Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Мая 2012 в 17:53, тест
Работа содержит тест по дисциплине "Педагогика" и ответы на него
Жеке – дара принцип - әрбір оқушының ерекшелігін бағалау, яғни оның қабілеті, бейімділігі, денсаулығы, оқу әрекетін т.б. қарастырады.
Дифференциялдық принцип - әрбір пәннің ерекшелігін, жекелеген бөлімдерін, сонымен бірге оқушылардың жеке дара қасиетін ескеріп соған сәйкес бағалаудың әртүрлі әдістері мен мұғалімнің педагогикалық әдеп сақтауын талап етеді.
Жоғарыда айтылған талаптарды орындау, ең алдымен бақылаудың сенімділігін және оқыту процесінде өздерінің алдында тұрған міндеттердің орындалуын қасмтамасыз етеді, бақылауда әр түрлі қателіктер мен сәтсіздіктердің болмауына кепілдік жасайды.
Бақылау түрлері және мазмұны.
Педагогика ғылымы саласында білім, білік дағдыны бақылаудың көптеген түрлері кең тараған. Атап айтсақ, ғалым – педагогтар Ю. К. Бабанский, Н. А. Сорокин бақылауды 3 топқа бөліп қарастырған:
Күнделікті, оқтын – оқтын, қорытынды.
Г. И. Щукина – күнделікті, тақырыптық, оқтын-оқтын, қорытынды және емтихан деген көзқарастарын білдіреді.
Е. А. Дмитриев – күнделікті, тақырыптық және қорытынды, нәтижесі деген тұжырымға келген.
Профессорлар Ж. Б. Қоянбаев, Р. М. Қоянбаевтың «Педагогика» оқулығында ол тақырыптық, оқтын – оқтын және қорытынды бақылау деп бөлінген.
Күнделікті бақылау – оқыту процесінде күнделікті қолданылады және сабақ барысында оқушылардың оқу танымдық әрекетіне басшылық жасайды. Ол мұғалімнің жалпы және жекелеген оқушылар жұмысына жүйелі түрде бақылау жасау көмегімен жүргізіледі. Бақылаудың бұл түрі оқушылардың сынып немесе үй тапсырмаларын өз бетінше орындауға деген олардың қызығушылығы және жауапкершілік сезімін ынталандыруға үлкен маңызға ие болады.
Тақырыптық бақылау – оқу бағдарламаларындағы белгілі тақырыптар бойынша өткізіледі. Сабақтың тақырыбы және әрбір кезеңдері негізінде оқушылардың білімді, іскерлікті, дағдыны игеруі тексеріледі.
Сонымен қатар мұғалім жаңа талаптың кейбір басты мәселелерін өткен сабақтардағы оқу материалдарымен толықтырады, кейбір ұғымдарды, анықтамаларды, ғылыми ережелерді оқушылардың есіне алады.
Қорытынды бақылау – барлық пәндер бойынша жыл аяғында өткізіледі. Бақылау процесінде тақырыптық және тарау бойынша бақылау нәтижелері есепке алынады. Оқушылардың жыл бойында алған теориялық және тәжірибелік білімдері анықталады. Сондықтан қорытынды бақылаудың негізгі емтихан және оқушылардың жылдық үлгерім бағалары болады.
Оқушылардың оқу іс-әрекетін бақылауды ұйымдастыру формалары, оқу- танымдық іс - әрекетті бағалау.
Оқыту процесінде оқушылардың білім, білік, дағдыларын есепке алу, бақылау және бағалау оның осы қажет құрамдас бөлігі болып есептеледі. Мұғалімнің сабақтар жүйесінде оны дұрыс ұйымдастыра білуі, көптеген жағдайда оқу – тәрбие процесінің табысты болуының кепілі. Ол үшін мұғалім оқушының оқу материалын меңгеру дәрежесін, сапасы мен көлемін үнемі анықтап отыруы тиіс. Бақылаудың көмегімен теориялық білімді меңгерудегі сапа, біліктілік пен дағдының қалыптасу дәрежесі анықталады.
Оқушылардың білім, білік және дағдыларын бақылау, бағалау педагогика ғылымы мен практикасында белгілі бір әдістерді қолдану негізінде жүзеге асады. Олар мыналар:
Ауызша бақылау: әңгіме, жеке дара, топтық фронтальдық сұрақ.
Жазбаша бақылау: диктант, шығарма, таблица, схема, суреттер құрастыру.
Практикалық бақылау: лабораториялық жұмыстарын, еңбек операцияларын орындау, тәжірибе жүргізу.
Машиналы бағдарламалап бақылау: перфокарталар, бақылау карталары, дұрыс жауаптарды, диафильмдерді қолдану.
Өзін - өзі бақылау, бағалау: қателерді болдырмау, оларды түзеу, оқудағы өз жетістіктерін бағалау, соған сәйкес балл қою.
Оқыту процесінде бақылаудың фронтальдық, топтық және дербес формалары қалыптасқан.
Оның тиімділігі – мұғалімнің оларды дұрыс ұйымдастыруына байланысты.
Фронтальдық (жаппай) бақылау формасы – бұл жағдайда барлық оқушыларға сұрақтар немесе мазмұны бірдей тапсырмалар беріледі. Осының барысында оқушылар арасында ынтымақтастық, жолдастық сезім пайда болады, бір – біріне сұрақтар қойып, жауаптарын толықтырады, орындалған жұмыстарды өзара тексеріп, іске асырады. Демек, бірігу іс - әрекетінде әлеуметтік құнды мотивтер қалыптасады.
Топтық бақылау формасы – белгілі оқушылар тобы сабақ барысында мұғалімнен тапсырмалар алып орындауды кейде кейбір оқушылар түрлі себептерге байланысты (сабақ жіберу, нашар үлгеру, ауыру т.б.) қосымша көмекті қажет етулері мүмкін. Сондықтан, олардың жұмысын ерекше еске алған жөн.
Дербес бақылау формасы - әрбір оқушының білімін, іскерлігін және дағдысын терең, жан – жақты анықтауға мүмкіндік береді. Дербес бақылауда оқушылар жауабының логикалық бірізділігі олар өз пікірлерін байымдауды, дәлелдеуді мақсат етеді.
Оқу танымдық іс-әрекетті бағалау – білімді есепке алу ғана емес, ол тәрбиелік құрал болып табылады. Сондықтан, оқушы білімін бағалауда немқұрайлыққа салынуға болмайды.
Баға «балл» есебінде көрсетіледі. Келесі кезекте баға және оның өлшемі қандай, соған тоқталамыз. Қазіргі кезде білім беру саласының барлық құрылымында оқу – таным әрекетінің сапасын анықтайтын дәстүрлі «5» балдық жүйелер қолданылады.
«5» бағасы – оқу материалын толық, дәл логикалық, бірізділікпен айтылған жауапқа қойылады;
«4» бағасы – оқу материалын толық біледі, бірақ болар – болмас кемшілігі бар жауапқа қойылады;
«3» бағасы – жауабы негізінен дұрыс, бірақ толық емес білімінде кейбір проблемалар еске алынбаған жауапқа қойылады;
«2» бағасы – оқушы жауабында қателер, білімінде елеулі кемшіліктер бар жауапқа қойылады;
«1» бағасы – тексерілген оқу материалы бойынша білімі жоқ, толып жатқан өрескел қателер қойылады.
Білім сапасының сандық көрсеткіші мына формула бойынша анықталады: K = Z /n, Z – «4» және «5» бағалары бар оқушылар саны, n – оқушылардың жалпы саны.
Үлгерім бағасын оқыту сапасы мен оқушылардың танымдық белсенділігінен бөліп қарауға болмайды. Оқушылардың оқып жатқан материалды меңгеру дәрежесіне объективті және әділ баға берудің маңызы зор болғанымен, қойылатын бағаны оқушыларды оқу іс - әрекетіне мәжбүр ету амалына айналдыруға болмайды.
Сонымен, оқушылардың оқу – танымдық іс - әрекетін бағалау – бұл олардың білім, білік, дағдыны меңгеру дәрежесін шартты белгімен балмен анықтау және көрсету болып табылады.
Оқытуды диагностикалау туралы ұғым
Оқу процесінің диагностикасы – бұл оқытудың нәтижесін, мұғалім еңбегінің сапасын және оқушылардың тәжірибелік деңгейін анықтау және талдау болып табылады. Сондықтан оқу жұмысында сынып жетекшісінің қызметі үшін қажетті кейбір деректер алынуы мүмкін, мұғалімдердің оқушыларға бірыңғай баға қалыптастыруы үшін сыныпта жұмыс істейтін (педагогикалық консилиум) мүмкіндік туғызылады. Оқу процесін меңгерудің көп аспектілігі және оның көп мақсатты белгілеуі – мұғалімнің жұмыс талдауына мектептің оқу – тәрбие жұмысының толық педагогикалық диагностикасына органикалық енгізуі маңызды шарт.
Оқытуды диагностикалау педагогикалық диагноз, педагогикалық консилиум, оқыту диагностикасы ұғымдарының мәнін ашумен толықтырылады.