Тест по "Педагогике"

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Мая 2012 в 17:53, тест

Описание работы

Работа содержит тест по дисциплине "Педагогика" и ответы на него

Работа содержит 1 файл

лек дид.doc

— 293.00 Кб (Скачать)

 

 

3 - лекция

Оқытудың заңдары, заңдылықтары және принциптері

Оқыту процесінің заңдылықтары.

Заңдылық дегеніміз – құбылыстар мен процестер   арасындағы объектілі, маңызды, қажетті, жалпы, берік, белгілі жағдайда қайталанатын өзара байланысты айтамыз. Оқыту процесінің заңдылықтары оның тұтастығын дәлелдейді.

 

1. Оқыту түрлерінің белгілері.

2. Қазіргі кезеңдегі оқыту түрлерінің артықшылықтары мен      

             кемшіліктері.

а) түсіндірмелі-бейімдеушілік оқыту.

б) проблемалы оқыту

в) бағдарламалы (компьютерлік) оқыту.

Оқыту процесінің заңдылықтары мыналар:

-          Оқыту процесінің мақсаты, яғни жеке адамның жан – жақты білім, тәрбие алып дамуына бағытталған.  Баланы оқыту, білім беру бұл қоғам, мемлекет тапсырысы.

-          Әрбір жеке адамның іс - әрекет, қимылына байланысты, яғни білім алу немесе білім беру әр адамның өз басына байланысты.

-          Әр оқушының оқуға деген танымдық құштарлығында және қажеттілік мотивінде.

-          Әр ұстаз өз шәкірттерін қадірлеп, құрмет тұтып сыйлай отырып, оған керекті талап қоя білуінде.

-          Әр оқушының білімге деген, оның әр сабақты қуана қарсы алатындай болуында.

-          Әр ұстаз әр оқушының қабілетін көре біліп, жан дүниесін түсініп, сол арқылы оқушының даралығының мәнін ашып, қабілетін дамытып, оқушының жақсы жақтарын мадақтап, оның білімге деген құштарлығын арттыруда.

-          Оқыту барысында балалардың жас және дара ерекшеліктерін ескеру;

-          Баланы ұжымда оқыту, тәрбиелеу, білімін басқалардың білімімен салыстыру.

-          Баланы оқыту процесінде ата – аналар, мектеп ұстаздары, қоғам балаға бірізділік, ортақ талап қоя білуінде.

Оқыту процесінің қағидалары.

Принцип (латынша) – басшылыққа алатын идея, негізгі талап, қағида. Дидактикалық қағидалар – оқытудың мазмұнын, ұйымдастыру түрлерін, әдістерін, оқытудың мақсаты мен заңдылықтарына сай анықтайтын қағидалар жүйесі.

Оқыту процесінің қағидалары деп оқытуға қойылатын талаптардың бастапқы белгілі жүйесін айтамыз. Оқыту процесінің қағидалары мыналар:

Көрнекілік қағидасы. Көрнекілік қағидасында ұстаздың әртүрлі көрнекті оқу құралдары мен оқытудың аудио визуалдық техникалық құралдарын кітаптар, карталар, кестелерді қолдануы.

Саналық және белсенділік қағидасы дегеніміз зерттелетін құбылыстарды белсене қабылдап алуға бағытталған, оларды зердеге құйып, шығармашылықпен қайта өңдеу  және қолдану болып табылады.

Түсініктілік және шамаға лайықтылық қағидасы. Бұл қағида оқушылардың жас ерекшеліктерін білумен өте тығыз байланысты және оқу жоспары мен оқу бағдарламаларын жасаудың негізіне жатады.

Жүйелік және бірізділік қағидасы оқыту мақсатынан да, оқытылатын материалдың ғылыми логикасынан да, баланың ойлау заңдылығынан шығады.

Беріктік қағидасы. Білімді орнықты меңгеру деген сөз. Білімді оқушылар әрқашанда меңгеріп алуы қажет және оны оқуда пайдаланып, практикада жүзеге асыруға тиіс.

Теорияның практикамен байланысының қағидасы. Оқу шеберханасындағы, тәжірибе учаскелеріндегі және басқа да толып жатқан өндірісте және ауыл шаруашылығында тікелей жұмыс істеуді енгізетін оқудың ұйымдық формасында да көрінеді.

Ғылымилық қағидасы дегеніміз – жеке пәндер бойынша мектепте оқылатын ғылыми фактілер, ұғым және заңдылық жүйесі ретінде пайдалану болып табылады және ең алдымен оқу материалдарын таңдап алу мен оқыту әдістерін қалап алуда көрінеді.

 

 

 

 

4-лекция.

Қазіргі білім берудің  мазмұны.

I.        Білім беру мазмұны туралы түсінік.

Білім беру – қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени және дене дамуы мен кәсіби біліктілігінің жоғары деңгейіне қол жеткізуді мақсат ететін үздіксіз тәрбиелеу мен оқыту процесі.

(ҚР Білім туралы заңы, 1999).

Білімнің мазмұны – оқыту процесі компоненттерінің бірі. Бұл ғылыми білімнің, іскерліктің және дағдының жүйесі. Осы жүйенің негізінде оқушылардың ақыл-ойы, қабілеті дамиды, ғылыми материалистік көзқарасы, мінезі қалыптасады.

Мектепте білім мазмұнын анықтау мына мәселелерді қамтамасыз етуі тиіс:

табиғат, қоғам, техника, мәдениет, адам жайындағы білімді қалыптастыру;      

диалектикалық материалистік көзқарасты тәрбиелеу;

адамды жан-жақты дамыту міндеттерін жинақты шешу;

жастарды өмірге, еңбекке, мамандық таңдауға даярлау.

Жалпы орта білім мазмұнын қалаптастырудың көзі адамның өз тағдырын өзі шешудегі негізгі ортасы – адам, қоғам, табиғат, ноосфера болуы қажет.

Сонымен, білім беру мазмұны деп – оқушыларды жан-жақты дамыту, ақыл-ойын, танымдық қызығушылығын қалыптастыру, еңбекке дайындау үшін белгілі типтегі мектепте оқытылатын білім мен біліктер жүйесі болып табылады.    

    Білім беру мазмұнын қалыптастыруға ықпал ететін факторлар.

Білім беру жүйесінің дамуына, қалыптасуына ықпал ететін факторлар мыналар:

Қоғамдық өндірістің даму деңгейі, оның ғылыми техникалық негізін жетілдіру.

Әлеуметтік саясат, ел басқарушылардың білімге деген көзқарасы.

Тарихи тәжірибе және ұлттық ерекшелік.

Педагогикалық факторлар.

Бірінші факторға қоғамдық өндірістің даму деңгейі, оның ғылыми техникалық негізін жетілдіру. Ғылыми техникалық прогресс білімге, білім жүйесіне әсер етсе, білім, білім жүйесі ғылыми техникалық прогреске әсер етеді. Яғни мұнда қандай мектеп, қандай жүйе, қандай білім керек екенін қоғам анықтайды. Мәселен, Қазақстан жағдайында мемлекеттік мектептермен қатар, жеке меншік мектептер өмірге келуде, жоғары оқу орындары іріктелуде, дамыған ел қатарында компьютер, интернетті меңгеруде, коммерция, экономика, құқық қорғау мамандарын даярлауда.

Екінші факторға әлеуметтік саясат, ел басшыларының білімге деген қызығушылығы, көзқарасы жатады. Білімге халықтың атынан тапсырыс беретін солар. Бірақ, тапсырыс объективті болуы керек. Тапсырыс объективті болуы үшін мемлекеттің халықтың жағдайымен санасып, мәселені әділетті түрде шешу қажет. Қазіргі білім саласындағы реформа, қабылданып жатқан құжаттар – соның айғағы.

Үшінші факторға тарихи тәжірибе және ұлттық ерекшелік жатады. Әр ұлттың өзінің ерекшеліктері бар. Тәжірибені ұлттық ерекшелікке сай қабылдау керек.

Төртінші факторға педагогикалық факторлар жатады. Мәселен, алғашқы кезде бала-бақша жұмыс істейтін аналарға көмек ретінде ашылса, қазір ол – мектепке дайындау, оқу-тәрбие орны болып табылады. Педагогикалық фактор кейбір оқу орындарының білім беруге ыңғайланып, арнайы дайындықты керек етеді. Мәселен, тереңдетіп оқытатын математика, физика, тіл, әдебиет т.б. мектептері жатады. Кейбір жағдайда университеттің базалық мектептері болады. Бұл бағыт та педагогикалық фактор болып табылады.

II.      Білім беру мазмұнын қалыптастыру принциптері.

Жалпы орта білімнің мазмұны білім жүйесі арқылы қалыптасады: жанұя, бала-бақша, орта білім беретін оқу орындары.

Мектептегі жалпы орта білімнің мазмұны:

жалпы методологиялық принциптерге сүйеніп қалыптасады;

ғылым, өндіріс, мәдениет, дене, еңбек т.б. салалардың ғылыми негізде қаралып пәндер арқылы беріледі.

Білім беру мазмұнын қалыптастыру принциптеріне:

Оқу материалдарының жалпы білімдік сипаты дегеніміз жалпы орта білім арқылы оқушы жан-жақты дамып, өмір туралы көзқарасы қалыптасады, тіршілікке бейімделеді, рухани күш-қуаты нығаяды, сенімі қалыптасады, адамгершілігі мол болады.

Білім мазмұнының азаматтық, гуманистік бағытына оқып үйрену, деректерге сүйену, қорытындыларды түсіну, оқушылардың ғылыми көзқарасын қалыптастыру болып табылады.       

Оқу материалдарының қоғамдағы өзгерістерімен уақтылы толықтырылып тұру қажет. Мәселен, мектепті компьютерлендіру, шәкірттерді соған үйрету, интернетке қосылу, дүниежүзіндегі өзгерістерден хабардар болу.

Пәнаралық байланыстылығы. Әрбір ұстаз өз пәндерінен дәріс беру барысында сол сыныптағы басқа пәндермен байланысын тауып сілтеме жасау қажет. Пәнаралық байланыс шәкірттердің білімін пысықтауға көп көмегі тиеді.

Жалпы орта білімнің мазмұны жастарға гуманитарлық, эстетикалық пәндерден білім беріп қалыптастыру. Оған тек гуманитарлық, эстетикалық пәндер ғана емес, жаратылыстану, математика т.б. пәндер де жатады. Сол пәндер арқылы да шәкірттерге эстетика мен гуманизмнің элементтерін береді.

Оқу материалдарының дамыту бағыты мен маңыздылығына жалпы орта білім арқылы балаларды жан-жақты ойлауға қалыптастыру, психикасын дамыту жатады. Мәселен, эмпирикалық ойлау, нақты пайымдау, абстракты ойлау, формальды-логикалық ойлау, диалектикалы ойлау, көркемді әсерлеп ойлау.

Жалпы орта білім мазмұнын эстетикалық бағытта жүргізу, табиғаттың әсемдігін таныту, қоршаған ортаны аялау, сүю, қорғау.

Жалпы  орта білімінің мазмұнында білімнің сабақтастық принципін ескеру.

III.    Білім берудің құрамдас бөліктері.

1. Жалпы білім. Жалпы білім мазмұнына пәндердің 3 циклы кіреді: ғылыми-жаратылыстану, гуманитарлық, еңбек және дене дайындығы.

а) ғылыми-жаратылыстану пәндері – табиғат заңдары жайында оқушыларға терең білім меңгереді, олардың ойлау қабілеттерін дамытудың негізгі құралы болып табылады.

ә) гуманитарлық пәндер – оқушыларды педагогикалық даму заңдарымен таныстырады, ойлау аппаратын дамытудың, қарым-қатынас жасаудың құралы, оқушылардың эстетикалық талғамын, адамгершілік сезімін қалыптастырады, дүние тарихымен, мәдениетімен, рухани байлықтарымен таныстырады.

б) еңбек, дене шынықтыру пәндері – оқушылардың денсаулығын нығайтады, түрлі іс-әрекеттер процестерінде олар іскерлікке, дағдыға икемделеді, кәсіптік бағдар береді.      

2. Политехникалық білім – оқытудың әртүрлі сатысында, яғни еңбек сабақтарының процестерінде қарастырылады, өндіріс негіздері, «есептеу техникасы», «информатика» сабақтары, әртүрлі құралдар, шеберханалар т.б.

IV.   Білім беруді ұйымдастыру жүйесі.

Білім беру мекемелері төмендегідей бөлінеді:

       мектепке дейінгі, мектептен тыс, арнайы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетім балалар мекемелері;

       оқыту бағдарламаларын жүзеге асыратын оқу орындары жалпы орта, бастауыш кәсіптік, орта кәсіптік, жоғары кәсіптік, жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік және қосымша кәсіби білім беру;

       жалпы білім беретін мектеп үш сатылы бағдарламаны жүзеге асырады: жалпы білім беретін мектеп, шағын мектеп;

       гимназия – негізгі және қосымша оқыту бағдарламасын жүзеге асырады, оқушылардың қабілеті мен икемділігіне байланысты арнайы терең, кәсіптік оқытуды көздейді;

       лицей - кәсіптік бағытталған оқушыларды оқытуды жүргізетін негізгі және қосымша бағдарламаларды жүзеге асырады;

       жалпы орта, бастауыш кәсіптік оқыту бағдарламаларын жүзеге асыратын әртүрлі бағыттағы кәсіби жұмысшыларды дайындауды қамтамасыз ететін кәсіптік мектеп;

       кәсіптік лицей, жалпы орта, бастауыш кәсіптік оқыту бағдарламаларын және жоғары деңгейдегі маман жұмысшыларды дайындайды;

       колледж – орта кәсіби білімді мамандарды дайындайтын бағдарламаны жүргізеді;

       жоғары білімді халық шаруашылығының түрлі салаларының мамандарын жоғары оқу орындары дайындайды: университет, академия, институт, жоғары училище, консерватория, жоғары мектеп;

       университеттер мен академияларда және ғылыми мекемелерде жоғары дәрежелі ғылыми және ғылыми педагогикалық мамандарды даярлайтын магистратура, аспирантура, докторантура қызмет ете алады.

V.      Білім беру мазмұнын анықтайтын құжаттар.

Білім берудің мазмұны оқу жоспарларында, жеке пәндердің оқу бағдарламаларында және оқулықтарды және электрондық оқу құралында нақтыланады.

Оқу жоспары – оқу  жылының,  тоқсандарының,  демалыс күндерінің мерзімін, оқытылуға  тиісті  оқу  пәндерінің  тізімін, әрбір  оқу  жылы /сыныптар/  бойынша оқу  тәртібін  және  ретін, әрбір  пәнге  бүкіл  оқу   мерзімінде  және  апта  сайын  әр пәнге  бөлінетін  сағаттардың  мөлшерін  көрсететін  мемлекеттік  құжат.

Типтік оқу жоспары - оқу министрлігінде   жасалынып,  барлық  орта  мектептерге  ортақ  болып   бекітіледі.  Оқу жоспары  мектептердің  түрлеріне  орай да  жасалынады.

Оқу жоспары - қоғамның  мектеп алдына  қойған  мақсатымен  тығыз  байланысты. Оқу жоспары  жеке  жүйелік   принциптеріне, оқушылардың  жас және  таным ерекшеліктеріне,   санитарлық гигиеналық  талаптарға  сай  орналасады.  Жеке  пәндердің  белгілі бір реттілікпен  оқу жоспарында  берілуі  олардың  өзара логикалық байланыстығына  тәуелді.

Оқу бағдарламалары - оқу  жоспары негізінде  құрастырылады.  Оқу бағдарламасының  құрамы:

- аталмыш  пән  бойынша оқытудың  мақсаты,  оқушылар  білімдеріне, біліктерімен дағдыларына қойылатын  талаптарды, олардың  білімін  бағалау  жолдарын,  оқытудың  түрлері мен  әдістері туралы  нұсқаулары,  бағдарламаның  басты ерекшеліктері  мен  айырмашылықтарын  анықтайтын  түсінік хат.

Информация о работе Тест по "Педагогике"