Мектеп пен отбасы байланысының педагогикалық негізі

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 16:22, курсовая работа

Описание работы

Осы тұста Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің “Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы” деген Қазақстан халқына жасаған Жолдауында “Егер біз адамгершілігі жоғары қоғам болғымыз келсе, жұбайлардың бір-бірінің алдындағы, ең бастысы балаларының алдындағы жауапкершілігін күшейтуге тиіспіз” деген болатын.
Отбасы және отбасы тәрбиесінің теориялық мәселелерін педагогикалық және психологиялық, әлеуметтік, экономикалық, демографиялық және физиологиялық аспектіде зерттеген ғалымдар (И. Бестужев-Лада, И.В. Гребенников, В.Н. Колбановский, И.С. Кон, Э.И.Новиков, А.Г.Хрипкова т.б.) өздерінің зерттеулерінде халықтың этникалық, этикалық, ерекшеліктерін есептеудің қажеттілігін дәлелдейді.

Содержание

Кіріспе.........................................................................................................................................3-4
1. Отбасындағы бала тәрбиесіне педагогикалық басшылық жасаудың теориялық әдіснамалық негіздері...................................................................................................................8
Отбасы тәрбиесінің қоғамдық ролі.................................................................................5-13
Қазіргі замандағы отбасы тәрбиесі...............................................................................13-17
Бала тұлғасын қалыптастырудағы ата-ананың рөлі....................................................17-20


2. Мектеп пен отбасы байланысының педагогикалық негізі..............................................................................................................................................21
2.1 Ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлі.............................................................................21-26
2.2 Оқушы отбасымен байланыс орнатудың психологиялық-педагогикалық негіздері...................................................................................................................................26-34

Қорытынды..................................................................................................................................35
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................................................................................36-37
Қосымшалар...........................................................................................................................38-40

Работа содержит 1 файл

Курсовая.doc

— 258.50 Кб (Скачать)

     Тәрбиелеу ісінде ұсақ-түйек мәселелер жоқ. Бала өмірінде қандай да бір ірі  бір нәрсені бөліп алып бар  назарды соған аударуға, ал қалған болмашы нәрселерді шетке шығарып тастауға болмайды. Қандай да бір бант, қандай да бір ойыншық бала өмірінде аса маңызды мағынаға ие болуы мүмкін. Ұсақ-түйектер үнемі, күн сайын, сағат сайын ықпал етеді, олардан өмір қалыптасады.Отбасы өмірінің жақсы ұйымдастырылуының мәні сонда, ол ешқандай ұсақ-түйекті назарынан тыс қалдырмауы тиіс.

     Саналы  ұйымдасқан өмір, отбасы укладының басты мағынасы – балаларда қандай да бір іс-әрекетте үнемі жаттығу жүйесі арқылы жағымды  жеке бас тәртібі тәжірибесінің жинақталуы.

     Тәрбиелік әңгімелер баланың санасына бағытталған, бірақ А.С. Макаренко осының өзінде бала тәрбиенің пассивті объектісі  болып табылады. Бала тәрбиелеу субъектісі болуы үшін отбасы өміріне тек  қана тұтынушы ретінде ғана емес, белсенді  қайраткер ретінде қатысуы керек. Сонда субъектімен жинақталған тәжірибе үйлесімді болады, өйткені бала түрлі позициялардан көрінеді: қандай да бір істің ұйымдастырушысы, орындаушысы, кеңесшісі, инициаторы және т.б. Бұл орайда баланы өмір ықпалынан шектетуге, тәрбиелеу кезінде тек үй мәселелерімен шектелуге болмайтынын атап кетуге жөн. Тәрбиелеуде оның ішінде отбасындағы тәрбиелеу әлеуметтік процесс. Бәрі де тәрбиелейді: адамдар, заттар, құбылыстар, жағдайлар. Бала әлеуметтік өмірге қатысудан құтыла алмайды, сондықтан отбасы балаларға әлеуметтік тәртіп тәжірибесін жинақтауға көмектесуі қажет.

     Отбасында тәрбиелеу шарттары. Ата-ананың беделділігі. Ата-ананың беделділігі қайдан алынады? Беделділік табиғаттан беріле ме? Ата-ана беделділігі неге негізделген? Беделділік мәні, оның ешқандай дәлел қажет етпеуінен, оның күмән келтірмейтін қасиет әрі құндылық ретінде қабылданады. Беделсіз тәрбиешінің болуы мүмкін емес. Алайда беделділік  берілмейді және өз бетімен келмейді. Ата-ана немесе педагогтың балаға жауап беруі оның тәжірибесінің молырақ, ақылдырақ болуы және т.б., яғни тәрбиешінің әкімшілік жағдайы сияқты логикалық дәлелдер оның беделділігін қамтамасыз етпейді. Дегенмен, бұл орайда беделділік мақсат болмауы тиіс, ол тек құрал екені, ал мақсат - дұрыс тәрбие беру, яғни ата-ана беделділігінсіз жақсы тәрбие беруі мүмкін емес.

      Ата-аналардың  көпшілігі бұны түсінеді, алайда өкінішке орай беделділіктің жалған түрлері  де болады, яғни бұндай беделділік аз уақыт  қана өмір сүріп көмектеседі, бірақ  сосын құлдырап, ешқандай дерлік тәрбие беру мақсатына жетпейді. А.С. Макаренко жалған авторитеттің бірнеше түрін атап көрсеткен.

      Басу  беделділігі. Балаға болмашы нәрсе үшін айқайлап, оның әр сұрағына дөрекі жауап береді, қол жұмсайды, баланың әр қателігін жазалайды. Бұндай беделділік зиян, ол баланың өтірік айтуын және қорқақтығын тудырып, балада қатыгездік пен еріксіздік тудырады.

      Алшақтық  беделділігі. Бұнда ата-аналардың ойынша: балалар оларды тілін алу үшін, олармен азырақ сөйлесіп, алшақ ұстап, анда-санда бұйрып беріп тұру қажет деп ойлайды. Бұндай ата-аналарды балалардың өмірімен еш қиылыспайтын өз өмірлері, өз қызығушылықтары бар. Шын мәнінде, бұнда ешқандай тәрбие жоқ.

      Бөспе беделділік. Бұл ата-аналар өздерін маңызды санап, осы маңыздылығын өз балаларына әр уақытта көрсете отырады. Олар басқа адамдарға өркөкіректене қарап, олардан өзін және өз балаларын алшақ ұстайды.

      Педантты  беделділік. Ата-аналар балалары олардың әрбір сөзін мұқият тыңдап, олардың сөзі өсиеттей болғанына сенімді. Әдетте олардың қорқатыны балаларының олардың қателік жасады деп ойлады. Баланың әрбір әрекетінде олар тәртіптің бұзылуын бұзып, жаңа заңдармен мазасын алады. Баланың өмірі олардың қызығушылықтары мен өсуі бұндай ата-аналардың назарынан тыс қалады.

      Резонерлі беделділік. Ата-аналар бала өмірін сансыз үйретулер мен өсиет әңгімелермен мазалайды. Бұндай отбасында қуаныш пен күлкі аз.Ата-аналардың тұрақты сөзшендігі бала санасында ешбір із қалдырмайды.

      Махаббат  беделділігі. Ата-аналар әр мезет сайын өз махаббатын білдіріп, жылы сөз айтып, мейірім мен шапағат балаларға қардай жауады. Бала тіл алмаған жағдайда: демек, сен мені жақсы көрмейсін деп сұрай береді. Бала барлығын ата-анасының  махаббаты үшін жасайды. Балалардың бұндай махаббатқа күші жетпей, өтірік істеп, ойынға айналдырады. Бұндай балалар шыңшыл емес, өтірікші эгоист болыа шығады.

      Мейірімділік  беделділігі. Балалардың тіл алуы ата-аналардың жеңілдік жасауы мен жұмсақтығымен ұйымдастырылады. Олар барлығына ұрықсат беріп, конфликтілерден қорқақтайды. Тез арада бұндай отбасыларда балалар ата-аналарды билейді.

      Достық  беделділік. Ата-аналар мен балалардың достығы бұнда шегіне жетеді. Балалар ата-аналарын тәрбиелей бастайды. Оларды атымен атап сөз ортасында бөліп тастайды, әрбір әрекетінде өздерінше үйретеді. Шын мәнінде бұнда достық жоқ, өйткені бұнда өзара құрметтеусіз болуы мүмкін емес.

      Сатып алу беделділігі. Беделділіктің ең әдепсіз тәртіптің түрі, мұнда баланың тіл алуы сыйлықтар мен уәде берулер арқылы сатып алынады. Балаларға тіл алуы, ата-аналарына жақсы қарым-қатынасы үшін сый берудің қажеті жоқ. Сыйды нақты бір істер үшін беруге болады: жақсы оқу, қиын тапсырманы орындауы және т.б. үшін. Алайда бұл жағдайда да алдын-ала сыйақы мөлшерін белгілемей, балаларды түрлі уәде берумен қызықтыруға болмайды.

      А.С. Макаренконың ойынша ата-аналардың  беделділігінің негізі болып “ата-аналардың өмірі мен жұмысы олардың азаматтық кейіпі мен іс-әрекеттері” табылады. Егер ата-аналар саналы өмір сүріп, шынайы құрметке ие болса, олардың мақсаттары, қызығушылықтары мен сезімдерінде қазіргі өмір көрініс тапса, бұндай ата-аналар балаларының алдыңда нағыз беделге ие.

      Сонымен қатар, педагог-новатор ата-аналық беделділікті баласын білуі мен оларға көмек  көрсету сияқты негіздерін атап кеткен. Ата-анасы баласының немен тыныс  алатынын, нені жақсы көріп, нені қалап, нені қаламайтынын білуі тиіс. Ол кіммен дос екені, кіммен және не ойнайтынын, не оқитынын, және оқығанын қалай қабылдайтынын, мектепке және оқытушыларға қарым-қатынасының қандай екенін, қандай қиыншылықтары бар екені сыныпта өзін қалай ұстайтынын да білуі керек. Ата-аналар баласының түрлі жағымсыз жағдайлары мен кездейсоқ біліп қалмай, олардың алдын-алуы тиіс. Егер балалар біреумен дау-жанжалға түссе, бірден баланың жағына түсуге болмайды. Алдымен одан сұрастырып, оқиғанын нақты қалай болғанын анықтап, екінші жақты шақырып, онымен сөйлесіп балаларды татуластыру шараларын ұйымдастыруы керек. Әкесінің немесе шешесінің қызуқанды агрессивтілігінен зиян еш нәрсе жоқ. Бұндай агрессивтілік балада  тұйықтылық пен күдіктілік туғызады.

      Ата-аналар баласының қайда және кімнің айналасында екенін білуі керек, бірақ бұл оны аңдып үнемі қажетсіз сұрақтармен мазаламау керек.Басынан -ақ балаларды өз істерін өздері айтатындай-ақ қылып тәрбиелеу керек, олар ата-аналарымен өз дерің алаңдататын мәселелермен бөліскісі келетіндей болуы керек. Анда-санда балалардың дос жараңдарын қонаққа шақырып, кейде керісінше достарының отбасына барып танысуға болады. Егер ата-аналар балаларының өміріне мейірімді көзқараспен назар аударатын болса, бұл олар үшін байқалмай қалмайды. Балалар өздері туралы ата-аналардың бұндай нәрсені білуін бағалап, осы үшін ата-аналарын құрметтейді.

      Білу  беделділігі көмек беделділігіне  әкеледі. Әрбір баланың өмірінде не істерін білмейтін жағдайлар  орын алып, кеңес және көмек қажетсінеді. Мүмкін ол ата-аналарынан көмек сұрамаса да, олар өздері көмек көрсетуі тиіс.

      Жиі бұл көмек жәй кеңес беру арқылы көрсетілуі мүмкін, кейде әзіл ретінде, кейде міндеттеу, кейде бұйрық арқылы. Егер сіз өз балаңыздың өмірі жайлы  білсеңіз, сіз қалай істегенде  дұрыс болатынын білесіз. Жиі  бұл көмек ерекше әдіс ретінде көрсетіледі. Не болмаса бала ойынына қатысу арқылы, немесе балаларды достарымен танысуы арқылы, не болмаса мектепке барып мұғалімдермен сөйлесу арқылы.

      Кей кезде балаға қиын жағдайдан шығуына  мүмкіндік беруі керек. Ол қиыншылықтардың  бетін қайтарып өз мәселелерін өзі  шешуге үйренуі керек. Бірақ, бала қандай да бір мәселені қалай шешіп жатқанын біліп отыруы керек, ол шатасып дағдарыс жағдайына ұшырауын болдырмаған жөн.

      Балалар мен ата-аналардың қатынасының  ата-аналар беделділігіне әсер ететін тағы бір ерекшелігін атап өткен  жөн. Ата-аналар өз балаларына анағұрлым  жақын болуы керек. Алайда, шексіз жақындықты болдырмау тиіс, жақындық та болуы керек, бірақ соған қоса алшақтық та болуы керек. Балаға ешқандай ара-қашықтық салмай тығыз жақындауға болмайды. Аса ашық әңгімелерді, мысалы: жыныстық қатынас туралы әңгімелерді болдырмау керек, кейбір сұрақтар бойынша ұяңшылдық сақталуы тиіс. Әйтпесе, ата-аналар балаларының досы немесе құрбысы болып кетіп, оларда беделдің болмауы мүмкін. Ара-қашықтық сезімін алғашқы күндерден-ақ тәрбиелеу керек. А.С.Макаренко былай деп жазған: егер бала 3 жасынан бастап сізді әлдебір жоғары ағза өзіне қатысты беделді етіп санаса, ол әрбір сөзді қуаныш пен үмітпен тындайды. 

      Отбасындағы режімді ұйымдастыру.

     Отбасының педагогикалық мақсаты өмірін ұйымдастырудың маңызды құралы-режім болып табылады. Бүгінгі таңда режімделген инициатива, индивидуалдылықтан айырылған балалар  бұлжытпайтын орындаушылар, өз позициясын таңдай алмайтын адам болып шықпай ма?

      Белгіленген режім балаға тәрбие әсерінің жүйелілігін  қамтамасыз етеді. Отбасылық режім  түрлі жағдайларда бірдей болуы  мүмкін емес. Балалардың қабілеттілігін олардың психологиялық ерекшелігін, отбасының материалдық жағдайын есепке алуы керек. Кішкентай балаларға қатысты пайдалы режім, ересек балаларға зиянын тигізуі мүмкін. Режім деп - әлдебір тұрақты, өзгрмейтін нәрсені түсінуге болмайды. Режім-белгілі бір кезеңдегі тәрбие мақсатына байланысты өзгеріп отыруы мүмкін.

      Режім берілген отбасы үшін мақсатқа сай  болуы тиіс, ол ақыл-ойға сыйымды  ережелер сипатында болуы тиіс.

      Режімді әрдайым ұстану қажет. Ата-аналардың  қандай да бір ережелерді ұстану талаптары  тұрақты болуы тиіс. Отбасында  режімнің бұзылуы міндетті түрде назарсыз қалмайтындай тәртіп орнауы тиіс. Қандай да бір ережені орындамау орнатылған режімге немқұрайлы қарауды білдіреді, бұндай бастаның орын алуы кейіннен баланың ата-анасына тура қастық формасына айналуы мүмкін. Режимде отбасы өмірінің түрлі аспектілерін ұйымдастыру бойынша ережелер орнауы тиіс: баланың ұйықытау уақыты, тазалық сақтау, дем алу, жұмыс уақытын белгілеу және т.б.

Ата-ана  махаббатының типтері. (А.С. Спиваковская) 

Махаббаттың және қабылдамаудың  типтері Мінез-құлық  және қабылдамаудың ерекшеліктері Ата-ана  мінез-құлқы Ата-ана  ұраны
Әрекеттік махаббат Симпатия

Сыйласымдылық жақын қарым-қатынас

Ата-ананың баланы қабылдауы, оған қызығушылығы мен зейінін  бөлу, оны сыйлап құқықтарын мойындау, үнемі көмекке келу дайындығы. Мен өз баламды қандай болса да, жақсы көремін, ол бәрінен де жақсы.
Шектелген махаббат Симпатия

Сыйласымдылық

Баланы қабылдау көңіл бөлудің жеткіліксіздігі  бірігіп әрекет етуден көмектің болмауы. “Менің балам  керемет, бірақ оны тәрбиелеуге  менің қолым тимейді”
Әрекеттік алущылық Симпатия

Сыйласымдылық

Баланы қабылдау оған сенімсіздік білдіру, шектен тыс  қамқорлық көрсету. “Менің балам  керемет ақылды болмаса да, ол менің  балам мен оны жақсы көремін”
Кешірімшілдік, қабылдамау Симпатия

Сыйласымдылық

Баланы қабылдау шектелу, баланың дұрыс дамымауын оның ауруы мен Ауру екеніне  менің балам кінәлі емес, оның өзіндік  себептері бар. 
 
 
 
Мүлдем  қабылдау Антипатия

Сыйласымның болмауы, ара-қашықтық

Баланы қабылдамау, қарым-қатынасқа шектеу қою, бақылаусыздық, ерегесу. Мен өз баламды  жақсы көрмеймін және онымн ешқандай әрекет жасағым келмейді.
Жек көру Антипатия

Сыйласымдылықтың  болмауы, жақындық

Баланы қабылдамау, шектен тыс бақылау қою, жазалау  ата-ананың тәрбиесін тыйым салу жүйесіне айналдыру Мен баламның осынша жаман болғанына азап шегемін
Соңынан қалмау Антипатия

Сыйласымдылықтың  болуы, жақындық

Баланы қабылдамау, жиі бақылау, жазалауды қолдану, мақтаудың болмауы, қатыгез қарым-қатынас. Менің балам  онбаған және менбұны дәлелдей аламын
Мүлдем  бас тарту Антипатия

Сыйласымдылықтың  болмауы, ара-қашықтық

Баланы қабыдамау, бақылаусыздық, бетімен жіберу. Мен бұл адаммен  ешқандай қарым-қатынас жасағым  келмейді.

Информация о работе Мектеп пен отбасы байланысының педагогикалық негізі