Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Мая 2012 в 17:53, тест
Работа содержит тест по дисциплине "Педагогика" и ответы на него
пәннің мазмұнын анықтайтын тараулар мен тақырыптар;
негізгі дүниетанымдық сұрақтар, басты ғылыми проблемалар тізімі;
ұсынылатын әдебиет;
Сонымен оқу жоспарының негізінде әрбір жеке пәндер бойынша бағдарлама құралады. Ол түсінік хат, негізгі бөлім және әдістемелік аппаратынан тұрады.
Оқулық - оқу бағдарламасына сай оқу пәнінің мазмұнын жүйелі түрде баяндайтын кітап.
Оқулыққа қойылатын негізгі талаптар
- оқу бағдарламасына сәйкес болуы;
- Оқушылар үшін ұғымды, қысқа және қызықты болуы;
- көрнекіліктермен жақсы жабдықталуы;
- тілі балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес болуы керек;
- тексеру, өзін - өзі тексеру және оқу нәтижелерін түзетуге арналған сұрақтар мен жаттығулардың болуы.
Оқулық оқушылар оқу материалын саналы, белсенді түрде, толық меңгеруін қамтамасыз етуі керек.
Білім берудің даму бағыттары.
Бүгінгі біздің мемлекетіміздегі жалпы орта білімінің даму бағыттары.
Үздіксіз білім беруі;
Жалпы орта білім беру;
Оқыту арқылы балаларды дамыту;
Білімді технологияландыру және ақпараттандыру.
Үздіксіз білім беру бағыты біздің елімізде екі бағытта дамуда.
Вертикалды үздіксіз (төменнен жоғары қарай) білімге: жанұя, бала – бақша, мектеп, арнайы орта және жоғары орындары жатады.
Горизонтальды үздіксіз білім алу жолдары: қысқа мерзімдегі курстарда, өз бетінше оқу, мамандық өзгерту т.б. үздіксіз білім беру, білім алу жолдары мемлекет тарапынан немесе жеке меншік оқу орындарында жүргізіле береді.
Жалпы орта білім беру бағыты. Бұл бағытқа қойылатын қажеттіліктен туындайды;
- Білімнің біртұтастығын сақтау;
- Білімнің бірізділігін ескеру;
- Әрбір жеке тұлғаның ерекшелігін ескеру;
- Гуманистік көзқарасты қалыптастыру;
- Жас және дербес ерекшеліктерді ескеру;
- Мектептегі демократияны қалыптастыру;
5-лекция
Қазіргі кезеңдегі оқытудың әдістері мен құралдары
Оқыту әдістері туралы жалпы түсінік.
Әдіс (гректің metodas) деген сөзінен алынған, ол зерттеу немесе таным жолы, табиғат құбылысын және әлеуметтік өмірдің жағдайын, құбылыстарды оқып білу жолдарын, методикалық – теория танымы мен шындықты бекітуді зерттейтін тәсіл.
Оқыту әдісі танымдылықты – оқыту іс-әрекетіне байланысты, дидактикалық құбылыстың мәндік өзара байланысы және сөздік байланысы, олардың қозғалысын, өзгертілуін сапалы және бір жүйедегі таным процесі.
Оқыту әдісі дидактиканың негізгі бір құрамды бөлігі болып табылады. Себебі, оқыту процесі оның мақсаты, мазмұны әдістері және ұйымдастыру фомаларының біртұтастығы болып табылады.
Қысқаша психологиялық – педагогикалық сөздікте мынадай анықтама берген: «әдіс – мақсатқа қол жеткізетін жол, тәсіл, белгілі жолмен тәртіпке салынған іс-әрекет».
Оқыту әдісі – оқушыларға білім беру және оларды дамыту мақсатында мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жасайтын қызметі мен қарым-қатынасының амал- тәсілдері болып табылады.
Оқыту әдістері - оқытушы мен оқушылардың жұмыс істеу әдісі, оның арқасында білім, іскерлік, дағды қалыптасып, оқушылардың дүниетанымдылығы мен қабілеті артады.
Оқыту әдістері - мұғалім мен оқушылардың өзара әрекетінің барысында білім алу жолдары.
Оқыту әдістері – мұғалім мен оқушылардың өзара әрекетінің негізінде білім, тәрбие және таным процесін жетілдіру.
Оқыту әдістері – оқытудың мақсаты – міндетіне сай, оның мазмұнын оқушыларға меңгертуде мұғалім мен оқушылардың қолданатын амал – тәсілдері мен құралдарының жиынтығы болып табылады. Мұғалім оқыту әдістерінің көмегімен оқушыларға білім беріп, олардың тәжірибелік әрекетін ұйымдастыруда өзінің іс - әрекетін оқушылардың таным - әрекетіне басшылық етумен байланыстырады.
Оқыту әдістерінің құралдары.
Оқытудың сапасы әдіс – тәсілдерге ғана байланысты емес, мектептің оқу – материалдық және техникалық базасына да байланысты. Оқыту әдістерін, тәсілдерін және құралдарын үйлесімді пайдалануда оқу пәндерінің ерекшелігі, мектеп лабораторияларының, оқу кабинеттерінің түрлі көрнекті және техникалық құралдармен қамтамасыз етілуі қажет.
Оқыту әдістерінің құралдарына:
а) Оқулықтар, плакаттар, жаттығулар, сабақта қолданылатын құралдар;
б) Көрнекті құралдар: диаграммалар, кестелер, табиғи объектілер, тарихи және географиялық карталар, муляждар;
в) Техникалық құралдар: ЭВМ, компьютер, оқу машиналары т.б аппараттар;
г) Түрлі объектілер: Өндіріс орындары, көрмелер, мұражайлар т.б.
Оқыту әдістерінің жіктелуі.
Бүгінгі таңда оқыту әдістерінің анықтамасы және оларды топтастыру мәселесінде ортақ пікір қалыптаспаған.
Бұл мәселені зерттеуші С.И.Зиновьев, С.И.Кузьмина, Т.И.Ильина, Н.Д.Никандоров т.б оқыту әдістеріне түрліше анықтама беріп,оларды әр түрлі негізде топтастыруды ұсынады.
Ғылыми педагогикалық әдебиеттерде оқыту әдістерін топтастырудың жиырмадан астам түрі бар екен.
1. Оқушылардың таным белсенділігіне қарай (М.Н.Скаткин, И.Я.Лернер):
Түсіндірмелі хабарлау әдісі; Репродуктивтік әдіс; Проблемалық баяндау әдісі; Эвристикалық әдіс;
2. Оқытудың мақсаттары мен құралдарына қарай (М.А.Данилов, Б.П.Есипов, Т.А.Ильина):
Жаңа білім беру әдісі; Біліктер мен дағдыларды қалыптастыру әдісі; Техникалық құралдармен жұмыс істеу әдісі; Өзіндік жұмыс істеу әдісі; Білімді тексеру әдісі; Проблемалық, программаланған оқыту әдісі.
3. Тұтас педагогикалық әрекеттің тәсілдеріне қарай (Ю.К.Бабанский):
Оқу – танымдық әрекеттердіұйымдастыру; Оқуға ынталандыру; Оқытудағы бақылау және өзін - өзі бақылау әдістері.
4. Әдістің логикалық және психологиялық сипатына қарай (Р.ГЛемберг):
Ауызша баяндау әдісі; Есеп шығару әдісі; Өнер құралдарын пайдалану әдісі.
5. Мұғалім мен оқушылардың жасайтын әрекетінің ерекшеліктеріне қарай (В.Оконь):
Жаңа білімді игеру әдісі; Өзіндік білім әдісі; Проблемалық әдіс; Практикалық әдіс; Көркем әдебиет пен өнер құралдарын пайдалану әдісі.
Солардың ішінде ең көп тарағаны білім берудің көздеріне сәйкес (И.Т.Огородников, С.И.Перовский, Е.Я.Голант):
1. Сөздік немесе ауызша баяндау әдісі: түсіндіру, әңгіме, әңгімелесу, лекция, кітаппен жұмыс. Бұл оқыту процесінде ең көп тараған дәстүрлі әдіс болып табылады. В.А.Сухомлинский: «Сөз – ең маңызды педагогикалық құрал, оны еш нәрсемен ауыстыра алмайсыз...» - деп оның маңызына ерекше назар аударады.
Ауызша баяндаудың тағы бір ерекшелігі, оқытушының түсіндіруі мен оқушылардың ұғыну процесінің қатар жүруінде.
2. Көрнекілік әдістер: иллюстрация және демонстрация.
Көрнекілік әдістер оқу материалын оқушылардың өз көзімен көріп, нақты – бейнені түсінулеріне мүмкіндік береді.
Демонстрация (көрсету) оқушыларды құбылыстар, процестер және заттардың нысанасымен табиғи жағдайда таныстыру барысында қолданылады.
Иллюстрация – иллюстративті құралдарды (плакаттар, картиналар, суреттер, портреттер, картограммалар, модельдер)
3. Тәжірибелік әдістер – оқушылардың сабақта алған теориялық білімдерін, біліктілік пен дағдыларын тереңдету және жетілдіру мақсатында қолданылатын әдістің түрі.
Лабораториялық әдістер биология, химия, физика пәндерінде жиі қолданылады. Лабораториялық жұмыстар дайындау, негізгі, қорыту кезеңінен тұрады.
Графикалық жұмыстар – оқушылардың кестелер жасау, диаграммалар құру, сызбалар сызу әрекеті болып табылады.
Графикалық жұмыстар география, тарих, сурет сабақтарында кеңінен қолданылады.
Жаттығу әдісі – оқушыларда біліктер мен дағдыларды қалыптастыратын, оқу барысында теориялық ережелер мен қағидаларды пысықтайтын, білімді тиянақты меңгертетін әдіс болып табылады.
Жаттығу оқушылардың оқу жұмысын өздігінен орындау белсенділігін арттырады.
Оқыту әдістерін таңдау.
Оқыту әдістерін жетілдіру-бүгінгі күннің басты мәселесі болып отыр. Оқыту әдістерінің тиімділігін арттырып, оқытудың жаңа формалары мен тәсілдерін меңгеу қажеттігіне педагогикалық зерттеулерде айрықша маңызды беріледі.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатына оқу материалының мазмұны мен көлеміне оқушылардың дайындық дәрежесіне сәйкес, сабақтың құрылымы мен оқу әдісін ұдайы толықтырып отыруды мұғалім өзі белгілеп өзі таңдап алады.
Олай болса, оқыту әдісін мұғалімнің таңдап алуы белгілі бір шарттарға байланысты:
1. Оқыту әдістерін оның мақсат міндеттеріне, оқушылардың жас және таным әрекетінің ерекшеліктеріне сай қолдану;
2. Қолда бар нақтылы көрнекі және техника құралдарын, кабинет жақтарын ескеру;
3. Мектептің географиялық орналасуын ескеру.
Мысалы: оқытуды қала мектептерінде оқушылардың өндіріс орындарына экскурсия жасау мүмкіндігі, ал ауыл мектептерінде мектеп жанындағы учаскелерге, табиғатқа, ауылшаруашылық өндірісіне бару жағдайымен байланыстыру.
Мұғалімнің іс-тәжірибесінің шығармашылық сипатына, оның шеберлігіне тікелей байланысты шараларды іске асыру.
Мұғалімнің таңдап алған әдістері, өз жұмысындағы дидактикалық шеберлігі оқу танымдық стилімен ерекшеленеді, оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастырудан жеке дара және инновациялық шығармашылық танымдылығын, қоғамдағы жаңаша белсенді өзгерістерге гуманистік және демократиялық көзқарасын жетілдіретіндігін байытады.
6- лекция
Қазіргі оқытуды ұйымдастырудың формалары
I. Оқытуды ұйымдастырудың формалары
Оқытуды жүзеге асыруда білім мен оқытуды ұйымдастыруда оны модернизациялау көзделеді. «Формалары» деген ұғым латын тілінен аударғанда «Forma» сыртқы көрініс дегенді білдіреді, сыртқы сызық белгілі орныққан тәртіп. Философия пәнінде «түрлері» ішкі мазмұнды ұйымдастыру деген ұғыммен анықталады. Яғни «түрлері» ішкі байлнысты білдіреді және ұйымдастыру тәсілдері, өзара құбылыс, сыртқы жағдайлармен де сабақтастығы.
Оқытудың формасы – оқу материалын меңгерудегі оқушылардың өзара әрекеті. Оқыту формасы әдіспен, амалдарға, құралдарға, оқушылардың, іс - әрекетіне тәуелді болады.
Педагогикалық іс-әрекет бір – бірімен, өзара байланысты ықпалдастық, әсер етушілік, белгілі бір тапсырманы орындау кезіндегі оқушылар мен мұғалімнің қарым – қатынасы. (Чередов И.М)
Педагогика тарихында ұлы педагогтардың тұжырымдары және оқыту ұйымдастырудың әртүрлі тәсілдері белгілі. Оның дамып, жетілуі қоғамның қажетілігі мен сұранысының талап мүддесіне қажет.
Оқытуды ұйымдастырудың формалары негізінен былай жіктеледі:
Оқушының саны мен құрамы;
Жұмыс орны;
Оқу жұмысының ұзақтығы;
Осыған қарсы оқуды ұйымдастырудың формаларын былайша топтасырылады:
- Жеке оқыту формасы – бір ғана оқушымен жұмыс істейді;
- Жеке – топтық формасы. Мұнда оқушы – оқушыны, мұғалімнің оқушымен қарым – қатынасы, қазіргі жағдайда оқушымен қарым -қатынасы жеке оқушының әзірлік процесіндегі қызметімен айқындалады.
- Жеке топтық формасы. Топ мектепте жұмыс істейді, бірақ бір мектепте оқытылатын оқушылардың жасы әр шаманы құрайтын топ болады. (оқытудың бұл формасы орта ғасыр мекептерінде қолданған).
- Өзара бірлесіп оқыту. Аталған оқыту жүйесі Англияда пайда болған, атауы – Белланкастер жүйесі болып табылады.
- Саралап оқыту. Оқытудың бұл формасы оқушылардың қабілетіне қарай өтіледі. Мұны Мангейм жүйесі деп атаймыз.
- Бригадалық оқыту. Тапсырманы бригада алады. Бір сыныпта 5 – 6 оқушы ұйымдасады, есеп беруші бригадир. Оқытудың бұл формасы ХХ ғасырдың 20 – жылдарына тән.
- Американдық «Винетка жоспар», «Тромпа жоспар» және т.б.
- Оқытудың шағын топтық жүйесі: Фронтальдық және ұжымдық жұмыс және т.б.
- Сыныптық – сабақ жүйесі. Оқытудың бұл жүйеснің теориялық тағылымын XVII ғасырда атақты Чех педагогы Ян Амос Коменский жасаған.
II. Сабақ – оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы.
Оқытудың кең таралған сынып сабақ жүйесінің негізін қалаған Ян Амос Коменский болды.
Сынып дегеніміз – жас ерекшелігіне қарай тұрақты, бірге оқитын оқушылардың құрамы, бұл жүйеде оқушылар мұғалімнің тапсырмасын сабақ барысында және үйге берген тапсырманы орындайды.
Чехтың ұлы педагогы Ян Амос Коменский өзінен бұрын өткен және ағымдағы педагогикалық тәжірибелерді зерттеп, оқу ісін жүйелі ұйымдастыруды ұсынды.
Оқушыларды сыныпқа жас шамалары мен таным қабілеттері бойынша топтастыру;
Сыныптағы оқушылар құрамының әр кезде тұрақты болуы;