Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Марта 2012 в 18:20, курсовая работа
Зерттеу объектiсi ретiнде “Жiгер” жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң сүт өнiмдерiн құю жобасы алынды.
Алға қойылған мақсатқа қол жеткiзу үшiн мынадай мiндеттер қойылды:
• Бизнес-жоспарлаудың компания бизнесiнiң табыстылығы үшiн маңызын айқындау;
• Бизнес-жоспардың құрылымын зерттеу;
• Қаржылық жоспарлаудың негiзгi әдiстерi мен тәсiлдерiн қарастыру;
• Нақты кәсiпорын мысалында бизнес-жоспарды құру арқылы бизнес-жоспардың iс жүзiнде қалай жұмыс iстейтiндiгiн көрсету.
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1 БИЗНЕС-ЖОСПАР: КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖОСПАРЛАУ.....................................................................................
1.1 Нарық жағдайында бизнес-жоспар құру қажеттілігі және оның маңызы............................................................................................................
1.2 Бизнес-жоспардың құрылымы.........................................................
1.3 Қазіргі таңдағы бизнес-жоспарлау концепциялары........................
2 БИЗНЕС-ЖОСПАРДЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ АСПЕКТІСІН ТАЛДАУ................
2.1 Қаржылық жоспарлау – кәсіпорынның қаржылық ресурстарын басқару құралы ретінде..................................................................................
2.2 Кәсiпорынның қаржылық жағдайын бағалау және болжау
әдiстемесi........................................................................................
2.3 Бизнес-жоспардың қаржылық тарауын талдау.........................
3 СҮТ ӨНІМДЕРІ ӨНДІРІСІН КЕҢЕЙТУ ЖОБАСЫНЫҢ МЫСАЛЫНДА БИЗНЕС-ЖОСПАР ҚҰРУ.........................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................
Ақпаратты тарату құралдарының негiзгi түрлерiнiң сипаттамалары
Құралдар | Артықшылықтары | Кемшiлiктерi |
Газеттер | Икемдiлiк, ақпаратты дер кезiнде жеткiзу, жергiлiктi нарықты кең қамту, жоғары дәлдiк | Қысқа мерзiмдiлiк, қайта жаңғырту мүмкiн емес, “екiншi реттi оқырмандардың” аз аудиториясы |
Теледидар | Көрiнiстiң, дыбыстың және қозғалыстың тиiмдi ұштасуы, назарды аудару дәрежесi өте жоғары, кең ауқым | Жоғары абсолюттiк құн (өте қымбат), жарнаманың шектен тыс көп болуы, өте тез өтiп кетедi, аудитория таңдамалығының әлсiз болуы |
Радио | Бұқаралық қолдану, жоғары географиялық және демографиялық ауқымдылық, құны төмен | Тек дыбыспен берiледi, стандартты тармфтер құрылымының болмауы, жарнаманың тез өтуi |
Сыртқы жарнама | Икемдiлiк, контакт жиi қайталанады, құны жоғары емес, әлсiз бәсеке | Аудитория таңдамалығы әлсiз, шығармашылық сипаттағы мүмкiндiктер шектулi |
3.6. Орналасуы, құрылыс учаскесi және қоршаған орта
Ұсынылып отырған зауыт Алматы қаласында орналастырылады.
Сүттi құю және сүт өнiмдерi өндiрiсiн ұйымдастыру туралы шешiм келесi себептермен түсiндiрiледi:
өндiрiстiк алаңның болуы зауыттың осында орналасуына өте ыңғайлы;
“Жiгер” ЖШС иелiгiндегi өндiрiстiк объектiлер (өндiрiс ғимараты, қосымша өндiрiстiк объектiлер, шеберханалар, инженерлiк желi және темiр жол линиясы) жобаны тиiмдi жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi;
жергiлiктi шикiзат және өткiзу нарықтарына жақын орнласуы.
Сөйтiп, зауытты орналастыру жерiн таңдау кезiнде келесi қағидалар сақталды:
шикiзат көздерiне жақын орналасуы;
өнеркәсiптiк инфрақұрылымның болуы;
республиканың темiр және автомобиль жолдарына жақын орналасуы;
электр энергиясына, суға және т.б. қол жеткiзу оңай;
бiлiктi мамандардың болуы.
4 Техникалық жобалау және технология
4.1 Өндiрiстiк процесс
Жобаны жүзеге асыру келесi схема бойынша жүргiзiледi. Ақша құралдары алынғаннан соң, «Variopak» фирмасынан (Франция) сүт өнiмдерiн құятын құрал сатып алынады. Құрал-жабдық Алматы қаласында орналасқан “Жiгер” кәсiпорнының өндiрiстiк ғимаратында орналастырылады. Дайын өнiмдi өткiзу бұрынан қалыптасқан сату каналдары арқылы жүргiзiлетiн болады. “Жiгер” ЖШС сүт өнiмдерiн сатуда үлкен тәжiрибе жинақтаған. Сондай-ақ несие құралдарының есебiнен құралды орналастыру үшiн ғимарат реконструкцияланады және алғашқы айларда жұмыс iстеу үшiн қажеттi материаодар сатып алынады. Ары қарай мұндай материалдар қажеттiлiгiне қарай алынатын болады. Бүкiл шикiзат зауыт зертханасында сапа бақылауынан өтедi.
4.2 Жобаның базалық технологиясы
Құралды қою және оны орналастыру комплектiсiне мыналар кiредi:
Аталған өнiм өндiрiсiне қажеттi барлық қажеттi негiзгi және қосалқы құралдар мен тетiктер;
Өндiрiстi бастау үшiн қажеттi алғашқы шығын материалдары;
Француз мамандарының құралды орналастыру жөнiндегi техникалық көмегi;
Жергiлiктi жұмыскерлердi оқыту және сервистiк қызмет көрсету;
CIF шартында құралды Алматыға жеткiзу.
4.3 Кепiлдеме. Жөндеу. Сервис.
Машинаның барлық механикалық бөлiктерiне 1 жылға кепiлдiк берiледi. Машинаны жөндеу және басқа да қызмет түрлерiн машинаның бүкiл қызмет ету мерзiмi бойында «Variopak» компаниясының мамандары жүргiзедi.
4.5 Гигиена
Машина бактар мен құбырларды автоматты түрде жуатын қондырғымен жабдықталған. Қолмен жуу кезiнде оны оңай алып, қайтадан орнына салуға болады. Тағам өнiмдерiмен жанасатын машинаның барлық детальдары мен желiстерi анодталған алюминийден және тоттанбайтын болаттан жасалған. Мұның барлығы қатаң санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтауға мүмкiндiк бередi. Өнiмдi құятын машина бөлiгi толық жабық және өнiмнiң гигиеналық сақталуын қамтамасыз етедi.
4.6 Құрал-жабдық
“Variopak” компаниясы- француз-голланд кәсiпорны, ол сұйық сүт өнiмдерi, жемiс шырындары, шараптар үшiн Gable Top типтес картоннан орау-қаптау сатериалдарын өндiруге маманданған. “Variopak” компаниясының артықшылығы сол, ол өз клиенттерiне құралды қойып қана қоймайды, соынмен қатар оны қолдану, жөндеу, қызмет көрсету, мамндарды оқыту сияқты техникалыө көмек кешенiн көрсетедi.
Жаңа технологияларды қолдану арқасында компания клиенттердiң өте жоғары сұраныстарын қанағаттандыра алады. Клиенттердiң тапсырысы бойынша материалдардың жеке дизайнын жасап шығарады.
Бұл компанияның құралдарының сапасы келесi көрсеткiштермен сипатталады:
Жоғары коррозияға төзiмдiлiк; машинаның барлық детальдары жоғары сапалы тоттанбайтын болаттан жасалған;
Машинаны қолдану өте жеңiл, ыңғайлы әрi қарапайым;
Жоғары сенiмдiлiк;
Эксплуатациялық қолдану жоғары шығындарды қажет етпейдi.
Жобаны орындаушылар көптеген жылдар бойы құрал-жабдық пен технологиялардың бағалары мен параметрлерiне маркетинг жүргiздi. Жүргiзiлген зерттеулер нәтижесiнде “Жiгер” ЖШС “Variopak” компаниясының құралдары мен технологиясын таңдады. Бұл фирманың құрал-жабдықтары қолданыста өте ыңғайлы, аз ғана алаңды қажет етедi және оны қолданушылардың жағдайына қарай оңай икемге келедi.
Техникалықпараметрлерiне және өндiрiс технологиясы ұқсас басқа да өндiрушiлердiң құрал-жабдықтарымен салыстырмалы талдау жүргiзiлдi. Таңдап алынған “Variopak” құрал-жабдықтары баға параметрлерi бойынша бәсекеге қабiлеттi болып шықты.
Объектiнiң орналасқан жерi өндiрiстi ұйымдастыру үшiн ыңғайлы.
Шикiзатты қою жөнiнде келiсiмнiң болуы жоспарланған өндiрiстi шикiзатпен қамтамасыз етудiң үзiдiксiз жүргiзiлуiне сенiмдiлiк бередi.
Жұмыс күшi де салыстырмалы арзан, жаңа жұмыс орындары ашылады.
“Variopak” фирмасының құралдарында сүт өнiм өндiру халықаралық стандарттарға және ГОСТ талаптарына сай келедi. Құралмен бiрге республикалық санэпидемстанцияның қажеттi талаптарға сай екендiгi туралы қорытындысы алынады.
5 Өндiрiстi ұйымдастыру және басқару
5.1 Өндiрiс көлемi
Зауыттағы өндiрiс қуаты нарық сыйымдылығы, өнiмдi экспртқа шығару мүмкiндiгi, өндiрiстiк шығыдарды оптималды үнемдеу және т.с.с. факторларды ескере отырып анықталды. Есептеу нәтижесiнде сағатына 1200-1500 упаковкаға тең қуаттылық оптималды деп танылды.
Өнiм номенклатурасы төмендегiдей:
1688 пастерленген, стандартты гомогендiрiлген 1 литрлiк сүт (майлылығы-2,5%);
2107 пакет 1 литрлiк айран (майлылығы-2,5%);
471 пакет 0,25 литрлiк қаймақ (майлылығы-15%);
350 пакет 0,5 литрлiк ряженка (майлылығы-4%).
Икемдi технология әртүрлi товарлық өнiм өндiрiсiне тез бейiмделуге мүмкiндiк бередi.
5.2 Өнiмнiң стандарттары мен технологиясы
Ұсынылып отырған зауыт соңғы халықаралық және жергiлiктi стандарттарға сай жабдықталады. Жобаның халықаралық стандарттарға толық сай келуiн қамтамасыз ету үшiн технологияға лицензия және кепiлдiк алынған. Типтiк спецификациялар анықталған.
5.3 Құрал-жабдықты қою және орнластыру мерзiмдерi
Құрал-жабдықты қоюшы оны жасау, қою және орналастырудың келесi мерзiмдерiн белгiледi:
№ | Атауы | Мерзiмi | |||||||
1 | Жасау | 3 апта | |||||||
2 | Қою | 2,5 апта | |||||||
3 | Орналастыру | 30 күн |
Қаржылық есептеулерде құралды орналастырудың пессимистiк варианты қабылданаған, соның өзiнде құралды жасау, қою және орналастыру шараларының барлығына 3 ай белгiленген.
Сонымен, жобаның болжанған қуаттылығына шығуға қаржыландыру басталғаннан кейiн 3 ай мерзiмiнде қол жетедi.
6 Қаржылық жоспар және инвестиция тиiмдiлiгiн бағалау
6.1 Қаржылық бағалау негiзi (INPUT)
Жобаның жалпы құны 171 637 АҚШ долларын құрайды. Несиелiк қаржыландыру мыналардан тұрады: 60 000 доллар-құрал-жабдық құнының 50%-iн алдын-ала төлеу; 7000 доллар- Алматыға жеткiзу шығындары; 8000 доллар-зауыттың ғимаратын құралды орналастыру үшiн реконструкциялауға қажеттi күрделi шығындар; 26 637 доллар-бастапқа 3 ай жұмысты жүргiзу үшiн қажеттi материалдарды сатып алу. Айналым құралдарын толықтыруға қажеттi 10 000 долларды серiктестiк өз қаржысы есебiнен қосады.
Қаржылық жоспарды есептеу келесi шарттарға негiзделедi:
Жобаның нәтижелерiне инфляцияның тигiзетiн әсерiн алып тастау мақсатында барлық есептеулер АҚШ долларында жасалған;
АҚШ долларының теңгеге қатысты бағамы 1:145 арақатынасын құрайды;
Құрал-жабдықты жеткiзу, орналастыру мерзiмi 3 айды алатын болғандықтан өндiрiс, сәйкеiсншi ақша ағымдарының түсуi 5-шi айдан басталады;
Тұрақты шығындар жобаның жалпы құнының 5% -iн құрайды;
Айналым қапиталы жұмытың алғашқы 3 айындағы материалдар шығынынан және айналым құралдарынан тұрады. Ал айналым қүұралдары өз кезегiнде өндiрiс алдындағы жарнамадан, алғашқыда жұмыскерлерге төленетiн жалақыдан, құралды кеден терииториясынан өткiзген кезде төленетiн алымдардан тұрады;
Өндiрiстiк алаңды күрделi жөндеу шығындарын есептеу кезiнде санитарлық, өрт сөндiру қызметтерiнiң және құралды қоюшы фирма маманының талаптары ескерiлген;
Пессимистiк вариант бойынша машина сағатына 1200 упаковка өнiм шығарады;
Несие бойынша процент- жылына 15%. Несиенi жабу кезеңi қаржы құралдары алынған күннен бастап есептегенде 5 жылды құрайды. Несиенiң негiзгi сомасын және проценттерiн қайтару әрбiр жарты жыл бойы бекiтiлген кесте бойынша жүзеге асырылады. Негiзгi қарыз сомасын қайтару қаржыландыру ашылған кезден бастап 3 жылдан кейiн басталады;
Өнiмдi сату бағасы бүгiнде нарықта қалыптасқан нақты бағалар деңгейiнде алынған:
Өнiм ассортиментi | Өлшеу бiрлiгi | Өндiрiс көлемi | ҚҚС есептемегенде өнiмнiң 1 бiрлiгiнiң бағасы | ҚҚС қоса алғандағы өнiмнiң 1 бiрлiгiнiң бағасы |
Пастерленген сүт | Тонна | 514,8 | 335,8 | 389,5 |
Айран | Тонна | 642,6 | 342,4 | 397,2 |
Қаймақ | Тонна | 143,5 | 254,2 | 294,9 |
Ряженка | тонна | 106,9 | 207,9 | 241,2 |
Информация о работе Бизнес-жоспардың қаржылық тарауын талдау