Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 14:00, лекция
Ќазаќстанның егемендi ел болуымен байланысты оќу-ағарту iсiнде оның басшылыќќа алатын негiзгi идеялыќ бағыты елбасы Н.Ә.Назарбаевтың “Ќазаќстан – 2030” бағдарламасында көрсетiлгендей… ќазаќстандыќ патриотизмге негiзделуi керек”. Ал Ќазаќстандыќ патриотизм мемлекеттiң территориялыќ тұтастығын, салт-дәстүрдiң, ұлттыќ мәдениеттiң саќталуын, Ќазаќстанда тiршiлiк етушi ұлттардың бiрлiгiн ќамтамасыз етудi, олардың өзара саяси-экономикалыќ және мәдени байланысын күшейтудi, осы байланыстың пәрмендi насихатшысы мемлекеттiк ќазаќ тiлi мен халыќаралыќ ќатынас тiлi – орыс тiлiнiң жетiлiп көркеюiне баса назар аударуды көздеу болмаќ.
1. Этнопедагогикамен байланысты пән атауы. Олардың бiр-бiрiнен айырмашылығы.
2. Халыќтыќ тәрбиенің негіздері.
3. Этностар мәдениетiн зерттейтiн ќоғамдыќ ғылымдар және олардың өзара байланысы
Жақсы мен жаманды адамдық пен күрес өлшемiмен iспеттеген Шалкиiз жырау тағлымы мол өсиеттер қалдырды. Солардың бiрi:
Атаның ұлы ерлерге,
Малыңды бер де басың қос,
Басыңды қос та бек сыйлас,
Күндердiң күнi болғанда,
Басың жауда қалар ма!
Бас қосқан ел болса, оның арғы тегiн ойлайтын би-бегi болса, болаттай бекем батыры болса, ондай ел-жұртта арту-тарту тарылмақ, дұшпан тобы тозбақ. “Ер болсаң бопсаға шыда” деген қағиданы қалыс қалдырмайтын ортада ырыс мен ынтымақ, iс пен iзденiс артпақ.
Сырты құрыш, жүзi болат, ақыл-айласы көпке
танымал, жанкештi ерлiгiмен көзге
түскен жырау Ақтамбердi Сарыұлы (
Әдiл туған жақсыға,
Екi даугер жүгiнсе,
Тiзесiн қисық бұрмаса,
Асылдығы бiлiнер. Ендi бiрде:
Орын тапқан ер жiгiт
Жерсiз болар деймiсiң,
Орда тiгiп орнаса
Төрсiз болар деймiсiң!
Ақтамбердi жырау өмiр ережесiн жақсыларды марапаттау арқылы ғана емес, жамандықтың бастауын iреп, салдарын саралайды. Жамандық адамдардың бiрiн-бiрi қорлаудан, зорлаудан басталады. Қорлау да, зорлау да — жендеттiк, пенденiң бағын аштырмайтын жексұрындық. “Жаман болса жолдасың, астыңнан өткен сызбен тең”, “Жаман туған жiгiтке, рақатты күн бар ма”. Жамандық — жауың. Екеуiнiң де түрi көп. Сонда кiм жаман? Дәулетiн көтере алмай желiккен, өз мiнiн бiлмеген, ата мен ананы сыйламаған, ертең не болатынын бiлгiсi келмеген, күнде жанжалдың делебесiн қоздырған, жетiм мен жесiрге қол ұшiн бермеген, жалаулы найзаны қолға алып, Жаманның көрiнiсi күңгiрт, салмағы сұмдық, әсiресе қашқанда ақыл, сасқанда дегбiр қалдырмайды.
Себебi: ұрысқақ болса ұлың жау,
Керiскек болса келiнiң жау.
Үйiңдегi ұлың жаман болса,
Есiктегi құлмен тең,
Қойныңдағы қатының жаман
Қаңтардағы мұзбен тең. (Үмбетей)
Ел амандығы, жұрт жарасымдылығы
жамандықта емес, тыныстың тұнығында,
бiрлiктiң беделiнде едi. Есейгендер
адамдық қасиеттiң құнын
“Қалың қазақ елiм” деп үн қатқан, ұран тастаған жыраулар: “Ылайым, елiм аман болсын” деген тоқтамды алға тартты. Ол шешендiгiмен, көрегендiгiмен, қайырымдылығымен жамандықтан, жалғандықтан, жұғымсыздықтан, жауласудан сақтандырды.
Асанқайғының жыраулық дәстүрi мен философиясын жалғастырған Бұқар жырау (1693-1787) болды. Бұқар жыраудың бас тақырыбы: дүние көркi — адам, адам көркi — оның жасар игiлiгi, белдi қасиеттерi; дүние - бай мен жарлы-жақыбайға ортақ, алма-кезек, мұнда мәңгi байлық та, жарлық та, көптiк те, жалғыздық та жоқ. Адамның табиғатынан белсендi тұлға екендiгiне жырау айрықша мән бередi. “Адамзаттың баласы, атадан алтау тумас па? Атадан алтау туғанмен, iшiнде оның бiрi арыстан болмас па? Арыстанның барында жорғасы болса мiнiсiп, торқасы болса киiсiп, толғамалы қамшы алып, толағайда толғай дәурен сүрмес пе” - деген толғауы осы ойдың айғағындай.
Абылай ханға арнаған: “Жұлдызың туды-ау оңыңнан, жан бiткен ерiп соңыңнан. Он сан Алаш баласын, аузыңа құдай қаратып..” — деген толғауында ханның мәртебесi, бiрiншiден, халықтың өзара бiрлiгiн сақтай бiлуiнде, екiншiден, халыққа өз саясатын қолдатқыза алатын ептiлiгiнде екенiн алға тартады. Осыдан: адамды адам ететiн — оның ортасы, нақты тәлiм-тәрбиесi деген ұстанымды бекем ұстайды.
Нағыз ержетiп, азамат болу үшiн он бiр тiлектi орындауды ұсынады. Олар “Тiлек” толғауында былайша келтiрiледi:
1. Аллаға адал бол. Алла —
сенiң бүкiл өмiрiң мен тыныс-
2. Пасық, залым адамның тiлiне ерiп азба.
3. Қыз-келiншектер, әйелдер үстi-
4. Төсек тартып жатпағын. “Әуелгi байлық — денсаулық” екенiн жадыңнан шығарма, сол үшiн белсендi әрекеттен тайынба.
5. Мұсылмандықтың белгiсi — бес парызды ұмытпа, парызды өтеуде ұқыптылықты сақта.
6. Ардақтаған аяулың күннiң
7. “Желкiлдеген ту келiп, жер
қайысқан қол келiп, сонан
8. Өз ұрпақтарын кездейсоқ,
9. “Төреңiз тақтан таймасын”.
Елдiң бiрлiгi патшаның өз
10. Бейбiт өмiр “тар құрсағын кеңейткен, тас емшегiн жiбiткен” аналардың беделiн көтередi, оларды аңыратып қалдырмайды. Ананы сүйiп ардақтау жеткiлiксiз, оны барынша құрметтеп, сыйлау — парыз. Ананы аңыратпау, ана алдындағы парыз бен қарызды өтеу де — имандылық.
11. Әйел-ананы қастерлеу —
Тарих сахнасында 3 мыңжылдық салты
бар көшпендiлер өркениетiн
Әрқайсысы ел-жұртының қуанышы мен қайғы-қасiретiн, ерлiгi мен ептiлiгiн еселеп жеткiзген, ел қамын ойлап, қазақ ұлысын құруға, халықтың әдет-ғұрып, салтын, жол-жоралғысын реттеуге, заңдастыруға үлкен ықпал еттi. Әдiл билiгi, тапқыр шешендiгi барлар “қалың елi қазағының” атынан сөйледi, көкейкестi ойларын “бiр кiсi емес, жалпақ жұртқа” арнады.
Билердiң шешендiгi — сол халықтың даналығы мен ой-санасынан туындайтыны айғақ. Халықтың ой-санасы оның мәдениетiне, рухани мұрасына, табиғи болмысы мен ойлау машығына, өмiр сүру тәсiлi мен дiни наным-сенiмiне, күнделiктi тұрмыстағы әдет-ғұрып, рәсiм-салтына сүйенедi. Осы әр түрлi деңгей мен көрiнiстегi факторлар ой-сананы өзiнше ұйытқы етiп келдi. Қазақ билерi дүние мен әлемдi адамилық тұрғыдан түсiндi. Олар үшiн:
– дүние мен адам, ғұмыр мен дүние, табиғат-ана бiртұтас мән;
– адамсыз заман болмайтындығы ақиқат;
– адамның өмiрдегi орны мен қызметiн жандандыру, әрлету қажеттiлiк.
Руханияттың бiр өлшемi, қолдаушысы және қорғаушысы — билiк, басқару, әкiмшiлiк. Қазақтың ұлыс болып ұлғаюына, елдiгiн құрып орнығуына орай би-шешендердiң рухани дәстүрi қалыптасты, ықпалын арттырды. Билер дәстүрiнiң мақсаты — адамды тәрбиелеу, адамдыққа баулу, өнегелi азаматты қалыптастыру, адамға қажеттi iзгi қасиеттердi үлкен құндылық дәрежесiне көтеру. Бұл мәселелер тұлғалық пен елдiктiң тұтқасы. Би-шешендер сол тұтқаның ұстанымын айқындады және соған сүйендi. Онысы:
Кiсiлiкке қайшы iске қарап тұрмау;
Кiсiлiкке қайшы сөзге бас
Кiсiлiкке қайшы былыққа
Кiсiлiк қасиеттi ақтау, құдiреттi баптау, — “кәмiл адам” тәрбиелеудiң тиегi мен пернесiн орнықтырды. Осы ереже мен сұранысқа орай билердiң мәртебесi қалыптасты. Қандай iсте болмасын бидiң сөзiне артықшылық берiлдi. Би шешiм қабылдарда қиналып, билiк айтудан бас тартса, оған айып салынбады. Егер ол терiс билiк шығарса, онда ол қияметте, құдай алдында жауап бередi делiндi. Би кез келген адамға басу сөз айта алды. Куәлiкке құдайдан қорқатын, күнәсi жоқ, көпке қадiрлi адамдар шақырылды. Антын бұзып, iске нұқсан келтiрген немесе елге зиян келтiрген адамды абыройсыз деп, қоғамнан аластатылды.
Бүкiл халықтың ынтымағын қолдаған олар ел арасында мұрты кертiлмес беделге ие болды. Олар ханды да, қараны да баянсыздықтан, қызбалықтан, жалғандықтан сақтады, дұшпандарын шындықтың шоғымен қақтады, кек пен кежiрдi, жайма мақтан мен мансапты төмендетпей, зәбiр-зардаптың отын басты, тұсаулады.
Әр замандары адамдардың сапалық жақтарын саралай бiлдi, адам болмысының төрт түйiндерiн - ақылды, рухты, нәпсiнi, көңiлдi зерделедi.
Даулы мәселелердi ушықтырмай, қауым мен ұрпақтың ниет, пиғылын күзеп түзедi, дүмшелiкке ұйықпады, рухани сырқаттан емдедi, рухани бұзылудан сақтады.
Тiрлiктiң де, шындықтың да көзiн тапты, iстiң қанағаттанарлық шешiмiн табатындардың кезегiн бақты, жемiс-жетiктi рухани үстемдiкке тартты.
Әкенiң iсiн балаға, ханның iсiн қараға түсiрмедi, бiрiн астам зорлыққа барғызбады, бiрiн азған ұрлыққа барғызбады. Ақ тұрып, адал жүргендi үйреттi.
Бiреудiң талабымен емес, жүрегiнiң қалауымен халқын бiрлiкке, ерлiкке, еңбекке, оқуға, өнер-бiлiмге шақырды.
Халқымыз уәж сөзге тоқтаған, бiр сөздiлiгiмен кiсiлiктi жақтаған. Сөз қадiрiн бiлген халқымыз тiптi қиын қыстау кезде: “Бас кеспек бар, тiл кеспек жоқ” деп туралыққа тоқтаған. Осы биiк талаптан ата-баба құндылықтарын меңгермеген зердесiздi “жетесiз” деп тұқырта салған. Рухани мұқтаждық өмiрге деген талаппен қатар мiнезге тамыр жайған.
Нағыз билер - жарық дүниенiң жарасымдылығын аңсағандар. Олардың болмысына екi ерекшелiк ортақ: бiрiншiден, даналыққа толы тағылым, тек түбiне бойлай бiлетiн сабақтастық, екiншiден, ойдағы даналыққа толы толғау, түсiнiгi терең сын көзқарас. Даналық — ой дәлдiгi мен дәйектiлiгiнде, көңiлдегi көкейкестi сыр мен мұңды ашық жеткiзе бiлуiнде. Сыни көзқарас - адамды, оның тұрмысын, қоғамдық өмiрдi түзетудiң, жөнге салудың пәрмендi құралы. Олай болса, даналық дегенiмiз өмiр сүрудiң жетiлген түсiнiгi, өмiрдi жетiлдiрудi мақсат тұтқан сыни көзқарастар жүйесi, ал сыни көзқарас - өз елiң мен жерiңдегi адамдардың жақсылығы мен жамандығын, көңiлi мен пейiлiн, қанағаты мен жiгерiн, ар-намысын саралауға, сомдауға бағытталған.
Иә, билер адамгершiлiгi мен үлгiлi әдiлеттiлiкке деген қатаңдығымен халықтың алдында ерекше беделге ие болды.
Қазақ би-шешендерi алты алаштың тату-тәттi, ақжарқын заманда өмiр сүруiн аңсап өттi. Бұл дегенiмiз халықтың төрт құбыласын түгендеу. Осы мұратқа орай “бiлiп айтқан сөзге құн жетпейдi, тауып айтқан сөзге шын жетпейдi” (Төле би). Сөздiң шыны мен құны — ақылдың құты, билердiң қоғамдағы рөлi мен мерейiн үстем етер құдiрет. Халықтық тәрбиедегi қолайсыздықты сиретiп, үлкен мұратқа ұмтылу үшiн адамға, соның iшiнде билерге алдымен бiлiм, яғни ақыл керек, екiншiден, ғылым немесе оқу керек, үшiншiден, ұғым, оқығанды пайымдау, тоқу керек, төртiншiден, отты жүрек, батылдық керек. Адал ұл болудың осы ұстамдық қағидаларын пайымдаған жан өз дәуiрiнiң талаптарына сай болуға тырысады, жаңалыққа, жақсыны қабылдауға құштар болады. Осындай тәрбиелi жақсы бала — “жан мен тәннiң шырағы”, елдiң сүйiктiсi, ал тәрбиесiз бала — ата-ананың таусылмас күйiгi және қайғысы.
Адам азабы — ел азабы. Ел жақсысы елеусiз қалса, “заманға заман күйлемек, замана оны илемек”. Ондайда “пейiлi жаман пәлеге жолығады, бiтпейтұғын жалаға жолығады”. Адамды пәле мен жаладан құтқаратын жақсылық. Жақсылықтың жөнi де, шарапаты да көп. Дегенмен “жақсыга қылған жақсылық, өмiрiңде тозбайды. Жаманға қылған жақсылық, бiр күнгiдей болмайды”, “жақсы – арына құл, жаман – малына құл”. Осы ойға тоқтам-түйiндер келтiрерлiк:
Мал тап, алысқа кет,
Жалқаулыққа жеңiлмей.
Мал арыстанның аузында, Түрiкменнiң төрiнде,
Табарсың оны қайраттансаң ерiнбей. (Алшағыр би)
Ер жiгiтке еңбек ар емес,
Оны көтермеген ер нар емес. (Шоқай би).
Бiлектiң күшiнде кеткенiңдi,
Бiлiктiң күшiмен қайтардым.
Найзаның ұшында кеткенiңдi,
Тiлдiң ұшымен қайтардым, - дей келiп, Бөлтiрiк шешен: “Жақсы кәсiп — анық ырыс” — деген ұстанымды бетке ұстайды.
“Төккен терiң болмаса, елге өкпелеме”. “Елдегiнi ерге бередi, ерге бергенде, төккен терге бередi”. “Барлық пен жоқ ебiнен” (Нақысбек шешен).
“Нағыз бақ еңбектiге бiтедi,
Қызыр оның талпынысын күтедi.
Ғұмыр үйретiп, данышпан етедi,
Сүтпен кiрсе, сүйекпен кетедi”. (Киiкбай би)
Билер үшiн, өмiр — қамқорлық, қамқоршы — ұлағатты сепкен iзгiлiк, ал шешендiк — сол қамқорлықтың құндылығын көрсететiн, құндылықты иемдетуге үйрететiн өнер. Болмыстағы кiсiлiк мәндiк қасиет адамды адаммен жақындататын сиқырлы күш. Бәйдiбек би осы ойын былай жеткiзедi: “Тiрлiк басқа болса да, тiлек бiр. Бармақ басқа болса да бiлек бiр”.