Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Марта 2012 в 18:20, курсовая работа
Зерттеу объектiсi ретiнде “Жiгер” жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң сүт өнiмдерiн құю жобасы алынды.
Алға қойылған мақсатқа қол жеткiзу үшiн мынадай мiндеттер қойылды:
• Бизнес-жоспарлаудың компания бизнесiнiң табыстылығы үшiн маңызын айқындау;
• Бизнес-жоспардың құрылымын зерттеу;
• Қаржылық жоспарлаудың негiзгi әдiстерi мен тәсiлдерiн қарастыру;
• Нақты кәсiпорын мысалында бизнес-жоспарды құру арқылы бизнес-жоспардың iс жүзiнде қалай жұмыс iстейтiндiгiн көрсету.
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1 БИЗНЕС-ЖОСПАР: КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖОСПАРЛАУ.....................................................................................
1.1 Нарық жағдайында бизнес-жоспар құру қажеттілігі және оның маңызы............................................................................................................
1.2 Бизнес-жоспардың құрылымы.........................................................
1.3 Қазіргі таңдағы бизнес-жоспарлау концепциялары........................
2 БИЗНЕС-ЖОСПАРДЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ АСПЕКТІСІН ТАЛДАУ................
2.1 Қаржылық жоспарлау – кәсіпорынның қаржылық ресурстарын басқару құралы ретінде..................................................................................
2.2 Кәсiпорынның қаржылық жағдайын бағалау және болжау
әдiстемесi........................................................................................
2.3 Бизнес-жоспардың қаржылық тарауын талдау.........................
3 СҮТ ӨНІМДЕРІ ӨНДІРІСІН КЕҢЕЙТУ ЖОБАСЫНЫҢ МЫСАЛЫНДА БИЗНЕС-ЖОСПАР ҚҰРУ.........................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................
Болашақ ақша ағымдарының балансы жоғарыдағы кесте түрiнде құрылады, онда мерзiм басындағы ақша құралдары туралы деректер, кезең iшiнде келiп түскен және кеткен ақша құралдары туралы деректер келтiрiледi және кесте кезең соңында қалған ақша құралдары туралы деректермен аяқталады.
Талдау мақсататтарында кесте дебиторлық қарыз, атап айтқанда қайтуы екiталай, сенiмсiз қарыздар, қоймадағы қалдық қорлар, қаржылық жоспардың басқа да тарауларынан алынатын басқа да мәлiметтермен толықтырылуы мүмкiн.
Ақша ағымдарының балансының деректерiн кәсiпорынның меншiктi айналым қүралдарын құру әрекеттiмен ұштастыру қажет. Өйикенi меншiктi айналым құралдарының жеткiлiксiздiгi және оларды жұмылдыру қажеттi ақша құралдарының керектi кезде қолда болмай қалу қаупiн тудырады. Өтiмдiлiк көрсеткiштерi кәсiпорынның ағымдық айналым құралдарының қысқа мерзiмдiк қарыз көздерiне арақатынасы арқылы анықталады.
Құрылымы қарапайым кiшiгiрiм келесi құжат- табыстар мен шығындар кестесi. Бұл құжат кәсiпорын пайдасының қалай құралатынын көрсетедi.
Кесте 2.2. Табыстар мен шығындар кестесi
Көрсеткiштер | Бiрiншi жыл | |||
1-тоқсан | 2-тоқсан | 3-тоқсан | 4-тоқсан | |
Өнiмдi өткiзуден түскен табыс |
|
|
|
|
Өнiмнiң өзiндiк құны |
|
|
|
|
Басқа да өткiзулерден түскен табыстар |
|
|
|
|
Кезең шығындары |
|
|
|
|
Салық салынатын табыс |
|
|
|
|
Корпоративтiк табыс салығы |
|
|
|
|
Таза табыс |
|
|
|
|
Кәсiпорынның активтерi мен пассивтерiнiң болжамдық балансын жобаны жүзеге асыру мерзiмiнiң бастапқы және соңғы датасына құрған дұрыс. Бұл құжаттың құрылымы кәсiпорынның бухгалтерлiк балансына сәйкес болады және ең алдымен кәсiпорынның барлық активтерiнiң мөлщерi мен құрамын, яғни инвестицияланатын құралдарды салу бағыттарын сипаттайды. Бұл деректер инвесторға, әсiресе коммерциялық банктерге қажет, өйткенi кәсiпорын осы активтердi сатып алу үшiн қаржы ресурстарын жұмылдыру мақстаында инвесторларға жүгiнедi. Активтердiң көлемi мен құрылымына қарап банктер несиенi қамтамасыз ету үшiн қажеттi кепiлдiк мөлшерiн есептеу үшiн керектi деректердi алады, кәсiпорынның экономикалық тиiмдiлiгiн анықтайды, бұл берiлген несиенiң қайтарымдылығына кепiлдiк бередi.
Активтер мен пассивтер балансын құру кезiнде шетел экономистерiнiң ұсынған “пробка” әдiсiн қолдануға болады. Жоспарлау мен болжау кезiндегi экономикалық есеп айрысуларда басты назар активтер мен пассивтерге бөлiнедi. Активтердi қалыптастыру мен қаржыландыру көздерi болжанады. Жоспарланған активтер мен қазiр қолда бар оларды қаржыландыру көздерiнiң арасындағы айырмашылық “пробка” деп аталады. Егер оның шамасы терiс болса, онда қосымша сыртқы қаржыландыру көмегiмен ақша құралдары тартылады: несие немесе құнды қағаздар эмиссиясы арқылы. Егер болжам бойынша меншiктi қаржы көздерi мен айналымға тартылған қарыз құралдары өндiрiстiк активтердi қалыптастыруға қажеттi ақша құралдарынан көп болса, пайда болған оң айырмашылық (пробка) артық қарыз құралдарын қайтару арқылы немесе артық меншiктi құралдарды құнды қағаздарға инвестициялау арқылы жабылады.
Қаржылық жоспардың қорытынды тарауында жобаның заласыздық нүктесi анықталады. Пайданы арттыру қаржылық менеджменттiң мақсаты екенi белгiлi, осы мақсатқа қол жеткiзу тәсiлдемелерiнiң бiрi- алынған түсiмдi жиынтық шығындармен емес, өзгермелi және тұрақты шығындармен салыстыру болып табылады. Өзгермелi шығындарға өнiмнiң көлемiне байланысты шығындар жатады, яғни мұндай шығындар өндiрiлген өнiмнiң көлемiне пропорционалды түрде өзгередi. Тұрақты шығындарға өнiмдi өндiру және өткiзу көлемiмен байланыссыз тұрақты болатын шығындар жатады.
Тұрақты және өзгермелi шығындардың арасындағы айырмашылық өндiрiс көлемiнiң өзерiсiнiң және соның салдарынан болатын өнiмдi өткiзуден түсетiн түсiмнiң өзгерiсiнiң пайдаға тигiзетiн әсерiнiң әртүрлi болуын туындатады. Бұл өндiрiстiк (операциялық) тұтқа әсерi деп аталады.
Кәсiпорын неғұрлым көп өнiм өндiрсе өнiмнiң бiр бiрлiгiне шаққандағы тұрақты шығындар шамасы соғұрлым төмен болады. Өнiмдi өткiзуден түскен түсiм толығымен жиынтық шығындарды жапқан кезде өндiрiс залалсыздық нүктесiне жетедi, яғни бұл нүктеде кәсiпорын пайда да, залал да алмайды. Осы нүктеден өткеннен соң өндiрiс пайда әкеле бастайды, өндiрiс көлемiнiң бұл деңгейiн рентабельдiлiк шегi деп атайды. Тұрақты және өзгермелi шығындар неғұрлым төмен, ал өнiмдi өткiзу көлемi неғұрлым жоғары болса, кәсiпорын соғұрлым заласыздық шегiне тезiрек жетедi де, өндiрiс пайда әкеле бастайды. Нақты және жоспарланған түсiм мен рентабельдiлiк шегi арасындағы айырмашылықты қаржылық берiктiк қоры деп атайды. Оны түсiмге %-тiк қатынаста да есептеуге болады. Егер, мысалы қаржылық берiктiк қоры 15% болса, бұл өнiмдi өткiзуден түскен түсiмнiң 15%-ке дейiн төмендеуi кәсiпорынға ешқандай елеулi қауiп әкелмейдi, бiрақ бұл деңгейден төмендеуi кәсiпорынның қаржылық жағдайын төмендетедi, өйткенi өндiрiс залады болады дегендi бiлдiредi. Қаржылық жоспарда көрсетiлген өндiрiс тұтқасысының әсерi неғұрлым жоғары болса, бұл жобаның инвесторлар үшiн тартымдылығы да соғұрлым жоғары болады.
Егер кәсiпорын iрi коммерциялық жобаларды жүзеге асырудан бас тартса, ондағы қаржылық жоспарлау ағымдық шаруашылықты қамтуы мүмкiн және келесi жоспарлардан тұрады: бiрнеше жылға арналған перспективтi жоспар, жылдық жоспар және оперативтiк-календарлық жоспар.
Бiрнеше жылға арналған перспективтi жоспар- бұл кәсiпорынның болашақтағы даму бағытын белгiлейтiн стратегиялық жоспар, онда нақтылық дәрежесi төмен және көбiнесе болашақ бизнес-жобаларды жүзеге асырудан түсетiн табыстарға негiзделедi. Экономикалық тұрақсыздық және көзделген ұзақ мерзiмдiк шаралардың орындалу ықтималдығының төмен болуы салдарынан бұл жоспар отандық кәсiпорындарда кең қолданылмайды.
Жылдық жоспарда коэффициенттiк немесе талдау әдiстерiнiң көмегiмен жоспарлау негiзiнде табыстар мен шығындардың жалпы көрсеткiштерi тоқсан бойынша бөлiнiп көрсетiледi.
Жедел-календарлық жоспар көрсеткiштердi айлар бойынша бөлiп көрсетедi, тiптi қажет болған жағдайда әр күн сайынғы төлем күнтiзбесiмен толықтырылуы мүмкiн. Қаржылық жоспар, әсiресе жедел-календарлық жоспар жылжымалы (скользящий) болуы керек. Ол 2 кезеңге бөлiнiп жасалады: алдын-ала және түзетiлген. Алдын-ала жасалатын жоспар кәсiпорынның ағымдық кезеңдегi (жыл, ай, тоқсан) тапсырыстарының негiзiнде қалыптасады. Екiншi кезең- бұл түзетiлген қаржылық жоспар. Нақты алғанда кәсiпорын осы жоспарға сай жұмыс iстеуi керек, өйткенi оған нақты жағдайларға сәйкес елеулi түзетулер мен өзгерiстер енгiзiледi. Оның жүзеге асырылуын қаржы менеджерi бақылайды.
Қаржылық жоспарлау процесiнде келесi негiзгi мiндеттер шешiледi:
- мүмкiндiктер, резервтер айқындалады және қаржы-несие механизмiн қолдана отырып тиiмдi соңғы нәтижелерге қол жеткiзу үшiн қажеттi ресурстар жұмылдырылады;
- айналым құралдары мен оларды қаржыландыру көздерiнiң, пайданы қалыптастыру мен оны пайдаланудың оптималды және экономикалық негiзделген ұзақ мерзiмдi қаржылық нормалары мен нормативтерi қалыптасады;
- ақша ресурстарының жоспарлық құрылуы мен пайдаланылуы қамтамасыз етiледi;
- төлемдер мен ақша құралдарын қайта бөлу бойынша мемлекеттiк органдармен, банктiк құрылымдармен және т.б. ұйымдармен арадағы қаржылық қарым-қатынастар анықталады;
- ақша ағымдарын оптимизациялау жолымен кәсiпорынның қаржылық тұрақтылығы қамтамасыз етiледi;
- көрсеткiштердiң арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ету үшiн қажеттi әдiстемелiк жағдайлар қалыптастырылады;
- жоспарда көрсетiлген көрсеткiштердiң атқарылу барысына қаржылық бақылау жасалады.
3 СҮТ ӨНІМДЕРІ ӨНДІРІСІН КЕҢЕЙТУ ЖОБАСЫНЫҢ МЫСАЛЫНДА БИЗНЕС-ЖОСПАР ҚҰРУ
Нарықтық экономика жағдайында кәсiпорындардың бизнес-жоспарын, соның iшiнде оның қаржылық бөлiгiнiң нақты түрде қалай құрылатынын көрсету үшiн нақты кәсiпорын мысалын қарастырамыз. Бұл инвестициялық жоба осы саладағы халықаралық стандарттарды құрастырушы ЮНИДО ұйымының ұсынған құрылымы бойынша және халықаралық инветициялық процестi жүзеге асыруда қолданылатын әлемдiк стандарттар негiзiнде жасалған.
1. Жобаның қысқаша сипаттамасы
1.1 Кiрiспе
“Жiгер” жауапкерлiгi шектеулi серiктестiгi (ЖШС)- Алматы қаласында сүт өнiмдерiн өндiрумен айналысатын компания. “Жiгер” ЖШС-ң алдында өз қызметiн кеңейту, соның нәтижесiнде Алматы қаласының сүт өнiмдiрiн өткiзу нарығындағы өз үлесiн арттыру мақсатында сүт өнiмдерiн құятын құрал-жабдықты сатып алу мiндетi тұр. Бұл үшiн ол несие алуды көздейдi.
Аталамыш инвестициялық жобаны жүзеге асыру аймақтағы ауыл шаруашылығы саласының өңдеушi саласының дамуын жеделдетуге, Үкiметтiң жүргiзiп отырған импортты алмастыру саясатының iске асуына, халықты сапалы сүт өнiмдерiмен қамтамасыз етуге және сайып келгенде, ұлттық экономиканы құрылымдық қайта құру реформасына өз үлесiн қосуға мүмкiндiк бередi.
Бұл жоба ҚР Үкiметiнiң қабылдаған заңдылық акттерiне сай келедi, Қазақстанның егемендi ел ретiнде қалыптасуына үлес қосады және төмендегi негiзгi мiндеттердi шешуге бағытталады:
Шығарылатын өнiмнiң сапасын арттыру және жергiлiктi нарықты денсаулыққа пайдалы сүт өнiмдерiмен қажеттi дәрежеде қамтамасыз ету;
Сүттi өңдеушi жетекшi технологияны өндiрiске енгiзу;
ЖШС мүшелерiнiң тұрмыстық және бiлiм деңгейiн арттыру;
Қосымша жұмыс орындарын ашу.
1.2 Жобаның қатысушылары
“Жiгер” жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi.
Орналасуы: 480091, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы.
“Жiгер” ЖШС-ң қабылданған Жарғысына сай негiзгi атқаратын қызмет түрлерi:
сүт өнiмдерiн өндiру, өңдеу, сақтау және өткiзу;
коммерциялық қызмет;
тағы басқалар.
Кәсiпорынның жарғылық қоры
Жер учсакесiнiң ауданы
Ғимараты: баланстық құны -57 387 451 теңге
Құрал-жабдықтары: баланстық құны -29 257 715 теңге
Гараж: баланстық құны -2 678 740 теңге
Барлық жұмыскерлер саны
Соның iшiнде басқарушы персонал -16 адам
А) Жобаның құны және қаржыландыру көздерi
АҚШ доллары
Жобаның құны
Негiзгi қорлар:
Соның iшiнде құрал-жабдықтар
Алматы қаласына жеткiзу шығындары
Күрделi шығындар:
өндiрiстiк объектiлердi қалпына келтiру:
құрал-жабдық үшiн помещение дайындау
Айналым капиталы:
3 айға арналған материал шығындары
Айналым құралдары
Барлығы
Жобаны қаржыландыру көздерi:
Несиелiк қаржыландыру
Соның iшiнде:
Құрал-жабдықтың құнының 50%-iн алдын-ала төлеу (аванс) 60 000
Құрал-жабдықты жеткiзу
3 айға жетерлiк материалдар шығындары
Помещениенi құрал-жабдықты орналастыру үшiн монтаждау 8 000
Несие ставкасы
Құрал-жабдық құнының 50%-iн 3 жылға созып төлеу 60 000
Барлығы
1 АҚШ долларының курсы, теңге
1 жылдағы жұмыс күнiнiң саны, күн
Жасау & Жеткiзу & Монтаж, ай
Өнiмдiлiгi, 1 сағатқа шаққанда упаковка саны: min
Информация о работе Бизнес-жоспардың қаржылық тарауын талдау