Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Мая 2012 в 17:53, тест
Работа содержит тест по дисциплине "Педагогика" и ответы на него
Оқытуды оқу жоспарына, оқу бағдарламалары және оқулықтарға негіздеу;
Жеке пәндерді тұрақты оқу кестелері арқылы алмакезек оқыту;
Оқытуды жылдың тұрақты бір мезгілінде бастап, аяқтау;
Оқытуды ұйымдастыру тек мұғалімнің басшылығымен жүргізілуі.
Қорыта айтқанда, мұғалім бір мезгілде жас шамалары бірдей, құрамы әр уақытта тұрақты оқушылар тобымен жұмыс істейді.
Сыныптық – сабақ жүйесінің артықшылықтары:
- Сабақ құрылымын тиімді етіп құру;
- Барлық оқу – тәрбие үрдісінде тәртіптілікті қамтамасыз ету;
- Оқу мәселесін талқылағанда бір – бірімен қарым – қатынасқа түсу мүмкіндігін пайдалану;
- Белгілі бір міндеттерді шешу барысында ұжымдық ізденіс жасау, уақытты үнемдеу;
- Сабақ үстінде әр оқушының рухани санасын арттыруға құлшынысының бәсекеге түсуі;
- Жүйелілікті және кезеңдік реттілікті жүзеге асырып, оның әр дамуына, білімділікке жетіліп отыруына ұмтылу.
Сыныптық – сабақ жүйесінің кемшіліктері:
Үлгерімі орташа деңгейдегі оқушыға бағытталған;
Үлгерімі нашар деңгейдегі оқушының қабілеті жетпейтін күрделі тапсырмалар келуі;
Өте талапты оқушылар үшін ыңғайланған оқу объектісі болмайды;
Әр оқушының жеке қабілеті ескерілмейді;
Мұғалім осы үш түрлі деңгейге жекелеген жұмысты ұйымдастыру амалын қарастыру көзделеді;
Оқытудың әдістері мен қарқын мөлшерін дәл меңзелей алу шеберлігі болуы талап етіледі;
Сыныптық-сабақ жүйесі өзіне көптеген оқу процесін ұйымдастырудың бірқатар кешендерін қосып алады. Оған жататындар: экскурсия, оқу шеберханасындағы сабақтар, тәжірибелер, еңбек және өндіріс түрлері, сыныптан тыс жұмыстардың түрлері (пән үйірмелері, студия, ғылыми қоғамы, олимпиада, байқаулар, конференциялар).
Неміс педагогы И.Ф. Гербарт сабақтың негізгі төрт кезеңін ұсынды:
1. Мұғалімнің оқу материалын мазмұндау кезеңі;
2. Жаңа материалды өткен материалмен байланыстыру кезеңі;
3. Сабақты жаттығу әдісімен жүргізу кезеңі;
4. Қысқаша қорытынды жасау кезеңі;
Сынып – сабақ формасы оқыту жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы ретінде күні бүгінге дейін өзінің маңызын жойған жоқ. Себебі, ол ең алдымен мұғалімге оқытатын пәннің мазмұнын жүйелі түрде баяндауына мүмкіндік береді. Сондай-ақ, сабақ баланың оқу әрекетінің сыныптан тыс және үйдегі түрлеріне де бағыт-бағдар беріп, жетекшілік ролін атқарады.
Сабақ - оқыту жұмысын ұйымдастырудың формасы болғандықтан, осы жерде оның атқаратын қызметі мен оқыту процесінде алатын орны ерекше болды. Сабақта оқушыларға білім берумен қатар, олардың рухани- адамгершілік қасиеттері мен ақыл-ой қабілеттерін дамыту мақсаттары көзделеді.
Сабақ – күрделі психологиялық және дидактикалық процесс, онда оқушылармен педагогикалық қарым-қатынас жасау және тәрбиелеу міндеттері іске асырылады.
III. Қазіргі кезеңдегі сабаққа қойылатын талаптар.
Сабақтың мақсаты айқын, мазмұны, жоспары және оның құрылымы алдын ала белгілі болуы тиіс.
Сабақ оқыту принциптерінің ережелері мен талаптарына сәйкес болуы қажет.
Сабақтың ғылыми мазмұны оқушылардың жас және дара ерекшеліктеріне сай түсінікті болуы керек.
Сабақтың мазмұны оқытатын пәннің бағдарламасына сәйкес болуы және әрбір сабақ басқа сабақтар жүйесінің буыны болуы міндетті нәрсе.
Сабақта оқушылардың белсенділігін арттыру үшін проблемалық ситуациялар туғызып, проблемалық міндеттер мен тапсырмаларды орындауға басшылық ету қажет.
Сабақта оқушылардың білімге ынтасы мен қызығуын арттыру үшін сабақтың құрылымы мен әдістерін түрлендіріп, көрнекі және техникалық құралдарды, түрлі ойындарды тиімді қолдану керек.
Сабақтың сапасын жақсарту үшін мұғалім оқушылармен қарым-қатынас жасау шеберлгін арттырып отыру керек.
Сабақта оқушыларға білім берумен қатар, оларды өздігінен білім алудың әдіс-тәсілдеріне үйрету міндет.
Сабақ оқытудың білім беру, тәрбиелеу және дамыту қызметін біртұтастық принципке сай жүргізуі тиіс.
Сабақтың дидактикалық құрылымы немесе кезеңдері бірізділікте, бір – бірімен өзара байланыста, бірін – бірі толықтырып тұрулары қажет.
Сабаққа дайындалу және оны өткізу барысында мұғалімнің сыныптағы, мектептегі нақтылы жағдайды (оқу кабинетінің жабдықталу, оқу- техникалық, көрнекілік құралдарының нақты қолда болуы, тұрғылықты жердегі табиғат, өндіріс ресурстарын пайдалану т.с.с) ескеріп отыру шарт.
Сабақты құруға қойылатын талаптар:
- Сабақтың бағдарламаға, өтетін орны мен уақытына сәйкестігі;
- Сабақтың құрылымы мен кезеңдердің қажеттілігі олардың уақытқа байланысты арақатынасы;
- Идеялығы мен ғылымилығы;
- Эстетикалық тәрбие, сабақтың эмоционалдық жақтары,
- Жаңа материалдар беру;
- Дамыта оқыту принциптерін сақтау;
- Өмірмен байланыс;
- Оқытудың көрнекілігі, оқытудың техникалық құралдарын пайдалану;
- Кітаппен жұмыс істеу;
- Жаңа ұғымдардың тууы, таным қызығушылығы;
- Дайындық жаттығуларын ұйымдастыруы;
- Оқушылардың жұмысындағы дербестігі;
- Оқушылардың белсенділігі мен бастамашылығы;
- Оқушыларды жұмыстың әр алуан түрлерімен қамту;
- Ауызша және сөздік практикамен қамту;
- Жекелей әдіс (қабілеттілерге назар аудару, артта қалушылармен жұмыс істеу)
- Оқушылардың білімін тексеруді ұйымдастыру;
- Оқушылар білімінің тереңдігі мен беріктігі;
- Бағалардың сәйкестігі және оларға аннотация;
- Үй тапсырмасын ұйымдастыру;
- Сабақ өткізу қарқыны;
- Мұғалімнің педагогикалық тактісі;
- Мұғалімнің сөзі, оның субъективті жетістіктері;
- Дауыстап айтумен жұмыс істеу;
- Сөздік – фразеологиялық және стилистикалық жұмыс;
- Байланыс сөзін дамыту, практикалық бағыттылық;
- Грамматиканы, лексиканы оқу;
- Оқу техникасы;
- Сөйлеу және жазу мәдениеті;
- Көркем шығармаларды оқу;
- Жазбаша жұмыстар жүйесі.
IV. Сабақ типтері мен құрылымы.
Сабақтың типологиясы – сабақты әр түрлі негізде топтастыра отырып, қазіргі зерттеулердің көпшілігі авторлық шешімін ұсынған басты күрделі дидактикалық міндеттердің бірі.
С.В. Иванов, М.А.Данилов, Б.П.Есипов, И.Н.Казанцев, В.А.Онищук, Г.И.Щукина бастапқы дидактикалық мақсатпен тәуелді болатын сабақтардың практикалық ұқсас түрлерін шығарған:
- Кіріспе сабақтар;
- Оқулық материалын алғашқы танысу сабақтары;
- Заң мен ережені танытудың, түсініктердің пайда болу сабақтары;
- Практикада алған білімдерін қолдану сабақтары;
- Дағдылану сабақтары;
- Қайталау және талдап қорыту сабақтары;
- Бақылау сұрақтар;
- Аралас және құрастырылған сабақтар;
Сабақ түрлерін топтастыру принциптері әртүрлі болғанымен де, ішкі мазмұндары бір – біріне өте ұқсас келеді.
И.Н. Казанцев бойынша:
Алғашқы сабақ - әр пәннен оқу жылының басында өтетін сабақтар.
Кіріспе сабақ - бадарламаның күрделі тараулары мен тақырыптарымен өтетін бірінші сабақ.
Жаңа білімді меңгеру сабағы – жаңа оқу материалы өтетін сабақ.
Пысықтау сабағы – өткен оқу материалын пысықтау сабағы.
Жаттығу сабағы – оқушылардың білімі мен дағдысын жаттықтыру сабағы.
Тәжірибелі сабақ – оқушылардың алған білімін өмірде қолдану жолдарын көрсететін сабақ.
7 – лекция
Оқыту процесінің сапасын педагогикалық бақылау
Оқу іс - әрекетін бақылау туралы түсінік.
Оқытуды бақылау дегеніміз – бұл мұғалімдер мен мектептердің жұмыстарын тексерудің әкімшілік-ресми тәртібі, нәтижелерін басқару шешімдерін қабылдау үшін қызмет ету.
Оқытуды бақылау деп – мұғалімнің оқушылар білімін тексеруі мен бағалауын айтамыз.
Мектептерде педагогикалық қызмет - әрекеттің нәтижелерін есепке алу мен бағалау мектеп ішіндегі бақылау жүйесіне енгізілген.
Мектептегі оқу іс - әрекетін бақылау – күрделі де көп жақты процесс, ол – белгілі бір заңдылықпен, бір – бірімен тығыз байланысты және белгілі бір қызмет атқаратын бөліктердің тұтастығынан тұрады.
Оқу іс - әрекетінің жүйесі белгілі бір дидактикалық талаптарға негізделеді.
Бақылаудың мазмұнына қойылатын талаптар – үйлесімді, басқару қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жағдайларды анықтайды.
Қазіргі кезеңде бақылауға қойылатын дидактикалық талаптар:
- Бақылау мазмұнының бағдарламалық талаптарға сәйкес болуы. Егер талаптар төмен болса, білім беру деңгейі де төмендейді, ол талаптар жоғары болған жағдайда оқушыларға шамадан тыс салмақ түседі;
- Алынған ақпарат мазмұнының объективтілігі мен анықтығы;
- Оқушылар дайындығының негізгі элементтеріне талдау жасау қажеттілігі;
- Бақылау шапшаңдығы, жүйелілігі мен жариялылығы.
- Бақылаудың даралық және ұжымдық формаларын үйлестіру.
Оқушылардың оқу үлгерімін диагностикалау мен бақылаудың ең маңызды принциптері
Ғылыми педагогикалық әдебиеттерге талдау жасау негізінде бұл мәселенің қалыптасуын бірнеше кезеңге бөлуге болады.
1-кезең – 1920-жылдары үй тапсырмасын беру, білімді және емтиханды бағалауды оқыту процесі жүйесінде қарастырмайды, соның нәтижесінде оқушының үлгерім сапасына мұғалімнің бақылау жасау орнына «бригадалық – лабораториялық әдіс жүйесіне негізделген» өздігінен бақылаудың түрлері кең көлемде тартылды.
2-кезең – 1930-жылдары білім, білік пен дағды нәтижесін есепке алуды бақылау (Е. В. Турьянов) және тәрбиелік қызметке (П. Г. Ананьев) көптеп көңілі аударыла бастады.
3-кезең – 1940-1960 жылдары бұл мәселе төңірегінде отандық ғылым мен практика тәжірибесін жинақтау жұмыстары қолға алынды. Онда білімді бақылау (Е. И. Перовский) оқушыларды бақылау ретінде қарастырылды.
4-кезең – 1970-жылдары оқу-тәрбие процесінің барлық буындарын басқару және тексерудің диагностикалық қызметі айқындалды.
5-кезең – 1986-жылдары оқыту нәтижесін есепке алу, бақылау және бағалаудың мазмұны, амал-тәсілдері мен қызметінің дидактикалық - әдістемелік негіздерін талдау жасау қолға алынды.
Бүгінгі таңда оқыту теориясында бақылау немесе бағаның мәні, тәсілдері жайлы әлі де болса ортақ пікір қалыптаспай отыр.
Бақылау – кең көлемде бір нәрсені тексеру деген мағынаны білдіреді. Бақылау оқыту процесінде оқушылардың оқу әрекетіне басшылық жасау қызметін атқарады, олардың творчествалық күші мен қабілетінің дамуына ықпал етеді.
Бағалау – бұл оқытудың құрамдас бөлігі және қорытындылау сатысы. Бағалау – бір нәрсенің деңгейін, сапасын, дәрежесін белгілеу. Оқушының оқу танымдық әрекетін бағалау – оқыту процесінің міндеттерін оқушылардың қандай дәрежеде меңгеруі , дайындық деңгейі мен дамуын, білімдерінің сапасын, білік пен дағды көлемін анықтайтын құрал.
Білім, білік және дағдының бақылау және бағалау қызметі мыналар:
Бақылаудың білім беру қызметі – оқушылар жаңа білімдерді қабылдайды, бұрын алған білімдерін толықтырып, жетілдіріп, белгілі бір жүйеге келтіреді.
Бақылаудың тәрбиелік қызметі – оқушыларды жүйелі түрде жұмыс істеуге үйретеді.
Бақылаудың дамыту қызметі – оқушылар өзбетінше оқу тапсырмаларын орындауды жаңа білімдерді қабылдайды, қорытынды жасайды, баяндамалар әзірлейді, хабарламалар жасайды.
Бағалаудың қызметі үш топқа бөлінеді.
Хабарлаушылық қызметі – білім, білік және дағдыны бағалауды, әрбір бағанның көрсеткіштері мен өлшемдеріне мұғалім мен оқушылардың арқа сүйеуі жағдайында іске асады.
Басқарушылық қызметі – осы топты жүзеге асырудың қажетті шарты бағадағы көрініс тек қана оқытудағы қол жеткізілген нәтиженің мөлшері ғана емес, сонымен бірге сапасын белгілейтін көрсеткіш.
Тәрбиелеушілік қызметі – бұл қызметтің нәтижелі болуының кепілі, баға оқытудың нәтижесін нақты бейнелей білуде.
Білімді бақылау және бағалау ғылыми дәлелденген, тәжірибеде қолданылған принциптер негізінде жүргізіледі:
Әділдік, шындық принципі – білім сапасының нақтылығы, баға өлшемімен ережесі нормасына қатысты және субъективтік факторларды болдырмауды көздейді.
Жүйелілік, бірізділік принципі - әрбір сабақ, тақырып бойынша оқушылар оқу әрекетінің басқа буындарымен байланыстыра қаралып, оқыту процесінің барлық кезеңдерінде бақылау жүргізуді көздейді.
Жан – жақтылық принципі – бақылау оқу бағдарламасының барлық бөлігін қамтиды, оқушылардың теориялық білімдерін, интелектуалдық және практикалық білік пен дағдысын бақылауды қамтамасыз етеді.