Тест по "Педагогике"

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Мая 2012 в 17:53, тест

Описание работы

Работа содержит тест по дисциплине "Педагогика" и ответы на него

Работа содержит 1 файл

лек дид.doc

— 293.00 Кб (Скачать)

-          Баланы ұжымда оқыту, тәрбиелеу, білімін басқалардың білімімен салыстыру.

-          Баланы оқыту процесінде ата – аналар, мектеп ұстаздары, қоғам балаға бірізділік, ортақ талап қоя білуінде.

Оқыту процесінің қағидалары.

Принцип (латынша) – басшылыққа алатын идея, негізгі талап, қағида. Дидактикалық қағидалар – оқытудың мазмұнын, ұйымдастыру түрлерін, әдістерін, оқытудың мақсаты мен заңдылықтарына сай анықтайтын қағидалар жүйесі.

Оқыту процесінің қағидалары деп оқытуға қойылатын талаптардың бастапқы белгілі жүйесін айтамыз. Оқыту процесінің қағидалары мыналар:

Көрнекілік қағидасы. Көрнекілік қағидасында ұстаздың әртүрлі көрнекті оқу құралдары мен оқытудың аудио визуалдық техникалық құралдарын кітаптар, карталар, кестелерді қолдануы.

Саналық және белсенділік қағидасы дегеніміз зерттелетін құбылыстарды белсене қабылдап алуға бағытталған, оларды зердеге құйып, шығармашылықпен қайта өңдеу  және қолдану болып табылады.

 

2-лекция

Оқыту процесі – тұтас жүйе

Оқыту процесі - білімді, біліктілік пен дағдыны меңгеретін, оқушылардың дүниетанымын, күш  қайратын, қабілеттерін тәрбиелеп дамытатын іс - әрекет барысы.

Оқу процесі –  бұл ұстаз бен шіәкірттердің мақсатқа бағытталған өзара әрекетінің барысында шәкірттерге білім беру міндеттерін шешу.

Оқыту процесі – тұтас педагогикалық процестің бір бөлігі.

Оқытудың психологиялық-педагогикалық ерекшелік-тері.  

Оқыту – мақсатты процесс. Оқытудың басты мақсаты, әдіс тәсілдері, мазмұны мен міндеттері қоғам талабынан туындап, ұдайы өсіп, жаңарады.

Оқыту – таным процесі. Оқытудың міндеті – оқушыны айнала ортамен (табиғат, қоғам) және  адам дамуының негізгі заңдылықтарымен қаруландыру.    

Оқыту – даму негізі.  Педагогикалық процесс өзіне тән негізгі екі белгіні: ағзаның  өзіндік дамуына жүйелі түрде көмек және жеке бастың жан – жақты жетілуін түйістіреді. 

Оқыту – екі жақты процесс.  Оқыту оқушы мен мұғалімнің өзара бірлесіп жасайтын әрекетінен тұратын күрделі процесс. Өйткені, оқыту – мұғалімнің білім берудегі негізгі іс - әрекеті болса, оқу – баланың өзінің танымдық, практикалық әрекеті.

Оқыту - жоспарлы процесс. Мұғалім оқушылардың жалпы рухани дамуын жүйелі қамтамасыз етуі үшін оқыту процесін жоспарланған, ұйымдастырылған түрде жүзеге асырады.

Оқыту - бұл күрделі процесс.  Ол тұлғаға білім беру, тәрбиелеу және ақыл – ойы мен творчестволық қабілетін демек біліктілігі мен дағдысын дамыту негізінде жүзеге асырылады.

Оқыту процесінің қызметі:

Білім берушілік қызметі – ғылым негіздеріне сай оқушыларды нақты фактілермен, қағида және түсініктермен, заңдылықтармен қаруландыру және дүние құбылыстары туралы ғылыми көзқарасын қалыптастыру;

Тәрбиелік қызметі – оқыту барысында оқушыларды теориялық білімдер жүйесімен қаруландырып, жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру.

Дамытушылық қызметі – оқыту барысында оқушыларға білім беру, оларды тәрбиелеу негізінде тұлғаның ақыл-ойы, сана-сезімі, шығармашылық қабілеті, т.б. көптеген тұлғалық қасиеттердің дамуына біліктері шыңдалып, қабілеттерінің артуына оң әсер етеді.

Оқыту процесінің құрылымы.

Оқыту процесі – бұл мұғалім мен оқушылардың белгілі бір мақсатқа бағытталған өзара әрекеттестігінің барысында оқушыларға білім беру міндеттерін шешу болып  табылады. Оқыту процесінің құрылымдық компоненттері мыналар:

Мақсат. Мұғалім оқу процесін ұйымдастырушы, жүргізуші ретінде алдына мақсат қояды: балаға білім  беру, үйрету, берілген тақырыпты өту, түсіндіру.

Мұғалім. Оның білімі, тәжірибесі, балаға деген көзқарасы, қатынасы, сыпайылығы, мінезі, іс - әрекеті, ұстаздық қабілеті т.б.

Оқушы. Оның объект -  субъект ретіндегі қатынастары (ұстазбен, қоршаған ортамен). Оқу – оқыту процесіндегі оқушылардың іс - әрекеті.

Оқушылар ұжымы. Оқыту процесінің дұрыс жүруі оқушылар ұжымына байланысты. Оның  ұйымшылдығы, ынталылығы, бір – біріне көмегі, ортақ қызығушылығы, бірігіп оқуы, арадағы пікір сайыс т.б жақсы оқуға итермелейді.

Оқыту әдістері. Ұстаздың оқыту әдісін дұрыс қолдана білуі. Ол ұстазға да оқушыға да байланысты. Оқыту әдісі, тәсілі сабаққа байланысты өзгеріп отырады.

Сабақты ұйымдастыру түрі. Сыныптық, кабинеттік, лабораториялық, мектептен тыс, факультативтік т.б сабақтар. Сабақты ұйымдастыру, маңызды өткізу оқу процесіне тікелей әсер етеді.

Алған білімді өмірде қолдана білу, нәтижесін көру.

Педагогикалық диагностика. Баланың білімінің нәтижесін бағалау. Оқыту процесінде қандай да  жетістіктер, кемшіліктер болуы, соған талдау жасап, қорытындылау.

Оқыту процесінің әдіснамалық негізі.

Оқыту процесінің әдіснамалық негізін объективті дүниені танудың арнайы түрін және ғылымның танымын бейнелейтін, оқушылардың іс - әрекеттерінде оқуды салыcтыру арқылы түсіндіруге болады. 

Негізгі қайшылықтар – оқыту процесінің қозғаушы күші, себебі таным процесі, ол да сарқылмайтын құбылыс.

Оқыту процесінің әдіснамалық негізі төмендегідей ерекшеліктерді біріктіреді:

-          Танымның жалпы әдістерінде – диалектикалық әдіс;

-          Объективті ақиқаттың құбылыстарын сараптаудың тарихи тәсілі, қарама-қайшылықтың қозғалысындағы, дамуындағы процесті қарастыратын таным теориясы;

-          Диалектикалық ойлау;

-          Абстракциялық және нақтылық;

-          Объективтілік және субъективтілік, теория мен тәжірибенің бірлігі, анықтылық және белгісіздік, шектеулік және шамалық;

-          Қарама – қайшылықтың ролі мен мәні;

-          Оқыту теориясындағы тарихилық және логикалық;

-          Мақсат пен құралдың үйлесімділігі;

-          Оқыту теориясының сапалық және сандық қатынастары;

-          Әдіснамалық  ұстанымдар (танымдық, объективтілік,  теория мен тәжірибенің бірлігі, детерминизм, тарихилық және диалектикалық таным ұстанымдары)

       Оқушылардың оқыту процесіндегі оқу – танымдық іс - әрекетінің психологиялық – педагогикалық негіздері.  

Оқу – оқыту процесіндегі оқушылардың іс - әрекеті. Оқыту процесінің логикасы және құрылымын анықтайды, ал құрылымын оқыту процесінің таным іс - әрекетінің кезеңдері кіреді.

Таным міндеттерін жете түсіну. Таным міндеті түсінікті болса, оны оқушылар өз бетімен ізденіп шешуге тырысады, оқыту процесінің әрбір кезеңдеріне жеке – жеке дайындалады.

Жаңа материалды қабылдау. Оқушыларды жаңа материалдармен таныстыру, бақылау, эксперимент, практикалық жұмыстар процесінде тікелей қабылдау арқылы және жанама түрде мұғалімнің сөзі, эвристикалық әңгіме, оқулық арқылы іске асырылады.

Ұғыну - жаңа оқу материалдарын түсініп, жинақтау процесі. Ұғыну - бұл   сапалы түрде ғылыми білуі, заңдылықтарды тану, ұғу, фактілерді жинақтау процесі, қорытынды шығару. Ұғыну процесінде оқылатын материал терең ойластырылады, дәлелденеді және бекітіледі.

Білімді, іскерлікті және дағдыны бекіту және жетілдіру. Бекіту бұл оқушылардың білімді берік ұғуының тиімді тәсілі.

Білімді, іскерлікті, дағдыны практикада қолдана білу. Білімді, іскерлікті және дағдыны практикада қолдану оқушылардың өзіндік қасиеттерін дамытады. Оқушылардың өз бетімен дамуына лабораториялық жұмыстар, практикалық және семинар сабақтары, үйрету машиналары, ауызша және жазбаша жаттығу жұмыстары мүмкіндік туғызады.

Оқушылардың жетістіктерін талдау, білімін, іскерлігін және дағдысын тексеру, бағалау – бұл оқытудың кері байланыс процесі. Оқушылардың барлық жетістіктерін – білім сапасын, байымдау сауаттылығын, жалпы ой өрісінің даму дәрежесін ескеріп, талдау жасау қажет. Осының негізінде білім мазмұны анықталады, әділ баға қойылады.

Оқыту процесіндегі танымдық әрекеттің логикалық бірізділігі мынадай:

4)      Нақты аңғару – түйсік және қабылдау;

5)      Абстракты ойлау – ұғыну, мәнін түсіну;

6)      Практика – бекіту, білімді, іскерлікті, дағдыны практикада қолдану, оқу процесінің компонеттерін тексеру, бағалау.

Оқыту түрлерінің белгілері.

Оқыту – жеке адамның білімін, танымдық және шығармашылық қабілетін дамытудың маңызды құралы.

Оқыту теориясы мен тәжірибесі дамуының жалпы заңдылықтарының бірі – дидактикалық жүйелерінің бірізділігі, ұрпақтылығы. Әрбір жаңа жүйе дәстүрлі жүйелердің күшті қасиеттерін, идеяларын, тәжірибесін өзіне сіңіріп алады. Дидактика тарихында оқытудың үш түрі қалыптасқан:

1. Түсіндірмелі – бейнелеушілік оқыту (дәстүрлі)

2. Проблемалы оқыту.

3. Бағдарламалы (компьютерлік) оқыту.

Қазіргі кезеңдегі оқыту түрлерінің артықшылықтары мен кемшіліктері.

1. Түсіндірмелі – бейнелеушілік оқыту дәстүрлі оқыту деп аталады, бұл тарихта ұзақ уақыт бойы өз қолданысын тапты. Дәстүрлі оқыту  жаңадан пайда болған түсіндіру жолдары мен көрнекіліктерді өзіне жатқызып отырады.  Мұнда оқушылардың негізгі іс-әрекеті берілген білімнің мазмұнын таңдау, қабылдау, есте сақтау.

Түсіндірмелі иллюстрациялы оқытудың артықшылық-тары:

-    Уақытты үнемдейді;

-    Мұғаліммен шәкірттердің күш-қайратын жетілдіреді;

-    Күрделі білімдерді қабылдауды жеңілдетеді;

-    Оқыту процесін тиімді басқаруды қамтамасыз етеді;

Түсіндірмелі-иллюстрациялы оқытудың кемшіліктері:

-    Оқушылардың дайын білімді жаттап алуы;

-    Шәкірттердің өз бетінше ойлануына қажетті көңіл бөлінбеуі;

-    Дара және бөліп оқыту мүмкіндіктерінің жетімсіздігі.

Проблемалы оқыту.

Проблемалық оқытудың өзі – бұл шығармашылық процесс: бейқалыпты ғылыми оқу мәселені бейқалыпты әдістермен шешу.

Соңғы кезде кең тараған оқу түрінің мәні: мұғалім жаңа білімді дайын түрде баяндамай, оқушылардың алдына проблемалық сұрақтар қойып, олардың шешудің жолдары мен тәсілдерін іздеуге бейімдейді. Бұл оқытудың түріне үлес қосқан ғалым педагогтар: Ж.Ж. Руссо, Дистерверг,                   К.Д.Ушинский. Мысалы: Дистервергтің дәлелдеуінше «Жаман ұстаз ақиқатты айта салады, жақсы ұстаз оны іздеп табуды үйретеді».

Проблемалық оқытудың кезеңдері:

Бірінші кезеңде - балаларға ұсынылатын проблемалық сұрақтардың жүйесі қиын болуы және оқушының шамасына лайық болуы керек, яғни проблемалық жағдай туғызу қажет.

Екінші кезеңде бала іштей өз білімін тыңдап, таңдап, жауап беруге ізденеді, белсенді әрекет жасайды.

Үшінші кезеңде ол сұрақтың жауабын дұрыс шеше білу амалдарын, жаңа білімді меңгереді.

Төртінші кезеңде дұрыс жауапты тексереді, алғашқы гипотезамен салыстырады, алынған білім мен білікті қорытындылайды, жинақтайды.

Мұғалім проблемалы оқытудың барысында оқушы ойына, пікір қайшылықтарына дұрыс бағдар жасай отырып, жауап табу әдістерін үйретеді. Әдетте оқытудың бұл түрі жаңа оқу материалын түсіндіру кезеңдерінде қолданады.

Сонымен, проблемалы оқытудың ерекшеліктері:

-    оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттырады;

-    оқу еңбегіне қызығушылығын арттырады;

-    оларды өзідігінен  саналы жұмыс істеуге үйретеді;

-    Берік білімге, оқытудың жоғары нәтижесіне жеткізеді;

Проблемалы оқытудың кемшіліктері:

-    Оқушылардың  танымдық іс - әрекетін басқаруға әлсіз ықпал ету;

-    Мақсатқа жету үшін көп уақыт жұмсау.

3. Бағдарламалы (компьютерлік) оқыту

Бағдарламалы оқытудың негізгі мақсаты – оқыту процесін басқаруды жетілдіру, тексеруге, оқытудан өзін - өзі оқытуға көшу. Бағдарламалы оқытуда жаңа бағдарланған оқулықтар, оқыту құжаттары, үйрету (оқыту) машиналары қолданылады.

Оқытудың бұл түрі 1960 жылдан бастап, Б. Скиннер, Н.Краудер бастамасынан кейін педагогика, психология және кибернетиканы ұштастырып пайдаланылады.

Бағдарламалы оқытудың ерекшеліктері:

-    Оқу материалы жеке логикалы бөлшектерге бөлінеді;

-    Әрбір бөлімді меңгерген соң, оқушы өздігінен тест – сұрақтарға жауап береді;

-    Дұрыс жауап берілсе, келесі бөлімге өтеді;

-    Жауап қате болса, өзі бөлімді қайталап өтіп, сұрақтарға тағы да жауап береді.

Бағдарламалап оқытудың үш принципі бар.

1. Сызықты бағдарламада оқу материалы бірізділікпен беріледі.

2. Тармақты бағдарламада әр оқушы мақсатқа өз жолымен келеді. Қате жауап берген кезде оқушы керекті тармаққа өтіп, қатені жойып, негізгі сызыққа қайтып оралады.

3. Аралас бағдарламада қиын тақырыптар тармақтарға бөлінеді, басқалары сызық бойынша орналасады.

Бұл оқыту машинасыз және машиналы болып екіге бөлінеді. Машинасыз бағдарлама оқыту үшін арнайы оқулықтар, перфокарталар пайдаланады, негізгі деректер көзі – қағаз болады. Соңғы кезде машиналы бағдарламалап оқыту үшін компьютер кең қолданылады.

Тапсырмалар, мәтіндер, сұрақтар, жауаптар дисплей дидарында жуылып, бағаланып тұрады.

Информация о работе Тест по "Педагогике"