Мектеп пен отбасы байланысының педагогикалық негізі

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 16:22, курсовая работа

Описание работы

Осы тұста Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің “Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы” деген Қазақстан халқына жасаған Жолдауында “Егер біз адамгершілігі жоғары қоғам болғымыз келсе, жұбайлардың бір-бірінің алдындағы, ең бастысы балаларының алдындағы жауапкершілігін күшейтуге тиіспіз” деген болатын.
Отбасы және отбасы тәрбиесінің теориялық мәселелерін педагогикалық және психологиялық, әлеуметтік, экономикалық, демографиялық және физиологиялық аспектіде зерттеген ғалымдар (И. Бестужев-Лада, И.В. Гребенников, В.Н. Колбановский, И.С. Кон, Э.И.Новиков, А.Г.Хрипкова т.б.) өздерінің зерттеулерінде халықтың этникалық, этикалық, ерекшеліктерін есептеудің қажеттілігін дәлелдейді.

Содержание

Кіріспе.........................................................................................................................................3-4
1. Отбасындағы бала тәрбиесіне педагогикалық басшылық жасаудың теориялық әдіснамалық негіздері...................................................................................................................8
Отбасы тәрбиесінің қоғамдық ролі.................................................................................5-13
Қазіргі замандағы отбасы тәрбиесі...............................................................................13-17
Бала тұлғасын қалыптастырудағы ата-ананың рөлі....................................................17-20


2. Мектеп пен отбасы байланысының педагогикалық негізі..............................................................................................................................................21
2.1 Ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлі.............................................................................21-26
2.2 Оқушы отбасымен байланыс орнатудың психологиялық-педагогикалық негіздері...................................................................................................................................26-34

Қорытынды..................................................................................................................................35
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................................................................................36-37
Қосымшалар...........................................................................................................................38-40

Работа содержит 1 файл

Курсовая.doc

— 258.50 Кб (Скачать)

7. отбасы  мен мектеп арасындағы байланыстың  күннен күнге әлсіреуі.

   Отбасы дағдарысын ретке келтіру және оның тәрбиелік ықпалын көтеру бағытында қазіргі педагогикасы қандай тиімді  ұсыныстар беруі мүмкін?

   Бұл орайда педагогика қандайда  тосын жаңалық ашып беруі мүмкін  емес: тәрбиенің қоғамды, экономикалық  қатынастардың жалпы заңдылықтарына  тәуелділігі объективті шындық. Бәрімізде осы заңдылықтардың құрсауындамыз. Барша үмітімізді мұғалімге артамыз, тәрбиелік жақсылықтарымызды оның жанпидалығынан күтеміз. Жалған, алдамшы ой-пікірлерден арыла білген шынайы ұстаздың өз іс-әрекетін келесідей жоспарға орайластырғанын жөн деп білер едік:

  • отбасындағы қатынастарды гуманизациялау, яғни адамиластыру. Әміршіл-әкімшіл ықпал, заң алдындағы жауапкершілік, қатаң талап не үркіте зорлаудың заманы өтті-алдыратын лапасы жоқ пенде неден қорықсын. Тең кеңпейіл мұғалім жан дүниесімен сәулеленген қайырымдылық, мейір, нақты көмек, ұстаздық жанашырлық  қана күйзеліске ұшыраған ата-аналар көңліне демеу беріп, өз перзенттерінің жарқын болашағы үшін  күресте шаршап-шалдығудан азат етері кәміл;
  • адамдардың рухани дүниесін қалыптастырып, нығайуда зайырлы мектеп пен мұсылмандық тәрбие ошағы –мешіттердің ықпалдарын біріктіру әлі осы ықпалдарды жалпыланған қызмет түрінде шашыратпай, нақты отбасының нақты проблемасына бағыттау;
  • педагогикалық мүдде –ниеттерді гуманитарлық қор, қоғамдар мен ұжымдар жұмыстарымен үйлестіре отырып, қайырымдылық-тәрбие бағдарламасын жасау.

            Ең бастысы, жалпы адамға, оның  табиғатына берілген қайырымдылық  пен мейірімге болған сенімнен  ажырап қалмау-әрбір тәрбиешінің  негізгі ұстамы болғаны жөн.

1. 3  Бала тұлғасын қалыптастыруда ата-аналардың рөлі.

Жанұя -қоғамның ең маңызды тобы, бірлестігі. Жас баланы жанұядатәрбиелеуде халқымыздың сан ғасырлар бойы жинақтағаң ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәлім-тәрбиелердің, төлтума халық педагогикасының орны зор. Оның өзекті арқауына ұлттық сана сезім, қадір-қасиет, ар-ождан, ұлтжандылық, отансүйгіштік, қайырымдылылық және т.б. жататыны, олардың өмірдегі мән-маңызы сараланады. Жанұяда жас баланы ерлікке, жігерлікке, батылдық пен батырлыққа, сөз бен істің бірлігі сияқты қасиеттерге тәрбиелеудің орны ерекше.

      Жанұяда әсіресе ата-ананың, туған-туыстардың айтқан сөздері, қоғамдық өмірде болып  жатқан құбылыстар, саяси әлеуметтік өмірдегі өзгерістер жөнінде оларды айтқан пікірлерді, қабылданып жатқан шешімдерге берген бағаларды т.с.с. жас бала арнайы тыңдап, мән бермегенімен, ойын арасында естігенін біртіндеп белгілі бір ой қалыптастырып, тұжырымдар жасайды. Жанұяда негізі қаланған тәрбие өсе келе өмірлік нысанаға айналуы мүмкін. Бала ата-анаға, өскен ортаға қарап тәлім алады.

      Баланың адам ретіндегі қалыптасында тәрбиенің  негізі ата-анадан деп есептегенімен, жүрген ортаның, ағайын-туыстың, жора-жолдастың, жанұяның, ең әуелі туған жердің табиғатына дейін әсер тигізетіні рас.

      Қазіргі кездегі педагогика бойынша жанұялық тәрбие – ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынастың жүйесі. Олай болса, әрбір ата-анаға осы жүйені ғылым және өнер ретінде жан-жақты меңгеру қажет.

      Ата-ана  мен баланың арасындағы қарым-қатынастың тәрбиелік мәні бар. Атақты, белгілі  педагогтардың ойларынша, жанұядағы  ата-ананың тәрбиелік жұмыстары  өз-өздерін тәрбиелеу. Олай болса, әрбір  ата-анаға, біріншіден, баламен қарым-қатынас  педагогикалық қарым-қатынасқа жатады. Тәрбиелік және педагогикалық қарым-қатынас баланың адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуындағы ауытқуларды ескертеді.

      Жанұя тәрбиесінің қазіргі кездегі  іс-тәжірибесінде педагогикалық  қарым-қатынастың бірнеше түрлері  беріледі.

  1. өмірлі (авторитарлық);
  2. демократиялық (егемендік);
  3. бетімен жіберушілік;
  4. бәрін кешірушілік т.с.с.

Осы педагогикалық  қарым қатынастың ішінде демократиялық  түрін қолдану ата-ананың баласы алдындағы абыройын жоғарылатады. Өйткені, ол балаға деген сенімділік, тең  құқықтық, жоғары деңгейдегі іскерлік талаптары негізінде құрылған.

      Тәрбиеге  арнайы бөлінген уақыт жоғы белгілі. Ата-ана өз еңбегімен, өмірге деген  саналы көзқарасы, жақсы қасиеттері арқылы қадірлі ғұмыр кешіп, күтім  қажет кезінде кімді тәрбиелеп, кімді өсіргенімен бағалы болады.

      Ата-ананың балаға деген махаббаты - әрбір азаматтың  отанға, досқа, туыстарға сүйген жарға  деген махаббатының жетекшісі, көш  басы деп түсінуге болады.

      Ата-ана  балаға өз жақсы қасиетерімен, жетістіктерін  де дер кезінде айтып, соған қызықтыра білгені де дұрыс. Бұл әдіс арқылы баланың ойына тек жақсылықты уағыздап, соған талпындырады.

      Жанұя тәрбиесі – қоғамдық тәрбиенің бір  бөлігі, ата-ана борышы.

        Жанұяда балалардың тәрбие барысында  табысты ықпал жасауда басқа  да жағдайларды сипаттайтын белгілерді атауға болады. Оларға мына мәселелер жатады.

  1. жанұяның этикалық құрамы және құрылымы: толық, толық емес жанұя, бір балалы, көп балалы, бір ұлттық, көп ұлттық жанұя.
  2. Тіршілік әрекетінің және ортаның жағдайлары: жанұя мүшелерінің білім дәрежесі, еңбектану, кәсіпшілік құрамы, бюджеті, жалпы материалды әл-ауқаты, ауылдық және қалалық жанұя.
  3. Жанұяның мәдени потенциялы: күнделікті тұрмыстық жалпы мәдениеті, күн режімі, демалыс және оның нысаналары, кітапхананы, теледидарды, музыка аспаптарын пайдалана білуі, спортпен айналысуы, жанұяның дәстүрлік мерекелері т.б.
  4. Жанұяның ішікі қатынастары: жанұя микроклиматының сипаттамасы, жанұядағы көзқарастың бірлігі және айырмашылығы, оның мүшелерінің өз міндеттеріне көзқарасы, жауапкершілігі.
  5. Қоғамға көзқарасы: еңбек және қоғамдық міндеттерге, қоғамдық тәрбие институттарына қатысты.
  6. Жанұяның тәрбиелік жағдайы: жанұя тәрбиесінде қолданылған әдістер ата-аналардың және басқа мүшелерінің педагогикалық мәдени дәрежесі т.с.с.

Қорыта  келе, жанұя тәрбиесі- қоғамдық тәрбиенің  бір бөлігі, ата-ана борышы. Жанұяның жоғарыда көрсетілген белгілерінің тәрбиеліу ықпалы өте күшті, оларға тәрбие барысында ерекше көңіл бөліп, ескеру қажет. Отбасы тәрбиесінің ұғымының өзі  «отбасы» және «тәрбие» категорияларының жиынтығынан тұрып, оның қызметі мен рөлі, отбасындағы тәрбие толығымен қоғамдық өмір заңдылықтарына байланысты дамиды.

            Отбасы – тұлға  қалыптастырушы бесік. Осыдан, «Азамат  қалыптасытырамын десең, бесігіңді  түзе»-деп ұлы ғұлама М. Әуезов бекер  айтпаған. Отбасында адамаралық қатынастар негізі қаланады,   бүкіл өмірге жетер еңбектік және әлеуметтік бағыт – бағдар түзіледі. Отбасында өз ретімен қарапайым да жеңіл шешіліп жатқан көптеген проблемалар, есейген, ересек шақта бітіскен шырғалаң күйге түсіп жататыны баршаға аян.

      Жоғарыда  айтылған тұжырымдарды жинақтай келе мынадай қорытынды жасауға болады:

  • отбасы ықпалы басқа тәрбиелік әсерлердің бәрінен де күштірек. Жас ұлғаюмен ол әсер бәсеңдеуі мүмкін де, бірақ ешқашан өз маңызын жоймайды;
  • қандай да бір басқа жағдайларда қалыптасуы мүмкін болмаған сапа-қасиеттер тек отбасында ғана өрісін алады;
  • отбасы тұлғаның әлеуметтенуін қамтамасыз етеді, оның тәндік, моральдық және еңбектік тәрбиесіне болған мүмкіндіктерді мейлінше шоғырландырып, іске қосады;
  • қоғамның азамат мүшесі отбасынан бастау алады, қоғам келбеті отбасынан көрінеді;
  • салт-дәстүр жалғастығын қамтамасыз етеді;
  • отбасының аса маңызды әлеуметтік қызметтері-азамат тәрбиелеу, патриот қалыптастыру, болашақ жанұя иегерін кемелдендіру және мемлекет заңдарын мойындап, құқықтарын сауатты пайдалана білетін қоғам мүшесін жетілдіру;
  • отбасының кәсіп таңдауға да тигізер ықпалы орасан.

        Нарықтық экономикалық жүйеге  байланысты отбасындағы тәрбие  жетімсіздігінің кейбір себептері  ретінде келесі жағдайларды алға  тартуға болады:

    1. Көптеген еңбеккер отбасылардың экономикалық жағдайларының әлсіздігі.
    2. Қоғамдық өмір мәдениетінің төмендігі.
    3. Отбасы анасы - әйел мойнына артылған екіталай – жұмыс орнында, жанұяда – ауыртпалық.
    4. Көптеген әлеуметтік – тұрмыстық және моральдық себептердің салдарынан болып жатқан ерлі – зайыптылардың ажырасуы.
    5. Бала тәрбиесінде ер адам әйел көмекшісі деген қоғамдық пікірдің белең алуы.
    6. Күннен күнге шиеленісіп бара жатқан әулеттер арасындағы бәсеке, дау – дамай.
    7. Отбасы мен мектеп арасындағы байланыстың күннен күнге әлсіреуі.

   Қаншалықты  отбасы болса, тәрбие ерекшеліктері де соншалықты мол. Алайда олардың көптүрлілігіне қарамастан, жанұядағы ересектер мен балалар арасында кезігетін қатынастардың жалпылай моделін ажырата тану мүмкіндігі баршылық. Отбасындағы қатынастар түрі сол қатынастардың қай бағытта, қай дәрежеде өрістеуі мен балалар тәрбиесіне болған келеңсіз ықпалдардың салдарына тәуелді анықталады. Олар:

  1. Балаларына құрмет көрсете алатын отбасы.
  2. Қамқор, мейірлі отбасы.
  3. Күнделікті дүниепаздыққа жүгінген отбасы.
  4. Алауыз, жауласқан отбасы.
  5. Теріс әлеуметтік бағыттағы отбасы.
  6. Ата мен аналардың педагогикалық үйлесімсіздігі жайлаған отбасы.
  7. Тұрпайы  тәрбие әдістерімен қаруланған отбасы.

Отбасындағы тәрбие мазмұны демократиялық қоғамның өзекті мүдде-мұраттарына орайластырылады. Болашақтағы еңбектік, қоғамдық, отбасылық  өмірге бейім дені сау, психикалық болымды, адамгершілікті, иманды, парасатты тұлға дайындау – отбасы міндеті. 
 
 
 
 

2.  Мектеп пен  отбасы байланысының педагогикалық негізі. 

    2.1   Ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлі

        Қазіргі кездегі педагогикалық психологияда танымал есімнің бірі    С.В. Ковалев. Ол отбасы қарым-қатынасының мәселелеріне және олардың жасөспірімдерге тигізетін әсеріне үлкен көңіл бөлген. Осында ол психологтар мен педагогтардың жасөспірімдермен жұмыста, әсіресе нашар отбасылардың ішінде олардың үлесі ерекше екенін бағалады. Жасөспірімдермен қарым-қатынас кезінде маман отбасында ұлдар мен қыздарға деген жағымсыз әсерді түзету керек. Бұндай коррекциялық түзету жұмыстар қарым-қатынас мінездемесінің, олардың стильдері сияқты білімсіз мүмкін емес.

Ата-ананың басты қызығы, алтын діңгегі –  бала. Ата-ананың мақсаты – жасын, жеке ерекшелігін, психологиялық процестердің, әлеуметтік ортасын ескере отырып, білімді, жан-жақты жетілген болашақ ұрпақ тәрбиелеу. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Баланың дамуының қандай қырын алмайық, қай жас кезеңінде болмасын оның тиімді болуында отбасының рөлі ерекше. Отбасының әлеуметтік-мәдени жағдайы ата-аналарының білімдік деңгейімен сипатталады. Техникалық-гигиеналық жағдайы өмір сүру жағдайымен, баспананың ерекшелігімен анықталады. Ата-ана осы мақсаттарға жету үшін мынандай міндеттерді шешеді:

  1. Баланың гигиеналық жағдайына, денсаулығына ықпал жасау, дұрыс өсіп жетілуін қалыптастыру.
  2. Жасы үлкендерді сыйлауға, кішіге қамқор болуға, адамгершілік қасиеттерін бойына сіңіре білу.
  3. Тұрмыста, үй шаруасында еңбекке араластыру, өзіне-өзі қызмет ету.

Бұл міндеттерді  шешу үшін үйде ата-ана, балабақшаларда тәрбиеші, мектепте мұғалім тәрбие береді.

      Отбасындағы тәрбиенің тиімді болуы ондағы қарым-қатынас  түрлерінің орнығуына байланысты. Отбасында  түрлі қарым-қатынастар орын алады:

  • ынтымақтастық қарым-қатынас, яғни отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасы түсіністік пен көмекке бағытталған;
  • ортақ мүддеге негізделген бірыңғай қарым-қатынас;
  • жақсы қарым-қатынасты сақтай отырып, өзара жетістікке жетуді көздеген қарым-қатынас;
  • бәсекелестік, барлық жағдайда өзінің бәсекеде ұтуын көздеген қарым-қатынас;
  • түрлі себептерден туындаған отбасындағы қайшылықты қарым-қатынас.

    Демек, әр отбасында түрлі қарым-қатынастың орнығуынан баланың жеке тұлғалық қасиеті  қалыптасады. Отбасында түрлі қарым-қатынас  қалыптары көрініс береді. Кейбір отбасында отбасы мүшелерін бетімен  жібереді, мұндай жағдайда ешқандай қарым-қатынас болмайды. Ал кейбір отбасында бедел орын алған қарым-қатынас орнайды. Оның да өзіндік ерекшеліктері бар, онда біреудің басқаларға басымдылық танытуы, бұйыруы баланың тұлғалық қасиетінің дамуына жағымсыз ықпал етеді. Қазіргі кезде заман ағымына қарай, отбасында десократиялық қарым-қатынасқа ұмтылушылық бар, яғни әр отбасы мүшесі тең құқылы қарым-қатынасты орнатуды көздейді.

Информация о работе Мектеп пен отбасы байланысының педагогикалық негізі