Бизнес-жоспардың қаржылық тарауын талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Марта 2012 в 18:20, курсовая работа

Описание работы

Зерттеу объектiсi ретiнде “Жiгер” жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң сүт өнiмдерiн құю жобасы алынды.
Алға қойылған мақсатқа қол жеткiзу үшiн мынадай мiндеттер қойылды:
• Бизнес-жоспарлаудың компания бизнесiнiң табыстылығы үшiн маңызын айқындау;
• Бизнес-жоспардың құрылымын зерттеу;
• Қаржылық жоспарлаудың негiзгi әдiстерi мен тәсiлдерiн қарастыру;
• Нақты кәсiпорын мысалында бизнес-жоспарды құру арқылы бизнес-жоспардың iс жүзiнде қалай жұмыс iстейтiндiгiн көрсету.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1 БИЗНЕС-ЖОСПАР: КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖОСПАРЛАУ.....................................................................................
1.1 Нарық жағдайында бизнес-жоспар құру қажеттілігі және оның маңызы............................................................................................................
1.2 Бизнес-жоспардың құрылымы.........................................................
1.3 Қазіргі таңдағы бизнес-жоспарлау концепциялары........................
2 БИЗНЕС-ЖОСПАРДЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ АСПЕКТІСІН ТАЛДАУ................
2.1 Қаржылық жоспарлау – кәсіпорынның қаржылық ресурстарын басқару құралы ретінде..................................................................................
2.2 Кәсiпорынның қаржылық жағдайын бағалау және болжау
әдiстемесi........................................................................................
2.3 Бизнес-жоспардың қаржылық тарауын талдау.........................
3 СҮТ ӨНІМДЕРІ ӨНДІРІСІН КЕҢЕЙТУ ЖОБАСЫНЫҢ МЫСАЛЫНДА БИЗНЕС-ЖОСПАР ҚҰРУ.........................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................

Работа содержит 1 файл

бизнес-жоспар.DOC

— 445.00 Кб (Скачать)

 

Құрал-жабдықты және упаковка материалдарын қоюшы-“Variopak” фирмасы, Франция.

Б) Жобаны жүзеге асыру кестесi

Жоба қаржы құралдарын алған мезеттен бастап санағанда 5 жыл iшiнде аяқталады, өндiрiс қаржыландыру ашылғаннан соң 3 айдан кейiн, кестеге сай басталады.

 

Жобаны жүзеге асыру кестесi

Кезеңдер

Басы

Аяғы

ай

жыл

ай

жыл

Құрал-жабдықты қоюшылармен келiссөздер жүргiзу

2

2004

3

2004

Жобаның экспертизасы

3

2004

4

2004

Жасау

3

2004

4

2004

Құрал-жабдықты қою

4

2004

5

2004

Монтаж және құралды iске қосуға дайындау жұмыстары

5

2004

5

2004

Өндiрiс

6

2004

6

2004

 

2.      Жобаның алғышарттары және идеясы

 

2.1. Жобаның басты идеясы

Адамдардың организмi сүт өнiмдерiн аса қажет ететiнi белгiлi. Дұрыс және рационалды тағамдану-адамдардың денсаулығын нығайтудың, дұрыс өсiп, дамуының маңызды шарты. Дұрыс тамақтанбау, тағамдану рационында қажеттi тағамдардың жеткiлiксiздiгi физикалық және ой-сананың дамуына керi әсер етедi. Сонымен қатар тағамның құрамы да өте маңызды болып табылады- бело, май, көмiрсу және тұзадрдың белгiлi бiр оптималды арақатынасы. Организмге зат айналымына  белсендi қатысатын витамендер аса қажет. Сондықтан организмдi өмiрлiк маңызы бар, құрамында денсаулыққа пайдалы натуралды компоненттерi бар  сүт өнiмдерiмен  толықтыру өзектi проблема болып табылады. Ұсынылып отырған жобаның  басты идеясы- осы проблеманы шешуге көмектесу.

2.2. Жобаның мақсаты

Бұл жобаның мақсаты бекiтiлген рационалды және дұрыс тағамдану нормасына сай, санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтай отырып, қазiргi  кездегi жетекшi технологияны қолдана отырып, барлық соңғы көрсеткiштерге сай келетiн рецепттер бойынша сүт өнiмдерiн өндiрудi ұйымдастыру. Бұл өндiрiс аймақ халқының қажеттiлiктерiне сай сүт өнiмдерiнiң тапшылығын қысқартуға  бағытталған.

Нарықтағы потенциалды сұранысты талдау нәтижелерi (жобаның арнаулы тарауында келтiрiлген) көрсеткендей, отандық нарықта  сүт өнiмдерiне деген елеулi сұраныс бар, қазiргi қолда бар өндiрiстiк қуат  халықтың қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға жеткiлiксiз.

Сүт өнiмдерiне деген сұраныс, егер аймақтағы бүгiнгi күнгi сүт өндiрiсiнiң нақты деңгейiн ескерер болсақ, одан да арта түспек. 

Ұсынылып отырған жоба сапалы сүт өнiмдерiнiң өндiрiсiн арттырады.

2.3. Өнiм ассортиментi

Бұл жоба келесi өнiмдер өндiрiсiне бағытталған:

      Пастерленген сүт (майлылығы 2,5%), 1 л сыйымдылықты картон пакеттерiне құйылған;

      Айран (майлылығы 2,5%), сыйымдылығы 1 л картон пакеттерiне құйылған;

      Қаймақ (майлылығы 15%), сыйымдылығы  250 мл картон пакеттерiне құйылған;

      Ряженка (майлылығы 4%), сыйымдылығы 500 мл картон пакеттерiне құйылған.

     2.4. Орналасуы

Ұсынылып  отырған жоба  Алматы қаласында жүзеге асырылады.

Өндiрiстi орналастыру орнын таңдау кезiнде қажеттi өндiрiстiк қуаттың болуы, дайын өнiмдi өткiзу нарығымен байланыстыратын жолдардың болуы, сондай-ақ  болашақта даму үшiн жақсы дамыған инфрақұрылымның болуы салдарынан Алматы қаласына шоғырландыру туралы шешiм қабылданды.

2.5. Экономикалық тиiмдiлiгi

Жобаның экономикалық тиiмдiлiгiн анықтау үшiн үлкен зерттеу мен экономикалық талдау жүргiзiлдi. Есептеулер нәтижесiнде оң көрсеткiштер алынды: iшкi табыстылық деңгейi- 34%, несиенiң және жобаның  ақталу мерзiмi- 3,5 жыл. Барлық талдау нәтижелерi бизнес-жоспардың қаржылық тарауында  көрсетiлген.

2.6. Заңгерлiк рәсiмделуi

Өндiрiстi жүзеге асыру үшiн қажеттi лицензия және рұқсат алуға тапсырыс ҚР заңдарына сәйкес жобаны жүзеге асыру барысында дер кезiнде берiледi.

2.7. Жобаның ұлттық экономика қажеттiлiктерiне сәйкестiгi

Ауыл шаруашылығы секторы дамуының шешушi аспектiлерi болып халық тұтынатын дайын өнiм алу және ұлттық экономиканы дамыту үшiн шикiзатты дұры пайдалану болып табылады.

  Осы орайда ұсынылып отырған жоба жергiлiктi халықтың қажеттiлiктерiн өтейдi және тағам тапшылығын жабады.

   Негiзгi тағам өнiмдерi  өндiрiсiнiң құлдырауына осы ауыл шаруашылығының саласына күрделi қаржының  салынбауы әсер етiп отыр, оған бiрқатар макро- және микроэкономикалық себептер бар.

    Сонымен, жоғарыдағы қорытындыай келсек, ұсынылып отырған жоба осы өнiм түрiнiң жеткiлiксiздiгiн iшiнара жоюға бағытталады.

   Бұл жоба халықаралық стандарттарға сай өнiм өндiрiсiн ұйымдастырады.

3. Нарықты талдау және маркетинг концепциясы

3.1.Баға белгiлеу стратегиясы

Дайын өнiмнiң ҚҚС-ты қоса есептегендегi бағасын  келесi деңгейде  бекiту жоспарланған:

      Айран- 53 теңге/упаковкасына

      Қаймақ-40 теңге/упаковкасына

      Ряженка-32 теңге/упаковкасына

Өнiмдi пайдалану

Шикi сүт келесi өндiрiс өрiстерiнде пайдаланылады:

      Пастерленген сүт өндiрiсiнде

      Қышқыл сүт өнiмдерiнiң өндiрiсiнде

      Iрiмшiк және сыр өндiрiсiнде

      Балмұздақ өндiрiсiнде

      Йогурт өндiрiсiнде

      Кондитерлiк бұйымдар өдiрiсiнде

      Тағы басқа.

Сүт өнiмдерi халықтың әлеуметтiк жағдайына байланыссыз барлық  топтарының тұтынатын аса маңызды да қажеттi  тағамдардың бiрi болып табылады.

3.2. Нарықтағы сұранысты бағалау

Нарықтағы сұранысты зерттеу үшiн келесi талдаулар жүргiзiлдi:

      Сүт өнiмдердерi өндiрiсiнiң бүгiнгi күнгi нақты деңгейi;

      Республикадағы сүт өнiмдердерi өндiрiсiнiң қазiргi күнгi жұмыс iстеп тұрған қуаты;

      Сүт өнiмдерiне деген республика халқының сұранысы мен оның қазiргi күнгi қолданылып отырған өндiрiстiк қуатының арасындағы айырмашылық.

3.3. Дайын өнiмдi тұтынушылар және өнiмдi бөлiп-тарату (өткiзу) каналдары

Дайын өнiмдi өткiзу қысқа мерзiмдiк консигнация негiзiнде (1 тәулiк) қаланың бөлшек сауда желiсi арқылы жоспарланып отыр.

“Жiгер” ЖШС 2 типтес клиенттiк  нарыққа негiзделедi:

Тұтыну нарығы-өз жеке тұтынуы үшiн өнiмдi сатып алатын үй шаруашылықтары мен жеке тұлғалар.

Аралық сатушылар нарығы-өнiмдi одан әрi сатып, пайда табуды көздейтiн ұйымдар.

Жаңа клиенттердi тарту және  бұрынғы өзi жұмыс iстеп келе жатқан тұтынушыларды сақтау   үшiн компания  оларға келесi жағымды жағдайлар қалыптастырады:

                   Товарды қою сенiмдiлiгi;

                   Баға саясатының икемдiлiгi;

                   Сауда желiсiнiң ауқымдығы;

                   Келiсiмге отыру  жеңiлдiгi.

Бұл қызметтердi көрсету тұтынушылық қажеттiлiктi дұрыс қанағаттандыруға және фирмаға деген сенiмдiлiктi бекiтуге, оның беделiн арттыруға бағытталған.

Қазiргi күнi кәсiпорынның өнiмiн өткiзумен айналысатын бұрыннан iстеп келе жатқан дүкендер желiсi бар. Төменде олардың тiзiмi келтiрiлген:

 

Атауы

Адресi

Телефоны

 

1. “Ақсай” дүкенi

Толе би/момышұлы

23-49-23

2. “Луч” дүкенi

Жандосова/Морис тореза

74-45-19

3. “Масато” дүкенi

Жандососва/Берегового

20-22-19

4. “Руслан” дүкенi

Навои/Аль-Фараби

21-14-51

5. “Керемет” дүкенi

Джандосова/Жарокова

74-46-57

6. “Скиф-сауда” сауда үйi

Мамыр-1

55-56-36

7. “Рамстор” гипермаркетi

Самал 2

54-55-44

8. “Стрела” супермаркетi

Толе би/Байзакова

68-43-46

9. “Тараз” дүкенi

Аксай-2

23-02-44

10. “Саламат-Фуд” дүкенi

Абая 120

42-48-38

11. “Жұлдыз” супермаркетi

Тимирязева/Ауэзова

74-45-54

12. “Дана” сауда үйi

Розыбакиева/Сатпаева

46-56-36

 

3.4. Сатуларды ынталандыру

Өнiмнiң көпшiлiкке мәлiмдiгiн  жаулап алу, тұтыну нарығын арттыру мақсатында жоба сатуды ынталандырудың  келесi жолдарын қолдануды көздейдi:

      Үнемi  маркетингтiк зерттеулер жүргiзiп отыру, нарық мүмкiндiктерiн  талдау, кешендi маркетингтiк шараларды жүзеге асыру;

      өндiрiлген өнiмге бөлшек және көтерме сауда бағаларын, жеңiл бағалар мен шегерiстер ұсыну, несиеге сату;

      өз товарының жақсы қасиеттерi туралы ақпаратты тарату және тұтынушыларды  осы өнiмдердi сатып алудың дұрыс екендiгiне сендiру.

      Кең жарнама кампаниясын жүзеге асыру, соның iшiнде теледидарда, баспа беттерiнде, жарнама щиттерiнде және бөлшек сауда презентациясы арқылы.

Жарнамаға арналған шығындар сату көлемiнiң 5%-i шамасында жоспарланған.

Өткiзудi ынталандыру шығындары iскелiк белсендiлiк циклының әр кезеңiндегi  сату динамикасымен тығыз ұштастырылады.

3.5. Кәсiпорынның маркетигтiк стратегиясы

Кәсiпорын бұқаралық маркетинг концепциясын қолданады. Бұл кезде бiр товарды  өткiзу мақстаныда барлық сатып алушылар үшiн бұқаралық сату және ынталандыру құралдары қолданылады.

  Ақпаратты тарату- маркетингтiң орталық функцияларының бiрi: потенциалдық сатып алушыларды өз товары жөнiнде құлақтандыру қажет. Бұқаралық  ақпарат құралдарында жарнама  беру, көрмелер ұйымдастыру бұ кезде көмекшi   роль атқарады.  Сөйтiп, “Жiгер” ЖШС өз алдына қойған мiндеттерiн  шешу  үшiн  ақпаратты таратудың келесi құралдарын пайдалануды көздейдi:

      Ағымдық баспада сауда жарнамасын беру келесi мiндеттердi шешуге бағытталған: өнiм ерекшелiктерi мен ассортиментi туралы ақпарат тарату, потенциалды сатып алушыларға өнiмдi қайдан сатып алуға болатынын хабарлайды, өнiмдi қолдану туралы идея ұсынады;

      Телемаркетинг- теледидар каналдарында жарнама беру:

      Автокөлiктерде жарнама беру- меншiк транспорт құралдарын иемдене отырып автобудкаларда жарнама мәтiндерiн келтiруге болады. Қала автотранспортын үнемi мыңдаған адамдар қолданады, сондықтан мұндай жарнаманың  әсерi өте күштi.

Кәсiпорын артықшылықтар мен шектеулерге әсер ететiн  факторларға байланысты барлық жарнама түрлерiн қолданатын болады.

Кәсiпорында маркетингтiк- өткiзу қызметi құрылады, оның функциясына мыналар кiредi:

-         Бәсекелес товарларды зерттеу;

-         Нарықтық жағдайға сәйкес, икемдi баға белгiлеу жүйесiн құру және енгiзу;

-         Тәуекелдердiң туындау ықтималдығын бағалау және оларды жою.

Информация о работе Бизнес-жоспардың қаржылық тарауын талдау