Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Мая 2012 в 17:53, тест
Работа содержит тест по дисциплине "Педагогика" и ответы на него
1. 1.Қазіргі оқытуды ұйымдастырудың формалары.
2. 2.Оқытуды ұйымдастыру формалары – тұтас жүйе элементі.
3. Оқытуды ұйымдастырудың негізі формаларына сипаттама.
4. Сабақтың типтері және құрылымы.
5. Оқу пәнін оқыту, бастауыш мектеп оқушысы тұлғасын қалыптастыру мен дамыту жүйесіндегі сабақ.
6. Сабаққа қойылатын қазіргі заманғы талаптар.
7. Сабақта ынтымақтастық, қарым-қатынас күйін тудыру.
8. Сабақты талдау және өзіндік бағалау.
9. Дәстүрлі емес сабақтар.
10. Оқытуды ұйымдастырудың түрлі формаларын пайдаланудың ерекшеліктері.
11. Оқыту процесінің бастауыш мектеп оқушыларының өз бетінділігін қалыптастыру.
12. Оқыту процесінің тұтас жүйесіндегі бақы-лау.
13. Бақылаудың оқыту мақсаттарына сәйкестігі.
14. Бақылау мен бағалаудың оқыту нәтижесінің мемлекеттік стандартқа сәй-кестігін анықтауға бағытталғандығы.
15. Бақылаудың түрлері, формалары және әдістері.
16. Техникалық оқу құралдарын оқушы-лардың іс-әрекетін бақылау мақсатында пайдаланудың мүмкіндіктері.
17. Оқыту процесін және нәтижесін бағалауға психологиялық-педагогикалық талаптар.
18. Оқу іс-әрекетінің нәтижелерін бағалау және есепке алу.
19. Оқушылардың үлгермеушілігі. Оқушылардың үлгермеу себептері.
20. Оқушылардың үлгермеушілігін болдырмаудың жолдары.
21. Оқушылардың оқуын мотивациялау.
22. Оқытудың мотивтері түсінігі.Мотивтерді топтап бөлу.
23. Оқушылардың оқу іс-әрекетін белсендіру.
24. Танымдық қызығушылық. Танымдық қызығушылығын қалыптастырудың жолдары, тәсілдері, құралдары.
25. Қажеттіліктер. Қызығушылықтар мен қажеттіліктердің байланысы. Оқушылардың оқу мотивтерін зерттеуді іске асыру
1 – лекция.
Дидактика – педагогикалық ғылымдар жүйесінде
Дидактиканың даму тарихы.
Дидактика - педагогиканың негізгі бөлімі болып табылады. Оны оқыту және білім беру теориясы деп атайды. Дидактика - гректің «didaktikos» деген сөзінен шыққан. Оның мағынасы білім беру мен оқытудың теориясы немесе «оқытамын», «білдіремін» деген түсінік.
Дидактиканың өзінің тарихы бар. Чехтың ұлы ұстаз ғалымы Ян Амос Коменскийдің «Ұлы дидактика» деген еңбегінде оқыту теориясының тиімді мәселелерін шешіп берді.
Я.А. Коменский оқытудың көрнекілік, жүйелілік, бірізділік принциптерін ұстанған. Сондай – ақ білім беру мен оқыту, шәкірттердің жас және дербес ерекшеліктеріне сәйкес жүруін, оқыту мен тәрбиелеу мақсатының тығыз байланыста болуын талап етті, оқытудың сынып – сабақ жүйесін белгіледі.
Неміс ғалымы В. Ратке баланың дамуын табиғаттың дамуымен салыстырады, адам табиғаттың бір бөлігі деп есептейді.
Швейцарлық педагог И.Г. Песталоций баланы оқыту арқылы дамытуды ұсынды.
Ю.К. Бабанский, Б.П. Есипов, Ш.И. Ганелин, И.Д. Зверев, И.Я. Лернер, И.М.Махмутов, М.И.Скаткин, Қазақстандық ғалымдар Р.Г.Лемберг, А.І.Сембаев, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев т.б оқыту тәсілдерінің түрлерін, шәкірттердің танымдық іс-әрекеттерін белсендіре түсуге бағытталған зерттеулермен айналысқан.
Кейінгі кезде озат жаңашыл ұстаздар Ш.А. Амонашвили, Е.Н. Ильин, И.П. Волков, С.Н. Лысенкова, В.Ф. Шаталов, қазақстандықтар Р. Нұртазина, Қ.Нұрғалиев, А.Ысқақов дидактикаға өз үлестерін қосқан. Бұлар ынтымақтастық педагогиканы қолдайды.
I. Дидактиканың негізгі ұғымдары.
Дидактика ұғымын ғылыми айналымға енгізген неміс педагогы В. Ратке (1571 - 1635).
Дидактиканың негізгі қарастыратын мәселелері: оқыту мазмұны, процесі, әдістері, түрлері, принциптері, және т.б.
Дидактиканың негізгі ұғымдары:
Оқыту, білім беру, оқыту процесі, оқытудың принципі, білім берудің мазмұны, оқытудың түрі.
Оқыту - мұғалім мен оқушылар арасында белгілі дидактикалық міндеттерді шешуге бағытталған іс - әрекет.
Білім беру деп – табиғат және қоғам жайында ғылымда жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруін және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуін айтамыз.
Білім берудің мазмұны - жеке адамның жан – жақты дамуы және қалыптасуы үшін меңгеретін білім, іскерлік, дағды жүйесі білім беру мазмұны болып табылады.
Оқытудың принципі - оқыту процесінің тиімділігін арттыруға қажетті ең негізгі дидактикалық талаптар жүйесінен анықталады. Оқыту принципі оқу пәндерін оқытудың барлық сатысын да қолданылатын жалпы қағидалар болып табылады.
Оқытуды ұйымдастырудың формасы дегеніміз – ұстаз бен шәкірттердің арнайы ұйымдастырылған, белгіленген тәртіп пен режимде жүргізілетін оқу – таным, іс - әрекет процесі.
II. Оқыту процесінің мәні, ерекшеліктері мен қызметі.
Оқыту процесі - білімді, біліктілік пен дағдыны меңгеретін, оқушылардың дүниетанымын, күш қайратын, қабілеттерін тәрбиелеп дамытатын іс - әрекет барысы.
Оқу процесі – бұл ұстаз бен шіәкірттердің мақсатқа бағытталған өзара әрекетінің барысында шәкірттерге білім беру міндеттерін шешу.
Оқыту процесі – тұтас педагогикалық процестің бір бөлігі.
Оқытудың психологиялық-педагогикалық ерекшелік-тері.
Оқыту – мақсатты процесс. Оқытудың басты мақсаты, әдіс тәсілдері, мазмұны мен міндеттері қоғам талабынан туындап, ұдайы өсіп, жаңарады.
Оқыту – таным процесі. Оқытудың міндеті – оқушыны айнала ортамен (табиғат, қоғам) және адам дамуының негізгі заңдылықтарымен қаруландыру.
Оқыту – даму негізі. Педагогикалық процесс өзіне тән негізгі екі белгіні: ағзаның өзіндік дамуына жүйелі түрде көмек және жеке бастың жан – жақты жетілуін түйістіреді.
Оқыту – екі жақты процесс. Оқыту оқушы мен мұғалімнің өзара бірлесіп жасайтын әрекетінен тұратын күрделі процесс. Өйткені, оқыту – мұғалімнің білім берудегі негізгі іс - әрекеті болса, оқу – баланың өзінің танымдық, практикалық әрекеті.
Оқыту - жоспарлы процесс. Мұғалім оқушылардың жалпы рухани дамуын жүйелі қамтамасыз етуі үшін оқыту процесін жоспарланған, ұйымдастырылған түрде жүзеге асырады.
Оқыту - бұл күрделі процесс. Ол тұлғаға білім беру, тәрбиелеу және ақыл – ойы мен творчестволық қабілетін демек біліктілігі мен дағдысын дамыту негізінде жүзеге асырылады.
Оқыту процесінің қызметі:
Білім берушілік қызметі – ғылым негіздеріне сай оқушыларды нақты фактілермен, қағида және түсініктермен, заңдылықтармен қаруландыру және дүние құбылыстары туралы ғылыми көзқарасын қалыптастыру;
Тәрбиелік қызметі – оқыту барысында оқушыларды теориялық білімдер жүйесімен қаруландырып, жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру.
Дамытушылық қызметі – оқыту барысында оқушыларға білім беру, оларды тәрбиелеу негізінде тұлғаның ақыл-ойы, сана-сезімі, шығармашылық қабілеті, т.б. көптеген тұлғалық қасиеттердің дамуына біліктері шыңдалып, қабілеттерінің артуына оң әсер етеді.
IV. Оқыту процесінің құрылымы.
Оқыту процесі – бұл мұғалім мен оқушылардың белгілі бір мақсатқа бағытталған өзара әрекеттестігінің барысында оқушыларға білім беру міндеттерін шешу болып табылады. Оқыту процесінің құрылымдық компоненттері мыналар:
Мақсат. Мұғалім оқу процесін ұйымдастырушы, жүргізуші ретінде алдына мақсат қояды: балаға білім беру, үйрету, берілген тақырыпты өту, түсіндіру.
Мұғалім. Оның білімі, тәжірибесі, балаға деген көзқарасы, қатынасы, сыпайылығы, мінезі, іс - әрекеті, ұстаздық қабілеті т.б.
Оқушы. Оның объект - субъект ретіндегі қатынастары (ұстазбен, қоршаған ортамен). Оқу – оқыту процесіндегі оқушылардың іс - әрекеті.
Оқушылар ұжымы. Оқыту процесінің дұрыс жүруі оқушылар ұжымына байланысты. Оның ұйымшылдығы, ынталылығы, бір – біріне көмегі, ортақ қызығушылығы, бірігіп оқуы, арадағы пікір сайыс т.б жақсы оқуға итермелейді.
Оқыту әдістері. Ұстаздың оқыту әдісін дұрыс қолдана білуі. Ол ұстазға да оқушыға да байланысты. Оқыту әдісі, тәсілі сабаққа байланысты өзгеріп отырады.
Сабақты ұйымдастыру түрі. Сыныптық, кабинеттік, лабораториялық, мектептен тыс, факультативтік т.б сабақтар. Сабақты ұйымдастыру, маңызды өткізу оқу процесіне тікелей әсер етеді.
Алған білімді өмірде қолдана білу, нәтижесін көру.
Педагогикалық диагностика. Баланың білімінің нәтижесін бағалау. Оқыту процесінде қандай да жетістіктер, кемшіліктер болуы, соған талдау жасап, қорытындылау.
V. Оқыту процесінің әдіснамалық негізі.
Оқыту процесінің әдіснамалық негізін объективті дүниені танудың арнайы түрін және ғылымның танымын бейнелейтін, оқушылардың іс - әрекеттерінде оқуды салыcтыру арқылы түсіндіруге болады.
Негізгі қайшылықтар – оқыту процесінің қозғаушы күші, себебі таным процесі, ол да сарқылмайтын құбылыс.
Оқыту процесінің әдіснамалық негізі төмендегідей ерекшеліктерді біріктіреді:
- Танымның жалпы әдістерінде – диалектикалық әдіс;
- Объективті ақиқаттың құбылыстарын сараптаудың тарихи тәсілі, қарама-қайшылықтың қозғалысындағы, дамуындағы процесті қарастыратын таным теориясы;
- Диалектикалық ойлау;
- Абстракциялық және нақтылық;
- Объективтілік және субъективтілік, теория мен тәжірибенің бірлігі, анықтылық және белгісіздік, шектеулік және шамалық;
- Қарама – қайшылықтың ролі мен мәні;
- Оқыту теориясындағы тарихилық және логикалық;
- Мақсат пен құралдың үйлесімділігі;
- Оқыту теориясының сапалық және сандық қатынастары;
- Әдіснамалық ұстанымдар (танымдық, объективтілік, теория мен тәжірибенің бірлігі, детерминизм, тарихилық және диалектикалық таным ұстанымдары)
VI. Оқушылардың оқыту процесіндегі оқу – танымдық іс - әрекетінің психологиялық – педагогикалық негіздері.
Оқу – оқыту процесіндегі оқушылардың іс - әрекеті. Оқыту процесінің логикасы және құрылымын анықтайды, ал құрылымын оқыту процесінің таным іс - әрекетінің кезеңдері кіреді.
Таным міндеттерін жете түсіну. Таным міндеті түсінікті болса, оны оқушылар өз бетімен ізденіп шешуге тырысады, оқыту процесінің әрбір кезеңдеріне жеке – жеке дайындалады.
Жаңа материалды қабылдау. Оқушыларды жаңа материалдармен таныстыру, бақылау, эксперимент, практикалық жұмыстар процесінде тікелей қабылдау арқылы және жанама түрде мұғалімнің сөзі, эвристикалық әңгіме, оқулық арқылы іске асырылады.
Ұғыну - жаңа оқу материалдарын түсініп, жинақтау процесі. Ұғыну - бұл сапалы түрде ғылыми білуі, заңдылықтарды тану, ұғу, фактілерді жинақтау процесі, қорытынды шығару. Ұғыну процесінде оқылатын материал терең ойластырылады, дәлелденеді және бекітіледі.
Білімді, іскерлікті және дағдыны бекіту және жетілдіру. Бекіту бұл оқушылардың білімді берік ұғуының тиімді тәсілі.
Білімді, іскерлікті, дағдыны практикада қолдана білу. Білімді, іскерлікті және дағдыны практикада қолдану оқушылардың өзіндік қасиеттерін дамытады. Оқушылардың өз бетімен дамуына лабораториялық жұмыстар, практикалық және семинар сабақтары, үйрету машиналары, ауызша және жазбаша жаттығу жұмыстары мүмкіндік туғызады.
Оқушылардың жетістіктерін талдау, білімін, іскерлігін және дағдысын тексеру, бағалау – бұл оқытудың кері байланыс процесі. Оқушылардың барлық жетістіктерін – білім сапасын, байымдау сауаттылығын, жалпы ой өрісінің даму дәрежесін ескеріп, талдау жасау қажет. Осының негізінде білім мазмұны анықталады, әділ баға қойылады.
Оқыту процесіндегі танымдық әрекеттің логикалық бірізділігі мынадай:
1) Нақты аңғару – түйсік және қабылдау;
2) Абстракты ойлау – ұғыну, мәнін түсіну;
3) Практика – бекіту, білімді, іскерлікті, дағдыны практикада қолдану, оқу процесінің компонеттерін тексеру, бағалау.
Оқыту процесінің заңдылықтары.
Заңдылық дегеніміз – құбылыстар мен процестер арасындағы объектілі, маңызды, қажетті, жалпы, берік, белгілі жағдайда қайталанатын өзара байланысты айтамыз. Оқыту процесінің заңдылықтары оның тұтастығын дәлелдейді.
Оқыту процесінің заңдылықтары мыналар:
- Оқыту процесінің мақсаты, яғни жеке адамның жан – жақты білім, тәрбие алып дамуына бағытталған. Баланы оқыту, білім беру бұл қоғам, мемлекет тапсырысы.
- Әрбір жеке адамның іс - әрекет, қимылына байланысты, яғни білім алу немесе білім беру әр адамның өз басына байланысты.
- Әр оқушының оқуға деген танымдық құштарлығында және қажеттілік мотивінде.
- Әр ұстаз өз шәкірттерін қадірлеп, құрмет тұтып сыйлай отырып, оған керекті талап қоя білуінде.
- Әр оқушының білімге деген, оның әр сабақты қуана қарсы алатындай болуында.
- Әр ұстаз әр оқушының қабілетін көре біліп, жан дүниесін түсініп, сол арқылы оқушының даралығының мәнін ашып, қабілетін дамытып, оқушының жақсы жақтарын мадақтап, оның білімге деген құштарлығын арттыруда.
- Оқыту барысында балалардың жас және дара ерекшеліктерін ескеру;