Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 22:44, дипломная работа
Бүгінгі таңдағы арнайы педагогиканың өзекті мәселелерінің бірі зияты бұзылған оқушыларының жазуында қездесетін қателерді жан жақты қарастыру және анықтау.
Кіріспе .......................................................................................................3
1 . Жазудың ғылыми теориялық негіздері.
1.1 Жазбаша сөйлеу тілі қалыптасуының психофизиологиялық психологиялық –педагогикалық және лингвистикалық негіздері.............................................................................................................5
1.2Жазбаша сөйлеу тілінің бұзылу себептері және түрлері ................11
1.3. Жазбаша сөйлеу тілінің бұзылу жағдайында кездесетін қате түрлерінің жалпы сипаттамасы......................................................................19
Зияты бұзылған оқушыларының жазбаша сөйлеу тілі бұзылуының ерекшеліктері....................................................................................................23
2. Зияты бұзылғанбастауыш сынып оқушыларының жазуындағы кездесетін қателердің еркшеліктері.
2.1. Зерттеудің әістемесі..................................................................................33
2.2. Зерттеудің нәтижелері................................................................................35
3. Зияты бұзылғаноқушыларының жазу дағдыларын қалыптастыру жұмысының негізгі бағыттары.......................................44
Қорытынды......................................................................................................50
Әдебиеттер тізімі..............................................................................................52
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті
«Қорғауға жіберілді» ___________ Кафедра меңгерушісі ___________ Ғ.А.. Абаева
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Зияты бұзылған 3-5 сынып оқушылардың жазбаша сөйлеу тілі бұзылыстарының сипаты»
050105- «Дефектология» мамандығы бойынша
Орындаған: күндізгі бөлім 4к (4жыл.) студенті
Ғылыми жетекшісі деф. магистрі, аға оқытушы
Алматы 2012 |
М А З М Ұ Н Ы
Кіріспе ......................
1 . Жазудың ғылыми теориялық негіздері.
1.1 Жазбаша сөйлеу тілі қалыптасуының
психофизиологиялық психологиялық –педагогикалық
және лингвистикалық негіздері.....................
1.2Жазбаша сөйлеу тілінің бұзылу себептері және түрлері ................11
1.3. Жазбаша сөйлеу
тілінің бұзылу жағдайында
кездесетін қате түрлерінің
2. Зияты бұзылғанбастауыш сынып оқушыларының жазуындағы кездесетін қателердің еркшеліктері.
2.1. Зерттеудің әістемесі.....................
2.2. Зерттеудің нәтижелері....................
3. Зияты бұзылғаноқушыларының
жазу дағдыларын қалыптастыру жұмысының
негізгі бағыттары.....................
Қорытынды.....................
Әдебиеттер
тізімі........................
Кіріспе
Бүгінгі таңдағы арнайы педагогиканың өзекті мәселелерінің бірі зияты бұзылған оқушыларының жазуында қездесетін қателерді жан жақты қарастыру және анықтау.
Сөйлеу тілінің бұзылуы және жазудың бұзылуы баланың таным іс әрекетінің дамуына әсерін тигізеді. Ең бірінші болып жазудың бұзылуын сөйлеу тілінің жеке бұзылысы деп А. Куссмауль 1877 жылы көрсеткен. Одан кейін де бұл туралы көптеген жұмыстар, көз қарастар шыға бастады.
Он тоғызыншы ғасырдың отызыншы жылдары жазудың бұзылуын психологтар, педагогтар, дефектологтар қарастыра бастады. Олар: Ф.А. Рау, М. Е. Хватцев, Р. М. Боскис, Р. Е. Левина. Олар дисграфия түрлерін көрсетті. Сонымен қатар О. А. Токарева, Л. Ф. Спирова, Е. Ф. Соботович, Н. А. Никашина, Д. И. Орлова, Г. В. Чиркинаның бір қатар зерттеу жұмыстары бар. Әсіресе И. Н. Садовникова мен Л. Н. Ефименконың зерттеулері қате түрлері туралы үлкен мағлұмат береді. Мәселен, В. В. Воронкованың зерттеу жұмысы ақыл ойы төмен балалардың жазуында кездесетін қателердің түрлерін және оның себептерін анықтауға бағытталған. Ал, қазақ тілінде оқитын қөмекші мектеп оқушыларының жазуындағы қателерді анықтауға арналған зерттеу жұмыстары жоқтың қасы десек те болады. Кейінгі он жылдықта жалпы мектеп оқушыларының жазуында кездесетін қате түрлері жайлы Аязбаева Р., зияты бұзылғаноқушыларының жазуында кездесетін қателер түрлері туралы, Қ. Қ. Өмірбекованың қазақ тілінде оқитын ақыл ойы төмен оқушылардың фонетикалық ақаулықтары туралы, К. Ж. Бектаеваның қазақ тілінде оқитын көмекші мектептің төменгі сынып оқушыларының емлені меңгеру ерекшеліктері жөнінде бір сыпыра мәліметтер бар.Осындай мәліметтер әр түрлі ауытқулары бар балаларды қазақ тілін оқытып сауатты жазуға арналған әдістемелерін анықтауға және жетілдіруге өте қажет.
Осы себептен біздің жұмысымыз зияты бұзылғаноқушыларының ( 3-4-5сынып) жазуында кездесетін орфографиялық қате түрлерін анықтауға бағытталған.
Зерттеудің мақсаты: Зияты бұзылғаноқушыларының жазуында кездесетін қателердің ерекшеліктерін анықтау.
Қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:
1.Берілген тақырып бойынша арнайы әдебиеттерге талдау жүргізу.
2.Көмекші мектептің бастауыш
сынып(3-4-5)оқушыларының
3.Көмекші мектеп бастауыш сынып (3-4-5 ) оқушыларының жазу қателерінің сипаты жазудың түрлеріне байланысты өзгеруін анықтау.
4. Көмекші мектеп бастауыш сынып (3-4-5 ) оқушыларының жазу бұзылыстарын оқу барысында өзгеруін талдау.
Зерттеу нысаны: Көмекші мектеп оқушыларының жазбаша сөйлеу тілінің бұзылуы.
Зерттеу пәні: Зияты бұзылғаноқушыларының жазу дағдыларының қалыптасуы.
Жұмыстың кезеңдері
Зерттеу базасы: Алматы қаласындағы №7 арнайы мектеп-интернат және №3 мамандандырылған «Жанұя» кешені.
Зерттеудің методологиялық және теориялық негізін құрайтын: Л.С.Выготскийдің дамудың тарихи мәдени шарттылығы туралы концепциясы; бала дамуындағы іс әрекет маңызының қалпы (Б.Г. Ананьев, Г.И.Вергелес , А.И.Запорожец, Д.Б.Эльконин және т.б.);Сөйлеу мен ойлаудың бірігуінің психо- лингвистикалық концепциясы (Н.И.Исинин, А.Р.Лурия); ойлау іс әрекетінің кезектілігін қалыптастыру (П.Я.Гальперин); дамуында ауытқуы бар балаларды арнайы оқытудың маңызы туралы қағидалар ( Л.С.Выготский, Т.А.Власова, Р.Е.Левина, Р.А.Сүлейменова ,К.К.Өмірбекова , К.Ж.Бектаева т.б)
Зерттеудің практикалық маңыздылығы: Эксперимент нәтижелерін талдау осы мәселе бойынша әрі қарай жүргізілетін зерттеу кезінде және методикалық материялдарды құрастыруда пайдалануға болады.
1. Жазудың ғылыми - теориялық негіздері.
1.1. Жазбаша сөйлеу тілі қалыптасуының психологиялық-педагогикалық негіздері.
Жазбаша сөйлеу тілі – өте күрделі, жоғары деңгейде ұйымдасатын психикалық іс-әрекеті, ол ойды жазу арқылы белсенді жеткізе білуге мүмкіндік береді, сондай – ақ жазылғанды түсінеді. Жазбаша тіл арқылы қарым – қатынасқа түсу қажеттілігі әр түрлі өмірлік жағдайда жиі күнделікті өмірде кездеседі.
Жазбаша тіл алғаш рет арнайы психологиялық зерттеу пәні ретінде
Л.С. Выготскийдің еңбектерінде орын алған. Жазбаша тілді жоғарғы псхологиялық функциялардың дамуымен ұштастырып , жазбаша тілде өзіндік психологиялық құрылымы бар деп айтқан. Оның ерекшелігі пікір алмасатын адам болмаса да жеткізетін ойды толық ашуға мүмкіндік болып, басқа мотивтерге ие болуында және ауыз екі тілмен ішкі тілге қарағанда шартылығы мен саналығында. Жазу тілінің ұғымына оқу мен жазу кіреді. Жазу - сөз фикцасиясының белгісі, графикалық элементтер арқылы керекті информацияны ара қашықтықта жеткізу және уақыта бекіту. Кез келген жазу жүйесі үнемі белгілердің құрамымен сипатталады [12].
Қазақша жазу жазудың
алфавиттік жүйесіне жатады. Алфавит
символдарға көшіп, сөйлеу мен
ойлауды тануға көмек беріп,
ойлаудың дамуын бейнелейді. Сөздің
жазу түрі екінші сигналды
жүйенің уақытша байланысын
Жазбаша тіл – барлық сауатты адамдардың қарым – қатынасының жалпы әмбебапты формасы, басқа адамға өз ойын және сезімін жеткізу тәсілі.
Жазбаша тілді қолдану үшін біліктілік және дағды қатарын игеру керек. Жазбаша тілдің меңгеру алғашқы кезеңі жазу және оқу дағдыларын игеру, яғни сауаттылық. Сауаттылықты игеру - бұл балалардың психикалық функцияларының белгілі бір деңгейін талап ететін ақыл – ойдың күделі әрекеті.
Жазу сөйлеу тілі әрекетінің күрделі формасын құрайтын көп деңгейлі процесс. Онда әр түрлі анализаторлар қатысады; сөйлеу – есту, сөйлеу- қимылдау , көру, жалпы қимылдау. Жазу ауызша сөйлеу тілі процесімен тығыз байланысты және оның дамуының жоғары деңгейінің тек жеткілікті негізінде жетіледі. Ересек адамдардың жазу процесі машықтанған және осы дағдыларды меңгеру арқылы баланың жазу сипатынан ерекшеленеді. Ересек адамдардың жазу процесі толығымен, байланыстылығымен сипатталады, синтетикалық процесс болып табылады. Сөз бүтін маторлы акт ретінде қалыптасады жазу процесі машықтану түрінде жетіледі және екі бағытпен жүреді: кинестетикалық және көру.
Қол қимылының машықтануы ауызша сөйлеу тілінің жазбашаға аударылуының күрделі процесінің соңғы кезеңі болып табылады.
Бұған күрделі әрекет құралады, соңғы кезеңді дайындайды. Жазу процеснің көп деңгейлі құрылымы бар, кеңдеген тәсілді қосады. Жазуда меңгеру кезінде бұл тәсілдер басқа түрде кездеседі.
А.Р.Лурия жазудың келесі тәсілдерін бөлген: «Жазу қызығушылықтан, мотивтен, талаптан басталады». Адам не үшін жазып отырғанын біледі, информацияны белгілі бір уақытқа дейін сақтау үшін, оны басқа біреуге береді, біреуді әрекетке итермелеу үшін және т.б. Адам ойша жазбаша айтудың жоспарын, ойлаудың мағыналық бағдарламасын, жалпы кезектілігін құрайды [52].
Алғашқы ойлау сөйлемінің
белгілі бір құрылымымен
Жазбаша сөйлеу тілі ауызша
сөйлеу тіліне қарағанда белгілі
бір бағытталған оқыту
Жазу келесі арнайы амалдардың қатарын көрсетеді:
1. Жазуға бағынатын сөздің дыбыстық құрамын талдау. Жазудың бірінші шарты сөздегі дыбыстың кезектілігін анықтау. Екіншісі, дыбыстарды анықтау. Алғашында бұл процесс түсіну негізінде болса, кейін авоматтандырылған түрде өтеді. Аккустикалық талдау мен жинақтау артикуляцияның қатысуымен жүреді.
2. Жазудағы келесі амал – фонема ( есту негізіндегі дыбыстар) және графеманы (жазу белгілері) яғни олардың элементтерінің кеңістікте орналасуы.
3. Жазудың соңғы кезеңінде әріптің көру схемасының кинетикалық жүйесімен байланысы.Қолдың қозғалысы мен кинестетикалық қадағалау іске асырылады.Әріптерді, сөздерді жазу мөлшерімен, кинестетикалық қадағалау, көру қадағалау мен бекітіледі, яғни жазылғанды оқумен. Қалыптағы жазу процессі белгілі сөздің және сөз сөз функциялардың қажеті деңгейде құрылуы мен іске асырылады: дыбыстың естіп машықтандырылуы, оларды дұрыс айту, тілдік талдау мен жинақтау, сөздің лексико-грамматикалық жағының құрылуы, көру талдау мен жинақтау, кеңістікте бағдарлануы.
Информацияның есте сақталуы мидың бір тұтас жұмысымен атқарылады. А.Р. Лурияның белгілеуі бойынша жазып отырған адам бірінші кезеңде сөздің дыбыстық талдауына, кейде керекті графеманы іздеуге көңіл бөледі. Жазуды толық меңгергенде олар соңғы кезеңге түседі.
Жақсы машықтандырылған сөздерді жазу кезінде жазу бір ырғақтылыққа кинестикалық стериотипке айналады [52].
Қазақша жазу жазудың алфавиттік жүйесіне жатады. Алфавит символдерге көшіп, сөйлеу мен ойлауды тануға көмек беріп, ойлаудың дамуын көрсетеді. Сөздің жазу түрі екінші сигналды жүйенің уақытша байланыын көрсетеді, бірақ ауызша сөйлеу тіліне қарағанда жазу тілі мақсатталып бағытталған оқу жағдайында ғана қалыптасады. Яғни олардың механизмдері суат ашу кезеңінен бастап қалыптасып, барлық оқу барысында іске асады. Рефлексті қайталаудың нәтижесінде акустикалық, оптикалық, кинестетикалық тітіркенудің бірлестігімен сөздің динамикалық стериотипі қалыптасады (Л.С.Выготский, Б.Г.Ананьев). Сөздің жазу тілін меңгеру өзімен жаңа байланыстарды көрсетеді (естілетін сөзбен, айталатын сөздің көрінетін сөзбен, жазылатын сөздің байланысы) [2].
Жазу процесі төрт анализаторлардың бірлестігімен жүреді, олар: сөздік қозғалысты (речедвигательный), сөздің ету, көру және қимыл қозғалысты.
А.Р.Лурия жазуды – сөздің экспрессивті ерекше құрылымы бар деп анықтып, жазу (кез-келген түрінде) белгілі бір ойдан басталады деп белгілеген.
Жазу арнайы операциялар тізбегін құрайды:
- сөздің дыбыстық құрамын талдау
Информация о работе Зияты бұзылған 3-5 сынып оқушылардың жазбаша сөйлеу тілі бұзылыстарының сипаты