Бизнес-жоспардың қаржылық тарауын талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Марта 2012 в 18:20, курсовая работа

Описание работы

Зерттеу объектiсi ретiнде “Жiгер” жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң сүт өнiмдерiн құю жобасы алынды.
Алға қойылған мақсатқа қол жеткiзу үшiн мынадай мiндеттер қойылды:
• Бизнес-жоспарлаудың компания бизнесiнiң табыстылығы үшiн маңызын айқындау;
• Бизнес-жоспардың құрылымын зерттеу;
• Қаржылық жоспарлаудың негiзгi әдiстерi мен тәсiлдерiн қарастыру;
• Нақты кәсiпорын мысалында бизнес-жоспарды құру арқылы бизнес-жоспардың iс жүзiнде қалай жұмыс iстейтiндiгiн көрсету.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1 БИЗНЕС-ЖОСПАР: КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖОСПАРЛАУ.....................................................................................
1.1 Нарық жағдайында бизнес-жоспар құру қажеттілігі және оның маңызы............................................................................................................
1.2 Бизнес-жоспардың құрылымы.........................................................
1.3 Қазіргі таңдағы бизнес-жоспарлау концепциялары........................
2 БИЗНЕС-ЖОСПАРДЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ АСПЕКТІСІН ТАЛДАУ................
2.1 Қаржылық жоспарлау – кәсіпорынның қаржылық ресурстарын басқару құралы ретінде..................................................................................
2.2 Кәсiпорынның қаржылық жағдайын бағалау және болжау
әдiстемесi........................................................................................
2.3 Бизнес-жоспардың қаржылық тарауын талдау.........................
3 СҮТ ӨНІМДЕРІ ӨНДІРІСІН КЕҢЕЙТУ ЖОБАСЫНЫҢ МЫСАЛЫНДА БИЗНЕС-ЖОСПАР ҚҰРУ.........................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................

Работа содержит 1 файл

бизнес-жоспар.DOC

— 445.00 Кб (Скачать)
  1. Жобаның қысқаша сипаттамасы (мақсаттар мен бизнес стратегиясын анықтау ). Құрал-жабдықты қою және орналастыру мерзiмдерi;
  2. Жобаның алғышарттары және идеясы;
  3. Нарықты талдау және маркетинг концепциясы (баға белгiлеу стратегиясы). Нарықтағы сұранысты бағалау;
  4. Жобаның орналасуы, құрылыс учаскесi және қоршаған орта;
  5. Техникалық жобалау және технология. Жобаның базалық технологиясы;
  6. Өндiрiстi ұйымдастыру және басқару. Өндiрiстiк процесс. Өндiрiс көлемi. Өнiмнiң стандарттары мен технологиясы;
  7. Қаржылық жоспар және инвестиция тиiмдiлiгiн бағалау. Қаржылық бағалау негiзi (INPUT);
  8. Жобаның ел экологиясына және экономикасына тигiзетiн әсерiн анықтау.

Ендi осы тараулардың әрқайсысына қысқаша түсiнiктеме берiейiк.

1.   Жобаның қысқаша сипаттамасы.

Бұл тарауда жобаны ұсынып отырған компания туралы, оның құрылтайшылары, атқаратын қызмет түрлерi, заңгерлiк тiркелген және орналасқан жерi, ұйымдастырушылық-құқықтық формасы, жарғылық қорының мөлшерi, құрылтайшылық құжаттарында келтiрiлетiн бiрқатар маңызды деректер берiледi. Сондай-ақ жобаның қатысушыларына, ұсынылып отырған инвстициялық жобаға  қысқаша сипаттама берiледi. Жобаны жүзеге асыру мерзiмi, оның құны және  қаржыландыру көздерi,  жобаны жүзеге асыру кестесi т.с.с. мәлiметтер осы тарауда көрсетiледi.

Қажеттi ақша құралдарына деген қажеттiлiктi 2 бағанға бөлiп көрсеткен дұрыс: ақша құралдарын қолдану және оларды қаржыландыру көздерi. Бұл екi көрсеткiш арасындағы айырмашылық қажеттi ақша құралдарының мөлшерiн анықтап қана бермейдi, сонымен қатар жетпей тұрған қаржы ресурстарының пайдалану бағытын анықтайды. Қаржыландыру мен қарыз құралдарын қайтару формаларына ерекше көңiл бөлу қажет. Потенциалдық инвесторларға салынған қарыз құралдарының формасының және шамасының инвестициялық тәуекелдi толық ақтайтындығына көз жеткiзу керек.

2.   Жобаның алғышарттары және идеясы.

Бұл тарауда ұсынылып отырған жобаны жүзеге асыру үшiн қажеттi алғышарттар қарастырылады.  Компанияның бизнесiне қатысты қазiргi және потенциалдық мүмкiндiктердi келтiрiп, оларды қалай жүзеге асыру ниетiн көрсету керек. Жобаның басты идеясы қысқа әрi айқын түрде тұжырымдалуы керек. Сондай-ақ, жобаны жүзеге асырудағы компанияның алдына қойған мақсаты негiзделедi. Бұл бизнес-жоспардың ең бастапқы негiзiн құрайды. Өйткенi потенциалдық инвесторлар үшiн қазiргi және болашақтағы бизнестiң  соңғы нәтижесiн нақты сандық көрсеткiшпен бейнелеу керек. Қаншалықты ұсынылып отырған товар немесе қызмет түрiнiң бизнестегi компанияның мақсаттарына қол жеткiзуге жағдай жасайтындығы туралы айту керек.

Мақсат дегенiмiз-белгiлi бiр уақыт аралығында қол жеткiзудi көздеп отырған  қызмет нәтижесi. Мiндет - бiрқатар сандық және сапалық параметрлермен сипатталатын, берiлген уақыт мерзiмi iшiнде қол жеткiзiлетiн қажеттi қызмет нәтижесi.

Компанияның бизнес-жоба алдында қойған мақсаттары оның қол жеткiзудi көздеп отырған жетiстiктерi ретiнде белгiлi бiр иерархиялық тiзбекте болуы мүмкiн, немесе басымдықты мақсат бөлiнiп көрсетiлуi мүмкiн, немесе компания қызметiнiң әр бағыты бойынша жеке-жеке мақсаттар тармағы берiлуi мүмкiн. Мұндай мақсаттарға, мысалы, мыналар жатады:

-         өнiм өткiзу көлемiн белгiлi бiр нақты деңгейге жеткiзу;

-         өнiмнiң бiр бiрлiгiне шаққандағы шығындарды нақты бiр шамаға төмендету;

-         өнiмнiң сапасын белгiлi бiр нақты деңгейге көтеру;

-         белгiлi бiр нақты мөлшерде таза пайда мөлшерiн алу;

-         компанияның нарықтағы үлесiн белгiлi бiр нақты процентке арттыру.

Осы тарауда сондай-ақ, өндiрiлетiн өнiм ассортиментi, жобаның жүзеге асырылатын жерi, экономикалық тиiмдiлiгi, оның заңгерлiк рәсiмделуi, мемлекеттiң жүргiзiп отырған жалпы экономикалық саясатпен үйлесiмдiлiгi туралы қысқаша мағлұматтар берiледi.

  1. Нарықты талдау және маркетинг концепциясы.

Бұл тарау потенциалдық инвесторларға компанияның нарықтағы жағдайды жақсы бiлетiндiгiн көрсетуге бағытталған: нарық сыйымдылығы, ондағы негiзгi бәсекелестер туралы ақпарат, маркетинг тәсiлдерi, және т.б.

Маркетинг жоспары фирма қызметiн iшкi ұймдастыру үшiн, сондай-ақ серiктестер және  инвесторлармен келiссөздер жүргiзу кезiнде қажеттi құрал болып табылады.

Бизнес-жоспардың бұл тарауы болашақ серiктестермен өзара арақатынастар негiзiн қалыптастырады, оның мақсаты-товарды бөлiп-тарату схемасы туралы, баға белгiлеу мен өткiзудi ынталандыру әдiстерi туралы анық көрiнiс беру.

Бұл тарауда, сондай-ақ компанияның қолданатын баға белгiлеу стратегиясы, нарықтың мақсатты сегменттерiн таңдау, сату болжамдары, товарды бөлiп-тарату схемасы, клиенттерге сатудан кейiн де қызмет көрсету, жарнама, нарықтағы сұранысты зерттеу нәтижелерi, дайын өнiмдi немесе товарды өткiзу каналдары туралы ақпарат берiледi. Сонымен қатар компанияның товарды нарыққа жылжытуда, тасымалдауда, өткiзудi ынталандыруда қолданылатын маркетингтiк тәсiлдерi көрсетiледi. Жалпы маркетингтiк концепциясына сипаттама берiледi.

Компания бұл тарауда потенциалдық инвесторларға өзiнiң нарықтағы алатын үлесiн және ролiн көрсетуi керек. Жобаны жүзеге асыру нәтижесiнде өндiрiлетiн товар немесе қызметтi өткiзу тұрғысында қолданатын маркетингтiк әдiстер мен тәсiлдер кешенi және бәсекелестермен күресу техникасы қажеттi нарық үлесiн жаулап алуға және нақты уақыт мезетiне өткiзу көлемiн нақты сандық шамаға жеткiзудi қамтамасыз ете алатындығын дәлелдеуi керек.

4.   Жобаның орналасуы, құрылыс учаскесi және қоршаған орта.

Бұл тарауда жобаны жүзеге асыру үшiн жердi таңдау туралы шешiмдi қабылдау негiзделедi. Өнiмдi өндiру iсi жүзеге асырылатын құрылыс үйлерi, жер учаскелерi қандай қағидаға сүйенiп алынғаны көрсетiледi.

  1. Техникалық жобалау және технология.

Бұл тарауда жоба шеңберiнде қарастырылған ұсынылып отырған товар немесе қызмет өндiрудiң технологиясы мен техникалық сипаттамалары келтiрiледi.  Жобаның базалық технологиясы, оның артықшылықтары мен кемшiлiктерi көрсетiледi.

Таңдап алынған құралдардың техникалық сипаттамасы, оларды өндiрушiлер туралы, құрал-жабдықтың жұмыс iстеу режимi,  техникалық-технологиялық линия жұмысы туралы мағлұматтар берiледi.

  1. Өндiрiстi ұйымдастыру және басқару.

Ұйымдастырушылық жоспар және менеджмент-бұл фирманың iскерлiк кестесi, қызметiнiң хұқықтық қамтамысз ету сұрақтыры, кәсiпорында басқаруды ұйымдастыру, персоналды басқаруды ұйымдастыру, компанияның құрылымдық бөлiмшелерi мен қызметтерiнiң өзара қызметiн үйлестiру.

Iскерлiк кесте- бизнес-жоспардың қажеттi бөлiгi. Мұнда өнiмдi өндiру, нарықты талдау, сатуларды ұйымдастыру сияқты шешушi iс-әрекеттердiң уақыт кестесiн бекiту қажет. Iстi табыстылыққа жеткiзетiн мейлiнше маңызды тапсырмаларды, оқиғаларды жазуға болады. Бизнес-жоспардың шешушi оқиғалары болып мыналар табылуы мүмкiн: шикiзат пен материалдарға тапсырыс беру; дизайнды дайындау; товардың бiрiншi көрмесiн ұйымдастыру; өндiрiстiң басталуы; алғашқы тапсырыстың  түсуi; алғашқы сату; алғашқы шоттар бойынша есеп айрысу және т.с.с.

Басқару құрылымын қалыптастыруда мынаны есте ұстаған жөн: ұйымдастырушылық құрылымды қалыптастырудың техникалық шешiм қабылдаудын ерекшелiгi сол, компания қызметiнiң барлық кезеңiнде адам факторы маңызды роль атқарады. Жеке-дара және топтық мүдделер, тәжiрибе және дәстүр, жетекшiлер мен мамандардың бiлiктiлiк және әлеуметтiк-психологиялық сипаттамаларын жобаны құрудың алғашқы кезеңдерiнде ескеру қажет. Егер компания көлемi жағынан өте үлкен болмаса, шешушi мамандар мен жетекшiлердi компанияны басқару құрылымын қалптастыру шығармашылық процесiне тарту ұжымның тиiмдi жұмыс iстеуiне кепiлдiк бередi.

  Сондай-ақ, бұл  тарауда өндiрiс процесiн ұйымдастыру ерекшелiктерi,  өндiрiс көлемi, шығарылатын дайын өнiмнiң стандарттары мен технологиясы туралы ақпарат берiледi.

  1. Қаржылық жоспар және инвестиция тиiмдiлiгiн бағалау. Қаржылық бағалау негiзi (INPUT).

Қаржылық жоспарлаудың негiзгi мiндетi ағымдық және ұзақ мерзiмдi сипаттағы қаржылық ресурстарға деген қажеттiлiктi анықтау болып табылады.  Бұл жұмыс компанияның қолда бар экономикалық потенциалын анықтаудан, яғни оның шамасын, активтерiнiң көлемiн және олардың қаржылану көздерiн анықтаудан басталады.

Қаржылық жоспарлаудың объектiлерi болып мыналар табылады: өнiмдi өткiзуден түскен түсiм; пайданың қалыптасуы және қолданылуы; Шығындарды жабу көздерi; бюджетпен, банктермен, сақтандыру және  инвестициялық компаниялармен арадағы қарым-қатынастар.

Жылдық қаржылық жоспардың табыс бөлiгiнде жоспарланған пайда,   әр тоқсанға есептелген тозу құны, баланстан шығарылған мүлiктi сатудан түскен түсiмдер және т.с.с. табыстар көрiнiс тапса, шығындар бөлiгiнде-салықтық төлемдер, несие үшiн төленетiн проценттер, сақтандыру шығындары, таза пайданы қорлануға жұмсау, резервтiк қорлар бейнеленедi.

Кез-келген экономикалық есептеулер нәтижесi компанияны қоршаған ортадағы көптеген факторлардың әсерiнен өзгеруi мүмкiн екендiгi белгiлi, яғни алуан түрлi iшкi және сыртқы тәуекелдер болады. Сондықтан қаржылық жоспарды құру кезiнде жасалатын есептеулер бiрқатар шарттарға сүйенiп жүргiзiледi. Экономика математика сияқты дәл ғылым емес, абстрактiлi ғылым екенi белгiлi, сондықтан кез-келген экономикалық құбылысты қатып қалған дәл формула арқылы бағалау дұрыс емес, сондықтан экономикалық есептердi шешу кезiнде математикалық әдiстердi қолдану бiрқатар пайымдауларға негiзделедi. Осы пайымдаулар ЮНИДО ұсыныстарында INPUT деп аталады. Ол жобаның негiзделген мынадай параметрлерiн қамтиды: өнiмнiң бағасы, салық ставкасы, инфляция деңгейi, несие бойынша проценттiк ставка, дисконттау ставкасы, оптимистiк және пессимистiк варианттар бойынша өндiрiстiң көлемi,  тұрақты және өзгермелi шығындар арақатынасы, жарнама шығындарының мөлшерi, жөндеу шығындарының мөлшерi, амортизация ставкасы және т.с.с.

8. Жобаның ел экологиясына және экономикасына тигiзетiн әсерiн анықтау.       Бұл тарауда ұсынылып отырған жобаның ел экономикасы және экологиясына тигiзетiн әсерi негiзделедi. Яғни жобаның барлық қатысушылар үшiн әкелетiн пайдасы қарастырылады, жобаны жүзеге асыру шешiмiн қабылдаған потенциалдық инвесторларға келетiн ұтыс дәлелденедi.

Сондай-ақ, жобаның қоршаған ортаға әкелетiн салдары көрсетiледi. Егер өндiрiстiң табиғатқа терiс салдары болса, оларды жою немесе керi салдарын мейлiнше төмендету шаралары, бұл шараларды қаржыландыру көлемi сияқты мәселелер де осы тарауда бейнеленедi.

 

 

1.3 Қазіргі таңдағы бизнес-жоспарлау концепциялары

 

Бизнес-жоспарлау процесін ұйымдастырудың “оптималдық конструкцияға негізделген”  жаңа концепциясын қарастырайық.

Кәсіпорын табысын анықтайтын барлық факторлар классикалық түрде 2-ге бөлінеді: ішкі (оларға кәсіпорын әсер ете алады) және сыртқы (кәсіпорынның ішкі ортасы). Сыртқы факторлар құрамынан үшінші типті факторды бөліп көрсетуге болады: кәсіпорын шектеулі түрде әсер ете алатын сыртқы факторлар. Бұл, мысалы, локалды нарық сегментіндегі бағалар, егер компания онда айтарлықтай үлес алса. Ішкі факторлар да біртектес емес: біреулерін ауыртпашылықсыз өзгертуге болады (мысалы, қор немесе аванстық төлем деңгейі), ал енді басқаларының өзгерісі үлкен әлеуметтік шығындармен немесе үлкен ақшалай шығындармен байланысты (жұмыскерлер саны мен жалақының төмендеуі, ішкі құрылымдардың өзгерісі).

Жаңа шарттарға бейімделген бизнес-процесстер және бизнес-процедуралар (бизнес-жоспарлау, бюджеттеу, бухгалтерлік және басқарушы есеп және т.с.с) ішкі факторларды қолдану кезінде компания сыртқы жағымсыз факторларға төтеп бере алатындай және ішкі жағымды факторларды табыс алу үшін барынша тиімді пайдалана алатындай нәтиже алу керек.

Бизнес-жоспарлау бұл жерде шешуші роль атқарады, өйткені ол барлық ішкі және сыртқы орта факторларын, кәсіпорынның барлық ресурстарын бір ғана құжатта – бизнес-жоспарда біріктіреді.

Саланың реструктуризациясы мен ырықтануынан кейін әсер ете бастайтын қосымша елеулі факторларды төмендегідей жіктеуге болады:

А) қосымша сырт факторлар:

-      Кәсіпорын шығаратын өнім нарығы (мысалы, энергия нарығы);

-      Компания ресурстарының жаңа нарықтары (мысалы, энергия жөндеу нарығы);

-      Капитал нарығы (инвестиция, несие);

-      Кәсіпорынның жекелеген бөлімшелерінің бөлініп шығуы, басқа бизнес-бірліктермен бірігу мүмкіндіктері мен қаупі;

Б) қосымша ішкі факторлар:

-      Кәсіпорын иелерінің, акционерлердің талаптарының қатаңдауы – жоғары тасбытылықты және қаржылық тұрақтылықты талап ету, осыған байланысты кәсіпорынның ішкі орта факторларының өзгеруі;

-      Кәсіпорын менеджментіне белсенді маневр жасау үшін кеңістіктің кеңеюі (ырықтандыру арқасында) – барлық ішкі факторларды қамтиды, соның ішінде баға белгілеуді де.

Бизнес-жоспарлау жүйелері мен теорияларының барлығы, ең алдымен, бәсекелік ортада қызмет ететін кәсіпорындарға негізделген, сондықтан әр түрлі дәрежеде барлық факторларды ескереді. Алайда кәсіпорынның қызмет ететін саласының ерекшелігіне байланысты бір сала үшін елеулі маңызды факторлар енді бір сала үшін онша маңызды болмауы мүмкін, сондықтан бизнес-жоспарлау кезінде ішкі және сыртқы факторлардың салалық ерекшеліктері ескерілу керек.

Қазіргі кездегі бизнес-жоспарлау концепцияларының көпшілігі тұрғысынан қарағанда, бизнес-жоспар – бәрін жасауға болатын “пластилин” тәрізді (яғни кең шеңберде ішкі факторлар мен ресурстарды өзгертуге болады).

Бұл көзқарасқа қарама-қайшы, технологиялық интеграцияланған компаниялар (энергетика, отын өнеркәсібі, металлургия) – бұл қатаң бөлшектерден тұратын конструкция сияқты. Бұл бөлшектер – цехтар, заводтар, электр станциялары, транспорттық жүйелер – “қатаң” бірліктер, олар стандарттық сападағы бірнеше өнім түрлерін шығаруға бағытталған. Олардағы персонал саны, өндірістік процесс, шығындардың айтарлықтай бөлігі, бөлімдер мен қызметтердің ішкі құрылымы – бұлардың барлығы қолда бар технологияға қатаң бейімделген және көпшілік жағдайда тек технология өзгерген кезде ғана өзгереді.

Информация о работе Бизнес-жоспардың қаржылық тарауын талдау