздары Шоқан, Абай, Ыбырайға  қарағанда грек, европа философиясының тарихын тереңірек біліп, оған баға беріп, өзіндік ой қорытты. Шәкәрім өте білімді адам. Ол Батыс пен Шығыстың мәдениетін жетік білген.

«Үш анықта» белгілі, белгісіз көптеген ғалымдардың аттары келтірілген. Бұл ғалымның іздену аясының кеңдігін дәлелдейді.

Шәкәрім философия тарихында  маңызды екі бағыт, екі түрлі  дүниетанымдық ұстаным бар екенін дұрыс түсінген. Мұның өзі үлкен  жетістік.

«Тіршілік туралы адам арасында көптен бері айтылып келе жатқан екі  түрлі жол бар. Бірі, дене өлсе де жан жоғалмайды, өлгеннен соң да бұл тіршілікке тіпті, ұқсаматын бір түрлі өмір бар. Сондықтан жалғыз ғана дүние тіршілігінің қамын ойламай, сол соңғы өмірде жақсы болудың қамын қылу керек дейді. Мұны ақырет - өлгеннен соңғы өмір жолы дейді. Енді бірі, бұл әлемдегі барлық нәрсенің бәрі өздігінен жаралып жатыр, оны былай қылайын деп жаратқан иесі жоқ, һәм өлген соң тірілетін жан жоқ дейді»1 – деп жазды Шәкәрім «Үш анықта».

Ғалым идеализм, материализм  демесе де соларды анықтап отырғаны түсінікті. Осы екі ұстанымды түсіндіре отырып, ақыр аяғында Шәкәрім өзінідік концепция ұсынады.

Оның пікірінше, бірінші  ақиқатты жаратушы мен жанның мәңгілігін мойындайтын сенім, яғни діни ақиқат құрайды.

Екінші ақиқат – сезімдік қабылдаулар мен рационалдық  ойлауға сүйенетін ғылыми ақиқат.

Үшінші ақиқат – бұл  жан ақиқаты, оның субстанциалдық негізі -  ұждан. Адам жақсы өмір сүру үшін таза еңбекке, ұждан ақылға, шын жүрекке  сүйенуі тиіс.

 

14-лекция.

«XX ғ. кеңестік мәдениет контекстіндегі маркстік философия  және посткеңестік философия».

 

1.Маркстік ілімнің  эволюциясы.

2.Догматқа айналдырылған  марксизмнің қалыптасуы.

3.ХХ ғасырдың 60-80 жылдарындағы  кеңес философиясының негізгі  бағыттары.

4.Қайта құру жылдарындағы  кеңес философиясының ерекшеліктері

 

Диалектикалық материализмнің негізін К.Маркс пен Ф.Энгельс қалады. Сондықтан оны маркстік философия деп атайды.

Диалектикалық материализм XIX ғасырдың ортасында қалыптасты. Оның пайда болуының негізгі алғышарттары мыналар:

  1. XVIII-XIX ғасырда Европада қол еңбегін машина еңбегі алмастырған. өндірістік революция;
  2. Тарих сахнасында дербес саяси талаптары бар пролетариаттың пісіп – жетілуі;
  3. Неміс классикалық философиясының жаңа идеялары;
  4. Жаратылыстану ғылымдарындағы жетістіктер. Дарвиннің эволюция теориясы: организмнің клеткалық құрылымы туралы ілім;

Маркстік философиясының негізгі сипаттары:

  1. Диалектикалық әдіс материалистік принциппен біртұтас бірлікте қарастырылады.
  2. Тарихи процесс материализм тұрғысынан табиғи, заңды процес ретінде түсіндіріледі.
  3. Әлем тек түсіндіріліп қана қоймайды, оны өзгертудің жалпы методологиялық негіздері зерттеледі. Философиялық зерттеулер жалаң ұғымдардан гөрі адамдардың материалдық – практикалық іс - әрекеттеріне бағытталады.
  4. Диалектикалық – материалистік көзқарастар пролетариаттың, барлық еңбекшілердің мүддлері мен байланыстырылады.

К.Маркстің философия  мен әлеуметтік ғылымға енгізген екі маңызды жаңалығы бар, оның бірі – қосымша құн теориясы, екіншісі тарихты материалистік тұрғыдан түсіндіру. Маркстің пікірінше, адам табиғат  қойнауынан әмбебап табиғи жан болып шықпайды. Ол тарихи процестің барысында әмбебап тіршілік иесіне айналады. Адамды жануарлар әлемінен бөліп тұратын, басқаша айтсақ, оны тіршілік баспалдағының жоғары сатысына көтеретін санасы, ақыл – ойы емес, өзіне қажетті құрал – жабдықтарды өндіру, жасау икемділігі. Осының арқасында адам табиғатты игереді, оның кеңістігі мен уақытында өз мүддесі мен талап игілегіне сай өзіндік екінші табиғаты жасайды. Осының барысында өндірісітік қатынастар қалыптасады. Осы өндірістік қатынастар, өндіргіш күштердің деңгейін қоғамның басқа жүйелеріне базис, негіз болатын экономикалық жүйені құрайды. Мемлекеттік, қоғамдық институттар, қатынастар қондырма ролін атқарады. Базис пен қондырма бір – біріне әсер етеді. К.Маркс тарихи процестегі қайталанып отыратын заңдылықтарды анықтау мақсатында қоғамдық – экономикалық формация ұғымын ұсынды.

Маркс адамның дамып, қалыптасуында әлеуметтік орта мен  мәдени факторлар маңызды роль атқаратындығына  ерекше назар аударады.

К.Маркс, Ф.Энгельс идеяларын  онан әрі В.И.Ленин, Г.В.Плеханов дамытты.

Л.Н.Толстой (1828-1910) өзіндік  ерекшелігі бар діни – философиялық ілімде жасады.

Толстойшылдықтың мәнісі мынада:

- көптеген діни догматтар  сынға ұшырап, жойылуы қажет.

- дін қарапайым, әлі  әркімге түсінікті болуы керек;

- құдай, дін – бұл  игілік, махаббат, ақыл және ұждан;

- өмірдің мәні - өзін  өзі жетілдіру;

- жер бетіндегі негізгі  зұлымдық - өлім және күш қолдану;

- кез келген мәселені  шешудің негізгі құралы ретінде  күш қолдануда бас тарту;

- адамның тәртібінің  негізі – зұлымдыққа қарсы  болмау;

- мемлекет – күш қолдану аппараты, оны құрту қажет.

Өзінің осындай философиялық – діни көзқарастары үшін Л.Н.Толстой  анафемаға, яғни шіркеуден аластатуға ұшыраған.

Орыс философиясының революциялық – демократизм бағытының  негізгі өкілдері – Н.Г.Чернышевский, халықшылдар – Н.К.Михайловский, М.А.Бакунин, П.Л.Лавров, Л.И.Ткачев, анархист П.Кропоткин, марксист Г.В.Плеханов.

Бұлардың бәрінің ортақ  сипаты - көзқарастарының әлеуметтік – саяси бағыты.

Осы ойшылдардың бәрі сол уақытта қоғамдық – саяси  тәртіпке қарсы болды, бірақ Ресейдің болашағы туралы әр түрлі ұстанымдар ұсынды.

Н.Г. Чернышевский аграрлы  Ресейге қайта оралуды ұсынды, яғни жеке еркіндік пен қауымдық өмірді дамыту, қажет деп есептеді.

Халықшылдар капитализмді басып өтіп, тікелей социализмге  өтуді ұсынды. Бұл үшін барлық тәсілдерді, тіпті террорды да пайдалану қажеттігін ескертті.

Анархистер мемлекетті сақтау қажет емес деген пікірді  айтты.

Марксистер Ресейдің болашағын қоғамдық меншікке негізделген  социализммен байланыстырды.

XX ғасырдың 20 жылдарынан  бастап 90 жылдарға дейін кеңес дәуіріндегі  орыс философиясы дамыды. Оның маңызды үш кезеңін атап өтуге болады.

- 1917 – 30 жылдары ресми  марксистік лениндік философия  мен бұрынғы тарихи дәстүрлердің  арасындағы  пікір – талас  дәуірі;

- 30 – 50 жылдары –  философия қоғамның ресми идеологиясына айналды;

- 50 – 80 жылдары –  кеңес философиясының дербес  дами бастау уақыты. Осы тарихи  дәуірде кеңес орыс философтары  құндылықтар, гносеология, сана, идеалдық, мәдениет, философиялық әдістер  мәселесімен айналысты.

Н.И.Бухарин психика, сана мәселесімен, А.Богданов «тектология», яғни жүйелер теориясымен, А.Ф.Лосев адам, тарих, А.Гумилев тарих, этногенез, М.Мамардавшвили мораль, адамгершілік, Б.Лотман қоғам, философия, тарих мәселелерімен айналысты.

Шетелдерде орыс философиясын П.С.Мережковский (1864-1941), Л.Шестов (1866-1938), А.Н.Бердеяв (1874-1938), П.Сорокин (1889-1968) дамытты.

Н.А.Бердяев экзистенциалдық  – діни сипаттағы философияны  өрбітіп, еркіндік, шығармашылық мәселелерімен  айналысты. ОЙшыл өз творчествосында  Ресейдің тарихи тағдырына көңіл бөліп, орыс идеясын ұсынды. Ресей батысқа да, шығысқа да ұқсамайтын өзіндік ерекшелігі бар қоғам құрып, осы екеуінің арасын жақындастыратын ерекше миссияны орындауы тиіс деп есептеді.

Питирим Сорокин –  АҚШ-та өмір сүрген орыс философы. Адам мен қоғам мәселесімен жан – жақты айналыса отырып, батыс әлемі үшін аса маңызды болып есептелінген стратификация және әлеуметтік мобилділік теориясын жасады.

Стратификация – кірісі, кәсібі, ұлты, ықпалына байланысты қоғамның жікке бөлінуі. Қоғамның тұрақтылығының бастапқы кепілі – халықтың әлеуметтік мобилділігі, яғни бір страттан екінші стратқа өту мүмкіндігі.

 

15-лекция

ХХ ғ.-ХХІ  ғ. қарсаңы мәдениеті контекстіндегі батыстық философия

 

XX ғ Батыс  Еуропа елдері мен АҚШ-тағы  модени трансформациялар және мәдени-әлеуметтік дағдарыс. Еуропалық елдер дамуындағы өркениеттік табыстар мен кемшіліктерді сыни қайта ойластыу. Батысеуропалық халықтардың мәдени және философиялық мұрасын, XX батыстық мәдениетінің құндылықтары мен дүниетанымдық негіздемелер сыни қайта ойластыру. Батыс әлеміндегі өркениеттік даму мен мәдени трансформациялардың жолдарын философиялық іздестіру.

Э.Гуссерль еуропалық  ғылымның, философияның және мәдениет дағдарысы туралы. М.Хайдеггер және батыстық әлемдегі адам өмір сүруінің трагизмі мен драматизмін қайта ойластырудың сыни тәжірибесі.

М.Хайдеггер     және     еуропалық     нигилизмді     талдау.     XX экзистенциалистерінің философиялық ізденістері. А.Камю және әлеуметтік жатсыну  жағдайындағы адамның сандырақ өмір сүруі тақырыбы. Бүліктің сандырақтығы және батыстық адамның сандырақ героизмі. Ж.-П.Сартр шығармашылығындағы әлеуметтік бірдейліктің философиялық ізденістері. Шекаралық ахуал жағдайларындағы адам өмір сүруінің трагизмін философиялық талдау (К.Ясперс ).

Персонализм философиясының діни-философиялық ізденістері. Құдайға оралу» және «Құдайға деген махаббат» батыстық діңи философтардың дүниетанымдық ұстанымы, батыстық адамның адамгершіліктік жетілуінің және кісілікке қайта оралуының жолы есебінде.

Мәдени талықсытпа және адамның одан шығу жолын іздестіруі. Мәдениет пен адам арасындағы жанжал. Адам өмір сүруінің қақтығыстары мен драматизмі, «бақытсыз сананың» қалыптасуы (психоанализ).

«Өзді-өзділікті  жоғалту» және бұқаралық мәдениет пен  мәдени идустрияның әсерінен бір  өлшемділікке ие болу. Бұқаралық қоғам  және мәдени индустрия жағдайларындағы «бір өлшемділік» күйін философиялық талдау (Г.Маркузе). Франкфурт мектебі философиясындағы жатсыну феноменін философиялық талдау. Ғылым мен техниканың мәселелері идеологиялық   репрессияның   құралдары   ретінде.   Идеологияның   жаңа түсінігі.

Философия мен ғылым мәртебесінін сыни қайта ойланылуы. Философия және ғылым мәдениет феномені ретінде. Логикалық, лингвистикалық позитивистердің философиялық ізденістеріндегі ғылымның логикалық-ряодологиялық моселелері. Аналитикалық философия. Сыни рационализм философиясы. Ғылым мен философия демаркациялануы мәселелері.

Батысеуропалық  мәдениеттегі «адамның өлуі» феномені және адамның Қайта оралуының  себептері мен жолдарын философиялық қайта ойластыру. Структурализм  философиясы. Постструктуралистердің философиялық ізденістері. Батыстық қоғамның генеалогиясы, социум мен адам өмірінің барлық салаларына биліктік қатынастардың еніп кетуінің матрицаларын екшеу. Билік пен білім контаминациясы мәселесі М. Фуко.

Постмодернизм рухани күй, өмір салты және философия  ретінде. Постмодернизм философиясының қалыптасуы. Постмодернистік ойлаудың өзіндік ерекшелігі. Постмодернизм философиясы және батыстық мәдениет негздемелерін сыии талдау. Постмодернистік философияның позитивтік бағдарламасы.

 

Өмір философиясы XIX ғасырдың аяғында қалыптасты. Ол өз бастауын Ф.Ницше (1844 - 1900) шығармашылығынан алады. Оның негізгі идеяларын В.Дильтей, Г.Зиммель, А.Бергсон, О.Шпенглер сияқты атақты ғалымдар одан әрі дамытады. XX ғасырдың 20-30 жылдары Европада кеңінен таныла бастаған.

Ағымның өзінің аты ондағы іздестірілетін іргелі ұғым «өмір» екендігіне шүбә келтірмейді.

Өмір – тірінің  болмысында ұдайы, шексіз шығармашылықпен  қалыптаса беретін, біртұтас алғашқы  реалдық, неорганикалыққа, дамымайтын, қатып – семгендікке, өшіп – сөнгендікке  қарсы тұрады.

Өмір ұғымының құрамына биологиялық та, мәдени – тарихи құбылыс та кіреді. Өмір әруақытта, тынымсыз, үздіксіз ұдайы қозғалыста болғандықтан, әлем оны танудың пәрменді жолы бола алмайды. Ғылым және оның бастауы болатын пайымдау өмір құбылыстарын жеке бөліктерге айыратын талдау әдістерін қолданады. Сөйтіп, ол заттар мен құбылыстың арасындағы байланысты анықтайды, шындықты адамның қажетіне қарай бейімдейді.

Бірақ, ғылым, жалпы адамның  парасаты әлемнің мәнін түсіндіре  алмайды. Өйткені, адамның парасаты белгілі бір мақсатқа бағытталған. Ал өмір кез келген мақсатқа ұмтылыстан әлдеқайда жоғары.

Информация о работе Философияның қалытасуы