Философияның қалытасуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 09:34, реферат

Описание работы

Философия мәнін түсіндірмелеудің негізгі типтері. Дүниеге қатынас және дүниетаным ұғымдары. Дүниетаным және дүниенің жалпы мәденилік суреті. Дүниетаным және фплософия. Философия пайда болуының тарихи-әлеуметтік детерминанттары. Мәдениет дүниесіндегі философияның қатынасы мен тағайыны. Философия адам құштарлығының әр түрлі төрт саласының - ғылым, поэзия, дін, логика - негіздемесі ретінде. Философия және мифология. Философия және дін. Философия және өнер. Философия және ғылым. Философия және саясат.

Работа содержит 1 файл

философ.doc

— 898.50 Кб (Скачать)

Сезім байлығы – адамның  рухани өмірінің жоғары әрі жан –  жақты дамуының қажетті шарты. Сезім  жұтаңдығы мен кедейлігі ұсақ, сүреңсіз, отбасы – ошақ қасындағы адамдарға тән. Адамның санасының қалыптасуында өзіндік сананың маңызын арнайы атап өткен жөн. Өзіндік сана адамның өзін - өзі түсінуін, дамытуын, сонымен қатар, айнала қоршаған дүниеге деген қатынасын, алдына қойған мақсаттарын, өзінің дүниедегі, қоғамдағы орнын бағалауды негіздейді.

Өзіндік сана арқылы адам өзінің коллективтегі орнын тауып  алады, өзінің іс - әрекетін ұйымдастыра  алады. Өзіндік сана дегеніміз –  адамның өзін - өзі танып білу деңгейі. Сана, өзіндік сана туралы айта отырып, қоғамдық сана ұғымын да анықтаумыз қажет. Өйткені, қоғамда олар бір – бірімен біте қайнасқан. Өзіндік сананың қалыпатасып, дамып жетілуінде қоғамдық сананың да ықпалы өте зор.

Ғылыми танымның аса  күрделі объектісі адамды зерттеу  жолында философиялық таным бірқатар ұғымдарды кеңінен пайдаланады.

Ең алдымен, әрине, адам ұғымы. Оның көмегімен тірі жандардың  ең жоғарғы түрі болып табылатын  «Homo - Sapiens» анықталады. Адам – табиғаттың «жеңісі», еңбек пен танымның, тарих  пен мәдениеттің субъектісі. Ақыл – ой оның ең бастапқы қасиеті, сол арқылы ғана ол басқа тіршілік иелерінен жеке бөлініп шыққан. Еңбек ете білу де оның аса маңызды белгісі. Адамның тіршілік етуінде құрал – сайман қаншалықты жағдай жасаса, тілі, әр түрлі қозғалыс, ымдау да ойды дамытуға соншалықты үлес қосады.

Бұдан бұрынғы дәстүрге сүйенсек, ғылыми әдебиеттерде адамның  қасиеттерін көрсететін «личность», «индивид», «индивидуальность» ұғымдарын  қазақ тілінде «тұлға», «индивид», «индивидуалдылық» деп айтылып  жүр еді. Осы тұрғыда философия ғылымдарының  кандидаты Сапар Оспановтың «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналының 1997 жылғы 9 – 10, 11- 12 сандарында жарық көрген «Азамат» ұғымын жаңғырту және оны өзінің ғылыми тұғырына көтеру» тақырыбындағы мақаласындағы ұсыныс көңілге тұрарлық екенін ескеруіміз қажет.

С.Оспанов этимологиялық, логикалық зерттеулер жүргізіп, орыс тіліндегі қажетті анықтамаларды  пайдалана отырып, «тұлға», «азамат», «пенде», «бодан» ұғымдарын ұсынады. С.Оспанов «личность» ұғымының қазақша  баламасын «азамат» деп қарастырады. Автор ұсынған дәлелдер орынды. С.Оспанов, ең алдымен, қазақ халқының ұлттық дүниетанымында азамат туралы ескіден қалған, құлаққа сіңген, ойға медет болып жүрген: «Алаштың азаматы», «Ауылдың бас көтетер азаматы», «Қылшылдаған азамат», «Әй, азаматсың!», «Азаматпын десең атқа қон!», «Азамат болмадың», «Азамат болмай шықтың», «Сені азамат екен десем ...», «Өсіп азамат болыпсың» деген сияқты тұрақты сөз тіркестерін еске салмақпын» деп жазады.

Автор атап көрсеткен  сөз тіркестерінде дәстүрлі қазақ  қоғамындағы «азамат» ұғымының үлкен жүгі мен мақсаты анықталған.

Азамат сөзінің мәнін  Ш.Уәлиханов та ашып көрсеткен. «Азамат  – кәмелетке келіп, еншісін алған  туыстарнан тәуелсіз, үйлі баранды  адам» дегенді білдіреді.

Байырғы қазақ дүниетанымында осы мағынада азамат ұғымын жиі пайдаланады. «Кеше ғана жап – жас бала еді, өмір деген сол ғой шіркін, бүгін азамат болыпты» деген тіркесте ауыз екі әңгіме «азамат» сөзін жиі естуге болады.

«Азамат» деп салыстырмалы еркіндігі бар, өз өмірін өзі ұйымдастыра  отырып, өз іс - әрекетіне толық жауап бере алатын, сонымен қатар, отбасы мен қоғам алдындағы міндеттері мен жауапкершілігін сезінетін, мүдделерін қорғай алатын адамгершілігі мол, саналы, құрметті адамды айтамыз.

С.Оспанов әлеуметтік философияның соңғы жылдары тереңдетіп дәлелдеген «личность» туралы ең басты тұжырымдарына тоқталады.

«Личность» болудың  басты шарттарының бірі – ол адамның  әрекеттерінің, өмірлік, мақсат мүдделерінің, имандылықтың шарттары негізінде өлшенуі, солармен салыстырылуы. Бұл «личность» - тың тікелей әлеуметтік және жеке адамның, нағыз азаматтың мәнісін ашады. Бірақ бұнда нақтылап бір айта кететін нәрсе: бұл адамның айтылған қасиеттері тек қана жоғары саналықты ғана көрсетуі емес. Көп адамдар тек «әдеттегідей қатардағыдай» адамдар ғана, ал кейде тіпті нашар, имансыздық, қылмыстық істерге дейін баратын адамдарда бар. Оған өмірдің өзі дәлел. Бірақ бұдан олар «азаматтар» қатарына жатпайды деген аікір туындамайды. Себебі, кез келген адамда, егер оның ақыл – есі ауысып кетпеген болса, әрқашан имандылықтың, әдептіліктің белгілі бір деңгейі болады, яғни, белгілі бір «азаматтық келбетсіз» адам болмайды. Тек ол біреуде жоғары, біреуде төмен, бір адамның өзінде де белгілі бір кезеңде жақсы, екінші бір кезеңде нашар, ал үшінші бір жағдайда, «имансыздың» шегінде де болуы мүмкін».

Қазақ дүниетанымында «кісі» деген сөз бар. Ол әлі талқыланып, философиялық әдебиетте өзіне лайық  орнын таба қойған жоқ. Оған көңіл  аударған Ғ.Есім «Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол» деген Абай сөздеріне  талдау жасай отырып, байқайсыз ба, Абай «біреудің кісісі» деп отыр, демек «кісі» деген оның иесіне байланысты айтылған ұғым. «Кісі» деген әлі индивидуализацияға түсе қоймаған «біз» деген философияға  сай ұғым» - деп жазды.

«Кісі» сөзінен «кісілік»  ұғымын туындайды. Философиялық әдебиетте  «кісілік» ұғымына бірінші анықтама берген де Ғ.Есім. Ол анықтама да Абай өлеңдерінен туындаған, яғни «адамның» тауып айласың, «кісілікті ойламай» - деген тіркесіне назар аударайық.

«Адамның айласын» табамын  деп жүріп, кісілікті ұмытып кетуге әбден болады. «Адамның айласы дегеніміз – мінез – құлық, адамгершілік, кәсіпкерлік құпиялары. «Адамның күні адаммен» деген принципті жақсы ұғынып алған адамдар қалайда «адамның айласын» тауып, оның көңіліне, назарына ілінуге тырысады. Әрине, күйкі тіршіліктің күйбені әр адамды осындай бейшара күй кешуге мәжбүр етеді. Кісілік те пендешіліктің құрбаны болып кете барады». Бұдан өткен сорақылық бар ма? Күнделікте өмірде, бұл әркімнің басында болатын қайшылық. «Кісілік» деген адамның намысы, өзіне - өзі жасайтын құрметі, өзін - өзі сыйлауының белгілі бір деңгейі, кісіліксіз адам – тағдыр тәлкегіне түскен – мүсәпір. Кісіліктен бір арылып қалған сананың ендігі жерде өз - өзіне келіп, толысуы екі талай іс. Абайдың айтып отырғаны осы мәселе. Керек адамның көңілін табамын деп жүріп «кісіліктен» айырылып қалуға болмайды, өйткені, «кісілік» адамның өзегі, оны жетілген адам дәрежесіне көтере алады.

«Индивид» ұғымы жеке адамды білдіреді деп жүрміз. Бұл  жерде де С.Оспановпен келісуге болатын  сияқты өйткені «жеке адамды»  орысшаға аударсақ «отдельный человек» деген мағына береді ғой.

«Пенде» ұғымы – индивид  ұғымына сай келеді. Пенде қатардағы  тірі жан, көптің бірі болып «жарық дүниеде өмір сүруші». Пенде, пендешілік біздің сана – сезімізде жағымсыз мінездің, ұсақтылықтың синонимі болып  қалыптасып кеткендіктен, оған бірден үйреніп кету оңай емес. Бірақ бұдан былай «пенде» ұғымы төңірегінде ойланып, ізденіс жасау артық емес.

«Тұлға» деген сөзді  І.Кеңесбаев қазақ тілінде батырлықты, ел қорғаны, басқаның сүйеніші, таянышы  болғанды белгілейтін ұғым деп анықтаған.

Яғни, тұлға болу кез  келген адамның қолынан  келе бермейді. Оның ерекше қасиеттері бар, ол көптен бөлініп, дараланып тұрады. С.Оспановтың сөзімен айтсақ, «азамат әр адамның  имандылық, әлеуметтік сана – қасиеттерін  білдіретін болса, пенде болу көптің бірі болу ғана болса, тұлға болу дегеніміз елден ерекше болуды, қатардан алға бөлініп шығуды қажет етеді».

Тұлға орыс тіліндегі  «индивидуальность» ұғымына сәйкес келеді деп анықтауға толық негіз  бар.

«Азамат» ұғымын пайдалана  отырып, философия адамның тәрбие, өзіндік тәрбие, рухани – практикалық іс - әрекет нәтижесінде қалыптасқан әлеуметтік қасиеттерін түсіндіреді.

Адам болу мүмкіндігі әр уақытта өзін дәріптеуден емес, қайта басқалар әлеміне көңіл  қою мен түсіндіруден басталады  және жалғасады.

Өзіндегі дара, жеке индивидуалдық болмысына қарамай, шындық қисынына сәйкес әрекет ету мүмкіндігіне сүйене отырып, адам өзін - өзі  қалыптастыру қабілетіне ие бола алады, өзін ерікті, шығармашылық сипатта қайта құра алады, қалыптастырады, жетілдіреді.

Қазіргі тұлғаларға білімділіктің, әлеуметтік белсенділіктің, іскерліктің жоғары деңгейі тән. Қазіргі адам – бұл демократиялық және жалпы адамзаттық құндылықтар мен идеалдарды бойына сіңірген адам. Ол өз тағдырын халқының, жалпы қоғамның тағдырынан бөлек қарамайды. Дарын және данышпандық ұғымы – адамның мәндік күштері мен қабілеттерінің мүмкіндігін анықтайды. Данышпандық – бұл адамның шығармашылық творчестволық дарының ең жоғарғы көрінісі.

Данышпанның жасаған  еңбегі – тың, үлкен жаңашылдығымен, өрістілігімен, қоғам үшін аса маңыздылығымен ерекшеленеді.

Данышпан – бұл  бүкіл адамзаттық мәселені шешуге қабілеттілік және бүкіл бір дәуірге, тарих  заңдылығына ерекше із қалдыру мүмкіндігі. Адамзат әртүрлі халықтар мен  елдердің байланысы нәтижесінде  қалыптасатын қауымдастық. Ол – халықтың біртұтас мәдениеті мен жалпы тарихтың жемісі. Біртұтас адамзаттың қалыптасуы ұлы географиялық жаңалықтардың ашылу заманынан басталып, осы замандағы ғылыми – техникалық революция қарқынымен одан әрі жалғаса түсуде.

Адам – бұл, ең алдымен, тірі жүйе. Ол руханилық пен биологиялық негіздердің бірлігі болып табылады. Бұл жүйеде адамның биологиялық түр ретінде өмір сүруін қамтамасыз ететін организмдің – құрылымдық негіз бар, оған адамның әртүрлі органдары кіреді. Психикалық деңгей -  бұл адамның орталық жүйке жүйесінің іс - әрекеті. Оның сана – сезімдік деңгейі әртүрлі күрделі ойлау процестері түрінде көрініс табады.

Адам табиғатынан белсенді, іс - әрекетке бейім. Ол өзінің өмірі  мен тағдырын өзі жасайды. әртүрлі  іс - әрекетке икем. Еңбек ету, саясат, таным, тәрбие адамның жаңа әлемді тудырушы ретіндегі тіршілігінің негізгі тәсілі болып табылады. Осындай белсенділігі арқылы ол өзінің өмірде бар екенін, осы өмірдегі иесі екенін басқаларға білдіруді мақсат етеді. Адамның мүмкіндігі өте мол. Ол сурет салады, кесте тоқиды, спорт пен көркем өнердің, саясат пен ғылымның алуан түрлерімен айналысады. Сөйтіп, адам өмірде өзінің бойындағы қабілетін іске асыруға басқаларға ұқсамайтын өзіндік қолтаңбасымен ерекшеленуге тырысып бағады. Адам өмірде де бір – біріне ұқсамайтын өзіндік мінез – құлық еркекшелігімен дараланса, өнерде де өз қолтаңбасымен даралануға ұмтылады.

Адам өзі де, өзімен қоршаған ортаны да өзгертіп отырады, үздіксіз өзгеріп, дамып, құбылып тұратын  жаратылыс әлемін жүйелейді, тәртіпке келтіреді, тұрақты, маңызды құбылыстарды саралайды, таразылайды, сезіне отырып, сыр – сипатына үңіледі, таниды. Осы толғау, таңдау ерекшелігімен – ақ адам баласының айқын мақсаты, табиғатқа «өзіндік қатынасы» (Л.Толстой) көрінеді.

Іс - әрекет адамдардың негізгі  тәрбиешісі, жол бастаушысы. Іс - әрекет арқылы ғана адам өзін - өзі жасайтын тіршілік иесі бола алады. Ол мәңгі бітпейтін, аяқталмайтын мүмкіндік, өйткені, әр уақытта ізденіс үстінде, ұдайы тынымсыз іс - әрекетте. Ғаламның суық та, қатал, әрі үйлесімді заңдылықтары адамның рухани энергиясымен жылына бастады, түрлене, құлпыра түсті.

Адамдар өз мүмкіндігін  қоғамдық ортада басқалармен қарым  – қатынас жасау арқылы іске асырады. Қарым – қатынас алғашқыда  «мен» және «сен» деп бөлінуден  басталады да, әр адам өізінің «менің» басқалармен қарым – қатынаста танытуға тырысады.

Әр адамның өмірдегі қабілеті мен іскерлігі адам арасындағы қарым – қатынаста ашылып, белгілі  бола бастайды.

Адам биологиялық ақпаратпен қатар әлеуметтік ақпаратты да иеленеді. Адам болмысының толыққандығының маңызды белгісі оның өткенімен және болашағымен байланысуды тек сезіну – түсіну ғана емес, бұл рухани қарым – қатынастың адамның қазіргі болмысының жан – жақтылығымен, тереңдігімен өлшенеді.

Адам өзінің тарих  көшінде алғашқы іс - әрекетін түсіну, игеру қадамдарын өзін қоршаған заттар мен нәрселерді бағалаудан бастаған. Ол эволюцияның бір деңгейінде «құндылықтар әлемін түзей бастады және оған үлкен құрметпен қарап, өзінің дүниетанымын, іс – қимылын екшей түсті».

Заман өзгеріп, заң түрленіп, көптеген бұрын – соңды болмаған құбылыстар туындап отырғанына қарамастан адам болмысының негізін құрайтын тіректер болып рухани құндылықтар қала бермек.

3. Қазіргі уақытта  біз адамның рухани дамуы туралы  көп айтып, жазып жүрміз.

Жалпы руханилық дегеніміз  рухқа жақын болу дегенді білдіреді. «Рух» ұғымы табиғи болмыстың жоғары деңгейін немесе өмір мен ақыл – ойдың жетілген, әдеміленген, әбден пісіп – жетілген күйін сипаттайды.

Адамның рухани дамуы  – ақылды, ғарыштық жан ретіндегі  мәнінің жан – жақты жетілуі. Оның ең маңызды белгілері.

    • тұлғаның этикалық принциптерінің нығаюы және дамуы;
    • эгоизмнің барлық түрі мен мінездің нашар сипаттарын жеңу;
    • эмоциялық сезімдерді тежеп, оны рухтың бақылауына бағындыру;
    • табиғи мүмкіндіктері мен қабілеттерінің жетілген түрін дамыту;
    • ақыл – ойын кеңейту;
    • адамның ғарыштық мүмкін күштерін ашу және оны дамыту;
    • психикалық энергияны дамыту;

яғни, адамның рухани дамуында шек жоқ.  

 

20-лекция

Әлеуметтік  философия

 

Әлеуметтік  философия предметі. Қоғам феномені. Қоғам пайда болуы (генезисі).    Антропосоциогенез.    Қоғам    өмірінің   күрделіленуі.    Саясат. Мемлекет. Қоғамдық келісім идеясы. Азаматтық қоғам. Биліктерді бөлісу идеясы.    Мемлекет    пен    қоғамның    ажырасуы.    Қоғамның    әлеуметтік құрылымы.  Қоғам  динамикасы.  Қоғамның экономикалық  негіздемелері. Әлеуметтік модернизм. Еңбек қажеттілік ретінде. Адам болмысын еңбекке телу (редукциялау). Еңбек қабілет ретінде. Өндірмелі және өндірімсіз еңбек. Әйел еңбегі. Еңбекті бөлісудің гендерлік аспектілері.

Информация о работе Философияның қалытасуы