Педагогикалық – психологиялық әдебиеттегі денсаулық проблемасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 18:21, лекция

Описание работы

Психологиялық денсаулық негізінде балалардың жеке басының қасиеттері дамып, психикалық кейіптері қалыптасады. Сонымен қатар, психологиялық денсаулық балалардың танымдық үрдістерінің жетілуін қамтамасыз ететін бірден-бір фактор болады. Балалардың өзін - өзі дамытып, жетілдіруін, реттей алуын, яғни өзіндік бағаның дұрыс болуын қамтамасыз ететін де, балалардың ересектермен және басқа балалармен қарым-қатынасын реттейтін психологиялық денсаулығы болып табылады.

Содержание

1. Тұлғаның денсаулығына деген негізгі тұрғылар.
2. Денсаулық психологиясы пәнаралық зерттеу ғылымы.
3. Патология және норма туралы ұғым.
4. Калыпты психикалық даму туралы көзқарастар, психикалық нормаға деген психологиядағы әртүрлі ағымдар (бихевиоризм, психоанализ т.б.) өкілдерінің тұжырымдамалары.

Работа содержит 1 файл

психологиясы қысқаша лекциялар.doc

— 277.50 Кб (Скачать)

А.А. Смирнов бойынша, баланың өз көргендерін бейнелеуі оның көру және моторлық координациясының, интеллектісінің дамуының негізгі жетістігі болып табылады. Баланың сурет салуы жан-дүниесін ашық көрсету жолы, бала суретте білгенін, өзі сезініп түсінгенін бейнелейді. Баланың сурет салу әрекеті шынайы немесе эстетикалық тенденциялармен байланысты емес, ол баланың сыртқы әсерлерді іштей сезінгенін бейнелеу функциясын атқарады. Сонымен қатар, сурет салу баланың жалпы белсенділігімен, іс-әрекетке талпынысымен байланысты. Сондықтан, сурет салғанда бала қоршаған ортасынан көргенін көшірумен қанағаттанбайды, ол өз бақылауларының нәтижесін бейнелейді.

 

 

12 дәріс.  Дамуында  әр түрлі ауытқуы бар балаларды  зерттеу әдістеріне сипаттама  (жеке зерттеу жобасы).

 

 

С.С. Степанов көрсеткендей, бейнелеу әрекеті, сурет салу балалар үшін табиғи әрі эмоционалды тартымды, қызықты болып табылады. Сурет салу әрекеті баланың психикасының дамуы барысында қалыптасады, сондықтан ол - баланың психикалық дамуының көрсеткіші. Баланың сурет салуы ойлау мен сөйлеудің дамуымен байланысты. Қоршаған ортаны саналы қабылдауы балада тілдің дамуы мен ассоцияциялардың қалыптасуынан жылдам жүреді, ал сурет салу балаға бейнелі формада білгені мен сезгенін, сөзі, тілі жетпесе де жеңіл көрсетуге мүмкіндік береді.

Көптеген  авторлар баланың сурет салуын аналитикалық-синтездік ойлаудың бір түрі деп көрсетеді. Бала сурет салу арқылы заттық жэне әлеуметтік ортаның заңдылықтарын игереді. Сондықтан сурет салу - сөйлеудің бір формасы. Л.С. Выготский баланың сурет салуын графикалық сөйлеу деп атаған.

Балалардың  социумге бейімделуін анықтау мақсатында А.И. Барканның суретті      диагностикалық      әдістемесі қолданылды. Оқушыларға «Мен мектептемін» тақырыбына сурет салу ұсынылды. Ол үшін түрлі түсті қарындаштар, сурет салуға арналған стандартты А4 форматты ақ қағаз берілді. Суретті салу барысында бақылау жасалып, аяқтағаннан кейін баламен қосымша әңгімелесу жүргізілді. Балаға суретте не салынгандығы, кімдердің бейнеленгендІгі, олардың не іспен шүғылданып түрғандықтары, көңіл-күйі туралы сүрақтар қойылды. Бүл қолданылған әдіс проективті болғандықтан, баланың мектепке бейімделуі туралы қосымша, нақты мәліметтерді алуға мүмкіндік береді.

Әдістеме  мақсаты - мектеп жағдайындағы баланың  қарым-қатынас ерекшеліктерін зерттеу. Бұл тесттің көмегімен баланың мектептегі әр адамға қарым-қатынасын, оларды қабылдау ерекшелігін, өзінің мектептегі ролін қалай сезетіндігін анықтауға болады. Баланың мазасыздығын және қақтығыстық сезімдерін туғызатын қарым-қатынастар ашылады. Ата-ана, мүғалімдер ушін мектептегі жағымды жағдайлар бала тарапынан керісінше қабылдануы мүмкін. Баланың қоршаған ортаны, мектебін, жанұясын, ата-анасын, өзін қалай қабылдайтындығын білгеннен кейін, әлеуметтік бейімделу мәселелерінің пайда болу себебін түсініп, оларды шешуге тиімді амалдар нақтыланады. Бұл әдіс баланың мектептегі ересектермен - мүғалімдермен қарым-қатынасының ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді.

Суреттердің салынуы мен сұрақтарға жауап  беру ерекшеліктерін бағалай отырып, баланың мектептегі карым-қатынасын, бейімделуін зерттейміз. Балаға сурет тақырыбының мағынасы арнайы түсіндірілмейді. Ал, егер «Не саламын?» деген сүрақтар туып жатса, нүсқауды қайтадан қайталау керек. Диагностика жеке баламен жүргізілсе 30 минут уақыт кетеді. Топтық диагностика 15-25 минутпен шектеледі. Зерттеу барысында хаттамада төмендегінІ ескеру керек:

 

  • детальдерды салу кезектігі;
  • 15 секундтан артық болатын кідірістер;
  • детальдарды өшіру;
  • баланың суретке қатысты аралас комментариялары;

- баланың эмоционалды реакциялары жэне оның салынған бейнелердің мазмұнымен байланысы.

 

13Дәріс Әр  жастағы балалардың денсаулығына  педагогикалық, психологиялық ықпал  ету жолдары ( талдау жасау).

 

Тапсырма  орындалғаннан кейін вербалды жолмен қосымша мәліметтерді алуға талпыну керек. Балаға сурет мазмүнына сәйкес сүрақтар қойылады. Сүрақтар балаға сезімін ашық айтуға, көрсетуге көмектеседі, ал оны әдетте кез-келген бала көрсете бергісі келмейді. Бала егер жауап бермесе немесе формалды түрде ғана жауап берсе, онда дұрыс жауапты қыспалауға болмайды.

Сұрақтарды қоя отырып баланың салған суретінен оның сезімін айқындаймыз: суретте салынған әр кейіпкерге деген сезімі, не үшін мұғалімді не оқушыларды салмады (егер салмаса). Балаға тура сүрақтарды қоймауға тырысу керек, өйткені олар қорғаныс реакциялары мен мазасыздықты туғызады. Проективті, жанама сүрақтар тиімді болады.

Салынған сурет бейнелерінің негізінде төмендегіні айқындау керек:

1) баланың бейнелеу  мәдениетінің даму  деңгейі,  баланың   іс-эрекетін

анықтау. Суреттің анықтығы мен бейнелердің айқындығы, сызықтардың көркемділігі, эмоционалды айқындығы, бұлар - суретті сипаттаудағы мінездік көрсеткіштер болып табылады;

  1. сурет салу  кезеңіндегі  бала жағдайы:  сызықтардың  қатты  басылып салынуы,  көлемінің тым кішкене  болуы  баланың физикалық жағдайының дұрыс еместігін көрсетеді, ал суреттің тым үлкен болуы, ашық түстердің болуы, қолданылуы жақсы эмоционалды қалыпты көрсетеді, яғни көңілді күйде болуы, шаршау, шалдығудың болмауы;
  2. баланың эмоционалды  қалпы,  сезімі  мен мектептегі  қарым-қатынас ерекшеліктерін жағымды эмоцияларының көрсетілуімен айқындауға болады. Олардың ара-қашықтықтарының жақындық деңгейі (бір-біріне қашық түруы,қолдарынан ұстап, қандай да бір іс-әрекет жасап тұрса немесе үлкен көлемде бір бетке салынса, бір-бірінен алшақ түруы), ағымсыз эмоциялардың күшті көрінуі ескеріледі.

Баркан бойынша суреттер былай талданады:

  • суреттің  графикалық  қасиеттері   -   сызықтардың   сапасы,   фигуралар,олардың пропорциялары,   кеңістіктің  қолданылуы,  ұқыптылық;   мектептегі кейіпкерлердің орналастырылуы;
  • суреттің  формальды  қүрылымы  - суреттің   динамикасы,   мазмұны, 
    мағыналық талдау.

Зерттеуді жүргізу  барысында мектептегі қарым-қатынас  тақырыбында әр-түрлі арнайы сүрақтар балаға қойылады.

Баркан методикасын  психологиялық кеңес жағдайында қолдану ыңғайлы және қолайлы. Өзінің салған суреттерінде бала айта алмайтын, түсініксіз, жасырын мәселелерін көрсетеді, өйткені суретте терең анық мағына беріледі.

Бұл методика бала мен психолог арасында жақсы эмоционалды байланыстың орнауына, сақталуына ықпал етеді, зерттеу үрдісінде пайда болған қысымды азайтады. Алынған нәтижелер баланың сурет салу қабілетінен тәуелсіз талданатындықтан, мектептегі кіші сынып кезеңіндегі балаларға қолданған ыңғайлы.

Статистикалық талдау мүмкін болатын нақты мәлімет алу үшін біз жалпы проективті әдістемелердің прициптерін ескере отырып, маңызды деп саналатын 10 критерийді бөліп алдық. Олардың әрқайсысының бала суретінде орын алуын 1 ұпаймен бағалаймыз:

  1. баланың өзін көрсетуі;
  2. мектептегі мұғалім, басқа оқушылар мен бала арасындағы оптималды жақын кеңістік;
  3. ашық түстердің қолданылуы;
  4. жануарлардың болуы;
  5. неғүрлым жағымды, айқын кейіпкер;
  6. мектептегі адамдардың толық салынуы;
  7. қосымша детальдардың, фигуралардың болуы;
  8. мектептегі адамдардың салыну көлемі мен тәртібі;
  9. баланың өзін бірініші салуы;

10) мектептегі  адамдардың арасындағы қарым-қатынастың  бейнеленуі.

Жұмыстың  соңында баланың суреті проективті суретті тесттердің жалпы принциптеріне сәйкес талданады, яғни, суреттегі оқиғаның сипаты, безендіруші қосымша элеметтердің орын алуы, қолданылған бояулардың түстері, адамдарды бейнелеу ерекшеліктері бағаланады. Суретке жасалған талдау бойынша балалар үш топқа жіктеледі: 1-ші топ — мектепке жақсы бейімделген, салған суретте дезадаптацияның немесе бейімсіздіктің белгілері байқалмаған балалар; 2-ші топ — мектепке бейімсіздіктің жекелеген белгілері орын алған балалар; 3-ші топ - мектепке бейімсіздігі, дезадаптациясы нақты байқалған балалар.

Осы үш топтағы  балалардың суреттерінің өзара ерекшеліктерІ  келесі белгілерден байқалады: бірінші топқа жататын балалардың суреттерінде негізгі түстер - жасыл, көк, сары, қызыл түстер басым болады, ал үшінші топтағы балалардың суретінде сұр жэне қара түстер басым; суретте салынған оқиғаның сюжеті бойынша мектептегі әлеуметтік ортаға жақсы бейімделген бірінші топтағы балаларда мектептегі оқу процесі бейнеленеді; мектепке бейімделуінде қиыншылықтары бар екінші топтағыларда мектептегі ойын, үзіліс кезеңдері бейнеленеді; мектепке нашар бейімделген үшінші топтағы балаларда мектептің суреті, не мектептегі орта салынбайды, мектептен қайту, үйде басқа балалармен ойнау сюжеттері бейнеленеді; адамдарды бейнелеу ерекшеліктері бойынша мектепке жақсы бейімделген балалардың суреттерінде мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасы салынады, екінші топтағы балалардың суреттерінде не мұғалім не балалар бейнеленеді, әдетте екеуін бірге салмайды, мектепке дезадаптацияны көрсеткен балалар суреттерінде мүғалімнің бейнесін салмайды, немесе адамның бейнесі мүлдем болмауы мүмкін; мұғалімнің суретін салу ерекшеліктері бойынша бірінші топтағыларда бейнелері адекватты беріледі, үшінші топта мүғалім доминантты не агрессивті позицияда болады.

Қолданылған әдістеме жақсы диагностикалық сипатын көрсетті, өйткені 6-7 жастағы бастауыш сыныптың оқушыларына сауалнама, вербалды тест әдістерін қолдану олардың жас кезеңіндегі ерекшеліктері бойынша нақты, толық нәтижелерді алуға көмектеспейді, ал проективті әдісті қолданғанда — сурет салу осы жастағы баланың табиғатына сай келетін болғандықтан, қосымша сұрақтарды қоя отыра, баланың мектепке бейімделу ерекшеліктерін анықтауға болады. Баламен өзі салған суреті бойынша әңгімелесу - баланың психологпен ашық сөйлесуіне мүмкіндік береді, оның әлеуметтік ортасына бейімделуін анықтауда жақсы көмектеседі.

 

 

14 Дәріс.. Балалармен  жүргізілетін тренингтер мазмұнына сипаттама (жас кезеңдеріне байланысты тренингтерді құрастыру және өткізу).

 

Балалардың әлеуметтік ортаға бейімделу ерекшеліктерін екі жақты қарастырамыз: жанұяға бейімделу және мектепке бейімделу. Бұл екеуі бастауыш сынып оқушыларының негізгі әлеуметтік ортасы болып табылады. Баланың әлеуметтік бейімделуін зерттеу мақсатында валидті, баланың жасына сэйкес, нәтижесін талдауда қиындығы жоқ сенімді тестерді алу керек. Осы мақсатта біз Рене-Жильдің «Фильм-тест» әдісін қолдандық .

Рене-Жильдің  проективтІ  «Фильм- тест» әдісі балалардың ересектермен және қүрдастарымен өзара іс-әрекеті бейнеленген әр-түрлі 25 суреттен және бала үшін сын жағдайлар сөйлемдермен берілген 17 тапсырмадан түрады. Әдістеменің мақсаты - баланың әлеуметтік ортадағы, жанұядағы бейімделуін және қоршаған ортамен өзара қатынасы ерекшеліктерін анықтау.

Суреттерде  сызба түрінде адамдардың позицияларының ара-қатынасы бейнеленеді. И.Н. Гильяшева жэне Н.Д. Игнатьева бойынша, зерттелінушінің идентификациясын сол немесе басқа кейіпкер жеңілдетеді, кез-келген эмоционалды көрініс жасауға мүмкіндік береді.

Балаға суреттер көрсетіледі және ондағы адамдар  бейнеленген суреттен өзінің орнын көрсету ұсынылады, ол кейіпкерлердің арасынан бос орын алады, немесе олардың біреуіне өзін идентификациялайды. Ал, сөйлеммен берілген тапсырмалардың арасынан өзіне сэйкес келетін мінез-қүлық формасын таңдап алады. Бүл әдіс баланың оны қоршаған адамдармен қарым-қатынасы жайлы ақпарат алуға көмектеседі және олардың өзара әрекет тәсілдерімен бала үшін неғұрлым маңызды мінез-құлық варианттарын түсіндіреді. Бұл ақпараттың негізінде баланың тұлғалық ерекшеліктерін: таным-білімге құлшыныс деңгейін, адамдармен қарым-қатынас жасауға тырысу көрінісін, олардан жекеленуін, доминанттылығын, белсенділігін немесе пассивтілігін, әлеуметтік бейімделу деңгейлерін, агрессиясын кең көлемде талдауға болады.

Баланың түлғалық қатынас  жүйесін сипаттайтын психологиялық  материал екі үлкен топтарға бөлінеді:

- ауыспалы, баланың нақты тұлғалық қатынасын сипаттайтын, жанұялық ортаға қатынасын, досына немесе жолдасына қатынасын, беделді ересектерге не басқаларға қатынасы;

- баланың  өзін  сипаттайтын  эр-түрлі  қатынастардың  көрінісі,   қарым-қатынасы, жекелену, доминанттылыққа талпыну, мінез-қүлықтың элеуметтік адекваттылығы.

Әдістеме авторлары  әлеуметтік бейімделудің 12 сферасын бөліп көрсетеді:

  • анасына қатынасы;
  • әкесіне қатынасы;
  • ата-анасына жанүя мүшелері ретінде қатынасы;
  • апайы мен ағасына қатынасы;
  • апасы мен атасына қатынасы;
  • жолдасына қатынасы;
  • мұғалімге қатынасы;
  • білімге қатынасы;
  • доминанттылыққа талпыну;
  • қарым-қатынастағы белсенділік, жекелену, адекваттылық.

И.Н. Гильяшева, Н.Д. Игнатьева тесті өткізу барысында  алынған статистикалық талдау тәсілін анықтап көрсетті, бүл жағдайда маңызды психологиялық ақпараттың жойылуына жол берілмейді жэне проективті тестілеу барысында баланың индивидуалды ерекшеліктері анықталады.

 

15 Дәріс. Жеткіншек  және бастауыш сынып оқушыларының  депрессиялық жағдайын айқындау  жолдары. 

Рене-Жильдің  «Фильм-тест» әдістемесі баламен өзара іс-әрекет жасауда жэне әңгімелесу ұйымдастыру үшін қолайлы материал. Бала тапсырманы жеңіл, қолайлы және жеткілікті жаңа деп қабылдайды және оны орындауды 5-6 жастан бастауға болады. Балалармен жүмыс жасауда 4 жастан бастап суреттердің жэне сөзбен берілген жағдайлардың кейбір бөліктерін қолдануға болады.

Информация о работе Педагогикалық – психологиялық әдебиеттегі денсаулық проблемасы