Мектеп пен отбасы байланысының педагогикалық негізі

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 16:22, курсовая работа

Описание работы

Осы тұста Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің “Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы” деген Қазақстан халқына жасаған Жолдауында “Егер біз адамгершілігі жоғары қоғам болғымыз келсе, жұбайлардың бір-бірінің алдындағы, ең бастысы балаларының алдындағы жауапкершілігін күшейтуге тиіспіз” деген болатын.
Отбасы және отбасы тәрбиесінің теориялық мәселелерін педагогикалық және психологиялық, әлеуметтік, экономикалық, демографиялық және физиологиялық аспектіде зерттеген ғалымдар (И. Бестужев-Лада, И.В. Гребенников, В.Н. Колбановский, И.С. Кон, Э.И.Новиков, А.Г.Хрипкова т.б.) өздерінің зерттеулерінде халықтың этникалық, этикалық, ерекшеліктерін есептеудің қажеттілігін дәлелдейді.

Содержание

Кіріспе.........................................................................................................................................3-4
1. Отбасындағы бала тәрбиесіне педагогикалық басшылық жасаудың теориялық әдіснамалық негіздері...................................................................................................................8
Отбасы тәрбиесінің қоғамдық ролі.................................................................................5-13
Қазіргі замандағы отбасы тәрбиесі...............................................................................13-17
Бала тұлғасын қалыптастырудағы ата-ананың рөлі....................................................17-20


2. Мектеп пен отбасы байланысының педагогикалық негізі..............................................................................................................................................21
2.1 Ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлі.............................................................................21-26
2.2 Оқушы отбасымен байланыс орнатудың психологиялық-педагогикалық негіздері...................................................................................................................................26-34

Қорытынды..................................................................................................................................35
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................................................................................36-37
Қосымшалар...........................................................................................................................38-40

Работа содержит 1 файл

Курсовая.doc

— 258.50 Кб (Скачать)

Мазмұны 
 

Кіріспе.........................................................................................................................................3-4 

1. Отбасындағы бала тәрбиесіне педагогикалық басшылық жасаудың теориялық әдіснамалық негіздері...................................................................................................................8

    1. Отбасы тәрбиесінің қоғамдық ролі.................................................................................5-13
    2. Қазіргі замандағы отбасы тәрбиесі...............................................................................13-17
    3. Бала тұлғасын қалыптастырудағы ата-ананың рөлі....................................................17-20
 
 

2. Мектеп пен  отбасы байланысының педагогикалық негізі..............................................................................................................................................21

2.1   Ата-ананың  бала тәрбиесіндегі рөлі.............................................................................21-26

2.2 Оқушы отбасымен байланыс орнатудың психологиялық-педагогикалық негіздері...................................................................................................................................26-34 
 

Қорытынды..................................................................................................................................35

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................................................................................36-37

Қосымшалар...........................................................................................................................38-40 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе 

          Осы тұста Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің “Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы” деген Қазақстан халқына жасаған Жолдауында “Егер біз адамгершілігі жоғары қоғам болғымыз келсе, жұбайлардың бір-бірінің алдындағы, ең бастысы балаларының алдындағы жауапкершілігін күшейтуге тиіспіз” деген болатын.

      Отбасы  және отбасы тәрбиесінің теориялық  мәселелерін педагогикалық және психологиялық, әлеуметтік, экономикалық, демографиялық және физиологиялық  аспектіде зерттеген ғалымдар (И. Бестужев-Лада, И.В. Гребенников, В.Н. Колбановский, И.С. Кон, Э.И.Новиков, А.Г.Хрипкова т.б.) өздерінің зерттеулерінде халықтың этникалық, этикалық, ерекшеліктерін есептеудің қажеттілігін дәлелдейді.    

           Бала тәрбиесінде отбасының орны ерекше. Оны қоғамдық тәрбиенің қандай саласы болсада алмастыра алмайды. Отбасының негізі баланы өмірге әкелу ғана емес, оған мәдени - әлеуметтік ортаның құндылығын қабылдату, ұрпақтың, ата-бабалардың, ұлылардың, ақыл кеңес тәжірибелерін бойына сіңіру, қоршаған орта, азаматқа, өз қоғамына пайдалы етіп тәрбиелеу. Үлкен ұрпақтың тәжірибесі, өмірдегі беделі, ақыл-кеңестері, ата-ананың өз борышын мүлтіксіз орындауы, бір-бірін құрметтеуі – үлкен тәрбие мектебі.

      Сондықтан ата-бабаларымыздан халқымызға мұра болып  қалған меймандостық, тазалық, адалдық, Отанды сүю сияқты қасиеттерді жастардың санасына тәлім-тәрбие барысында сіңіру, олардың болмысын халқымыздың керемет маржандарымен байыту және ұлттық құндылықтарды терең пайдалануға көңілді баса бөлу аса қажет.

      «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» - деген ғұлама ғалым Әбу Насыр Әл-Фарабидің көрегендік сөзі егемен қазақ елі үшін де тәрбие саласындағы бағдараламаларды мемлекеттік тұрғыдан қайта көз сүзіп қараудың қажеттігін алға тартып отыр.

           Зерттеу мақсаты:

      Отбасы  тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі мәселелерінің негізгі психологиялық мәнін ашып көрсету.

       Зерттеудің  объектісі: Отбасындағы балалармен ата-аналардың қарым- қатынасы.

       Зерттеу пәні: Отбасындағы ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлін қалыптастыру.

          Зерттеудің болжамы: Бала тәрбиесіндегі отбасының рөлі дұрыс қалыптасады, егер:

Ата-аналардың  бала тәрбиесі туралы дұрыс көзқарасымен білімі болса.

Бала  тәрбиесінде ата-аналар балалардың жас ерекшеліктерімен жеке ерекшеліктері туралы ескеріп, өздері үлгі-өнеге көрсете білсе.

      Зерттеудің  міндеттері:

    1. Зерттеудің теориялық негізі ретінде отбасындағы бала тәрбиесі мәселелерін шешу жолдарын көрсету.
    2. Отбасындағы тәрбие мәселелерінің мәні мен ерекшеліктеріне мазмұндық сипаттама беру.

       3.Отбасындағы қарым-қатынас мәселелеріне ықпал ету шарттарын айқындау.                 

       Зерттеу әдістері:

    Оқушыларға, ұстаздарға және ата-аналарға арналған сауалнама ұйымдастыру, оның нәтижесін талдау.

    Диагностикалық зерттеу ұйымдастыру, оның нәтижесін саралау,қорытындылау.

    Зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы. Бала тәрбиесіндегі отбасының рөлі мәселелерін педагогикалық-психологиялық басшылық жасаудың  ерекшеліктері, даму бағыттары зерттелінді. Осы орайда жасалған тұжырымдарды, зерттеу барысында қолданылған материалдарды, әдістемелер жүйесін психологтар, мектеп мұғалімдері, студенттер өз іс-тәжірибелерінде пайдалануға болады.

      Әдіснамалық негізіне философиялық, психологиялық теория мен практикалық еңбектер, психологиялық заңдар мен заңдылықтар, таным теориясы қызмет етеді.

    Зерттеу кезеңдері:

    1 кезең – зерттеудің концептуальды  негізі айқындалып, мәселенің теориялық  жағдайы анықталды. Зерттеу көрсеткіштері,  аппараты жасалды. Осы кезеңде  педагогикалық, психологиялық , әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау, бақылау әдістері жетекші рөл атқарды.

    2-кезеңде – теориялық, эксперименттік мәліметтер өңделді, негізгі түсініктер жасалды 
 
 
 
 
 
 
 
 

1. Отбасындағы бала  тәрбиесіне педагогикалық  басшылық жасаудың  теориялық әдіснамалық негіздері.

     1.1  Отбасының шығу тарихының зерттелу жағдайлары.

          Отбасы тәрбиесі – көзделген нәтижеге жету мақсатында ата-аналар мен жанұя мүшелернің тарапына жасалатын ықпал процестерінің жалпы атамасы. Әлеуметтік, отбасы және мектеп тәрбиесі ажырамас бірлікте орындалатын істері ауқымын құрайды. Отбасылық тәрбиенің мектеп тәрбиесімен тоғысқан тұсындағы проблемалар жалпы педагогикада қарастырылады да, ал сол мәселенің әлеуметтік жағдайлары әлеуметтік педагогиканың үлесінде.

      Отбасының жетекшілік маңызы онда тәрбиеленіп жатқан адамның тән-дене және рухани дамуына әсер етуші ықпалдар мәні мен мағынасының тереңдігіне тәуелді келеді. Бала үшін отбасы бір жағынан – тіршілік қоршауы болса, екінші тараптан – тәрбиелік орта. Баланың алғашқы өмірі жағдайындағы отбасы ықпалы басқа жағдайлар мен кейінгі жас кезеңдерінде болатын ықпалдардан басымдау келеді.

          Зерттеу деректеріне сүйенсек, отбасы – бұл мектеп те, ақпарат көзі де, қоғамдық ұйымдар да, еңбек ұжымы да, дос-жарандары да, отбасы – бұл әдеп пен өнер кілті. Осыдан, педагогтар нақты да дәл тұжырымға келіп отыр: тұлғаның қалыптасу нәтижелілігі ең алдымен отбасыға тәуелді. Неғұрлым отбасы жақсы болып, оның тәрбиелік ықпалы ұнамды келсе, тұлғаның тән-дене, рухани-адамгершілік, еңбектік тәрбиесінің өнімі де жоғары. Аса бір кездейсоқтық болмаса, әр уақыт тұлғаның кемелденуі келесі заңдылыққа тәуелді: жанұя қандай болса, онда өсіп, ер жеткен адам да сондай.

      Жеке  адамның қалыптасу процесі мен оның нәтижесіне бола отбасы тәрбиесінің күші мен қуатын мойындайтын болсақ, ендеше мемлекет пен қоғам да тәрбиелік шараларын дұрыс жолдармен ұйымдастыруда ең алдымен отбасыға үлкен назар аударғаны жөн. Бұл өркениетті елдер ұстанған бұлжымас ереже.

      «Отбасы»  ұғымының өзі көптеген әдебиеттерде әр түрлі ұғымдармен, яғни үй-ел-мен ұғымдарының жиынтығынан тұратын «үйелмен» және жанұя ұғымдарының жиынынан тұратын «жанұя» ұғымдарымен баламаланып қолданылып жүр.

Адамзат тарихында некелік  қатынастың дамуының мынадай кезеңдері  бар:

    -Промискуйтет (аралас және жалпы) Жыныстар арасындағы ретсіз қалыпқа келмеген байланыстар. Бұл адамзат қоғамының ерте кезінде тән.

    -Эндогалия – бұл жыныстардың некеге дейін бірге тұруы.

    -Эндогамия – бұл қанды туыстар арасында жыныстық байланыстардың қатынастарды әлеуметтік реттеу.

          -Экзога негізінде алғашқы неке топтық, туыстық неке пайда болды. Топтық некенің орнына жұптық неке келді. Бұл некенің алғашқы негізі жыныстық қатынасқа негізделді. Осыдан кейін моногамдық (бір некелік отбасы пайда болды).

Ата-аналар өз бетімен балаларын тәрбиелеп, өсірді. Ерлердің рөлі күшейіп, отбасы асыраушысына, ал әйел дамдар бала тәрбиесіне жауапты болды.

      Патриархальды қатынастар шеңберінде отбасының екі  типі бар:

  • моногамды (бір некелік), полигамды (бір күйеу, бірнеше әйел)

Тарихта полиандриялық отбасының типі бар.

Полиандрия (көп ерлі) бұндай отбасының негізі - әйел. Көп жағдайда еріне қарағанда  жоғары саналады.

      Отбасының 3 тарихи типін атауға болады: патриархальды (дәстүрлі)

детоцентристік (қазіргі және некелік).

      Отбасының патриархальдық негізі 2 қағидаға негізделген. Бұған мынадай белгілер : ерінің авторитарлық билігі, әйелінің еріне, ал баланың ата-анасынан тәуелділігі.

      Отбасының детоцентристік типі – жұбайлар теңдігі  ата-аналар мен балалардың ата-аналар мен балалардың жоғарғы дәрежедегі жақын қатынасқа негізделген.

      Детоцентристік  отбасы – аз балалар отбасы. Ал балалардың саны жұбайлармен бірге жоспарланады. Отбасының негізгі ұраны, барлық жақсылық-балаларға.                            

      Отбасы функциялары:

    1.экономикалық (материалдық өндірістік, шаруашылық тұрмыстық)

    Қазіргі уақытта отбасының экономикалық функциясының бірлескен кіріспен және оны әрбір отбасы мүшелерінің  қажетіне бөліміне анықталады. Шаруашылық тұрмыстық функциясы әрбір отбасында  жүзеге асады.

    2.репродуктивті  (балалардың өмірге келуі). Бұл маңызды әлеуметтік функция. Жалпы баланы жоспарлау мемлекеттің саясатқа жатады. Баланың өмірге келуі халық санының өмірге келуі, өсуі.

    3.Бала  тәрбиелеу функциясы (ол қоғам  дамуының, ұрпақ жалғасын қамтамасыз  етеді)

    Баланың жасы өскенмен тәрбиелік тактикасы, құралы өзгереді.

    4.Рухани  қатынас функциясы (отбасы мүшелерінің  рухани байлығы, ақпарат алмасу, өнер, музыка т.б. жатады)

    5.Реклеативті  функция (қалыпқа келтіру функциясы)  жүйкені, денсаулықты, отбасы  мүшелерінің психикалық қалпына  келтіреді.

    6.Әлеуметтік  реттеу (бақылау, қамқорлыққа алу). Кәмелетке толмағандар және жарамсыз  отбасының жүйесі

            Отбасының некелік типі – бұл соңғы 10 жылда қалыптасты. Бұл отбасының прогрессивті типі- бұндай отбасында алғашқы қамқорлық балаларға жасалады. Сонымен, қазіргі отбасылардың негізгі ерекшеліктері мынадай 4 белгімен сипатталады. 1). ата-аналардың ерекше рөлі   

2). жұбайлардың одағы, өзара түсіністік   3). отбасы жүйесі ашық, себебі тез ажырасып кетеді 4). құрамына байланысты кеңейтілген, яғни нуклеарлық отбасы болып саналады.

      Отбасының әрбір кезеңінің арнайы даму мақсаттары бар. Отбасы дамуының өмірлік циклы  – объективтік жағдаймен (өмірге келу, өлім және отбасы мүшелерінің  жас ерекшелігіндегі өзгерістермен) жүзеге асады.

Информация о работе Мектеп пен отбасы байланысының педагогикалық негізі