Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 16:22, курсовая работа
Осы тұста Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің “Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы” деген Қазақстан халқына жасаған Жолдауында “Егер біз адамгершілігі жоғары қоғам болғымыз келсе, жұбайлардың бір-бірінің алдындағы, ең бастысы балаларының алдындағы жауапкершілігін күшейтуге тиіспіз” деген болатын.
Отбасы және отбасы тәрбиесінің теориялық мәселелерін педагогикалық және психологиялық, әлеуметтік, экономикалық, демографиялық және физиологиялық аспектіде зерттеген ғалымдар (И. Бестужев-Лада, И.В. Гребенников, В.Н. Колбановский, И.С. Кон, Э.И.Новиков, А.Г.Хрипкова т.б.) өздерінің зерттеулерінде халықтың этникалық, этикалық, ерекшеліктерін есептеудің қажеттілігін дәлелдейді.
Кіріспе.........................................................................................................................................3-4
1. Отбасындағы бала тәрбиесіне педагогикалық басшылық жасаудың теориялық әдіснамалық негіздері...................................................................................................................8
Отбасы тәрбиесінің қоғамдық ролі.................................................................................5-13
Қазіргі замандағы отбасы тәрбиесі...............................................................................13-17
Бала тұлғасын қалыптастырудағы ата-ананың рөлі....................................................17-20
2. Мектеп пен отбасы байланысының педагогикалық негізі..............................................................................................................................................21
2.1 Ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлі.............................................................................21-26
2.2 Оқушы отбасымен байланыс орнатудың психологиялық-педагогикалық негіздері...................................................................................................................................26-34
Қорытынды..................................................................................................................................35
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................................................................................36-37
Қосымшалар...........................................................................................................................38-40
Ата-ана өз отбасын нығайта отырып, сонымен бірге оның балағатқа толған мүшелерін үй болуға, өз шаңырағын көтеруге әзірлеуі басты әрі өте жауапты міндет болып саналады. Жас отаудың түтіні түзу шығып, махаббат пен тату-тәттілік, береке-бірлік орын тепкен жылы ұяға айналуы, босағасы берік, болашағы нұрлы болуы көбіне-көп жас жұбайлардың үлкен үйде алған тәрбиесі, көрген өнегесіне байланысты.
«Ұяда не көрсең, ұшқанда, соны ілерсің», «Анасына қарап, қызын ал», - деп, халық бәрін бастан кешіп, сынақтан өткізгендіктен айтқан.
Хан ордасы, салтанатты сарайларда талай күн аунап-қунап жатып, өзінің шұрқ тесік құрым киіз лашығына қайтып оралғанда Жиренше шешен: «Айхай, менің өз үйім, кең сарайдай боз үйім», - деп, жаны жай тапқан екен. Бұл аңызда үлкен шындық, терең мән бар. Әркімге, оның ішінде балаға өз үйінен ыстық, өз үйінен кең де керемет мекен жер жүзінде жоқ. Кавказ халықтарында «Нағыз жайлы орын: қылышқа – қынабы, отқа – ошағы, ер жігітке - өз үйі» – деген тамаша нақыл бар.
Адалдық пен мейірімділік, жауапкершілік пен кешірімділік те отбасында шын ықылас-пейілменен баланың көкірегінде орын тебеді.
Қазақ отбасында әуелі әке, содан кейін шеше, бұлар – жанұя мектебінің ұстаздары болады. Әке мен шешенің баласына қоятын ең бірінші басты талап-тілектері – баланың «әдепті бала» болып өсуі.
Сондықтан қазақ жанұясы әрдайым: «Әдепті бол, тәрбиесіздік етпе, көргенсіз болма» деген сияқты сөздерді балаларының құлағына құйып өсірген.
Қазақ отбасында өз баласын мейірімділікке, имандылыққа баулып өсірген. Үнемі жанұясында осылай тәрбие көрген бала ақырында, өздігінен тіл алғыш, адал, тиянақты, ұқыпты болып шыға келеді.
Тәрбие басы әдептілік деп білген ата-ана әуелі баласына өздерін сыйлап-құрметтеуді, өзгелерге, әсіресе үлкендерге, сыпайылық танытуды, ешкімді мұқатпауды үйреткен. Сонымен қатар, балаларының ер-азамат болып, халқына еңбек етулерін басты міндет етіп қойған.
Отбасының ұйытқысы, берекесі, мейір-шапағат көзі - әйел. Әйелдің бұл рөлі отағасының жамағатына, бала-шағаның анаға деген сүйіспеншілігімен, қамқорлығымен, ана жанын қас-қабағынан, жанарынан танығыштықпен нығая, биіктей береді. Әрине, әйел де өзінің аналық борышын ұмытпағанда, әсіресе, ерімен қабағы жарасып, тату – сүйіспеншілікте тұрғанда мәртебесі арта түспек.
Әйелдің еріне қарым-қатынасы балалардың әкеге көзқарасының сипатын анықтайтыны берік есте болуға тиіс. Мұның өзі, бір жағынан, үй ішіндегі әдептің бастау көзі екені анық. Демек, балалар үшін әке беделі аналарының сөзі, іс-қимылы, қас-қабағы арқылы қалыптасады. Мысалы, ерлі-зайыптылар балалар көзінше бір-біріне қатты, балағат сөздер айтыспақ түгіл, дауыс көтеріп, керісуге тиіс емес. Олай еткенде, өз беделдерін жоғалтудың, бала – шағаның жүрегін шошытып, зәресін ұшырудың үстіне, олардың жанына кейін өздері үй болғанда, алдарынан шығатын жаман әдеттің ұрығын егеді.
Бұл жағынан аналардың балаларға: «әкеңмен ақылдас», «әкең біледі», «әкеңнің айтқанын істе» т.б. сияқты дәстүрімізде бар сөздерді айтып отыруы қандай ғанибет! Атақты «Абай» эпопеясында халқымыздың осыған орайлас қадірлі дәстүрін танытатын мынадай бір тағылымды эпизод бар. «...Семей қаласында үш жыл оқып, жайлаудағы әке үйіне күн кешкіре жеткен, 13 жасар шәкірт бала – Абай аттан түскен бетте, амандасу үшін, шешеге қарай жүреді. Сонда ақылды да байсалды ана Ұлжан: «Әй балам, анда әкеңдер тұр, әкеңе барып, сәлем бер!» – дейді. Бір сәтке балалық сезім жеңіп, қателік жіберіп алғанын түсінген жас Абай кілт бұрылып, ортасында әкесі Құнанбай бар шеткерірек тұрған оқшау топқа қарай адымдай жөнеледі». Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов мұны халықтың жүрекке жылы осындай тамаша дәстүрінен хабардар ету үшін ғана емес, оның тәрбиелік зор маңызын жоғары бағалағандықтан да келтіріп отырғаны анық.
Ата-ананың бір-бірінің қадір-қасиетін осылайша ардақтап, беделін өсіруі, араларында өкпе-наз, кикілжің туа қалғанда, оны балалардан оңашада, екеу ара шешіп отыруы – шынайы инабаттылық, әдептілік.
Сайып келгенде, қоғамда әдеп-инабат өлшемдерінің терең тамырланып, кең жайылуында отбасының маңызы орасан зор. Әрбір ұяның қос тіреуі – ерлі-зайыптылар өздеріне қатысты әдеп-адамгершілік талаптарын, құқықтары мен міндеттерін мүлтіксіз орындаса, бүкіл қоғамда, елде бейбіт те берекелі тұрмысқа негіз қаланбақ, демек, ұрпақтарына құтты қоныс, жайлы болашақ қамтамасыз етілмек!
1.2. Қазіргі замандағы отбасы тәрбиесі.
Балаларды тәрбиелеуде мемлектет алдында отбасы да жауапты. Отбасы тәрбиесінде ықпал жасайтын жағдайларды сипаттайтын белгілерді атауға болады: Оларға:
Отбасында балаға білім беру жұмысы. Отбасы адамның туған ошағы, кім-кімге болса да қымбат ұғым. Ең алдымен отбасында мектеп оқушысының сабаққа әзірленуіне жағдай туғызып, оған бөлменің оңашалау, жарық жерінен жеке жұмыс бұрышын болу керек. Балаларға арналған бұрышын жабдығы мынадай болады: орындық, стол, кішкентай шкафта немесе кітаптары мен дәптерлерін қою үшін полка, демалуына кровать қойылады. Стол мен орындық –баланың бойына лайық болғаны, орындықтың биіктігі баланың табаны еденге тегіс тиіп тұратындай болуы керек, ал балтыры тік бұрыштанып, тізесінін бүгіліңкі болуы тиіс, столдың биіктігі бала иықтарын жоғары созбай не төмен ұстамай, оған қолдарын қойып отыруа ыңғайлы болуы керек.
Оқушы баланың мебелі, баланың өзі орнынан еркін қозғай алатындай, жеңіл болуы керек. Баланың заттарын қоятын полка, немесе шкаф баланың бойы жететіндей жерде, оның өзі заттары мен қағаз-өаламдарын алып қоюға ыңғайлы жерде тұруы керек.
Оқу өмірінің бірінші күнінен ақ баланы өзінің жұмыс орнында тазалық пен тәртіп сақтауға үйрету керек. Оқулықтары мен дәптерлерін арнайы қаппен қаптап алуға үйрету, көмектесіп, және бұларды күтіп ұстауын бақылап отыру керек.
Балалардың ата-аналары үйге берілген тапсыралардың күнделікті режимнің белгілі мерзімінде орындалып отыруына қамқорлық жасауы керек. Балалар мектептен келген соң, сабақты ойына түскен уақытта әзірлеуіне рұқсат етуге болмайды. Үйге берілген тапсырманы орындау үшін әдейі сағат белгіленуі тиіс. Сабақтан кейін балалар жақсылап тамақтанады, дем алады және қыдырады,ал одан кейін барып сабақ әзірлеуге кіріседі. Балалардың бос уақытында-түрлі саяхат, туристік жорықтарға, киноға, театрға, көрмелерге, музейлерге барудың маңызы зор.
Ата-аналар
жиналысындажәне олардың үйіне
барып ата-аналармен
Бала үйге берілген тапсырманы орындап отырған кезінде мүмкіндігі болғанша, тыныштық сақтау керек. Бұл уақытта балаға сұрақ қойып, алаңдатуға болмайды. Жұмыс істеп отырған бөлмесі таза болыуын қадағалау керек. Ата-аналар мұғаліммен кездесенде баланың қандай үй тапсырмасын орындағанда қиналатынын баяндап отыру керек. Ата-ана сабақ кестесін білуі тиіс және үйге берілген тапсырма күнделікке ұқыпты түрде жазылуын бақылап жүруі тиіс.
Бұлардың
тәрбиелік ықпалы күшті, оларды тәрбиелеу
барысында үнемі ескеріп
Қазақстан Республикасының отбасына тән өзіндік ерекшеліктері бар. Олар халықтың үздіксіз өсуі, халықтың басынан өткен сан түрлі ауыртпалығын ескере отырып, халқымыздың ойсырап қалған олқылығын жойып халықтын өсуіне мүмкіндік беру, оның сан жағынан да, сапалық жағынан да жетілуіне ерік беру, қолау.
Отбасы тәрбиесі – көздеген нәтижеге жету мақсатында ата-аналар мен жанұя мүшелерінін тарапынан жасалатын ықпал процестерінің жалпы атамасы. Әлеуметтік, отбасы және мектеп тәрбиесі ажырамас бірлікте орындалатын істері ауқымын құрайды. Отбасылық тәрбиенің мектеп тәрбиесімен тоғысқан тұсындағы проблемалар жалпы педагогикада қарастырылады да, ал сол мәселенің әлеуметтік жағдайлары әлеуметтік педагогиканың үлесінде.
Отбасының жетекшілік маңызы онда тәрбиеленіп жатқан адамның тән-дене және рухани дамуына әсер етуші ықпалдар мәні мен мағынасының тереңдігіне тәуелді келеді. Бала үшін отбасы бір жағынан тіршілік қоршауы болса, екінші тараптан –тәрбиелік орта. Баланың алғашқы өмірі жағдайындағы отбасы ықпалы басқа жағдайлар мен кейінгі жас кезеңдерінде болатын ықпалдардан басымдау келеді. Зерттеу деректеріне сүйенсек, отбасы-бұл мектеп те, ақпарат көзі де, қоғамдық ұйымдар да, еңбек ұжымы да, дос-жарандары да, отбасы – бұл әдеп пен өнер кілті де. Осыдан педагогтар нақты да ділтұжырымға келіп отыр: тұлғаның қалыптасу нәтижелілігі ең алдымен отбасыға тәуенді. Неғұрлым отбасы жақсы болып, оның тәрбиелік ықпалы ұнамды келсе, тұлғаның тін-дене, рухани адамгершілік, еңбектік тәрбиесінің өнімі де жоғары. Аса бір кездейсоқтықболмаса, әр уақыт тұлғаның кемелденуі келесі заңдылыққа тәуелді: жанұя қандай болса, онда өсіп, ер жеткен адам да сондай.
Жеке
адамның қалыптасу процесі мен
оның нәтижесінде болар отбасы
тәрбиесінің күші мен қуатын
мойындайтын болсақ, ендеше мемлекет
пен қоғам да тәрбиелік
шараларын дұрыс жолмен
Неке мен отбасыға деген үстірт көзқарас, халықтық және қлттық үрдістерді естен шығару, инабаттылық принциптерінен тайқу, шектен тыс арсыздық пен маскүнемдік, іштей тәртіпін болмауы мен жыныстық салғырттық, ерлі-зайыптылар арасында жоғары белең алған ажырасулар-бәрі де отбасындағы бала тәрбиесіне болатын теріс ықпалдар көзі.
Отбасы-тұлға қалыптастырушы бесік. Осыдан, «Азамат қалыптастырамын десең, бесігіңді түзе» - деп ұлы ғұлама М. Әуезов бекер айтпаған. Отбасы да адамаралық қатынастар негізі қаланады, бүкіл өмірге жетер еңбектік және әлеуметтік бағыт – бағдар түзеледі. Отбасыда өз ретімен қарапайым да жеңіл шешіліп жатқан көптеген проблемалар, есейген, ересек шақта бітіскен шырғалаң күйге түсіп жататыны баршаға аян.
Жоғарыда
әңгіме арқауы болған
- отбасы
ықпалы басқа тәрбиелік
- қандай да бір басқа жағдайларда қалыптасуы мүмкін болмаған сапа – қасиеттер тек отбасында ғана өрісін алады;
- отбасы
тұлғаның әлеументтенуін
- салт
– дәстүр жалғастығын
- отбасының
аса маңызды әлеуметтік
- отбасының кәсіп таңдауға да тигізер ықпалы орасан.
Нарықтық экономикалық жүйеге
байланысты отбасындағы тәрбие
жетімсіздігінің кейбір
1. Көптеген
еңбеккер отбасылардың
2. Қоғамдық өмір мәдениетінің төмендігі.
3. Отбасы анасы - әйел мойнына артылған екіталай - жұмыс орнында, жанұяда – ауыртпалық.
4. Көптеген
әлеуметтік – тұрмыстық және
моральдық себептердің
5. Бала
тәрбиесінде ер адам әйел
6. Күннен күнге шиеленісіп бара жатқан әулеттер арасындағы бәсеке, дау – дамай.
Информация о работе Мектеп пен отбасы байланысының педагогикалық негізі