Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 18:21, лекция
Психологиялық денсаулық негізінде балалардың жеке басының қасиеттері дамып, психикалық кейіптері қалыптасады. Сонымен қатар, психологиялық денсаулық балалардың танымдық үрдістерінің жетілуін қамтамасыз ететін бірден-бір фактор болады. Балалардың өзін - өзі дамытып, жетілдіруін, реттей алуын, яғни өзіндік бағаның дұрыс болуын қамтамасыз ететін де, балалардың ересектермен және басқа балалармен қарым-қатынасын реттейтін психологиялық денсаулығы болып табылады.
1. Тұлғаның денсаулығына деген негізгі тұрғылар.
2. Денсаулық психологиясы пәнаралық зерттеу ғылымы.
3. Патология және норма туралы ұғым.
4. Калыпты психикалық даму туралы көзқарастар, психикалық нормаға деген психологиядағы әртүрлі ағымдар (бихевиоризм, психоанализ т.б.) өкілдерінің тұжырымдамалары.
Рене-Жиль әдістемесін таза проективтілердің қатарына жатқызуға болмайды, ол проективті тесттер мен анкета арасындағы ауыспалы формасын көрсетеді. Оның негізгі жетістігі осында. Оны балалардың әлеуметтік ортасына бейімделу ерекшеліктерін, жеке бас қасиеттерін терең зерттеу үшін және статистикалық өңдеуді талап ететін зерттеулерде негізгі құрал ретінде қолдануға болады.
Біз зерттеу жүмысымызда бүл әдістің статистикалық талдауын жеңілдету үшін ұпайлық есептеу жүйесін енгіздік. Зерттеу барысында эр балаға хаттама толтырылды. Зерттеу нәтижесін талдаған уақытта әдістеменің 12 белгісі бойынша әр балаға жеке талдау жасалды. Тесттің әр тапсырмасындағы баланың позитивті таңдауларына «1» ұпай, ал негативті таңдауларына «0» ұпай қойылып отырды. Статистикалық талдауды жеңілдету үшін жэне сапалық талдауды терең жасау үшін әр 12 тенденция бойынша баланың қарым-қатынас ерекшеліктері, яғни сәйкес әлеуметтік ортаға бейімделуі үш деңгейге бөлінді, олар - позитивті, амбивалентті-тұрақсыз, негативті, әр тенденция бойынша ұпайлар жиынтығы анықталды.
Баланың анасына қатынасы - максималды 20 үпай, оның ішінде егер 15-20 ұпай болса - позитивті қарым-қатынасы; 8-14 ұпай болса — амбивалентті қатынасы; 1-7 ұпай - негативті қатынас деп диагносталады.
Әкесіне қатынасы - максималды 20 ұпай, егер 15-20 ұпай болса - позитивті қарым-қатынасы; 8-14 ұпай болса - амбивалентті қатынасы; 1-7ұпай -негативті қатынас деп диагносталады.
Баланың ата-анасына қатынасы - максималды 10 үпай, оның ішінде егер 8-10 үпай болса - позитивті; 4-7 үпай - амбивалентті; 1-3 ұпай - негативті қатынасы диагносталады.
Апайы мен ағасына қатынасы, егер 15-20 ұпай болса - позитивті қарым-қатынасы; 8-14 үпай болса - амбивалентті қатынасы; 1-7 ұпай - негативті қатынас деп диагносталады.
Апасы мен атасына қатынасы - максималды 15 ұпай, оның ішінде егер 11 -15 ұпай болса - позитивті қатынасы; 6-10 үпай — амбивалентті қатынасы; 1-5 ұпай - негативті қатынас.
Досына қатынасы - максималды 20 ұпай, соның ішінде — 15-20 ұпай -
позитивті; 8-14 ұпай - амбивалентті; 1-7 ұпай — негативті қатынасы анықталады.
Мұғалімге қатынасы - максималды 15 ұпай, оның ішінде егер 11-15 ұпай болса - позитивті қатынасы; 6-10 ұпай - амбивалентті қатынасы; 1-5 ұпай -негативті қатынас.
Білімге қатынасы - максималды 10 ұпай, оның ішінде егер 8-10 ұпай болса - позитивті; 4-7 ұпай - амбивалентті; 1-3 ұпай - негативті қатынас.
Қарым-қатынаста доминанттылыққа талпынысы - максималды 4 ұпай, соның ішінде егер 4 үпай болса - қарым-қатынастағы позитивті жағдай; 2-3 ұпай - амбивалентті; 0-1 ұпай - қарым-қатынаста үстемділікке талпыныстың негативті тенденциясы байқалады.
Қарым-қатынастағы белсенділігі - максималды 4 ұпай, соның ішінде егер 4 үпай болса - қарым-қатынастағы жоғары белсенділік, позитивті жағдай; 2-3 үпай - қарым-қатынастағы амбивалентті жағдай, қарым-қатынас қажеттілігінің айқын болмауы; 0-1 ұпай - негативті, яғни қарым-қатынастағы белсенділігі төмен, қарым-қатынастың негативті қабылдануы, қарым-қатынас қажеттілігінің төмен деңгейде қалыптасуы анықталады.
Тұйықтық, жекелену - максималды 15 үпай, соның ішінде егер 11-15 үпай болса - позитивті, яғни қарым-қатынаста еркін түсуіне кедергі болатындай сипатар байқалмайды; 6-10 ұпай - амбивалентті; 0-5 ұпай — негативті жағдай орын алады.
Мінез-қүлықтың әлеуметтік адекваттылығы - максималды 10 ұпай, оның ішінде егер 8-10 ұпай болса - позитивті, элеуметтІк адекватты мінез-құлықтың болуы; 4-7 үпай - амбивалентті; 1-3 үпай - мінез-құлықтағы негативті тенденция диагносталады.
Әдебиеттерге жасалған талдау бойынша, психологиялық денсаулықтың келесі көрсеткіші - стрестік жағдайларға баланың эмоционалды реакция типі болып табылады. Егер агрессивті реакция басым болса, бұл баланың фрустрациялану деңгейінің жоғары екендігін, қақтығысты шешуде деструктивті тәсілдерді қолданатындығьш, яғни психологиялық денсаулығының ауытқығанын көрсетеді. Эмоционалды реакция конструктивті немесе деструктивті типте болады. психологиялық денсаулығы креативті деңгейдегі балалар стресстік жағдайларға конструктивті реакциясымен ерекшеленетіндіктен, О.В. Хухлаева осы деңгейдің атауын «креативті» деп берген. Стрестік жағдайға деструктивті реакциясы басым балалардың психологиялық денсаулығы төмен деңгейде болады. Біз зерттеу жұмысымызда 6-7 жастағы қазақ балаларының стрестік жағдайларға эмоционалды реакция типін анықтауды көздедік.
Психологиялық
диагностика талаптары мен
проективті әдістерді қолданғанда
қосымша тесттерді де зерттеуге қолдану
қажет. Бұл алынған нәтижелердің кездейсоқ,
сенімсіз болуына жол бермейді.
Сондықтан, Р. Тэммел, М. Дорки,
В. Аменнің «Мазасыздықты диагностау
әдісі» альшды. Бүл тест баланың мазасыздық
деңгейін анықтаумен қатар,
жауаптарға талдау жасау негізінде баланың
жақын адамдарымен, ересектермен қарым-қатынас тәжірибесінің
эмоционалды негізін, оның жан-дүниесіне
осы қарым-қатынастың әсерін диагностауға
мүмкіндік береді. Яғни, социумға бейімделу
ерекшеліктері, оған эмоционалды қатынасы
анықталынады. Тест жалпы 4-7 жастағы балалардың
өмір жағдайларына, адамдармен қарым-қатынасына
бағытталған мазасыздық реакциясын диагностайды.
Теставторлары, американдық психологтар
Р. Тэммел, М. Дорки, В. Амен мазасыздықты
субъектінің қауіпсіздігін қамтамасыз
ететін, қорғаныс реакциясының ролін атқаратын
эмоционалды қалып деп анықтайды. Мазасыздық
деңгейінің оптималды болуы - моционалды
сфераның дамығандығын, тұрақтылығын
білдіреді. Ал, жоғары деңгейде болуы -
баланың қорғаныс-қауіпсіздік мотивтерін
күшейтіп, белсенділігіне кедергі болады,
балада жетістікке жету талпынысының
орнына сәтсіздіктен қашу, енжарлық ,мотиві
басым болып шығады. Мазасыздықтың жоғары
деңгейі баланың әр-түрлі әлеуметтік жағдайларға
эмоционалды бейімделе алу қабілетінің
дамымағандығын, жетілмегендіғін көрсетеді.
Осы тест көмегімен баланың мазасыздық деңгейі,
әр-түрлі өмірлік жағдайларға баланың
қатынасы, оның әріптестерімен, ересектермен
жанұядағы, мектептегі қарым-қатынас ерекшеліктері анықталынады.
Эксперименттік-диагностикалык материал
баланың күнделікті өмірінде кездесетін
14 сюжетті суреттен түрады. Сандық
талдауда баланың жауаптарынан мазасыздық
индексі анықталынады. Сонымен қатар, сапалық талдауда баланың
әр жауабы жеке талданады. Мазмұндық
талдау негізінде баланың ересектермен
және басқа балалармен қарым-
қатынасының эмоционалды тәжірибесі,
оның баланың жан-дүниесіне әсері
бойынша қорытынды жасалады. Ерекше жоғары
проективті мэнге «Киіну»,
«Үйқыға бару», «Тамақтану», «Бала қолына
сэби көтерген анасымен»,
«Жуыну», «Елемеу», «Ойыншықтарды жинау»
суреттері ие болады. Осы
суреттерге сәйкес негативті эмоционалды
таңдау жасаған балаларда
мазасыздық индексі
жоғары болады, социумге бейімделуінде
қиыншылықтар байқалады.
Өмірлік жағдайлар карточкада екі вариантта орындалған: ер балалар үшін (негізгі кейіпкер ретінде ер бала бейнеленген), қыз балалар үшін (негізгі кейіпкер ретінде қыз бала бейнеленген). Әр сюжетке қосымша тақцау үшін мұңды және көңілді кейіпкердің бет-әлпеті салынған карточка да көрсетіледі. Балаға сурет кезегі қатаң сақталып берілуі қажет. Баламен сүхбат индивидуалды түрде өтеді. Балаға әр суретті көрсете отырып, психолог, сәйкесінше келесі сұрақтарды қояды:
«Қалай ойлайсың, мына бала көңілді ме, әлде мүңды ма? Ол екі кішкентай баламен ойнап жүр» (сурет: Жасы кіші балалармен ойын).
«Қалай ойлайсың, мына бала көңілді ме, элде мұңды ма? Ол анасымен және сәбимен серуендеп жүр» (сурет: Бала қолына сэби көтерген анасымен).
«Қалай ойлайсың, мына бала көңілді ме, әлде, көңілсіз бе?» (Сурет: Агрессия объектісі).
«Қалай ойлайсың, мына баланың түрі қандай болады, көңілді ме, әлде, көңілсіз бе? Ол киімін киіп отыр» (Сурет: Киіну).
«Қалай ойлайсың, мына баланың түрі қандай болады, көңілді ме, әлде, көңілсіз бе? Ол ересек баламен ойнап жүр» (Сурет: Ересек баламен ойнау).
«Қалай ойлайсың, мына баланың түрі қандай болады, көңілді ме, әлде, көңілсіз бе? Ол ұйықтауға бара жатыр» (Сурет: Жалғыз ұйқыға бару).
«Қалай ойлайсың, мына бала көңілді ме, әлде, көңілсіз бе? Ол ванна бөлмесінде» (Сурет: Жуыну).
«Қалай ойлайсың, мына бала көңілді ме, әлде, көңілсіз бе?» (Сурет: Сөгіс жасау).
«Қалай рйлайсың, мына бала көңілді ме, әлде, көңілсіз бе?» (Сурет: Елемеу).
«Қалай ойлайсың, мына баланың түрі қандай болады, көңілді ме, әлде, көңілсіз бе?» (Сурет: Агрессивті тап беру).
«Қалай ойлайсың, мына баланың түрі қандай болады, көңілді ме, әлде, көңілсіз бе? Ол ойыншықтарын жинап жүр» (Сурет: Ойыншықтарды жинау).
«Қалай ойлайсың, мына баланың түрі қандай болады, көңілді ме, әлде, көңілсіз бе?» (Сурет: Жалғыздық).
«Қалай ойлайсың, мына баланың түрі қандай болады, көңілді ме, әлде, көңілсіз бе? Ол өзінің ата-анасының жанында» (Сурет: Бала ата-анасымен бірге).
«Қалай ойлайсың, мына баланың түрі қандай болады, көңілді ме, әлде, көңілсіз бе? Ол тамақ ішіп отыр» (Сурет: Жалғыздықта тамақтану).
Осылайша сұрақтар сәйкесінше 14 суретке байланысты әр карточканы көрсете отырып, қойылып шығады. Баланың персеверативті таңдауына жол бермес үшін «Көңілді ме, әлде мұңды ма?» деген сүрақтардың орнын ауыстырып, қойып отыру қажет. Балаға қосымша сұрақтар қойылмайды.
Бірінші «Жасы кіші балалармен ойын» атты суреттің тақырыптық мазмұны баланың сиблингтеріне қатынасын, қамқорлық көрсете алу қабілетін, қарым-қатынастағы қылық типін таңдаудағы фрустрация мүмкіндігін анықтайды.
Екінші «Бала қолына сәби көтерген анасымен» атты суреттің тақырыптық мазмұны баланың анасына, өзінен кішІ бауырларына қатынасын, балалардың арасындағы анасының зейіні үшін бақталастық мүмкіндігін анықтайды.
Үшінші «Агрессия объектісі» атты суреттің тақырыптық мазмұны басқа балалармен қарым-қатынас ерекшеліктерін, конфликтіге, агрессивтілікке, өштесуге, қауіп-қатерге, кінэлілік пен жазалауға қатынасын анықтайды.
Төртінші «Киіну» атты суреттің тақырыптық мазмүны баланың тәуелсіздігін, өзбеттілігін, міндеттер мен талаптарға, жазалауға қатынасын анықтайды.
Бесінші «Ересек баламен ойнау» атты суреттің тақырыптық мазмұны ересек адамдармен эмоционалды қарым-қатынас сипатын анықтайды.
Алтыншы «Жалғыз ұйқыға бару» атты суреттің тақырыптық мазмұны бала мен ата-ананың қарым-қатынасын, үйықтар алдындағы эмоционалды қалыптарды анықтайды.
Жетінші «Жуыну» атты суреттің тақырыптық мазмүны баланың өзіндік
бағасы мен талпыныстар деңгейін, өз бетімен тэуелсіз жауапкершілікті ала алуын анықтайды.
Сегізінші «СөгІс жасау» атты суреттің тақырыптық мазмұны кінәлілік пен жазалау ситуацияларындағы эмоционалды қалпын, күрделі ситуациядан шығу жолдарын анықтайды.
Тоғызыншы «Елемеу» атты суреттің тақырыптық мазмұны экесімен қарым-қатынасын, жанұядағы басқа балалармен қызғаныш, бәсекелестік сезімін, эмоцоналды түрақтылығын анықтайды.
Оныншы «Агрессивті тап беру» атты суреттің эмоционалды мазмұны қауіп-қатер, зорлық-зомбылықтың орын алуын, баланың қорқыныштарын анықтайды.
Он бірінші «Ойыншықтарды жинау» атты суреттің эмоционалды мазмұны озара қамқорлық, көмек көрсетуге, талаптар мен міндеттерін орындауға, орындамаған жағдайда жазалау мүмкіндіктерінің болуын, жалпы эмоционалды қатынасын анықтайды.
Он екінші «Жалғыздық» атты суреттің тақырыптық мазмұны балалармен қарым-қатынасқа, жалғыздық пен конфликтілерге эмоционалды қатынасын анықтайды.
Он үшінші «Бала ата-анасымен бірге» атты суреттің тақырыптық мазмұнында анық позитивті қатынас пен конфликтіге дейінгі жағдайларды а.нықтайтын көпмәнді жауаптар алуға болатын үйренішікті жанұялық қарым-қатынас.
Он төртінші «Жалғыздықта тамақтану» атты суреттің тақырыптық мазмұны баланың тэуелсіздігі мен өзін-өзі күту дағдыларының қалыптасқандығынан бастап, жазалау, кінәлілік, зейіннің жетіспеушілігі, жалғыздық ситуацияларыньщ мүмкіндігін, оларға баланың эмоционалды қатынасын анықтайды.
Баланың түлғааралық қатынастардағы эмоционалды қалпын бағалау үшін 5 категория қолданылады:
Сонымен, бұл тест балалардың психологиялық денсаулығының ауытқығанын көрсететін мазасыздықты анықтайды. Оның жекелеген белгілері: эригиналды жауаптардың жиілігі, қорқыныш реакцияларының айқын көріністері, эмоционалды маңызды тақырыптардың персеверациялануы, конфликтілі тақырыптардан бас тарту, агрессивті, негативті реакциялардың жогары деңгейі. Баланың әңгімесінен тұлғағааралық қатынастарды сипаттауда жазалаушы және сүраушы реакциялар доминатты болып табылады. Аменнің мазасыздықты диагностау әдісі баланың жанрдағы және кең әлеуметтік ортадағы тұлғааралық қатынастарды қабылдау ерекшелігін, оған эмоционалды реакциясын анықтайды.
Р.Тэммел, М.Дорки, В.Аменнің және Рене Жильдің проективті әдістері проекциялау принципіне негізделІп жасалған. Яғни, стимулдық материалды қабылдауда бір уақытта нақты жағдайдағы әсер ғана емес, сонымен қатар, белгілі бір эмоционалды мэні бар тәжірибенің әсері де байқалады. Ол нақты көрінген сайын жағдайды қабылдауды бүзады. Стимулдық материал ретінде көпмәнді нақты емес суреттер қолданылады. Олардың негізінде бала әңгіме құрастыруы қажет. Егер баламен сенімді қарым-қатынас орнайтын болса, өзінің өмірлік тэжірибесіне сүйеніп, ішкі сезімдері мен қатынастарын суреттерге проекциялайды. Осы ерекшелік психологиялық денсаулық деңгейін анықтауда өте маңызды. Осылайша баланың психологиялық денсаулығын анықтайтын жанүядағы және одан кең әлеуметтік ортадағы қатынастары туралы, эмоционалды қалпы жайлы мәлімет алуға болады.
Б қосымшасында Р. Тэммел, М. Дорки, В. Аменнің әдісінің стимулдық сурет үлгісі берілді.
6-7 жастағы баланың психологиялық денсаулығының көрсеткіші болып позитивті өзіндік баға орын алады. Баланың танымдық үрдістерінің дамуы оған оқушы позициясын орындауға мүмкіндік береді, ал тұлғалық дамуы бойынша бала әлі де болса психологиялық жағынан мектепке дейінгі кезеңде болады. Бала ересектен мақтау мен қолдауды қажет етеді, әрі өзін жоғары бағалайды. Бұл өзіндік бағаның адекватты еместігін білдірмейді: жоғары өзіндік баға осы кезендегі тріғалық даму заңдылықтарына сәйкес келеді, ол баланың белсенді, батыл, тәжірибе алуға талпынуын, шаттық сезімде болуын, өзін-өзі эмоционалды позитивті қабылдауын қамтамасыз етеді. 6-7 жастағы баланың өзіндік бағасының позитивті болуы оның жаңа әлеуметтік ортаға бейімделуіндегі қиыншылықтарды адекватты қабылдауына, белсенділігін өсіруге мүмкіндік беретін қажетті психологиялық жағдайы.
Информация о работе Педагогикалық – психологиялық әдебиеттегі денсаулық проблемасы