Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 18:21, лекция
Психологиялық денсаулық негізінде балалардың жеке басының қасиеттері дамып, психикалық кейіптері қалыптасады. Сонымен қатар, психологиялық денсаулық балалардың танымдық үрдістерінің жетілуін қамтамасыз ететін бірден-бір фактор болады. Балалардың өзін - өзі дамытып, жетілдіруін, реттей алуын, яғни өзіндік бағаның дұрыс болуын қамтамасыз ететін де, балалардың ересектермен және басқа балалармен қарым-қатынасын реттейтін психологиялық денсаулығы болып табылады.
1. Тұлғаның денсаулығына деген негізгі тұрғылар.
2. Денсаулық психологиясы пәнаралық зерттеу ғылымы.
3. Патология және норма туралы ұғым.
4. Калыпты психикалық даму туралы көзқарастар, психикалық нормаға деген психологиядағы әртүрлі ағымдар (бихевиоризм, психоанализ т.б.) өкілдерінің тұжырымдамалары.
ДЕНСАУЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯСЫ ПӘНІНЕН ҚЫСҚАША ДӘРІСТЕР КУРСЫ
Педагогикалық – психологиялық әдебиеттегі денсаулық проблемасы.
Жоспары:
Білім беру жүйесіндегі негізгі мәселелердің бірі- ұлттың болашағын анықтайтын балалармен оқушылардың денсаулығы болып табылады. Денсаулақ – адамның ағзасы мен жан – дүниесіндегі аурулар мен физикалық ауытқудың болмауын, қалыпты дамуды білдіретін; тұрғылықты жердегі эканомикалық, экалогиялық, әлеуметтік жанұя жағдайларымен, тамақтану, дәрігерлік көмек сапасымен, педагогтар мен психологтардың балалармен жұмысымен байланысты комплексті түсінік.
Қазақстанда
соңғы 10-15 жылда психологиялық
көмекке сұраныс пайда болып,
қазір күн өткен сайын молаюда.
Психологиялық
денсаулық негізінде
Балалар тәрбиесіне, дамуына бастауыш мектеп жасы кезеңінің, әсіресе 6-7 жастың ықпалы зор екені белгілі. Әдебиеттерде бұл кезеңнің жалпы психикалық дамуындағы ролі келесі аспектілері арқылы көрсетіледі: 7 жас кризисі, баланың мектепке психологиялық даярлығының қалыптасуы, күрделі физикалық, психикалық және психофизиологиялық дамуы; оқу мотивтерінің танымдық қажеттіліктерінің , индивидуалды қаблеттерінің, өзіндік басқарудың, адекватты өзіндік бағаның, әлеуметтік қарым- қатынас дағдыларының дамуына сензитивті кезең. Осы кезеңде жаңа психикалық құрылымдар – ерікті түрде іс-әрекетпен қылығын басқару; рефлексия, іс- әрекеттің ішкі жоспары, танымдық қызығушылық, қарым-қатынаста қатарластарына бағыттылық қалыптасады.
2. Психологиядағы денсаулық проблемасы.
Жоспары:
Денсаулық категориясының практикалық және теориялық өңдеулеріне қарамастан, оның қазіргі кездегі статусы біртекті емес және оның зерттеудегі әртүрлі тұрғылар көлемді анықтама бере алмайды. Зерттеулер тек қана ағзаның функциональді қызметі, психикалық процестер мен механизмдерге емес, сонымен қатар жеке тұлғаны толық қамтитын психологиялық денсаулықты зерттеуге бағытталған.
Зерттеушілер әр-түрлі деңгейдегі денсаулық құрылымын бөліп көрсетеді: тән саулығы, психикалық, психологиялық, әлеуметтік, рухани- адамгершілік саулық. Адамның осы аталған денсаулығының түрлері бір-бірімен тығыз байланыста. Тән саулығын және әлеуметтік саулықты сақтау үшін психикалық және психологиялық денсаулық қажет. Денсаулық психологиясы көпшіліктің ықылысына ілініп жүр. Мұның басты себебі әлеуметтік жағдай. Өмірдің эканомикалық жағдайының өзгеруі, нарықтық қатынастарға көшу тұрғындардың алдына күрделі мәселелер түйінін қойып, біраз алаңдатушылық, жүйкеге психикалық ауыртпалық тудырады.
Психикалық денсаулықты қарастырмас бұрын, «денсаулық» түсінігін нақтылап алу қажет. Сонымен қатар, «психикалық денсаулық» түсінігі де жіктеуді талап етеді.
Денсаулықтың
анықтамаларын нақтылау
Медициналық
әдебиеттер мен практикада «
Жүйке-психикалық науқастардың кең тарауы бүгінде тек дәрігерлердің ғана емес, сонымен қатар биологтардың, социологтардың , педагогтардың зерттеуін қажет ететін үлкен мәселені тудырып отыр. Педагогтардың бұл мәселемен айналысуы оқушылар арасында ақыл-ойының кемістігі немесе жүйке психикалық әрекетінің ауытқуы, қылықтың бұзылуы себебінен оқу бағдарламасын игере алмайтын балалардың кездесуімен байланысты. Педиатор – дәрігірлер үнемі стрес жағдайында жүретін ересектерге тән науқастардың балаларда да жиілеп кеткенін айтады. Оның себебі ретінде балалардың халық көп жиналатын жерлерде көп болатыны, балалардың алкоголь мен анашаны қабылдауы орын алады. Нәтижесінде балаларда ұйқының бұзылуы, бас аурулары, невротикалық симптомдар , психикалық , физикалық дамудың бұзылуы, қылықтың ауытқуы пайда болады.
Психикалық
денсаулық мәселелері
Психикалық қалыптың нормадан ауытқуын неврозбен байланысты қарастыру байқалады. Балалар мен жас өспірімдердің невроз патогенезінің негізінде дамып келе жатқан жеке адамның қарым-қатынастар жүйесінің децормациясы жататындығы дәләлденген факт болып табылады. Бұл адамды невротикалық дамуға әкеледі, ол В.Н Мясищевтің невроздар концепциясында біртұтас жүйені құрайтын жеке адамның маңызды қатынастарының бұзылуы деп түсіндіріледі. А.И Захаров анықтауы бойынша, бала неврозын сәтті емдеу үшін, оның себебін білу керек, ал ол ата- ананың тұлғалық ерекшеліктерімен, қате тәрбиемен , жанұядағы, қарым-қатынастың бұзылуымен байланысты болады.
Денсаулық психологиясы клиникалық психологиямен салыстырғанда жаңа ғылыми бағыт. Зерттеу мәселесі аурулардың пайда болуына әкелетін психикалық факторлар мен науқастың жеке адамға әсерін, емдеу тәсілдеренің психологиялық аспектілерін ашуға бағытталған. Норма мен аномальді қалыптарды айыру денсаулық қалыпын анықтауға негіз болып табылады. Ерекше ғылыми бағыт болып табылатын денсаулық психологиясы адамның рухани денсаулығын сақтау мен қалпына келтіру мәселесіне практикалық зерттеу қызығушылығын тудырып отыр. Норма мәселесі психология ғылымының ең өзекті, күрделі мәселе болған және солай болып қалуда. Бұл мәселенің даму психикалық норманы даму нормасы ретінде түсінумен, психика табиғатын зерттеу аймағының кеңейуімен және адам психологиясына көзқарастың өзгеруімен байланысты.
Денсаулық, психикалық денсаулық мәселелерін ауру, науқас емес қалыпты даму тұрғысынан қарастыру тек ХХ ғасырдың соңғы жылдарында кең орын алған.
Жоспары:
Психикалық денсаулықты жеке адам дамуының толықтығы, байлығы тұрғысынан қарастыру батыс ғылымдарының еңбектерінде кездеседі, яғни психикалық денсаулық өзіндік актуализациямен, өмір мәнін табумен және жеке тұлғаның өз мүмкіндіктерін, потенциалын жүзеге асыру мен байланысты. Гуманистік психологияның көрнекті өкілі А. Маслоу дені, психикасы сау адамдарды зерттеу арқылы тұлғаның өзіндік актуализациясы теориясын тұжырымдады, психикалық денсаулыққа екпін жасады. Психикалық денсаулықтың екі құрамдас бөлігі бар: біріншіден, адамдардың өз потенциялын мүмкіндігінше өзін-өзі актуализациялау арқылы дамытуға талпыну; екіншіден құрамдас бөлігі- гуманистік құндылықтарға талпыну. Психикалық денсаулық мәселесін адамның негізгі қажеттіліктерінің қанағаттандырылуы тұрғысынан қарастырылады. Бұл қажеттіліктердің барлығы қанағаттанғанда өзін-өзі актуализациялау қажеттілігі пайда болады: адамның мүмкіндігі жеткенше дамуы, дарыны мен потенциалын, қабілеттерін толық ашумен байланысты. Сондықтан, адамның психикалық денсаулығын сақтау үшін, өз мүмкіндіктерін максималды жүзеге асыру үшін метақажеттіліктер қанағаттандырулары керек. Метақажеттіліктердің депривациясы мен фрустрациясы психикалық аурудың пайда болуына әкеледі, бұл- метапатологиялар, яғни апатия, депрессия. Өзіндік актуализациясы жүзеге асқан адам- психикалық денсаулығы қалыпты адам.
Г. Олпорт психикалық денсаулығы қалыпты немесе жетілген тұлғаның қылықтары функционалды автономды болады және саналы процестермен мотивацияланған деп көрсетеді. Психикалық сау адамның алты сипатын атайды: өзіндік «мен» шеңбері кең, әлеуметтің қатынастарға белсенді атсалысады; жылы жақын әлеуметтік қатынастарға қабілетті; эмоциональді тәуелсіздік және өзін қабылдау; шынайы қабылдау, тәжірибе және талпыныстар деңгейі; өзін-өзі тануға және әзілге қабілеттілік, толыққанды өмір сүру үшін адамның өзін-өзі тану қажеттілігін Сократ та айтқан.
Д. Келли бойынша, адамның қалыпты функционалдығы төрт сипатпен анықталады: психикасы сау адамдар әлеуметтік тәжірибе негізінде тұлғалық конструкторлық өзгерте алады; тұлғалық дамудың жаңа деңгейлеріне , конструкторлы жүйесін кеңейтуге ашық және даяр болады; жақсы дамыған ролдік репертуар, әр түрлі әлеуметтік ролдерді тиімді орындай алады, әлеуметтік әлеуметтік қатынас процесіндегі адамдарды түсіне алады.
К. Роджерс көрсеткендей, адамның «мені» оны жағымсыз сезімдерден, мазасыздықтан қорғай алмайтын болса, психикалық денсаулығы бұзылады. Психикалық денсаулығы қалыпты адам өзін және өзінің басқалармен қатынасын шынайы қабылдауға талпынады, сезімдерге ашық, олардан қорғанбайды, өз қылықтары үшін жауапкершілікті алады. «Толыққанды функционалдық» терминімен өз қабілеттері мен талантын қолдана алатын потенциалын жүзеге асыра алатын, өзін және сезімдерін танып білуге талпынатын адамдарды анықтайды. Олардың бес тұлғалық сипатын көрсетеді: өз сезімдерін саналы түсінуге ашықтық; экзистенциалды өмір салты; өзінің ішкі сезімдерін қабылдап, қылықты таңдауда негізге алу қабілеті; эмпирикалық еркіндік, тәуелсіздік; креативтілік, яғни олар конструктивті және бейімделе өмір сүре алады, алайда конформист емес.
Сонымен, көне грек ойшылдарының адамның өмірге қанағаттануын, өзін бақытты сезінуін көрсететін «эвдемонизм», «гедонизм» түсініктері қазіргі гуманистік тұлға теорияларында әрі қарай дамып, кең қолданылып келеді.
Т.Д Азарных, И.М Тыртышников, В.И
Чирков, Э.Л Диси зерттеулерінде
психикалық денсаулық бұзылу стреспен,
дипрессиямен байланысты қарастырылады.
өмір сүру ортасының жағдайлары өзгергенде
бейімделу реакциясы болып
Информация о работе Педагогикалық – психологиялық әдебиеттегі денсаулық проблемасы