Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 18:21, лекция
Психологиялық денсаулық негізінде балалардың жеке басының қасиеттері дамып, психикалық кейіптері қалыптасады. Сонымен қатар, психологиялық денсаулық балалардың танымдық үрдістерінің жетілуін қамтамасыз ететін бірден-бір фактор болады. Балалардың өзін - өзі дамытып, жетілдіруін, реттей алуын, яғни өзіндік бағаның дұрыс болуын қамтамасыз ететін де, балалардың ересектермен және басқа балалармен қарым-қатынасын реттейтін психологиялық денсаулығы болып табылады.
1. Тұлғаның денсаулығына деген негізгі тұрғылар.
2. Денсаулық психологиясы пәнаралық зерттеу ғылымы.
3. Патология және норма туралы ұғым.
4. Калыпты психикалық даму туралы көзқарастар, психикалық нормаға деген психологиядағы әртүрлі ағымдар (бихевиоризм, психоанализ т.б.) өкілдерінің тұжырымдамалары.
Балалардың психалогиялық денсаулығын кәсіби қамтамасыз ету- білім беру жүйесіндегі психологиялық қызметтің негізгі функциясы, мектепке даярлықтың психалогиялық негізі болып табылады.
Балалардың психалогиялық денсаулығы оған әсер ететін факторларға тәуелді болады. Әр жас кезеңдегі психологиялық денсаулықтың дамуына және бұзылуына әкелетін себептерді шартты түрде екі топқа бөлуге болады: объективті , немесе сыртқы орта факторы, және субъективті, индивидуалды-тұлғалық ерекшеліктерге тәуелді факторлар.
Сыртқы орта факторларына
жанұядағы қарым-қатынас және
балалар тәрбиеленетін мекеме
Баланың психологиялық денсаулығына қауып төндіретін факторларға сонымен қатар бір ата-ананың болмауы, ата-ана арасындағы конфликтілі қарым-қатынас (олар балада терең субъективті конфликт тудырып, жыныстық идентификасияның бұзылуына, невротикалық симптомдардың, энурездің, қорқыныш пен фобиялардың, истерикалық ұстамалардың пайда болуына, дипрессивті көңіл-күйге, аффект мен қиялға қабілеттің жетіспеушілігіне әкеледі), ата-ананың бала болашағын өзінше бағдарлауы жатқызылады. Соңғы аталған қарым-қатынас типі Э. Берн терминалогиясы бойынша «көнгіш баланың» қалыптасуына әкеледі. Ол доминантты гиперпротекция тәрбие типімен, яғни жанұяның балаға шектен тыс бақылау жасап, еркінділігін шектеумен байланысты. «Көнгіш балада» мектепке дейінгі кезеңдегі маңызды жаңа құрылым – ынталылық қалыптаспайды. Ол балада әдетте мектепке дезатаптация ашық байқалмайды, алайда зерттеулер жоғары мазасыздықты, өз-өзіне сенімсіздікті, қорқыныштарды кқрсетеді.
Мектеп- баланың психалогиялық
Психологиялық сау адам портреті- позитивті эмоциалары басым, өмір жағдайларына қанағаттанған, қоршаған ортаны, өзін санамен ғана емес, сезіммен танитын адам. Ол өзінің де , басқалардың да құндылығын қабылдайды. Өз өмірі үшін жауапкершілікті өзі алады. Жағымсыз жағдайлардан қажетті сабақ алады. өмірігің мән мағынасы бар оларды үнемі іздеп жүрмейді. өзі үнемі дамып, басқалардың дамуына да мүмкіндік береді. өмір жағдайларына тез бейімделеді, бұл гуманистік тұлға теориясының көрнекті өкілі. А. Маслоудың өзін-өзі актуализациялаған тұлға концепсиясындағы позицияларға сәйкес келеді.
7. Экологиялық ортаның адам психикасына әсері
Индивидтің әлеуметтену
процесі психологиялық
С.М.Жақыпов оқу процесінде
тұлғаның гормониялды дамуының психологиялық
жағдайларысубъект-объект-
8. Психологиялық денсаулықты қамтамасыз етуде тренингтердің мүмкіндіктерін пайдалану.
Әлеуметтік- психологиялық тренинг ұғымы ғылымға өткен ғасырдың 70-ші жылдарында енді. әдебиеттерге жасалған талдаудан біздің еліміздегі психология, педагогика салаларында топтық тренингтердің жаңа технология болып табылатын болды. Ю.Н Емелянов тренингті жаңа тұлғаның оқуға қабілетіндамытуда немесе кез-келген іс-әрекетті, соның ішінде қарым-қатынасты меңгеру құралы, әдістер жүйесі деп анықтайды. Біз әлеуметтік психологиялық тренингтерді жаттығулар жүйесі арқылы жеке тұлғаның психологиялық денсаулығына, өзін-өзі тану процесіне және қарым-қатынас жасау позициясына оңды психологиялық әсер ететін әдістер деп қолданамыз.
Әдебиеттерде
әдеуметтік- психологиялық тренингтің
жеке тұлға құрылымдарының әр
түріне әсер сипатталады.
Тренингтерді белсенді
оқыту әдістері қатарына жатқызады.
«Белсенді оқыту әдістері»
Имитациялық жаттығуларда шартты белгілік формада нақты жағдайдың моделі көрсетілді.қатысушылар жасайтын әрекеттер шартты болса да, сезімдері нақты болып табылады. Эмоционалды мазмұнына байланысты ырықсыз қабылдауды, зейінді, есте сақтауды, оәлауды белсендіреді. Мұнда қатысушы нақты жағдайды талдаумен байланысты мәліметтерді жеңіл игеріп, оқуға субъективті аз күш жұмсайды.
Іскерлік ойындар күрделі белсенді оқыту әдістері қатарына жатады. Олар нақты өндірістік немесе басқа үрдістің имитациялық моделіне негізделеді. Модель қандай да бір үрдістің заңдылықтарын зерттеуді қамтамасыз етіп қане қоймай, нақты жағдайларда мәселелерді шешуде қажетті практикалық дағдылар мен икемдерді жетілдіруге көмектесуі қажет.
Топтық дискуссия мен ситуациялық ролдік ойындарды қарым-қатынас дағдылардын игеру мақсатында комплексті қолдану әлеуметтік- психологиялық тренинг атауына ие болады. Әлеуметтік- психологиялық тренинг қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру да тиімді болып табылады.
Тренинг нәтижесінде ашықтық, үйірсектік, тәуелсіздік, идентификациялық, өз-өзіндік сенімділік қасиеттері жетіледі, адамның өзіне және басқаға қатынасы өзгереді, өзін-өзі бағалауда адекваттылық болады. Ғылыми зерттеулерде топтық жұмыстың қарым-қатынас компоненттілігін арттыратын, мазасыздық деңгейін төмендететін эффектісі тағайындалған. И.В Вачков , А.С Золотнякова алған нәтижелер топтық тренингке қатысушылардың рефлекциялық, аффилиативтілік, эмпатиялық, децентрациялық тенденциялардың артуын көрсетеді.
Топтық тренинг технологиясы анықталған, әдеуметтік- психологиялық тренингтердегі жағдайларды моделдеу және талдау әдістері нақтыланған. Сонымен қатар Л.А Петровская өз зерттеулерінде тренинг барысында әлеуметтік- перцептивтік сипаттамалар динамикасына назар аударады. Жеке тұлғаның басқалар жайлы түсінігінің басқада параметрлері- дәлдігі, икемділігі, көлемі саралылығы, таңдамалығы және тағы басқатоптық тренингкте артатындығын сипаттаған. Топ жұмысына қатысушылардың өзі және басқалар жайлы түсініктерінің өзгеру ерекшеліктері өзін-өзі бағалау және топтық бағалау динамикалық арқылы қарастырылады. Тренинг барысында жеке тұлғаның әлеуметтік-перцепциялық құрылымдарының өзгерісімен қатар бақылау локусы саласында да өзгерістер болатынын тағайындаған.
Біз топтық динамика мен жеке тұлға динамикасы бір-бірімен байланысты, бір-біріне тәуелді, бір-бірін толықтырады деп ұстанамыз.
Әлеуметтік- психологиялық тренинг процесіндегі жеке тұлғаның рефлексивті іс-әрекетінің нәтижесі мынандай болып келеді: оқу әрекетіне, қарым-қатынас жасауға позициясы оңды өзгереді; өзін-өзі тану, өзін-өзі бағалау адекватты болады; өзі және басқалар жайлы түсінігі өзгереді; өзгеге және басқа адамдарға – қатарластарына , жасы үлкендерге, оқушыларға және т.б (тек тренингке қатысқандарға ғана емес) қатынасы өзгереді; қарым-қатынаста компетенттілігі артады; тұлға және болашақ маман ретінде құндылықтар жүйесі қалыптасады.
Басты мақсат, алынатын нәтиженің негізгісі бойынша тәжірибелік психологияда топтық тренингтің бірнеше түрлері жүйеленген. Оларға тренинг топ, кезесу тобы (К.Роджерс), гештальт-топ (Ф.Перлз), топтық психотерапия (Я. Морено), әлеуметтік- психологиялық тренинг (Б.С Девятко, Л.А Петровская), оқу-жаттықтыру топтары (Ю.Н Емельянов), белсенді әлеуметтік оқыту (Г.А Ковалев), видеотренинг (Х Миккин), белсенді әлеуметтік-психологиялық оқыту (Т.С Яценко), кәсіби педагогикалық тренингтер (В.А Кан-Кали), жатады. Бұлардың барлығы жеке тұлғаның өзін-өзі реттеу тәсілдерін, жаңа білім мен дағдыны меңгеру, интуицияны, креативтілікті, ойлауды, қарым-қатынасты дамыту негіздерін меңгеруге интенсивті жағдай жасайтын жаттығулар жүйесі деп қарастырылады.
Психологиялық тренинг негізіне өзін-өзі тану, өзіндік сана, өзін - өзі жетілдіру, өзін-өзі актуализациялау, жеке тұлға белсенділігі, қарым-қатынастың субъект формасы, интербелсенді әдістер әсері, ұлттық психология , мәдени құндылықтардың қарым-қатынасқа әсері жайлы түсініктер келеді.
Психологиялық тренинг мақсаты төмендегідей міндеттерді шешу арқылы орындалады:
Әлеуметтік-психологиялық
тренинг барысында басты
Психологиялық тренинг процесінде топқа қатысушылардың рефлексия механизмі барынша белсенді болуы қажет. Әсіресе бейнежазба топтық қатысушының өйткен жайтты рефлекциялауға қабілетін арттырады. Рефлекция келіспеушіліктерді тіркеу сәтінен басталады. Одан кейін кері байланыс негізінде әркім өзі және басқа топқа қатысушылардан, тренинг жүргізушіден және бейнежазбадан алынатын кері байланыстар арасында теңдік сақталғаны жөн болады.
Топтық тренингтің негізгі құрамдас компоненттерінің бірі нақты жағдайларға талдауды жүзеге асыру болатындағы белгілі. Нақты жағдайларға талды жасау арқылы психологиялық әсерді тиімді ету үшін біраз жайттарды қатаң ескеру керек. Атап айтқанда, тренингтің топта талданатын жағдайлардың мазмұны:
Информация о работе Педагогикалық – психологиялық әдебиеттегі денсаулық проблемасы