Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Марта 2012 в 18:20, курсовая работа
Зерттеу объектiсi ретiнде “Жiгер” жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң сүт өнiмдерiн құю жобасы алынды.
Алға қойылған мақсатқа қол жеткiзу үшiн мынадай мiндеттер қойылды:
• Бизнес-жоспарлаудың компания бизнесiнiң табыстылығы үшiн маңызын айқындау;
• Бизнес-жоспардың құрылымын зерттеу;
• Қаржылық жоспарлаудың негiзгi әдiстерi мен тәсiлдерiн қарастыру;
• Нақты кәсiпорын мысалында бизнес-жоспарды құру арқылы бизнес-жоспардың iс жүзiнде қалай жұмыс iстейтiндiгiн көрсету.
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1 БИЗНЕС-ЖОСПАР: КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖОСПАРЛАУ.....................................................................................
1.1 Нарық жағдайында бизнес-жоспар құру қажеттілігі және оның маңызы............................................................................................................
1.2 Бизнес-жоспардың құрылымы.........................................................
1.3 Қазіргі таңдағы бизнес-жоспарлау концепциялары........................
2 БИЗНЕС-ЖОСПАРДЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ АСПЕКТІСІН ТАЛДАУ................
2.1 Қаржылық жоспарлау – кәсіпорынның қаржылық ресурстарын басқару құралы ретінде..................................................................................
2.2 Кәсiпорынның қаржылық жағдайын бағалау және болжау
әдiстемесi........................................................................................
2.3 Бизнес-жоспардың қаржылық тарауын талдау.........................
3 СҮТ ӨНІМДЕРІ ӨНДІРІСІН КЕҢЕЙТУ ЖОБАСЫНЫҢ МЫСАЛЫНДА БИЗНЕС-ЖОСПАР ҚҰРУ.........................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................
NPV=12395
IRR=24%
DPR=NPV/I=0.1065 (10,65%)
Сонымен, бизнес-жоспар- маңызды жоспарлау құжаты, сондықтан сапалы бизнес-жоспарды құру бүкiл жобаның сенiмдi iргетасын қалады және оның табысты iске асуының маңызды қажеттi шарты болып табылады.
Жобаны жүзеге асыру барысында алғашқыда қабылданған шарттардың өзгеруiне байланысты түзетулер енгiзiлуi мүмкiн. Бiрақ бiлiктi мамандардың қатысуымен дәйектi есептелген бизнес-жоспар елеулi қателердiң алдын-алуға көмектеседi. Бизнес-жоспарды жете дайындау бастапқы кезеңде-ақ өмiршең емес жобалардан бас тартуға, сөйтiп орасан зор қаржылық жоғалтуларды болдырмауға мүмкiндiк бередi.
Әлемдiк тәжiрибе көрсеткендей, көптеген компаниялар сыртқы факторларлың әсерiн дұрыс болжай алмағандықтан және өз мүмкiндiктерiн дұрыс бағалай алмағандықтан үлкен зиян шегiп жатады. Жоспарлау, сондай-ақ, серiктестер мен инвесторларға компанияның таңдап алған жолының дұрыс екендiгiн дәлелдеу үшiн, көрсету үшiн қажет, ал ол үшiн жоқ дегенде оларды өз жоспарларымен таныстыру керек. Әрине потенциалдық инвесторлар мен серiктестердi олармен дер кезiнде және толық мөлшерде есеп айрысу мүмкiндiктерi мен кепiлдiктерi, сондай-ақ өздерiне келетiн пайда ғана қызықтыратын болады. Бизнес бойынша серiктестердi бизнес мақсаты, осы мақсаттың өз мүдделерiмен үйлесiмдiлiгi қызықтырады, ал потенциалдық сатып алушылар мен клиенттердi компания қызметi қаншалықты олардың бизнесiне әсер етедi және мүдделер қарама-қайшылығын болдырмас үшiн қандай шаралар қабылдау керектiгi қызықтырады. Несие берушiлер басты назарды берген қарызды компанияның дер кезiнде және толық мөлшердi қайтару қабiлеттiлiгiне, қарыз бойынша қойылған кепiлдеменiң құнына аударады. Сондықтан бизнес-жоспар барлық проблеманы жобаға қатысушылар көзқарасынан және әр түрлi вариантта бiрден қарастырады.
Әдетте бизнес-жоспар жобаның жүзеге асыру мүмкiндiгi әбден зерттелгеннен кейiн, оның өмiр сүру қабiлеттiлiгi анықталғаннан соң және бағалау зерттеулерi жүргiзiлiп, оны жүзеге асыруға болады деген соңғы шешiм қабылданғаннан кейiн ғана құрылады. Одан ары қарай жобаның мақсаттары мен кәсiпорынның мақсаттары қалай ұштасады, және жобаны жүзеге асыру барысында және нәтижесiнде серiктестердiң, несие берушiлердiң, инвесторлардың мүдделерi қалай сақталады деген сияқты мәселелер анықталады.
Бизнес-жоспар оған қызығушылық танытқан тұлғаға iстiң дәл мәнiсi жайлы, оған қатысу дәрежесi және одан келетiн пайда туралы дәл ақпарат беруi керек. Ол жаңа өнiм өндiрудi немес оны елеулi модификациялауды көздеген бiрнеше компаниялардың қызметiн үйлестiретiн белсендi құрал болуы керек. Ресурстар алға қойылған мақсатқа бағытталған және мейлiнше тиiмдi пайдаланылған жағдайда ғана компания нарықта өз орнын сақтап қалады және табысқа жетедi, ал бұған бизнес-жоспарды құру және енгiзу мүмкiндiк бередi.
Бизнес-жоспарлау жүйелері мен теорияларының барлығы, ең алдымен, бәсекелік ортада қызмет ететін кәсіпорындарға негізделген, сондықтан ол әр түрлі дәрежедегі жан-жақты факторларды ескеруі керек. Алайда кәсіпорынның қызмет ететін саласының ерекшелігіне байланысты бір сала үшін елеулі маңызды факторлар енді бір сала үшін онша маңызды болмауы мүмкін, сондықтан бизнес-жоспарлау кезінде ішкі және сыртқы факторлардың салалық ерекшеліктеріне де маңызды назар аударылуы керек.
Нарықтық қатынастардың дамуы жағдайында бизнес-жоспардың ескі дәстүрлі функцияларына жаңаларын қосуға болады:
- бұрыннан қалыптасқан құрылымның және ондағы әр құрамдас бөліктің тиімділігін бағалау (қызмет түріне байланысты, трансферттік баға белгілеуге, синергия әсерін бағалау әдістеріне негізделген);
- құрылымды жетілдіру жоспары (соның ішінде капиталды басқару);
- құрылымға төтенше “шабуыл” (жұту, акция бумасын сатып алу, мемлекеттік антимонополиялық органдардың қысымы) жасауларға төтеп беру жоспары.
Қазіргі кезде отандық кәсіпорындар бизнес-жоспарды тек инвестиция тарту үшін қажетті құрал ретінде қолданады, ал болашақта мүмкін болатын (шетелдік компаниялардың Қазақстанға көптеп келуімен байланысты) өткір бәсеке жағдайында бизнестің ұзақ мерзімдік өміршеңдігін қамтамасыз ету құралы ретінде қолданбайды. Қазақстан бүкіләлемдік сауда ұйымына кірген жағдайда отандық бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, оның өміршеңдігін қамтамасыз ету, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету проблемалары өте өзекті болмақ. Осы жағдайда кәсіпорындардың бизнестен шығып қалмас үшін өз іс-әрекеттерін ұзақ болашаққа болжау қажеттілігі, құбылмалы нарықтық орта өзгерістерін, бәсекелестердің әр қадамын ескеру қажеттілігі өткір тұратын болады. Ал мұның барлығы кәсіпорынның бизнес-жоспарында көрінісі табатын болғандықтан, олардың бизнес-жоспарға деген көзқарасы, оның маңыздылығы арта түспек.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Информация о работе Бизнес-жоспардың қаржылық тарауын талдау