Зияты бұзылған 3-5 сынып оқушылардың жазбаша сөйлеу тілі бұзылыстарының сипаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 22:44, дипломная работа

Описание работы

Бүгінгі таңдағы арнайы педагогиканың өзекті мәселелерінің бірі зияты бұзылған оқушыларының жазуында қездесетін қателерді жан жақты қарастыру және анықтау.

Содержание

Кіріспе .......................................................................................................3

1 . Жазудың ғылыми теориялық негіздері.

1.1 Жазбаша сөйлеу тілі қалыптасуының психофизиологиялық психологиялық –педагогикалық және лингвистикалық негіздері.............................................................................................................5

1.2Жазбаша сөйлеу тілінің бұзылу себептері және түрлері ................11

1.3. Жазбаша сөйлеу тілінің бұзылу жағдайында кездесетін қате түрлерінің жалпы сипаттамасы......................................................................19
Зияты бұзылған оқушыларының жазбаша сөйлеу тілі бұзылуының ерекшеліктері....................................................................................................23



2. Зияты бұзылғанбастауыш сынып оқушыларының жазуындағы кездесетін қателердің еркшеліктері.

2.1. Зерттеудің әістемесі..................................................................................33

2.2. Зерттеудің нәтижелері................................................................................35



3. Зияты бұзылғаноқушыларының жазу дағдыларын қалыптастыру жұмысының негізгі бағыттары.......................................44

Қорытынды......................................................................................................50

Әдебиеттер тізімі..............................................................................................52

Работа содержит 1 файл

Көмі мек баст сын оқушы-ң жазуындағы кездесетін қателердің еркшеліктері.doc

— 400.00 Кб (Скачать)

Аталған функциялардың  кейбіреулерінің қалыптаспауы жазуды меңгеру процесінің бұзылуына әкелуі мүмкін – дисграфия.

          Дисграфия – қалыптағы жазу  процесін  жетілдіретін жоғарғы  психикалық функциялардың дамымауымен  негізделеді. Дисграфия терминімен  жазудың бұзылғаны көрінеді. Төменгі  сынып оқушыларына қолданғанда оның бұзылыстары туралы емес,жазу дағдыларының қалыптасуындағы қиындықтар көрсетіледі. Дисграфиялық негізгі симптомы-спецификалық қателер болып есептеледі. Көптеген шетел зерттеушілерінің көзқарастары жазу және оқудың бұзылуымен негізделеді деген көзқарасқа келеді.

           Жазудың спецификалық қатесі,яғни  граматикалық ережені қолдануға  байланысты емес қателер, логопедиялық  жердің болмауынан оқушылардың  жазуында және келесі оқу жылында  да, жазуда сақталады, дисграфия   бұл уақытта дизорфографиямен күрделенеді.  

 

 

1.3. Жазбаша сөйлеу тілінің бұзылу жағдайында  кездесетін қате түрлерінің жалпы сипаттамасы

Левина Р.Е., Садовникова  И.Н., Спирова Л.Ф., Ястребова Г.Р., Корнев А.Н. т.б. авторлардың ғылыми жұмыстарында жазудың бұзылуының себептері, сипаттамасы, қателердің түрлері, түзету жолдары кеңінен қарастырлады. Жазуда кездесетін қателерді бірнеше топқа бөледі:

  • дыбыстық құрамындағы қателер;
  • сөздің лексико-грамматикалық жағындағы қателер;
  • графикалық қателер;
  • орфографиялық қателер.

Дыбыстық  құрылуындағы қателерге келесі қате түрі жатады:

-Дыбыс алмастыру. Бұл  қателер дыбысты дұрыс айыра  алмауынан болады. Оған (п-б, т-д,  к-г, ф-в, ш-ж, с-з) дыбыстары  жатады. Сонымен қатар жиі ысқырық,  ызың (с-ц, ж-з, щ-ц-ч-ц, т.б.) дыбыстарды  алмастырулар жатады. Сонымен қатар «м» мен «н» дыбыстарын ажырата алмауы да кездеседі.

Лексико-грамматикалық  қате түрлеріне:

  • сөздерді алмастыру
  • сөзді тастап кету
  • сөз қосу
  • сөздердің орнын ауыстыру жатады.

Бұл қателер 6-7 сынып оқушыларының грамматикалық құрылымдарды толық  игермегендіктерінен, септіктерді дұрыс қолдана алмауына қателер 6-7 сынып оқушыларының грамматикалық құрылымдарды толық игермегендіктерінен, септіктерді дұрыс қолдана алмауынан болады.

Сөздерді алмастыру, қосу, тастап кету, қайталану қателерін  жазуды жоспарлаудың бұзылуы ретінде қарастыруға болады. Бұндай қателер сау балаларда да кездеседі.

Ақыл ой кем балалардың зейінің тұрақсыздығынан, есте сақтауының нашарлығынан т.б. жағдайлардан екі  есе қиындық жазуда туады. Кей  уақытта бір сөздің жазылуында оқушылар ұзақ сенімсіз болып, келесі жазатын сөзін ұмытып, тек алғашқы сөздерін жазады.

Орфографиялық қателер. Ақыл ойы кем оқушыларда да қалыпты  балаларда да кездеседі. Ақыл ойы  кем оқушыларда механизмдердің тәсілі әріптің алмасуымен күрделенеді. Сонымен, сөздің құрылуы дыбыс айтудың бұзылу кезінде өтуіне, сөз қорының аздығына байланысты бұнда қате түрі жиі кездеседі.

Графикалық қателер  түрі:

  • оптикалық ұқсастығы бар дыбыстарды алмастыру
  • кинестетикалық ұқсастығы бар дыбыстарды алмастыру.

Оптикалық ұқсас әріптерге: а-о, б-д, и-у, н-м, л-м, ч-в, н-ю, ч-р жатады.

Оқушы әріптердің бірінші  элементтерін жазып, ары қарай қолдың ұқсас саусақтарын ойлауы мен  икемдей алмай, бала келесі  элементтер санын қосып немесе басқа элемент  жазып кетуі мүмкін. Жазу кезіндегі  қолдың қимылын қадағалау, көру қабылдауы және қозғалыс кинестезиясының қызметімен атқарылады. Ал олардың дұрыс құрылмауынан бағыттауыш тірек болмай, әріп алмастыру пайда болады. Осында ақыл ойы кем оқушылардың жазу бұзылуының мінездемесі сипат алады.

Жазу процессінің негізгі операцияларының дамымауы негізіне (логопедия кафедрасында А.И.Герцен атындағы ЛГПИ да) сүйеніп құрылған классификация келесі дисграфия түрлерін бөледі: артикуляция-акустикалық, фонемді тануының бұзылу негізіндегі (фонеманың машықтандырылуы), тілдің талдау мен жинақтау бұзылуынан туған, аграмматикалық және оптикалық дисграфия.

Артикуляция-акустикалық  дисграфия көбіне М.Е.Хватцевтің ауызша сөйлеудің бұзылуынан пайда болған дисграфиясына ұқсас. Оқушы айтылғаны  бойынша жазады. Оның негізінде дұрыс  айтпаудан туындаған жазуда дұрыс емес қайталаудың сүйенуінен  пайда болатын бейне. Дыбысты дұрыс айтпағандықтан өзінің айтуындағы қатесін жазуда жібереді. Аритикулрды-акустикаық дисграфия ауызша сөйлеуде дыбыстардың түсіп қалуы мен алмастыруында көрінеді. Көбінесе дизартрия, ринолалия, дислалия да кездеседі. Кейде ауызша сөйлеуде дыбыстарды алмастыру жойылса да, жазуда әріпті алмастыру қалып қалды.

Фонемдік танудың бұзылуы. Термин бойынша ол акустикалық дисграфия  деп аталады.Фонетикалық дыбыстарға сәйкес әріптердің алмастыруында көрінеді. Бірақ та ауызша сөйлеуде дыбыстар дұрыс айтылады.  Көбіне мынандай дыбыстар алмастырылады: ысқырық және ызың, ұяң-қатаң, африкаттар, олардың құрамына кіретін: (ч-т, ч-щ, ц-т, ц-с). Көбіне дауыстыларды алмастыру қателері жиі кездеседі. Мысалы: о-у, е-и фонемді тануының бұзылуынан болған дисграфия көбіне сенсорлы алалияда, афазияда кездеседі. Ең ауыр түрінде артикулярлы-акустикасы алыс дыбыстар да алмастырылады (л-к, б-в, п-н). Дисграфияның бұл түрінің механизіміне ортақ көзқарас жоқ.

Ол фонемді тану процессінің  қиыншылығымен сипатталады.

И.А.Зимняя, Е.Ф.Собатович, Л.А.Чистович зерттеулері бойынша  фонемді тануының көп деңгейлі процессі әр түрлі операцияларды құрайды:

- қабылдауда сөздің  есту анализі іске асырылады

- акустикалық бейне  артикулярлық шешімге ауысады

- шешімге келу үшін  есту мен кинестетикалық бейнелер  уақытша ұсталады

- дыбыс фонемамен сәйкестендіріледі,  фонеманы таңдау операциясы жүреді

- есту және кинестетикалық  қадағалаумен бейнемен бірігуі  іске асырылып, аяққы шешім шығарылады. Жазу процесінде бұл процесстің функциялануы күрделенеді, фонема белгіленген көру әріп бейнелерімен сәйкестендіріледі.

С.Борель-Мезонни, О.А.Токарева әріпті ауыстыру негізінде есту қабылдауының гашарлығы мен дыбыстың естумашықтануының  дамымауы жатыр деген көзқарас айтады.

Ал Е.Ф.Соботович, Е.М.Гопиченко  әріптердің алмастыруын фонемді  тануда балалар дыбыстың артикулярлық белгілеріне сүйеніп, есту қадағалауын  қолданбайтынымен байланыстырады. Бұған  қарама-қарсы зерттеулер Р.Беккер мен  А.Коссовский әріпті алмастырудағы негізгі механизм, кинестетикалық талдаудың қиыншылығы дейді. Олардың зерттеулері бойынша балалар жазу барысында  кинестетикалық сезінулерін толық қолданбайды.

Енді кейбір авторлар (Р.Е.Левман, Л.Ф.Спирова) жазуда әріпті алмастыру – (фонематикалық дамымауымен) фонеманы елестете алмауынан, фонемді таңдай алмауынан деп түсіндіреді.

Дұрыс жазуға фонемді  таңдау мен ажырату процесстерінің барлық функциональды деңгейінің толық  болуы қажет (есту, кинестетикалық талдау, фонемді таңдау операциясы, есту мен кинестетикалық бақылау). Осы себептермен дисграфия түрінің келесі түрлерін бөлуге болады: акустикалық, кинестетикалық, фонематикалық.

Тілдің талдау мен  жинақтайдың бұзылуындағы дисграфия.

Оның негізінде бұзылулар  жатыр: сөйлемдерді сөздерге бөлу, буындық және фонематикалық талдаулар мен жинақтау, фонематикалық талдау тілдік талдаудың күрделі түрі. Оған келесі қателер жатады: дауыссыздар қатар келген жағдайда тастау, дауыстыларды тастау, әріптерді алмастыру, әріп қосу, буындыларды алмастыру, қосу, тастап кету. Жазуды дұрыс меңгеруде оқушы фонематикалық талдауды ішкі жоспарында қалыптастыруы керек. Сөйлемдерді сөздерге бөлу кезінде сөздердің бірге жазылуы кездеседі, жалғауларды бөлек жазуы да кездеседі. Фонематикалық  талдаудың бұзылуынан пайда болған жазудың бұзылуы туралы Р.Е.Левина, Н.А.Никашина, Д.И.Орлова, Г.В.Чиркиннің еңбектерінде көрсетілген.

Аграмматикалық дисграфия.

Р.Е.Левина, И.К.Колпаковский, Р.И.Лалаева, С.Б.Яковлева еңбектерінде айтылған. Ол сөздің грамматикалық  дамымауымен байланысты: морфологиялық, синтаксистік жалпылау. Бұндай дисграфия түрі сөз, сөйлем, текст деңгейінде көріне алады, соынмен қатар лексико-грамматикалық дамымауының құрамды бөлігі болып саналады. Олар көбіне дизартрия, алалия, ақыл ойы кем оқушыларда кездеседі. Байланыстырып жазу тілінде балаларда сөйлем арасында логикалық және тілдік байланысынан қиыншылықтары туады. Жағдайды бейнелеуде сөйлемдердің реттілігі кейде сәйкестендірілмейді, бөлек сөйлемдердің мағыналық және грамматикалық арасындағы байланыстары бұзылады.

Оптикалық дисграфия.

Көру гнозисінің, талдау мен жинақтау, кеңістікте бағдарлаудың дамымауы жазуда әріптің алмасуы  мен шатастыруымен байланысты. Көбінесе графикалық ұқсас қол жазбалық әріптер  алмастырылады: бір элементтен тұратын, бірақ кеңістікте әр түрлі орналасатын (в-д, т-ш); бірдей элементті, қосымша элементтермен ажыратылатын (и-ш, п-т, х-ж, л-м): әріптердің айналық жазылу (с-« », э- « »), бірдей элементті құрайтын, әріптерді бір-біріне қосуда элементтерді тастап кету (ау- « »), артық (ш- « ») және элементтерді дұрыс орналастырмауы (х-«сс», т- « »).

Литералды дисграфияда  әріптерді тануы мен тудырудың  бұзылуы кездеседі. Вербальды дисграфияда  әріптер дұрыс туындап, бірақ  жазылуында сөзді жазуда бұзылыс, оптикалық (мінезде) сипатта әріпті алмастыру  кездеседі. Дисграфия жазу процессіндегі тұрақты қателердің жіберілуінен шы,ады. Онда қайта-қайта әріптің алмасуы мен шатастырылуы, сөздің дыбыстық құрылымының бұзылуы, сөйлемде бөлек жазылатын сөздердің бірігіп жазылуы, жазудағы аграмматизм сипат алады.

 

 

1.4.Көмекші  мектеп  оқушыларының  жазбаша  сөйлеу  тілі  бұзылуының  ерекшеліктері

 

Ақыл-ойы төмен  балалардың сөйлеу тілін зерттеу  мәселесімен  көптеген дефектолог - ғалымдар айналысқанына  қарамастан,  зерттеушілердің көңілі  балалардың ауызша сөйлеу тілінің  ерекшеліктерін көрсетуге негізделген.  Оқушылардың жазбаша тілі жиі маңызды талданады.Осыған  орай  көмекші  мектеп  оқушыларында  кездесетін  жазу  қателердің сипатына тоқталайық.(И.И.Садовникова  берген  анықтамасын  негізге  ала  отырып)

           Әріп және буын деңгейіңдегі қателер.

          1. Көмекші мектепте оқитын оқушылардың жазуындағы қателердің арасына әріп және буындарың түсіп қалуы жатады. Ол оқушылардың сөздің барлық дыбыстық компоненттерін бөлмеуін дәлелдейді. Мысалы:<шна>- шана, <қамақ>- қаймақ. Екі немесе одан да көп әріптердің түсіп қалуы (дауысты да,дауыссыз да) дыбыстық анализдің терең бұзылуы салдарынан ,сөз құрамының бұрмалауына әкелді: ағаш -<аш> ,балалар-< балар.>

Бірдей буындарды ,әдетте дауыстылар жиі дауыссыздарды қосатын буындардың көршіленуі. Мысалы:қа(ра) ндаш,ше(гі) ртке,қоян (да)р және т.б.

Жазуды айтумен көрсететін балаларда  жазу темпіне қарамастан, сөз құрамындағы  қайталанатын дыбысты кездестіргенде мағынасынан шатасады.

Алмастыру. Әріптердің алмасуы оқушының сөз құрамында жеке әріптерді бөліп алуын көрсетеді, бірақ оны белгілеу үшін сәйкес емес әріпті таңдау алады. Бұл мынадай орын алуы мүмкін.

  • әріп үлгісін көру және олардың арасындағы мағына нығаймаған кездегі фонеманың графемамен қатынасының тұрақсыздығы кезінде;
  • аккустика- артикуляциялық ұқсастығы бар әріптерді ажырату кезінде;
  • кескінінде ұқсастығы бар әріптерді айыру кезінде

Бір әріптің басқамен алмасу сирек кездеседі. Сол бір  дыбыстың жазуда не дұрыс, не қате берілуі  кезінде әріптердің шатасуы байқалады. Шатастыру үлгісінің 3 ұқсас типі бойынша қарастырайық: аккустикалық, артикуляциялық, кинетикалық. Жалпы қабылданған жіктелу дыбыстарымен (акустикалық және артикуляциялық) әріптердің (оптикалық) ұқсастықтарын бөліп көрсетеді. Аккустикалық және артикуляциялық ұқсастықтарды айыру мүмкін емес, олар бірін - бірі толықтырып  тұрады. Жұп ұяң және қатаң дауыссыздардың акустикалық ұқсастығы олардың артикуляциялық ұқсастығынан шығады.

        Дыбыстардың   акустикалық-артикуляциялық ұқсастығының  шатасуы. Жұп қатаң және ұяң  дауыссыздар нақты позицияда, яғни бұл дауыссыздардың жазылуы мен айтылуындағы сөйлеу жағдайлары:

д-т (тала, дарак); б-п ( пала, барақ); в-ф (фагон, вонтан); ж-ш (шапырақ, мажина). Лабиалды дауыстылар: е-ю(юлка,ае). Тіларты: г-к-х (колгоз, хала, кабар). Сонорлы: р-л (лучка, рашын). Ызың және ысқырық: с-ш (сана,шагыз),

с-щ (сетка, алась). Аффрикаттар: ч-щ (щемодан, четка); ч-ц (чирик, цемодан) ц-с (цагат, сикуль).Кинетикалық  ұқсастығы бойынша әріптің шатасуы: о-а (қосық, арыдық);  и-у ( уне, баиырсақ).

         Қолмен жазылған ширифті әріптер бұл берілген тілдің қабылданған графикалық жүйесіндегі, белгілі бір элементтерінің әртүрлі комбинациялары. Олардың арасынан оптикалық ұқсастықты бөлуге болады, ұқсастық жылдам жазуда ерекше күшейеді. Жазу кезінде қимыл – қозғалыс актісіне бақылау көріп қабылдау мен және қимыл қозғалыс түйсігі- кинестезияның арқасында жетіледі. Кинестезия негізінде әріп кескінінің  дұрыстығын бағалау біліктілігі жазушыға қимыл қозғалысын түзетуден қате жібермеуге дейін түзетуіне мүмкіндік береді .Көмекші мекғтепте оқитын оқушылардың қимыл-қозғалыс актісіндегі кенестикалық және динамикалық жағынан қалыптаспауы кезінде кенестезиялық бағытталған мағынасы болмайды,сол кезде ұқсас қимылдар талап ететін әріптің бірнеше элементінің кескіннің шатасуы байқалады. Мұндай қателер байланыстырып жазу стадиясына тән. Мұндай шатасулардың кең таралуы 1-сынып олигофрен балаларды оқытудыңсынып олигофрен балаларды оқытудың бірінші аптасынан бастап жазуға талап ететін әдістемелерді үзіліссіз қолдану керек.

Информация о работе Зияты бұзылған 3-5 сынып оқушылардың жазбаша сөйлеу тілі бұзылыстарының сипаты