Зияты бұзылған 3-5 сынып оқушылардың жазбаша сөйлеу тілі бұзылыстарының сипаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 22:44, дипломная работа

Описание работы

Бүгінгі таңдағы арнайы педагогиканың өзекті мәселелерінің бірі зияты бұзылған оқушыларының жазуында қездесетін қателерді жан жақты қарастыру және анықтау.

Содержание

Кіріспе .......................................................................................................3

1 . Жазудың ғылыми теориялық негіздері.

1.1 Жазбаша сөйлеу тілі қалыптасуының психофизиологиялық психологиялық –педагогикалық және лингвистикалық негіздері.............................................................................................................5

1.2Жазбаша сөйлеу тілінің бұзылу себептері және түрлері ................11

1.3. Жазбаша сөйлеу тілінің бұзылу жағдайында кездесетін қате түрлерінің жалпы сипаттамасы......................................................................19
Зияты бұзылған оқушыларының жазбаша сөйлеу тілі бұзылуының ерекшеліктері....................................................................................................23



2. Зияты бұзылғанбастауыш сынып оқушыларының жазуындағы кездесетін қателердің еркшеліктері.

2.1. Зерттеудің әістемесі..................................................................................33

2.2. Зерттеудің нәтижелері................................................................................35



3. Зияты бұзылғаноқушыларының жазу дағдыларын қалыптастыру жұмысының негізгі бағыттары.......................................44

Қорытынды......................................................................................................50

Әдебиеттер тізімі..............................................................................................52

Работа содержит 1 файл

Көмі мек баст сын оқушы-ң жазуындағы кездесетін қателердің еркшеліктері.doc

— 400.00 Кб (Скачать)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Көшіріп жазудағы қателер

       

 Барлық сынып оқушыларының  көшіріп жазуындағы қателер жат   жат  жазуларындағыдай қателер  жиі кездесетіні байқалды. Нәтижесі  №2 кестеде қарастырылған: 3-4-5 сынып оқушыларының көшіріп жазуындағы қателерінің жиі кездескені сөздің дыбыстық құрамындағы қателер болып табылады. Оның ішіндегі дауыссыз әріптің түсіп қалуы. Ондай қателер үшінші сыныпта 16,6% төртінші сыныпта15,9% бесінші сынып оқушыларында 12,7% құрады. Мысалы:  Жаппас - Жапас, белгілі - белілі, ұстаз - ұсаз, күзде - күзе, сырғанақ -сыранақ, жақсы - жасы, қобызшы - қобышы.

 

 

Көшіріп жазу жұмысында кездесетін қателер санаының (%)

пайыздық  көрсеткіші.

2-кесте

          сыныптар

 

қате түрлері

 

    3

 

    4

 

     5

 

дауысты

айтылуы бойынша алмасу

 

Сөздің  дыбыстық  құрамындағы   қателер

 

    4.6

 

   3,4

 

  2,9

 

дауыссыз

 

    8,3

 

   6,3

 

  4,9

 

дауысты

әріптің  түсіп қалуы

 

    5,7

 

    5

 

   5,5

 

дауыссыз

 

    16,6

 

   15,9

 

   12,7

 

дауысты

 

әріпті қосу

 

    2,7

 

   1,4

 

   2,9

 

дауыссыз

 

    2,7

 

   1,5

 

   3,8

 

буынның түсіп қалуы

 

    4,6

 

    3,4

 

   2,9

 

сөзді бірге жазу

Лексико-грамматикалық қателер

 

 

    7,4

 

   5,4

 

   4,9

 

сөзді тастап кету

 

    7,4

 

   5,8

 

    5

 

сөздегі жалғаулардың түсіп қалуы

 

    3,7

 

   3,2

 

   2,9

кинестикалық ұқсастығы бойынша  қателер

графикалық

қателер

 

    3,7

 

   3

 

   4,9

Оптикалық ұқсастығы бойынша қателер

 

    6,4

 

   6,3

 

   5,9

Емлелік және тыныс белгілеріндегі қателер

 

   15,7

 

  15

 

   14,9


 

 

 

         Оқушылардың көбісі қатар келген  дауыссыздың біреуін түсіріп  жазған және бірдей дауыссыздың  бірін тастап кетуі байқалады.  Осы топтағы қателердің ішінен  екінші орынды айтылуы бойынша  дауыссыздың алмасуы алады екен, үшінші сынып 8,3% төртінші сынып 6,3% бес алтыншы сыныптардан 4,9% көрсетеді. Мысалы: аспабы -асбабы, қобызшы- қобышшы, ақ -ағ, жаққа- жағға, мұз -мұс, табиғат –тапиқат.Көбінесе п-б, қ- ғ, з-с кездескендігі байқалады.

            Сонымен қатар емле және тыныс белгілеріндегі қателер үшінші сыныпта   15,7%төртінші сыныпта 15% бесінші сыныпта 14,9%  құрады. Кісі аттарын кіші әріппен жазу, сөйлемнің шегін білмеу, яғни нүкте қоймау, үтірді тастап  кету сияқты қателер болып табылады.    

           Ең төменгі көрсеткішке сөздің дыбыстық құрамындағы қателер ішіндегі сөзге дауысты артық әріпті қосу қатесі ие болып отыр.

Жазудың түрлеріне қарай  қателердің түрлеріне тоқталайық. Қателер түрлерінің жазудың түріне байланысты өзгеруін №1 және 2 суреттегі диаграммалардан көрүге болады. Диаграммаларда жазудың бұзылыстары қателердің топтары бойынша ұсынылған, ал жеке түрлерін алатын болсақ олардың өзрегуі келесідегідей:

Үшінші сынып оқушыларының диктант жазуындағы қателері сөздің дыбыстық құрамындағы қателер ішіндегі  айтылуы бойынша дауыссыздың алмасуы ең бірінші орынды 19,4% құрайды. Ал, көшіріп жазуда айтылуы бойынша дауыссздың ауысуы 11,1% азайғандығы байқалады. Емлелік және тыныс белгілерінднгі қателер диктант жазуда 16,3%құрса, көшіріп жазуда 0,4% кеміген. Сөздегі әріптің түсіп қалуы диктант жазуда 16,3% көрсетіп, көшіріп  жазуда 6% артып кеткендігін байқадық. Лексикалық және грамматикалық қателердің ішінде көшіріп жазуда сөзді бірге жазу мен сөзді тастап кету 7,4% көрсетсе, диктант жазуда сөзді тастап кету 2,5% азайған.

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 1

Зияты бұзылғанбастауыш сынып оқушыларының диктант жазуында қателер турлерінің топ бойынша бөлнуі

Сурет 1

Зияты бұзылғанбастауыш сынып оқушыларының көшіріп жазуында қателер турлерінің топ бойынша бөлнуі

 

Төртінші сынып оқушыларын салыстыратын болсақ, диктант жазуда сөздің дыбыстық құрамындағы қателердің ішіндегі дыбыстың айтылуы бойынша алмасуы 34,3%, көшіріп жазуда 9,7% көрсетеді , яғни көшіріп жазу жұмысында 24,6% азайған. Керісінше әріптің түсіп қалуы көшіріп жазуда 20,9%,диктант жазуда 1,5% құрайды, яғни 5,9% азайғандығы байқалады.

Графикалық қателер  бойынша салыстырар болсақ диктант жазуда 3,6%  көшіріп жазуда 9,3% бұл дегеніміз көшіріп жазуда графикалық қателер 5,7% көбейіп кеткен.

       Бесінші сынып оқушыларының диктант жазуында ең көп қатені емлелік және тыныс белгілеріндегі қателер 23,3%  құрайды, ал осы қате түрі  көшіріп жазуда 14,9% көрсетті.Екінші орында диктант жазу бойынша айтылуы бойынша дыбыстарды алмастыру 35,1%өқраса, көшіріп жазуда 7,8%, яғни  27,3% төмендегені байқалады. Үшінші орында диктант жазу бойынша әріптердің түсіп қалуы 13,7% көшіріп жазуда 18,3% құрады, сонда көшірі жазуда 4,5% артып кеткенін байқап отырмыз.

      Сонымен  зерттеудің нәтижесінде зияты бұзылғаноқушыларының (3-4-5 сынып) жазу жұмыстарында кездесетін қате түлерін талдадық. Қатенің барлық түрлері жазудың қай түрі болмасын кездесетінігін байқадық. Дыбыстық дұрыс жазу зейінің жеткілікті  сақталған жағдайдағы есту, көру кеңістікті бағдарлау және жалпы қиылдық қабылдау және елестеріне сүйенетіндігін білеміз. Жазуда кездесетін қиындықтар негізінен зияты бұзылғаноқушыларының жеке психо – физикалық бұзылыстарына байланысты деп есептейміз. Оқушылардың танымдық әрекетінің бұзылуы салдарынан сөздегі орфографиялық қиыншылықтарды сезінбейді, ережелердің мағынасын түсінбейді, оларды жазу барысында қолдану қажеттілігін есепке алмайтындығын аңғардық, ереженің мәнін түсінбестен, оларды механикалық түрде жаттап алып, оларды жазу барысында қолдану кезінде көп қателер жіберетіндігін көріп отырмыз.

Қате саның көптігі зияты бұзылғаноқушыларының талдау- жинақтау жасау әрекеттерінің толық қалыптаспағандығына байланысты деп болжаймыз.

        Зияты бұзылғаноқушыларына қатаң, ұяң дауыссыз дыбыстарды және жуан, жіңішке дауыстыларды жазу ережелері, айтылуы мен дыбысталуы ұқсас дыбыстарды ажырату өте қиын екендігін жіберілген қателер дәлелдей түскендей. Қатаң, ұяң дауыссыз дыбыстарды дұрыс жазу қосарлы қатаң және ұяң дауыссыздар сөз соңында ұқсас айтылады, бірақ жазылуы әр түрлі болатындығын рқушылар ескере білмейді.

        Жазудың қалпына жазу жұмыстарының  түрі де әсер етеді.Оқушыларға  көшіріп жазуға қарағанда диктант жазу қиынға соқты. Дегенмен екі жазу түрінде де барлық қате түрлері кездесті. Оқу барысында сыныптан сыныпқа қателердің өзгергені байқалды. Қате түрлерінің көлемі әр түрлі болып азайған.Ең тұрақты қате, сақталған қате түрлері болып: әріпті алмастырып жазу, әріп түсіру, емлелік қателер болып табылады.

 

 

ІІІ. Зияты бұзылғаноқушыларының жазу дағдыларын қалыптастыру жұмысының негізгі бағыттары

Жазуды түзетуде логопедиялық жұмыстың мақсатын кеңейтетін, баланың  жазуға даярлығы сөзсіз функциялардың (сонымен қатар кеңістік-уақыттық машықтану) пісіп жетілуін керек  етеді. Ақаулы немесе пісіп жетілмеген функциялардың өтемақысы жеткілікті құрылған функциялардың қолдауымен, жазуға қатысатын барлық анализаторлардың іске асырылуымен  қамтамасыздандырылады. Түзету жұмысының нәтижелігі ортақ дидактикалық қағидалар есебі және көп түрлігі мен іске асады. Баланың психикалық есебі олардың логопедиялық сабаққа деген жағымды қарым-қатынасын бір жүйелейді. Көбіне олар эмоциялық сөздік материал, ойын түрлері. Ойын жұмысында  оқушылардың  қажеттілігіне жауап беру мен қатар жазу бұзылуын түзетуге жағымды жағдайлар құрылады.

Түзету жұмысының негізгі  қағидалар:

  • сақталған анализаторларға сүйене отырып жұмыс жасау (толық дамыған анализаторларды жүзеге асыру);
  • алдын ала ауызша тілін дамыту (жазбашадан бұрын);
  • баланың психологиялық ерекшелігін ескере отырып жұмыс жүргізу;
  • ойлау әрекеттерін кезектілікпен қалыптастыру (жеңілден ауырға біртіндеп көшу);
  • тапсырмалармен сөздік материалдарды біртіндеп күрделендіру;
  • жүйелік қағидасы;
  • онтогенетикалық қағидасы.

Жоғарыда аталған авторлар дисграфия түрлерін (артикуляция-акустикалық, тілдік талдау мен жинақтауындағы диография, аграмматикалық, оптикалық дисграфия) бөле отырып, жазу тілінің бұзылуын жоюдағы логопедиялық жұмыс әдістемесін ұсынды.

Фонемді танудағы бұзылу негізіндегі артикулярлы-акустикалық  дисграфияны түзетудегі фонематикалық  қабылдауын дамыту. Дыбысты анықтауы бекіту жұмысы әр түрлі анализаторларға сүйенеді (сөйлеу-есту, қимыл-сөйлеу, көру, т.б.) Естіп айтуын ажыратуда фонематикалық талдау мен жинақтау байланысты жүрсе, жақсы нәтиже береді. Логопедиялық жұмыста дыбыстарды машықтандыруда фонематикалық талдау, жинақтау,а арналған мапсырмалар беріледі.

Аралас дыбыстарды ажыратуға  логопедиялық жұмыс екі кезеңнен тұрады:

  • алдын алу кезеңі (әр аралас дыбыстармен жұмыс)
  • аралас дыбыстарды есту және айтуында ажырату.

Бірінші кезеңде әр аралас дыбыстардың айту мен есту бейнесін кезектілікпен анықтайды. Жұмыс барысы келесі жоспармен жүргізіледі: артикуляцияны анықтау және көру, есту, тактильді қабылдау, кинестетикалық сезіну арқылы дыбыстың айтылуын анықтау, буын құрамында оны бөлу, сөзде орнын анықтау (басы, ортасын, аяғын), басқа дыбыстар қатарындағы орны (санақ бойынша нешінші естіледі), тексттер, сөйлем арасынан бөліп алу.

Екінші кезеңде аралас дыбыстарды айту және есту жоспарында сәйкестендіру өткізіледі. Бұл жердегі  негізгі мақсат оларды ажырату болып  табылады, сондықтан сөзді материалдар аралас дыбысты сөздерден тұрады.

Жұмыс барысында әр дыбыс  белгілі бір әріппен сәйкестендіріледі. Дисграфияны түзетуде жазу жұмыстары  үлкен орын алады. Артикулярлы –акустикалық дисграфияда дыбыс айту бұзылуын түзету жұмыстары жүреді.

Тілдік талдау-жинақтауының бұзылуындағы, фонематикалық дисграфияны түзетудегі, тілдік талдау-жинақтауын дамыту. Дыбыс саны мен реттілігін, сөйлемдегі сөздің орнын таба білуін келесі тапсырмаларды орындау арқылы құрастыруға болады:

  • сурет бойынша сөйлем құрап, сөздегі санын анықтау;
  • белгілі мөлшердегі сөздер арқылы сөйлем құрау;
  • сөз мөлшерін көбейтіп, сөйлемді кеңейту;
  • берілген сөйлем бойынша графикалық схема құрап, сол арқылысөйлем құрау;
  • сөз орнын сөйлемде анықтау;
  • тексттен сөйлемді бөліп алу;
  • берілген сөйлемнен сөздің санына сәйкес, санды көтеру.

Буындық талдау, жинақтауды дамытуда көмекші әдістер қажет. Мысалы: сөзді буындар арқылы, олардың  санын шапалақтап немесе тарсыл арқылы білдіру.естіп талдауын сөздік жоспармен  дамытқанда сөзде дауысты дыбысты  бөліп алудан бастайды, буындық бөлінудің негізгі ережесін үйренеді: «сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады». Буындық бөлуде дауыты дыбысқа сүйену дауысты дыбыстарды тастап кету немесе дауыстыларды ажырату және сөзде дауыстыларды бөлу жұмысы қайталанбалы жүруі керек. Дауысты дыбыс пен дауыссыз дыбыс сипаттамасы ажырату белгілері беріледі (артикуляциялық айырмашылықтары). Бекітуге мынандай әдіс қолданылады:

  • логопед дыбыстарды айтады, оқушылар дауысты дыбыс болса қызыл жалау көтереді, дауыссызда көк жалау көтереді.
  • Дауысты дыбысты буын мен сөзде бөліп алу жұмысы жүреді.

Ол үшін бір күрделіліктегі сөздер беріледі (от, ор, тас, бас). Балалар  дауысты дыбысты анықтап оның сөздегі орнын табады. Сөздік графикалық схемасын қолдануға болады. Дауысты  дыбыстардың сөзде орналасуына  қарай шеңбер (дөңгелек) басында, ортасында, аяғында қойылады. Одан кейін екі немесе үш күрделі сөздер материалымен жұмыс жүргізіледі: сөзде дауыстыларды атау, айтылуы жазылуынан ажырытылмайтын сөздер алынады; берілген сөзден тек дауысты дыбыстарды жазу; дауысты дыбыстарды бөліп алып, сәйкес әріпті табу; дауысты дыбыстардың құрылуына қарай суреттерді қою.

Буындық талдау мен жинақтауда бекітуге келесі тапсырмалар ұсынылады:

  • сөзді буындап қайталау, буындық санын санау.
  • Айтылған сөзде буын санын анықтау, сәйкес санды көтеру.
  • Буындық санына байланысты суреттерді екі топқа бөлу.
  • Аталған суреттен бірінші буынды бөліп алып, жазу.
  • Буындарды сөзге, сөйлемге біріктіру, пайда болған сөзді, сөйлемді оқу.
  • Сурет арқылы сөз құрау.
  • Буындар арқылы сөз құрау.
  • Берілген буын санына қарай сөйлемнен сөзді бөліп алу. Фонетикалық талдау, жинақтауын дамыту.

Информация о работе Зияты бұзылған 3-5 сынып оқушылардың жазбаша сөйлеу тілі бұзылыстарының сипаты