Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 18:21, лекция
Психологиялық денсаулық негізінде балалардың жеке басының қасиеттері дамып, психикалық кейіптері қалыптасады. Сонымен қатар, психологиялық денсаулық балалардың танымдық үрдістерінің жетілуін қамтамасыз ететін бірден-бір фактор болады. Балалардың өзін - өзі дамытып, жетілдіруін, реттей алуын, яғни өзіндік бағаның дұрыс болуын қамтамасыз ететін де, балалардың ересектермен және басқа балалармен қарым-қатынасын реттейтін психологиялық денсаулығы болып табылады.
1. Тұлғаның денсаулығына деген негізгі тұрғылар.
2. Денсаулық психологиясы пәнаралық зерттеу ғылымы.
3. Патология және норма туралы ұғым.
4. Калыпты психикалық даму туралы көзқарастар, психикалық нормаға деген психологиядағы әртүрлі ағымдар (бихевиоризм, психоанализ т.б.) өкілдерінің тұжырымдамалары.
Чех психологтары Й.Лангмейер мен З.Матейчен айтуынша психикалық қалыптың бұзылу депривациямен анықталады, өте сирек депривациялық жағдайға баланың бірнеше маңызды қажеттіліктерін қанағаттанбауы сәйкес келеді. Ол әр жас кезінде әр-түрлі болады. Сондықтан, белгілі бір даму кезінде қандай психикалық қажеттіліктердің ерекше маңызды болатындығын, қанағаттанбауы үлкен зиян болатын қажеттіліктердің ерекшеліктерін анықтау өте маңызды. Мұнда әр баланың бір ғана «депривациялық жағдай» әсерінен өзін әр-түрлі ұстайтынын ескеру қажет. Сонымен қатар, әр баланың дені сау, даму үшін жылы сезім, махаббат қажет. Даму мен мінездің бұзылуында патогенді мәнге аффективті қажеттіліктердің жеткілікті қанағаттанбауы ие болады, яғни змоционалді, аффективті депривация.
Жекелеген психикалық функциялардың бұзылуы депривациялардың әсерінен болады. В.В Ветрова депривацияны- өмірлік маңызды қажеттіліктердің толық немесе жартылай қанағаттандырылмауы мүмкін деп санайды. Сенсорлы, эмоционалды, әлеуметтік депривация түрлерін жіктейді.
А.Б.Холмогорова, Н.Г.Гаранян бүгінгі күндегі психикалық ауытқулардың негізгі эпидемиологиялық тенденциялары ретінде депрессивті, соматоморфты, мазасыз бұзылуларды атайды. Адамның генетикасы мен биохимиясы неврозға, яғни психикалық денсаулықтың бұзылуына шешуші фактор болып табылмайды. АҚШ-та жүргізілген зерттеулер депресивті ауытқулар жиі кездесетін орталарда тәрбиелеу барысында қатаң талаптар мен стандарттар қойылатындығын, олардын ауытқыған , орындамаған жағдайда сын мен жазалаудың жиі қолданылатындығын көрсетеді. Эмоционалды ауытқулар, психикалық денсаулықтың бұзылуы бүгінгі қоғам мәдени ортаға тән рационалдылық пен ұстамдылықты, сәттілік пен жетістікке, күш пен бақталастыққа табыну, оларды басқа құндылықтардан жоғары қоюмен байланысты. Психикалық денсаулық - бұл ең алдымен әр-түрлі психикалық процестер мен қасиеттердің арасындығы тепе-теңдік, аффект пен интеллектінің арасындағы тепе-теңдік, яғни сезімдерді саналы түсініп басқара алу мен қатар, оларды еркін көрсету, шығару құқығы, еркіндігі. Шет елде аталған принциптер психикалық денсаулықты қорғау жүйесінің қызметін анықтайды.
Б.С.Братусь адамның психикалық денсаулығын деңгейлік бағытқа сәйкес қарастырады. Жоғары деңгейі тұлғалық мағыналық немесе тұлғалық денсаулық деңгейі, адамның мағыналық қатынастары сапасымен анықталады. Индивидуалды психологиялық денсаулық деңгейі, адамның мағыналық талпыныстарын адекватты жүзеге асыру тәсілін құра алу қабілетіне байланысты. Психофизиологиялық денсаулық деңгейі психикалық әрекет актілерін ішкі нейрофизиологиялық ұйымдастыру ерекшеліктерімен анықталады. Бұл деңгей биологиялық тұқымқуалаушылық факторларымен байланысты, алдыңғы екеуі, психологиялық болып табылады және оқыту мен тәрбиелеудің әлеуметтік жағдайларымен байланысты. Психофизиологиялық денсаулық деңгейі психикалық актілер ішкі нейрофизиологиялық ұйымдастыру ерекшеліктерімен анықталады. Бұл деңгей биологиялық тұқымқуалаушылық факторларымен байланысты, алдыңғы екеуі психологиялық болып табылады және оқыту мен тәрбиелеудің әлеуметтік жағдайларымен байланысты.
Жоспары:
Деңгейге бөлу
ерте заманнан келе жатыр. «
А.А.Крылов бойынша,
адамның өмірлік әрекеті өз-
Биологиялық деңгейде денсаулық барлық ішкі органдар қызметінең динамикалық тепе-теңдігіне және олардың сыртқы орта әсерлеріне адекватты реакциясына негізделеді. Психологиялық деңгейдегі денсаулық мәселесі тұлғалық контексте қарастырылады. Бұл мәселенің шешімі дені сау жеке адамның қандай болатынын түсінуге болады. Тұлғаны құрайтын қасиеттер өзара үйлесімді байланыста болса, соншалықты жеке адам тұрақты болады, және бір тұтастығына кедергі келтіретін әсерлерге төтеп бере алады. Жеке адамның психикалық денсаулығының бұзылуы негативті мінез сипаттарының басым болуымен, рухани дүниедегі ауытқулармен, құндылық бағыттылықтарының қате таңдалуымен байланысты. Психологиялық деңгейден әлеуметтік деңгейге ауысу шартты түрде болады. Жеке адамның психологиялық қасиеттері қоғамдық қатынастар жүйесінен тыс орын алмайды. Психикалық денсаулыққа әр-түрлі әлеуметтік байланыстар әсер етеді, мысалы, жанұя, достар мен туысқандармен қарым-қатынас, қызмет, демалыс, діни және басқа ұйымдарға байланысты. Бұл әсерлердің нәтижесі де позитивті де, негативті де болуы мүмкін. Тәрбиелеудегі олқылықтар, қоршаған ортаның жағымсыз жағдайлары адамның қоғамдағы адекватты емес қылықтарының себебіне айналады. әлеуметтік деңгейдегі психикалық денсаулық идеясын жүзеге асыру қоғамнан білім беру сферасымен тәрбиелеуде өзін ақтамаған дәстүрлерге көзқарасты өзгертуді талап етеді.
Г.А.Дусманбетов, Х.Т.Шерьязданов Қазақ Мемлекеттік Қыздар педагогикалық институтының даярлық бөлімінде оқып жатқан балалар үйінде тәрбиеленген қыздардың құндылық бағдарының, тұлғааралық қарым-қатынасының, мазасыздық деңгейінің және девиантты қылық ерекшеліктерін зерттеген. Жеткіншек кезеңнің ерекшеліктері- ересек болуға талпынуды, жанұядан тәуелсіз болуды тырысатын, эгоцентризмді, қалыптаспаған және негативті өзіндік концепцияны, эмоционалды және ерік жігер сферасының тұрақсыздығын девиантты қылықтың қалыптасуына әкелетін факторлардың бірі ретінде қарастырады. Жетім балаларды девиантты қылықтың пайда болу қаупі бар топ ретінде айтады. Бастауыш сынып кезіндегі балалар үйінде тәрбиеленушілердің келесі ерекшеліктері аталады: интеллектуалды сферадағы гармонияның бұзылуы (ойлаудың жіктеу формаларының жоғарғы деңгейінің бейнелі көрнекілікті формаларының дамымағандығымен қатар келуі), қылықтың ерікті формаларының дамымауы, қарым-қатынас мәселелерін қақтығыс арқылы шешуге талпыну, агрессивтілік; ойлау мен импульсивті қылығы нақты жағдаймен тікелей байланысты, ішкі реттеу механизмдерінің дамымағандығы. Ересектермен қарым-қатынасы позитивті қатынас қажеттілігі мен тұлғалық қарым-қатынас қажеттілігінің фрустрациялаумен сипатталады.
Бастауыш сынып оқушыларының оқу үлгерімінің төмендеуінің психологиялық себептерін анықтау ғылымда кең қарастырылып келе жатқан мәселе (Рубинштейн С.Л, Славина Л.С, Корсакова Н.К, Микадзе Ю.В, Балашова Е.Ю) Баланың мектепке психологиялық даярлағы мәселесі осы қатарда ерекше орын алады (Божович Л.И, Матюхина М.В, Эльконин Д.Б, Кравцова Е.Е) Тұлғаның қалыптасуымен әлеуметтік ортаға бейімделуінің ауытқулары танымдық іс-әрекеттің дамуындағы ауытқулармен байланысты болатындығын зерттеулерде көрсетіледі. Мектепке келгенде аталмыш қиыншылықтар орын алса, олардың себебін баланың психологиялық даярлығының төменділігімен байланыстырылады. Х.Т.Шерьязданова бойынша, педагогикалық қараусыздық оқу үлгерімінің төмендеуінің, жаңа әлеуметтік ортаға бейімделудің бұзылуының негізгі себебі.
5. Тұлғаның ұлттық-рухани бейнесі
Жоспары:
Педагогикалық
қараусыздық – жанұядағы
және мектептегі оқыту-
В.Е. Дружинин баланың психикалық денсаулығын бірнеше тұрғыдан қарастырады. Сана- сезімнің қалыптасуы эмоционалды және ақыл ойдың дамуымен қатар жүреді. Оның алғы шарты баланың ересек адаммен қарым-қатынасы болып табылады. Нәтижесінде балада өзіндік «мен» механизмі, өзіндік сана-сезімі дамиды. Анасымен эмоционалды қарым-қатынастың болмауы- баланың психикалық дамуының тежелуінің негізгі себебі. Психикалық, әлуметтік қажеттіліктердің қанағаттану қауыпсіздік сезімін туғызады, дамуды жеделдететі, гармониялы психикалық дамуын жүзеге асырады. Психикалық денсаулық жан дүниенің толыққанды өмірлік іс-әрекетінің мүмкіндігіне әкелетін қалпы, ол көтеріңкі көңіл күйден, өзін-өзі жақсы сезінуден, белсенділіктен көрінеді. Психикалық денсаулық үшін эмоционалды сфера ерекше ролді алады. Мектепке дейінгі және мектеп жасы кезеңінде эмоциолардың тұрақтылығы мен күші өседі. Эмоциалардың мазмұны күрделенеді. Бала төрт негізгі эмоционы (қуаныш, ашу, қорқыныш, қайғы) дұрыс қабылдап, түсіне алады. Эмоцияларды дұрыс түсіне және тану басқа адамдарды дұрыс қабылдаудың аспектісі. Мектепке дейінгі кезеңдегі балалар үшін психикалық дамуының бұзылғандығының көрсеткіші – бұл қылықтың ауытқуы. Ол зейіннің жетіспеушілігінен, импульсивтіліктен, бөтен сигналдарға алаңдаушылықтан көрінеді. Нәтижесінде тапсырманы орындауда, сабақта ойын кезінде сыртқы бақылаудың және өзіндік бақылаудың қиыншылықтары туады. Қылықтың бұзылуы мазасыздықтан, шыдамсыздықтан , әр-түрлі әсерлерге жылаумен жауап беруден немесе қиыншылықтан қашып кетуге тырысудан көрінеді. Баланы жиі ренжітетін болса, оның өзіндік бағасы төмендеп, өзін сәтсіз адам ретінде қабылдай бастайды.
А.А.Крылов
бойынша психикалық
Психикалық
денсаулық өзін-өзі басқару
6. Балалар мен педагогтардың психикалық денсаулығын сақтаудағы психологтың қызметі
Психикалық денсаулықтың
бұзылуы мектеп фобиясы,
Сонымен, психикалық
денсаулығы жақсы адам- бұл ішкі
жан дүниесінің тепе-тендік
Бала денсаулығы білім беру жүйесінің ең негізгі құндылығы. Психологиялық қызметтің негізгі мақсаты – мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың психологиялық денсаулығына жағдай жасау. Бұл тезис практикалық психологты психологиялық денсаулық мәселесінің маманы деп қарастыруға мүмкіндік береді. Психикалық және психологиялық денсаулық түсініктерін айыру өте маңызды. Психологиялық денсаулықты сақтау, ауытқуларына коррекция жүргізу мәселелерін шешу үшін бұл түсініктің ғылыми анықтамасын белгілеу керек. Адамның денсаулығы- оның өмір жасының максималды ұзақ болуымен қатар, физикалық және психикалық сапаларын, оптималды жұмыс істеу қабілетін, әлеуметтік белсенділігін дамыту және сақтау процесі, ағзаның қоршаған ортаға бейімделе алу қабілеті.
Информация о работе Педагогикалық – психологиялық әдебиеттегі денсаулық проблемасы