Айналамен таныстыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 16:11, шпаргалка

Описание работы

1. Тоталитарлық саяси режим.
2. Қазіргі кезеңдегі саяси қозғалыстар.
3. Саяси партиялардың негізгі қызметтері.
4. Авторитарлық саяси режим.
...
82. Қоғамдық қозғалыстардың қызметтері.
83. Қазіргі заманғы ғылымдағы идеологияның негізгі ағымдары.

Работа содержит 1 файл

Саясаттану шпор.doc

— 828.00 Кб (Скачать)

 

20. Қоғамдағы саяси жүйенің жіктелуі. Саяси жүйенің жіктелуі жөнінде ғалымдар арасында ортақ пікір жоқ. Олар бұл мәселеге әр жақтан қарайды, әр түрлі өлшемді пайдаланады. Мысалы, марксизм формациялық көзқарасты басшылыққа алып оны құлдық, феодалдық, капиталистік және коммунистік саяси жүйе деп бөледі. Саяси жүйені оның тәртібіне қарай тоталитарлық, авторитарлық, демократиялық деп бөледі. Мұнда топтастырудың негізіне билік, тұлға және қоғам арасындағы өзара іс-әрекеттің сипаты мен тәсілі негізге алынады. Тоталитарлық саяси жүйеде жеке адам мен қоғам толығымен билікке бағынады. Авторитарлық саяси жүйеде билік басындағы жеке адам немесе адамдар тобы шексіз билікке ие болады. Демократиялық тәртіпке тұлға құқығы биік тұрады, билік жұмысын қоғам бақылауға алады. Француз саясаттанушысы Ж. Блондель саяси жүйені басқарудың мазмұны мен түрлеріне сай оны 5 түрге бөледі; 1) либералдық демократия. Ол саяси, мемлекеттік шешімдерді қабылдағанда меншікке иелік етуі, жекешілдік, еркіндік сияқты құндылықтарды басшылыққа алады. 2) коммунистік жүйе. Ол әлеуметтік игілікті тең бөлуге бағдар ұстайды; 3) дәстүрлі саяси жүйе. Ол ат төбеліндей ақсүйектердің саяси және экономикалық үстемдігіне негізделеді; 4) дамып келе жатқан елдерде қалыптаса бастаған саяси жүйе. Онда авторитарлық басқару белең алады; 5) авторитарлық-консервативтік жүйе. Онда әлеуметтік және экономикалық теңсіздік сақталады, халықтың саяси билікке қатысуына шек қойылады. Батыс саясаттанушыларының арасында саяси мәдениеттің жағдайына қарай, құндылықтар жүйесінің негізінде саяси жүйені жіктеудің төмендегідей 4 түрі кең тараған; ағылшын-америкалық, құрлықтық-еуропалық, индустрияланбаған немесе жарым-жартылай индустрияланған, тоталитарлық. Саяси жүйені жіктеудің тағы басқа да түрлері бар. Ол мәселенің көпқырлығын көрсетеді. Сондықтан саяси жүйені топтастырғанда әр түрлі өлшемді, белгілерді, тәсілдерді басшылыққа ала отырып қарастырған жөн. Саяси жүйелердің жіктелуі - саяси жүйенің жіктелуі жөнінде ғалымдар арасында ортақ пікір жоқ. Саяси жүйені жіктеу зерттеушілер таңдаған өлшемге байланысты. Саяси жүйені жіктеудің ең кең тараған түрі, оның саяси тәртібіне қарай тоталитарлық, авторитарлық және демократиялық деп бөлінуі.

Француз саясаттанушысы Ж.Блондель саяси жүйені басқарудың мазмұны мен түрлеріне сай оны 5 түрге бөледі:

1) либералдық демократия. Ол саяси, мемлекеттік шешімдерді қабылдағанда меншікке иелік етуі, жекешілдік, еркіндік сияқты құндылықтарды басшылыққа алады;

2) коммунистік жүйе. Ол әлеуметтік игілікті тең белуге бағдар ұстайды;

3) дәстүрлі саяси жүйе. Ол ат төбеліндей ақсүйектердің саяси және экономикалық үстемдігіне негізделеді;

4) Дамып келе жатқан елдерде  қалыптаса бастаған саяси жүйе. Онда авторитарлық басқару белең алады;

5) авторитарлы-консервативтік жүйе. Онда әлеуметтік және экономикалық теңсіздік сақталады, халықтың саяси билікке қатысуына шек қойылады.

Г.Алмонд саяси мәдениет деңгейі мен құндылықтар жүйесінің негізінде саяси жүйені: ағылшын-американдық, құрылықтық-еуропалық, жарым-жартылай индустрияланған, тоталитарлық деп жіктейді. Саяси жүйенің ағылшын-американдық түрі ондағы саяси мәдениеттің бірыңғайлылығымен, біртектілігімен сипатталады. Құрлықтық-еуропалық саяси жүйенің саяси мәдениеті, ұстанатын құндылықтары әр түрлі келеді. Жарым-жартылай индустрияланган саяси жүйеге аралас мәдениет тән. Тоталитарлық саяси жүйеде саяси мәдениеттің таптық сипаты бар.

 

21. Саяси көшбасшылар типтері. Саяси көшбасшылық - саяси іс-әрекетті жүзеге асыруда халықтың немесе белгілі бір әлеуметтік топтың мүддесін толық сезініп, қорғай білетін, бойына саяси қайраткерге лайықты қасиеттерді жия білген адам жатады. Ол алға қойған мақсатқа жету үшін қаланың, аймақтың, мемлекеттің көлемінде адамдардың күш-жігерін біріктіріп, белсенді ықпал ете алады. Соңғы кезде бұл ұғым мағынасы кеңейе түсті. Өйткені саяси көшбасшыға басқарушы қызметті ресми түрде атқармайтын, бірақ саяси өмірде беделді, аты шыққан адамдарды жатқызып жүр. Қазір саяси көшбастаушылар деп қоғамдық-саяси ұйымға, қозғалысқа, мемлекетке әрдайым және шешуші ықпал ететін тұлғаны айтады.

Саяси көшбастаушы болудың 2 жолы бар: 1) көпшілік халықтың мақсат-мүддесін кездейсоқ  дөп басып, ойынан шығу; 2) ол мүдделерді мақсатты түрде тал май зерттеу нәтижесінде. Саяси көшбасшының атқаратын қызметтері - қоғамның түбегейлі құндылықтары мен арман-аңсарлары негізінде әр түрлі топтардың басын біріктіріп, мүдделерін үйлестіру, топтастыру;халықтың, топтардың қажеттіктерін өтейтін және қарыштап алға басуға мүмкіндік тудыратын саяси бағыт-бағдарлама жасау; қоғам алдындағы мақсаттарды жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдерін айқындау; халықты ынталандыру арқылы қажетті өзгерістерді іске асыру; жұртшылықпен, әр түрлі ұйым, топтармен тығыз байланыс жасау негізінде өзін-өзі саяси ұйымдастырудың тұрақты түрлерін қамтамасыз ету; әділдіктің, заңдылықтың, тәртіптің кепілі болу. Саяси көшбасшылықтың жіктелуі - Неміс ойшылы М.Вебер саяси көш бастаушыларды топтастыруға алғаш қадам жасады. Ол саяси серкелерді "бедел" ұғымына негіздеп былай жіктеуді ұсынды: 1) билік әкеден балаға мирас ретінде қалатын әдет-ғұрып жетекшілігі; 2) ерекше қадір-қасиеті, қабілетіне (ақылдылығына, батырлығына, т.б.) байланысты билік басына келген харизматикалық топ бастар; 3) Конституция негізінде сайлау арқылы басшылық орынға келген саяси серкелер.

 

22. Идеолгияның қызметтері. Саяси идеология - саяси сананың құрамдас бөлігі және өзегі. "Идеология" деген ұғым гректің идея - бейне және логос - білім деген сөздерінен шыққан. Ғылыми айналымға француз ғалымы А.Дестют де Траси (1754-1836) енгізген. Ол идеологияны идеялар, олардың қалай пайда болатындығы және әрекет ететіндігі жөнінде ғылым деп түсіндірді. Қазір идеология деп адамдардың үлкен әлеуметтік топтарының іс-әрекетіне бағдар беріп, олардың мақсат-мүдделерін білдіретін және қорғайтын идеялар мен көзқарастар жүйесін айтады. Саяси идеология деңгейлері - қызмет істеу деңгейлері: теориялық-түжырымдық, бағдарламалық-саяси және өзектілік.

Теориялық-түжырымдық деңгейде нақты тап (ұлт, мемлекет) идеалы мен құндылықтарын немесе саяси даму мақсаттарын ашатын негізгі қағидалар қалыптасады. Бағдарламалық-саяси деңгейде әлеуметтік-философиялық принциптер мен идеалдар бағдарламаларға, саяси элитаның нақты ұрандары мен талаптарына айналады. Яғни, басқару шешімдерін қабылдаудың нормативтік негіздерін қалыптастырады.

Өзектілік деңгей идеология  мақсаттары мен принциптерінің азаматтармен игерілуін, оларды өз істерін- де қолдану  деңгейін сипаттайды.

Саяси идеология қызметі - қоғам өмірінде идеология маңызды рөл атқарады. Ол ең алдымен оның төмендегідей қызметтерінен білінеді:

1) идеологияның танымдық рөлі. Ол саяси жүйені, саяси өмірді суреттеп, түсіндіреді;

2) бағдарламалық қызметі. Ол  қоғам, әлеуметтік прогресс, түлға  және билік және т.с.с негізгі  түсініктер туралы мағлүматтар  беріп, адамның іс- әрекетіне бағыт-бағдар  көрсетеді;

3) жүмылдыру, іске тарту. Қоғамның жоғары, құнды идеяларын алға тартып, мақсат-мүдделерді айқындап, саяси идеология саяси іс-әрекетке тікелей түрткі болып, қоғамды, әлеуметтік топтарды оларды іске асыруға жүмылдырады, рухтандырады, шабыттандырады;

4) амортизациялық қызметі. Саяси іс-әрекетті түсіндіру тәсілі болып, идеология әлеуметтік шиеленістерді бәсеңдетеді. Ұсынылған мүраттар сәтсіздіктен кейін күш жинап қайта серпілуге шақырады;

5) бағалау қызметі. Идео¬логия  халық санасына қоғамның қазіргі  және болашақтағы дамуына өлшемдік  баға берерлік жағдай жасайды,  үстемдік етіп отырған қоғамдық  тәртіпке белгілі бір көзқарас  тудырады.

 

23. ҚР саяси жүйе. Саяси жүйе - билікті жүргізуші әлеуметтік топтар, таптар, ұйымдар мен мемлекеттер арасындағы өзара қатынастарды реттейтін, қоғамда түрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін ұйымдар, мекемелер мен институттар жиынтығы. Оның негізгі элементтеріне мемлекет, саяси партиялар, дін орындары, қоғамдық-саяси ұйымдар және т.б. жатады. Қоғамның саяси жүйесі Елдің саяси қызметіне қатысып, саяси билікті жүзеге асыратын саяси институттардың, ұйымдардың, топтар мен жекелеген адамдардың жиынтығы. Бұл барлық органдары бар мемлекет; қызметтерінде айқын саяси бағыты бар партиялар мен қоғамдық ұйымдар, қатаң саяси реңкі болмаса да, мемлекеттің саясатына манызды әсер ете алатын, (кәсіподак, кооперативтік, діни және т.б.) қоғамдық, ұйымдар, сондай-ақ өскелен ұрпакты тәрбиелеу мен білім беруді (мектеп, институт, театр) жүзеге асыратын барлық мекемелер. Кейбір саясаттанушылар қоғамның саяси жүйесіне заңға енгізілген идеялар, принциптер, идеологиялар моральды, сондай-ақ саяси мақсатты көздеген жекелеген адамдардын қызметін қосады. Тәуелсіздік жылдары елімізде қалыптасқан саяси жүйенің түбегейлі айырмашылығы неде? Осы жылдар  қоғамның саяси жүйесінің  табиғаты мен құрылымына, қызметіне әкелген негізгі өзгерістердің мәні мен мазмұны, сапасы неден көрінеді?  Бұл Тәуелсіз Қазақстанның мереке қарсаңында әр саясаттанушы мен саясаткерді ойландырары хақ.  Біз де осыған жауап іздеуге талпыныс жасадық.   Тәуелсіздік жылдары  Қазақстанның жаңа мемлекетін  және оның  саяси жүйесін қалыптастыру оңай болған жоқ.  Бұл үрдіс өте қайшылықты, тартысты, қателіктер мен қатерлер арқылы жүргенін ашық айту қажет. Қазақстан мемлекеті нысаны мен табиғатын анықтауда ХХ ғасырдың 90-шы жылдарында еліміздің саяси басшылығы мен интеллектуалдық күштері алдында  аса күрделі міндеттер тұрды. Сол тарихи да тағдырлы уақытта  дербес мемлекетті құру ісіндегі төтенше   жауапкершілікті өзіне алған Н. Назарбаев былай деп толғанады: «Қазіргі сарапшылар белгілі бір саяси режим жайында баға бергенде, оның мойнындағы міндеттерді ескермей, баға беруге тырысады. Ол мемлекетті қалыптастыру, бір экономикалық жүйеден екінші бір экономикалық жүйеге көшу, демократиялану процесін дамыту, әлеуметтік және ұлтаралық орнықтылықты сақтау және нығайту, сыртқы саяси бағыттар желісін тарту… Ұлттық жаңару, мемлекеттікті қалпына келтіру әрдайым оп-оңай жүзеге аса бермейді» 

 

24. Саяси көшбасшылар ағымдары. Саяси көшбасшылық - саяси іс-әрекетті жүзеге асыруда халықтың немесе белгілі бір әлеуметтік топтың мүддесін толық сезініп, қорғай білетін, бойына саяси қайраткерге лайықты қасиеттерді жия білген адам жатады. Ол алға қойған мақсатқа жету үшін қаланың, аймақтың, мемлекеттің көлемінде адамдардың күш-жігерін біріктіріп, белсенді ықпал ете алады. Соңғы кезде бұл ұғым мағынасы кеңейе түсті. Өйткені саяси көшбасшыға басқарушы қызметті ресми түрде атқармайтын, бірақ саяси өмірде беделді, аты шыққан адамдарды жатқызып жүр. Қазір саяси көшбастаушылар деп қоғамдық-саяси ұйымға, қозғалысқа, мемлекетке әрдайым және шешуші ықпал ететін тұлғаны айтады.

Саяси көшбастаушы болудың 2 жолы бар: 1) көпшілік халықтың мақсат-мүддесін кездейсоқ дөп басып, ойынан шығу; 2) ол мүдделерді мақсатты түрде тал май зерттеу нәтижесінде. Саяси көшбасшының атқаратын қызметтері - қоғамның түбегейлі құндылықтары мен арман-аңсарлары негізінде әр түрлі топтардың басын біріктіріп, мүдделерін үйлестіру, топтастыру;халықтың, топтардың қажеттіктерін өтейтін және қарыштап алға басуға мүмкіндік тудыратын саяси бағыт-бағдарлама жасау; қоғам алдындағы мақсаттарды жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдерін айқындау; халықты ынталандыру арқылы қажетті өзгерістерді іске асыру; жұртшылықпен, әр түрлі ұйым, топтармен тығыз байланыс жасау негізінде өзін-өзі саяси ұйымдастырудың тұрақты түрлерін қамтамасыз ету; әділдіктің, заңдылықтың, тәртіптің кепілі болу. Саяси көшбасшылықтың жіктелуі - Неміс ойшылы М.Вебер саяси көш бастаушыларды топтастыруға алғаш қадам жасады. Ол саяси серкелерді "бедел" ұғымына негіздеп былай жіктеуді ұсынды: 1) билік әкеден балаға мирас ретінде қалатын әдет-ғұрып жетекшілігі; 2) ерекше қадір-қасиеті, қабілетіне (ақылдылығына, батырлығына, т.б.) байланысты билік басына келген харизматикалық топ бастар; 3) Конституция негізінде сайлау арқылы басшылық орынға келген саяси серкелер.

 

25. Қазіргі заманғы ғылымдағы идеологияның  негізгі ағымдары. Саяси идеология - саяси сананың құрамдас бөлігі және өзегі. "Идеология" деген ұғым гректің идея - бейне және логос - білім деген сөздерінен шыққан. Ғылыми айналымға француз ғалымы А.Дестют де Траси (1754-1836) енгізген. Ол идеологияны идеялар, олардың қалай пайда болатындығы және әрекет ететіндігі жөнінде ғылым деп түсіндірді. Қазір идеология деп адамдардың үлкен әлеуметтік топтарының іс-әрекетіне бағдар беріп, олардың мақсат-мүдделерін білдіретін және қорғайтын идеялар мен көзқарастар жүйесін айтады. Саяси идеология деңгейлері - қызмет істеу деңгейлері: теориялық-түжырымдық, бағдарламалық-саяси және өзектілік.

Теориялық-түжырымдық деңгейде нақты тап (ұлт, мемлекет) идеалы мен құндылықтарын немесе саяси даму мақсаттарын ашатын негізгі қағидалар қалыптасады. Бағдарламалық-саяси деңгейде әлеуметтік-философиялық принциптер мен идеалдар бағдарламаларға, саяси элитаның нақты ұрандары мен талаптарына айналады. Яғни, басқару шешімдерін қабылдаудың нормативтік негіздерін қалыптастырады.

Өзектілік деңгей идеология  мақсаттары мен принциптерінің азаматтармен игерілуін, оларды өз істерін- де қолдану деңгейін сипаттайды.

Саяси идеология қызметі - қоғам өмірінде идеология маңызды  рөл атқарады. Ол ең алдымен оның төмендегідей қызметтерінен білінеді:

1) идеологияның танымдық рөлі. Ол саяси жүйені, саяси өмірді суреттеп, түсіндіреді;

2) бағдарламалық қызметі. Ол  қоғам, әлеуметтік прогресс, түлға  және билік және т.с.с негізгі  түсініктер туралы мағлүматтар  беріп, адамның іс- әрекетіне бағыт-бағдар көрсетеді;

3) жүмылдыру, іске тарту. Қоғамның  жоғары, құнды идеяларын алға  тартып, мақсат-мүдделерді айқындап, саяси идеология саяси іс-әрекетке тікелей түрткі болып, қоғамды, әлеуметтік топтарды оларды іске асыруға жүмылдырады, рухтандырады, шабыттандырады;

4) амортизациялық қызметі. Саяси іс-әрекетті түсіндіру тәсілі болып, идеология әлеуметтік шиеленістерді бәсеңдетеді. Ұсынылған мүраттар сәтсіздіктен кейін күш жинап қайта серпілуге шақырады;

5) бағалау қызметі. Идео¬логия  халық санасына қоғамның қазіргі  және болашақтағы дамуына өлшемдік  баға берерлік жағдай жасайды,  үстемдік етіп отырған қоғамдық тәртіпке белгілі бір көзқарас тудырады.

 

26. Мемлекеттің  пайда болу себептері. Мемлекеттің пайда болуы теориялары - мемлекет - көпқырлы құбылыс. Оның пайда болуы, шығу тегі әртүрлі факторлармен түсіндіріледі. Оның пайда болуынан бірнеше теориялар жасалған, алайда оны бір әмбебап теорияның шеңберінде түсіндіру мүмкін емес. Мемлекеттің пайда болуын түсіндіретін алғашқы теориялардың бірі - теократиялық теория. Бұл теорияға сәйкес мемлекет - Құдайдың ісі. Кез келген мемлекеттік билік Құдайдан. Жер бетіндегі Құдай ісін атқарушыларға бағынбау Құдайға қарсы шығумен тең. Келесісі - патриархалдық теория - мемлекет тікелей отбасының кеңеюінен пайда болды деп түсіндіреді. Отбасылардың бірігуі отағаларының мемлекеттің азаматына айналуына, ол өз кезегінде олардың үстінен қарайтын жаңа билік түрін - монархты тудырды дейді. Мемлекеттің пайда болуының табиғи-құқықтық теориясы мемлекеттің адамдардың өзара қоғамдық келісімі нәтижесінде шыққанын айтады. Соғыстан қажыған адамдар қорғану жолында бірігіп, мемлекет құрған деп сенеді. Күштеу теориясы (өкілдері: Дюринг, Каутский) мемлекет жаулап алу, күш қолдану негізінде пайда болған дейді. Мемлекеттік билік күш қолданудан туындайды. Органикалық теория мемлекетті тірі ағза ретінде қарастырады. Оның қызметі қалай жүрсе, мемлекет қызметі де солай атқарылады (Г.Спенсер). Психологиялық теория мемлекет адамдардың өзара бірлесіп, қауымдасып өмір сүру қажеттілігінен туындады дейді. Материалистік теория мемлекеттің ең алдымен, экономикалық себептерден туындағанын айтады. Марксистік теория мемлекет қоғамның біріне-бірі қарама-қайшы антогонистік таптарға жіктелуі, жеке меншіктің пайда болу нәтижесінде пайда болған деп түсіндіреді. Қоғамдық келісім теориясы адамдар өздерінің табиғи құқықтарының бір бөлігін мемлекетке беріп, шарт жасасқан, соның нәтижесінде мемлекет пайда болды дейді.

Информация о работе Айналамен таныстыру