Бизнес-жоспардың қаржылық тарауын талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Марта 2012 в 18:20, курсовая работа

Описание работы

Зерттеу объектiсi ретiнде “Жiгер” жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң сүт өнiмдерiн құю жобасы алынды.
Алға қойылған мақсатқа қол жеткiзу үшiн мынадай мiндеттер қойылды:
• Бизнес-жоспарлаудың компания бизнесiнiң табыстылығы үшiн маңызын айқындау;
• Бизнес-жоспардың құрылымын зерттеу;
• Қаржылық жоспарлаудың негiзгi әдiстерi мен тәсiлдерiн қарастыру;
• Нақты кәсiпорын мысалында бизнес-жоспарды құру арқылы бизнес-жоспардың iс жүзiнде қалай жұмыс iстейтiндiгiн көрсету.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1 БИЗНЕС-ЖОСПАР: КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖОСПАРЛАУ.....................................................................................
1.1 Нарық жағдайында бизнес-жоспар құру қажеттілігі және оның маңызы............................................................................................................
1.2 Бизнес-жоспардың құрылымы.........................................................
1.3 Қазіргі таңдағы бизнес-жоспарлау концепциялары........................
2 БИЗНЕС-ЖОСПАРДЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ АСПЕКТІСІН ТАЛДАУ................
2.1 Қаржылық жоспарлау – кәсіпорынның қаржылық ресурстарын басқару құралы ретінде..................................................................................
2.2 Кәсiпорынның қаржылық жағдайын бағалау және болжау
әдiстемесi........................................................................................
2.3 Бизнес-жоспардың қаржылық тарауын талдау.........................
3 СҮТ ӨНІМДЕРІ ӨНДІРІСІН КЕҢЕЙТУ ЖОБАСЫНЫҢ МЫСАЛЫНДА БИЗНЕС-ЖОСПАР ҚҰРУ.........................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................

Работа содержит 1 файл

бизнес-жоспар.DOC

— 445.00 Кб (Скачать)

Сондықтан технологиялық интеграцияланған компанияның нарықтық жағдайлардың өзгерістеріне бейімделуінің  (сондай-ақ саяси және әлеуметтік жағдай өзгерістеріне) басты тәсілдерінің бірі – жеке құрамдас бөліктерден компанияның өміршеңдігін қамтамасыз ете алатындай конструкция құру. Қосылу, бірігіу, жұту, акция бумасын сатып алу, басқару функциялары, тиімсіз “бөліктерді” компания құрамынан ажырату, оларды сату, филиалдар мен жекелеген заңды тұлғаларға лауазым беру, бөліктер арасында құралдарды қайта бөлу, жалпы өткізу құрылымдары, ішкі трансферттік бағалар – бұлардың барлығы интеграцияланған компаниялардың қолданатын әдістері.

Сәйкесінше, мұндай компаниялардағы бизнес-жоспарлау, бір жағынан, ескі дәстүрлі функцияларды атқаруы керек:

-      оптималды маркетингтік саясатты және оны жүзеге асыру үшін қажетті шығындарды анықтау;

-      өндірістік бағдарламаны анықтау (нарықтағы жағдай мен ұзақ мерзімді маркетингтік саясатқа байланысты – күрделі құрылыс, сондай-ақ, өндірістік бағдарламаның “тар” жерлерінен – техникалық қайта жарақтандыру);

-      персоналды басқару (жұмыскер саны, жалақы, қайта оқыту, біліктілікті арттыру, ынталандыру - өндірістік және инвестициялық бағдарламаға қарай);

-      шығындарды оптимизациялау, соның ішінде шығындарды басқару (өндірстік, инвстциялық және еңбек ақы шығындарына қарай);

-      компания қаржысын оптимизациялау (бюджет, қарызды басқару, салық және несие саясаты, пайданы жұмсау).

Сонымен қатар, бизнес-жоспардың ескі дәстүрлі функцияларына жаңаларын қосуға болады:

-      бұрыннан қалыптасқан құрылымның және ондағы әр құрамдас бөліктің тиімділігін бағалау (қызмет түріне байланысты, трансферттік баға белгілеуге, синергия әсерін бағалау әдістеріне негізделген);

-      құрылымды жетілдіру жоспары (соның ішінде капиталды басқару);

-      құрылымға төтенше “шабуыл” (жұту, акция бумасын сатып алу, мемлекеттік антимонополиялық органдардың қысымы) жасауларға төтеп беру жоспары.

Сөйтіп, технологиялық интеграцияланған компаниядағы бизнес-жоспралауды 2 деңгейде қарастыруға болады:

-      жекелеген құрамдас “бөліктер” деңгейінде – компанияның жекелеген бизнес-бірліктерінің бизнес-жоспарлары (филиалдар, өкілеттіктер, тәуелді және басқаратын компаниялары);

-      компания деңгейі – осы “бөліктермен” не істеу керек және қалай – бұл процесті бизнес-конструкциялау деп атауға болады.

Сонымен, бизнес-жоспарлауды жетілдіру келесі негізгі қадамдарды қамтиды:

А) жекелеген “бөліктер” үшін стандартты:

-         шағын (тек аса маңызды ақпарат),

-         талдауға болатын (сонымен бір мезгілде, қазіргі кезде орын алған тенденцияларды, артықшылықтарды және проблемаларды айқындайтын),

-         функционалдық (проблемалар мен шешімдерді басқару блоктарына негізделген),

-         өзара үйлесімді бизнес-жоспарларды құру.

Бұл жердегі “бизнес-контрукциялау” түсінігі “корпоративтік басқару” түсінігіне жақын, бірақ бизнес-контрукциялау нақты есептеу әдістерін, соларға негізделген жоспарлар мен стратегияларды біртұтас құжат – бизнес-жоспарға сыйғызып береді, ал корпоративтік басқару – бұл компания менеджерлерінің осы жоспарды жүзеге асыру механизмі.

Бизнес-жоспарлаудың мұндай жүйесі қызмет түрлеріне және трансферттік баға белгілеу бойынша жіктелген логикалық түсінікті механизмді талап етеді. Сонымен қоса, әр бөліктің жалпы құрылымға әкелетін синергия әсерін бағалаудың математикалық әдістері қажет. Мұндай математикалық–экономикалық қиыншылықтар – бизнес-конструкциялаудың кемшіліктерінің бірі.

Компаниялардың барлығы үшін бірдей пайдалануға келетін бизнес-жоспарың типтік моделін құру мүмкін емес. Сондықтан тек қана бәсеке ғана бизнес-жоспарды құру әдістерін, модельдерін және бағдарламалық өнімдерін жетілдіруге ықпал ете алады. Мұндай процесті мысалы, қазірде бухгалтерлік есеп үшін жазылған компьютерлік бағдарламалар нарығында байқауға болады. Керісінше, кез келген шектеулер бизнес-жоспарлау әдістерін және теориясын жетілдіру процесін тежейді. 

 

 

 

 

 

2 БИЗНЕС-ЖОСПАРДЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ АСПЕКТІСІН ТАЛДАУ

 

2.1 Қаржылық жоспарлау – кәсіпорынның қаржылық ресурстарын басқару құралы ретінде

 

Қаржылық жоспарлаудың негiзгi мiндетi ағымдық және ұзақ мерзiмдi сипаттағы қаржылық ресурстарға деген қажеттiлiктi анықтау болып табылады.  Бұл жұмыс компанияның қолда бар экономикалық потенциалын анықтаудан, яғни оның шамасын, активтерiнiң көлемiн және олардың қаржылану көздерiн анықтаудан басталады.

Қаржылық жоспарлаудың объектiлерi болып мыналар табылады: өнiмдi өткiзуден түскен түсiм; пайданың қалыптасуы және қолданылуы; Шығындарды жабу көздерi; бюджетпен, банктермен, сақтандыру және  инвестициялық компаниялармен арадағы қарым-қатынастар.

Жылдық қаржылық жоспардың табыс бөлiгiнде жоспарланған пайда,   әр тоқсанға есептелген тозу құны, баланстан шығарылған мүлiктi сатудан түскен түсiмдер және т.с.с. табыстар көрiнiс тапса, шығындар бөлiгiнде-салықтық төлемдер, несие үшiн төленетiн проценттер, сақтандыру шығындары, таза пайданы қорлануға жұмсау, резервтiк қорлар бейнеленедi.

Ағымдық қаржылық қызметтi бақылау компанияның жедел жоспарының көмегiмен жүргiзiледi. Ақша құралдарының шығындарының орындалуын және мерзiмiн, сондай-ақ олардың қаржыландыру көздерiн жедел бақылау үшiн төлем күнтiзбесi құрылады. Ақшалай түсiмдер мен шығындардың баптары уақыт аралықтарына қарай (ай, тоқсан, декада) және балансты түрде құрылады. Жоспарланған шығындардың күтiлген түсiмдерден асуы компанияның өзiне алған мiндеттемелерi бойынша есеп айрысудың мүмкiн еместiгiн бiлдiредi. Бұл жағдайда шығындардың бiр бөлiгiн немесе болашақ кезеңдерге ауыстыру керек, немесе компания шотына тез арада ақша түсiмдерiнiң түсуiн қамтамасыз ету керек.

Компанияның төлем қабiлеттiлiгiнiң бiр жағы - касса арқылы компанияның жұмыскерлерiне қолма-қол ақша төлемдерiн жүзеге асыру. Осыған байланысты жоспарланған еңбек ақы қорының деректерiнiң негiзiнде, материалдық ресурстарды сату туралы ақпарат негiзiнде, табыс салығының сомасы туралы деректер, жалақы төлеу күнтiзбесi және т.б. негiзiнде кассалық жоспар құрылады.

Сайып келгенде компанияның дамуы әрқашан оның қаржылық жағдайын жақсартуға, сәйкесiнше жоспарланған табыстар шамасын алуға  бағытталған. Көрсеткiштердi ағымдық талдау баланс пен қаржылық нәтижелер есебiн құру үшiн негiз болып табылады.

Қаржылық жоспарлау барлық жоспар түрлерiн бiрiктiредi: маркетинг, өндiрiс, материалдық-техникалық жабдықтау, өткiзу, техникалық даму. Бұл алынған  және көзделген көрсеткiштердi сыйымды және түсiнуге жеңiл формада бейнелеуге көмектеседi. Мұндай форма болып компанияның балансы табылады.

Баланс активтерi  олардың белгiлi бiр мерзiмдегi орналасу құрамы және шамасы туралы ақпарат бередi. Олар алынған және болашақта алуға көзделген құралдарды көрсетедi (жобалық баланс).

Баланс пассивтерi, немесе “капитал мен мiндеттемелер” компанияның активтерiн жабуға арналған және белгiлi бiр мезгiлге  мақсатты қолданылуы, мерзiмi, қаржыландыру көздерi бойынша бөлiнiп таратылған құралдарын көрсетедi.

Компанияның қаржыландыру көздерiнiң және пассив баптарын қалыптастырудың  құрылымы  қарапайым. Барлық құрал көздерi қысқа  және ұзақ мерзiмдi болып бөлiнедi, соңғылары (аванстық капитал) өз кезегiнде  меншiктi және қарыздық болып бөлiнедi. Меншiктi капитал негiзiнен компаниялардың қорланған жарғылық қорында, резервтерде (резервтiк, қосылған капитал және жинақталған пайда) шоғырланады.

Ағымдық шаруашылық қызметтi және оның нәтижелерiн тексерудi жүзеге асыру үшiн пайдалар мен залалдар туралы есептiк форма қолданылады, және бұл жағдайда “жоспарлық көрсеткiштер” және “есептiк көрсеткiштер” графалары енгiзiледi.

Қаржылық қызмет компанияның қызмет етуiнiң барлық аспектiлерiн қамтиды: өндiрiс, өткiзу, негiзгi және айналым қорларының ұдайы өндiрiсi. Ол өндiрiстi үздiксiз қалыпты деңгейде жүргiзiп тұруды және өнiмнiң ұдайы өндiрiсiн қамтамасыз ететеiн ақшалай табыстарды қалыптастыруға бағытталған. Қаржылық жұмысты ұйымдастыру сырт мекемелермен өзара қарым-қатынас негiзiнде құрылады: банктер, сақтандыру ұйымдары, бюджет және т.б. компаниялар. Оның табысы өндiрiстiк және ұдайы өндiрiстiк циклға қызмет көрсетудi ұйымдастыруға,  өз мiндеттемелерi бойынша сыртқы ұйымдармен дер кезiнде және дұрыс есеп айрысуға байланысты. Басқаша сөзбен айтқанда, компания тұрақты қаржылық жағдай жағдайында серiктес ретiнде де, капиталды салатын объект ретiнде де сенiмдi бола алады.

Тұрақты қаржылық жағдай компанияның бүкiл өндiрiстiк-шаруашылық қызмет процесiнде қалыптасады және компанияның активтерi мен пассивтерiнiң шамасына, негiзгi және айнлалым капиталының салыстырмалы шамасына, кредиторлық және дебиторлық қарыздарының шамасына, меншiктi және қарыз құралдарының жағдайына, салық жүйесi мен саяси жағдайға, т.с.с. көптеген факторларға  байланысты болады.

Нарықтық қатынастар жағдайында компания өз проблемаларын өз бетiнше, яғни серiктестер мен несие берушiлер көмегiнсiз шешуi мүмкiн емес. Сондықтан компанияның бизнес бойынша серiктес және несие алушы объект ретiндегi тартымдылығы бiрқатар сапалық және сандық көрсеткiштер кешенi арқылы анықталады.

Талдау тәжiрибесiнде мыналар бағаланады: компанияның мүлкi, қаржылық жағдайы және қаржылық-шаруашылық қызметi. Компания мүлiгiн бағалау кезiнде келесi көрсеткiштер есептеледi: негiзгi құралдардың шамасы және олардың жалпы актив сомасындағы үлесi, тозу, жаңару және шығу коэффициентi және т.с.с.

Компанияның даму процеснiде өткiзу көлемiнiң, өнiм сапасының, нарық конънктурасының өзгерiсiнiң әсерiнен құралдар құрылымы мен олардың қаржылану көздерiнiң құрылымы да өзгерiске ұшырайды. Бұл өзгерiстер динамикасын талдау үшiн қаржылық есептiк және көлденең талдау әдiстерi қолданылады.

Инвестициялық институттар, банктер, несие берушiлер капиталды неғұрлым пайдалы орналастыруға тырысады, ол үшiн олар көп күш-жiгер және шығын жұмсайды. Мұндай сыртқы агенттер үшiн алғашқы ақпарат болып компаниялардың ресми жариялайтын есептiк деректерi, ұсынған бизнес-жоспарлары және инвестициялық жобалары табылады.

Бұл құжаттардың мазмұны болашақта табыс алу тұрғысынан компания қызметiн талдауға мүмкiндiк бередi. Несие берушi мен бизнес серiктесiнiң қызығушылық дәрежесi компанияның шынайы қаржылық жағдайына ғана байланысты емес, сондай-ақ жоспарлау сапасына да, яғни құралдар мен күш-жiгердi қажеттi бағытта жұмсау қабiлетiне байланысты. Бұл мақсатқа қол жеткiзу құралы-қаржылық жоспар.

Есептiк құжаттарды, олардың негiзгi көресткiштерiн талдау белгiлi бiр уақыт мезетiндегi компанияның құралдары мен мiндеттемелерiн көрсетедi. Уақыт өтiсiмен көрсеткiштер топтарында өзгерiстер болау мүмкiн. Айта кету керек, компания жұмысының жақсаруы немесе нашарлауы әрқашанда көрсеткiштердiң өзгерiстерiне сай келе бермейдi. Бұл көбiнесе қабылданған есеп айрысу алгоритмдерiне және уақыт факторына байланысты болады. Мысалы, қаржылық нәтиже компанияның есеп жүргiзу саясатында қабылданған амортизацияны есептеу әдiсiне және запастарды бағалау әдiстерiне байланысты болады. Сондықтан ұзақ мерзiмге жоспарлау кәсiпкердiң алғашқыда жоспарлаған пайда мөлшерiн ала алмай қалу қаупiн жоғарылатады.

 

2.2 Кәсiпорынның қаржылық жағдайын бағалау және болжау әдiстемесi

 

Қаржылық жағдайды бағалаудың негiзгi мiндетi-компанияның өз iшкi қажеттiлiктерiн өтеу және сыртқы агенттер алдындағы қаржылық мiндеттемелерiн орындау қабiлетiн айқындау.

Төлем қабiлеттiлiгi-бұл компанияның кредиторлары тарапынан қойылған қаржылық талаптарды орындай алу қабiлетi. Бұған төлеу мерзiмi алдын-ала белгiлi ұзақ мерзiмдi қарыз құралдары кiрмейдi. Сөйтiп, компанияның төлем қабiлеттiлiгi бар деп септеледi, егер ол барлық өзiнiң қысқа мерзiмдi мiндеттемелерi бойынша есеп айрыса алса және өзiнiң өндiрiстiк қызметiн үздiксiз жүргiзе алса.

Инфляция кезiнде компанияның қаржылық тұрақтылығы дегенiмiз- компанияның ақша құралдарын тиiмдi қолана отырып, үздiксiз өндiрiс және өткiзу процестерiн жүзеге асыра алу қабiлетi, сондай-ақ өз қызметiн кеңейту және жаңарту шығындарын қаржыландыра алу қабiлетi.

Компанияның қаржылық-шаруашылық қызметiнiң әрқилы көрсеткiштерi арасындағы өзара байланыстылық пен тәуекелдiлiктi айқындау оның қаржылық есебiн талдау жолымен жүргiзiледi. Талдау нәтижелерi қызығушылық танытып отырған тұлғаларға және ұйымдарға компанияның өткен және ағымдық жылғы қаржылық жағдайын бағалау негiзiнде басқару шешiмдерiн  қабылдауға мүмкiндiк бередi.

Қаржылық есептi талдаудың маңызды тәсiлдерiнiң бiрi- есеп формаларын “оқу” және ондағы келтiрiлген абсолюттiк шамаларды зерттеу. Есептi “оқу” (немесе онымен танысу) құралдарды тартудың негiзгi көздерi, оларды салудың негiзгi бағыттары, есептiк мерзiмде алынған пайданың негiзгi көздерi, қолданылатын есеп жүргiзу әдiстерi мен ондағы өзгерiстер, компанияның ұйымдастырушылық  құрылымы және оның қызметiнiң негiзгi  бағыттары, дивидендтiк саясаты туралы белгiлi бiр қорытындылар жасауға мүмкiндiк бередi. 

Алайда бұл ақпарат, оның басқару шешiмдерiн қабылдау үшiн маңыздылығына қарамастан, компания қызметiнiң негiзгi көрсеткiштерiнiң динамикасын көрсетпейдi. Ол үшiн уақыт аралығындағы деректердi салыстыру әдiсi қолданылады, соның iшiнде:

      Соңғы екi жыл үшiн абсолюттiк және салыстырмалы көрсеткiштердiң ауытқуларын есепке алғандағы кестелердi салыстыру;

      Көрсеткiштердiң салыстырмалы ауытқуларының бiрнеше жылғы мөлшерiн баланстық жылға  проценттiк қатынасын есептеу;

      Бiрнеше жыл үшiн жекелеген көрсеткiштердiң жалпы қорытынды көрсеткшiтке проценттiк қатынасын есептеу.

Қаржылық есептi талдаудың кең тараған тәсiлдерiнiң бiрi- арнайы коэффициенттердi есептеу. Бұл коэффициенттердi есептеу жекелеген есеп баптары арасындағы арақатынастың болуына негiзделген. Қаржылық-жедел көресткiштер деп аталатын бұл коэффициенттер экономистер үшiн өте маңызды: бiрiншiден, шешiм қабылдау үшiн қажеттi қаржылық есептi қолданушыларға мәлiметтер бередi; екiншiден, шаруашылық жүйесiндегi бұл есептiк бiрлiктiң жағдайын және оның өзгеру беталысын тереңiрек бағалауға мүмкiндiк бередi. Коэффициенттердiң үлкен артықшылығы сол, олар есептiк материалдарына инфляцияның тигiзетiн әсерiн көрсете алады.

Информация о работе Бизнес-жоспардың қаржылық тарауын талдау