Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Марта 2012 в 18:20, курсовая работа
Зерттеу объектiсi ретiнде “Жiгер” жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң сүт өнiмдерiн құю жобасы алынды.
Алға қойылған мақсатқа қол жеткiзу үшiн мынадай мiндеттер қойылды:
• Бизнес-жоспарлаудың компания бизнесiнiң табыстылығы үшiн маңызын айқындау;
• Бизнес-жоспардың құрылымын зерттеу;
• Қаржылық жоспарлаудың негiзгi әдiстерi мен тәсiлдерiн қарастыру;
• Нақты кәсiпорын мысалында бизнес-жоспарды құру арқылы бизнес-жоспардың iс жүзiнде қалай жұмыс iстейтiндiгiн көрсету.
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1 БИЗНЕС-ЖОСПАР: КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖОСПАРЛАУ.....................................................................................
1.1 Нарық жағдайында бизнес-жоспар құру қажеттілігі және оның маңызы............................................................................................................
1.2 Бизнес-жоспардың құрылымы.........................................................
1.3 Қазіргі таңдағы бизнес-жоспарлау концепциялары........................
2 БИЗНЕС-ЖОСПАРДЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ АСПЕКТІСІН ТАЛДАУ................
2.1 Қаржылық жоспарлау – кәсіпорынның қаржылық ресурстарын басқару құралы ретінде..................................................................................
2.2 Кәсiпорынның қаржылық жағдайын бағалау және болжау
әдiстемесi........................................................................................
2.3 Бизнес-жоспардың қаржылық тарауын талдау.........................
3 СҮТ ӨНІМДЕРІ ӨНДІРІСІН КЕҢЕЙТУ ЖОБАСЫНЫҢ МЫСАЛЫНДА БИЗНЕС-ЖОСПАР ҚҰРУ.........................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................
Аталмыш әдiс өте қарапайым және жедел, сондықтан да оны қолдану ыңғайлы. Оның мәнi қаржылық есеп деректерi бойынша есептелген коэффициенттердi жалпы қабылданған стандарттық коэффициенттермен, сала бойынша орташа нормалармен немесе компанияның бұрынғы жылдары бойынша есептелген осындай көрсеткiштерiмен салыстыруда.
Компанияның қаржылық жағдайын бағалау үшiн бағдар ретiнде есептелген өтiмдiлiк коэффициенттерi табылады. Мысалы, жалпы өтiмдiлiк коэффициентi компанияның өтiмдi (ағымдық) активтерiнiң қысқа мерзiмдi мiндеттемелерiн қаншалықты жабатындығы туралы мәлiмет бередi.
Бұл коэффициенттен басқа компанияның төлем қабiлеттiлiгi абсолюттiк өтiмдiлiк (ақша құралдарының қысқа мерзiмдiк мiндеттемелерге қатынасы) және тез өтiмдiлiк коэффициенттерiмен (ақша құралдарының, жоғары өтiмдi құнды қағздардың және дебиторлық қарыздың қысқа мерзiмдi мiндеттемелерге қатынасы) сипатталады.
Қаржылық теорияда жалпы өтiмдiлiк коэффициентiнiң шамасы 1,5-2, абсолюттiк өтiмдiлiк коэффициентiнiң шамасы 0,05-0,2 тез өтiмдiлiк коэффициентiнiң шамасы 0,5-1 аралығында болғаны дұрыс деп саналады. Алайда бұл көрсеткiштер барлық компаниялар үшiн қатып қалған стандарт емес, өйткенi экономиканың әр саласының, қызмет түрiнiң өз ерекшелiктерi бар, сондай-ақ компанияның активтерi мен пассивтерiнiң құрамы мен құрылымында да ерекшелiктер көп, сондықтан көрсеткiштердiң жоғарыда келтiрiлген шамалары жалпы бағдар ретiнде ғана қызмет ете алады.
Егер компания несие мен қарызды қолданатын болса, сәйкесінше оның ұзақ мерзiмде сыртқы ортадан тәуелдiлiгi артады. Ұзақ мерзiмдiк болашақтағы қаржылық жағдайды меншiктi капиталдың шоғырлану коэффициентi (60%-тен кем емес) және меншiктi капитал мен қарыз капиталының арақатынасы коэффициентi сипаттайды.
Қаржылық-шаруашылық қызмет нәтижелiлiгiн бағалау сапалық көрсеткiштермен бейнеленедi. Оларға, мысалы, имидж, өткiзу нарығының кеңдiгi, экспортқа өнiм өндiру және т.б. жатады.
Сандық көрсеткiштер-бұл өнiмдi өткiзуден түскен пайданың жоспарланған қарқынын, ресурстардың пайдалану тиiмдiлiгiн қамтамасыз ету. Соңғысы компания қызметiне жұмсалған шығындардың әр 1 теңгесiне шаққандағы өткiзiлген өнiм көлемiн сипаттайды. Қажет болған жағдайда дәйектiрек дара көрсеткiштер де есептеледi, мысалы, қор қайтарымдылығы, өндiрiстiк запастардың айналымдылығы, еңбек өнiмдiлiгi және т.с.с.
Кәсiпорын қызметiнiң тиiмдiлiгiн көрсететiн негiзгi сандық көрсеткiш- бұл өнiм рентабельдiлiгi. Үлкен қаржылық салым кезiнде рентабельдiлiк уақытша төмендеуi мүмкiн. Ал болашақта рентабельдiлiк жоғарылауы керек, бiрақ ағымдық жағдай осы өнiмге салынған капитал құрылымына, яғни меншiктi капитал мен қарыз капиталының арақатынасына байланысты болады. Ол үшiн авансталған және меншiктi капиталдың рентабельдiлiгi көрсеткiшi қолданылады.
Компанияның қаржылық жағдайын болжауда кең қолданылатын негiзгi екi әдiстi қарастырайық:
1. Э.Альтманның көп факторлық моделi;
2. төлем қабiлеттiлiгi көрсеткiштерiн болжау.
Өткен ғасырдың 60-шы жылдары батыс экономисi Э.Альтман 33 банкротқа ұшыраған компанияның жағдайын зерттеп, олардың деректерiн осындай саладағы жағдайы ұқсас кәсiпорындардың төлем қабiлеттiлiгi көрсеткiштерiмен салыстырды. Зерттеу нәтижесiнде ғалым банкроттық ықтималдығына қатты әсер ететiн 5 көрсеткiштi айқындап, олардың әрқайсысының салмақтық коэффициенттерiн есептеп шығарды. Соның нәтижесiнде бес факторлық модель алынды:
Z=3.3K1 + 1K2 + 0.6K3 + 1.4K4 +1.2K5,
Мұндағы:
К1=Жиынтық пайда/Барлық активтер сомасы
К2=Өнiмдi өткiзуден түскен таза түсiм/Барлық актив сомасы
К3=Акциялардың нарықтық құны/қарыз құралдарының көлемi
К4=Бөлiнбеген пайда/Барлық активтер сомасы
К5=Меншiктi айналым құралдары/Барлық актив сомасы
Егер нәтижесi 1,8-ден төмен болса, фирманың банкротқа ұшырау ықтималдығы өте жоғары, егер 1,81-2,7 аралығында болса-ол жоғары емес, егер Z=3 және одан жоғары болса-өте төмен.
Бұл модельдi қолдану кезiнде бiр жылға банкроттық ықтималдығын есептеу дәлдiгi- 90%, екi жылға- 70%, үш жылға- 50%-тi құрайды.
Компанияның банкротқа ұшырау ықтималдығын болжаудың бес факторлық моделi 6 iрi ресейлiк компаниялардың қаржылық тұрақтылығын анықтау үшiн қолданылды, олардың iшiнде Сургутнефтегаз, Лангепас, Юганснефтегаз компаниялары бар. Бұл кәсiпорындардың барлығының тұрақтылығы 3-тен жоғары болып шықты, бұл оларға тiкелей шетелдiк капитал тартуға мүмкiндiк бердi.
Қазiргi кезде Э.Альтманның моделiнiң компьютерлiк версиясы жасалып, көптеген компаниялардың қаржылық тұрақтылығын болжауда табысты қолданылып жүр.
Компанияның қаржылық тұрақтылығын болжаудың екiншi әдiсi төлем қабiлетi төмен компанияның қанағаттанарлық емес баланс құрылымын анықтау үшiн бекiтiлген критерийлер жүйесiне негiзделген.
Бұл жүйе келесi коэффициенттердi қамтиды: ағымдық өтiмдiлiк, меншiктi құралдардың жеткiлiктiлiгi, төлем қабiлеттiлiгiн қалпына келтiру.
Ағымдық өтiмдiлiк коэффициентi коммерциялық ұйымның шаруашылық қызметiн жүргiзу және қысқа мерзiмдiк мiндеттемелердi дер кезiнде орындау үшiн өтiмдi құралдармен қамтамасыз етiлу деңгейiн сипаттайды. Ол келесi формула бойынша анықталады:
Кл=Ағымдық айналым құралдары/Қысқа мерзiмдiк мiндеттемелер
Меншiктi құралдардың жеткiлiктiлiгi коэффициентi компанияның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшiн қажеттi меншiктi құралдармен қамтамасыз етiлу дәрежесiн көрсетедi және келесi формула бойынша анықталады:
Кос=Меншiктi айналым құралдары/Ағымдық айналым құралдары
Төлем қабiлеттiлiгiн қалпына келтiру коэффициентi ағымдық өтiмдiлiк коэффициентiнiң есептiк мөлшерiн оның бекiтiлген мөлшерiне қатынасы арқылы анықталады және компанияның белгiлi бiр уақыт кезеңiнде төлем қабiлетiн жоғалту немесе қалпына келтiру қабiлетiн көрсетедi. Ол келесi формула бойынша анықталады:
К3=К1ф + Пв(у)/ Т*(К1ф-К1н) / К1норм
Мұндағы:
К1ф- ағымдық өтiмдiлiк коэффициентiнiң есептiк мерзiм соңындағы нақты шамасы;
Пв(у)- команияның төлем қабiлеттiлiгiн қалпына келтiру үшiн бекiтiлген уақыт, (аймен берiлген);
Т- есептiк мерзiмнiң басындағы ағымдық өтiмдiлiк коэффициентiнiң шамасы;
К1норм- ағымдық өтiмдiлiк коэффициентiнiң нормативтiк шамасы (К1норм=2)
Егер қарастырылған коэффициенттердiң шамасы олардың нормативтiк мөлшерiнен төмен болса компанияның балансының құрылымы қанағаттанарлықсыз, төлем қабiлеттiлiгi жоқ деген тұжырым жасауға негiз бар.
Келтiрiлген көрсеткiштер компанияның ағымдық және болжамдық баланстарының негiзiнде есептеледi. Бухгалтерлiк баланс құру негiзiнде ағымдық активтер мен ағымдық пассивтердiң басым бөлiгiнiң өнiмдi өткiзуден түсiмнен тiкелей пропорционалды тәуелдiлiгi жатыр. Болжамдық балансты құру үшiн компанияның өткен мерзiмдердегi қызметi және жағдайы туралы ақпаратты үнемi жинақтап отыру керек, бұл оның даму беталысын анықтауға мүмкiндiк бередi.
2.3 Бизнес-жоспардың қаржылық тарауын талдау
Қаржылық жоспарлау iшкi фирмалық жоспарлаудың құрамдас бөлiгi болып табылдаы. Ол- нақты түрде бизнес-жоспардың сәйкес тарауларын құру, оның мақсаты алдыңғы тараулардағы келтiрiлген мәлiметтердi қорытындылау және олардың құндық шамаларын бейнелеу. Бизнес-жоспардың өзiн ағымдық жоспарлау емес, болашақтағы болатын iс-шаралардың жоспары ретiнде сипаттауға болады. Нарықтық шаруашылықта кез-келген кәсiпорынның өз қызметiн бизнес-жоспарды құрудан бастайтыны белгiлi. Бизнес-жоспарды, әсiресе оның қаржылық бөлiгiн құру қажеттiлiгi кәсiпорын алдында тұрған мiндеттермен түсiндiрiледi, ол қажеттi ақша құралдарын жұмылдыру үшiн де қажет:
- фирма коммерциялық банктерден несие алу үшiн тапсырыс беру кезiнде;
- ақшалай формада қосымша капитал тарту үшiн құнды қағаздар эмиссиясының проспектiлерiн құру кезiнде;
- шетелдiк инвестицияларды тарту кезiнде.
Сайып келгенде бизнес-жоспардың қаржылық тарауы инвестициялық процестiң кез-келген қатысушысына қажет және негiзiнен соларға бағытталады, яғни банктер мен инвесторларға, қаржы менеджерлерi мен кәсiпкерлерге, кәсiпорын жұмыскерлерiне және т.б. қолданушыларға. Бизнесжоспарды, әсiресе оның қаржылық тарауын құру кезiнде фирма басқармасы мiндеттi түрде қатысуы тиiс, бұл шетел инвесторларының ережесiне айналған мiндеттi талап. Алайда, бизнес-жоспрадың қаржылық тарауында негiзiнен кәсiпкерлiк қызметтiң мақсаттары мен мiндеттерi айқындалады, ал оларға қол жеткiзу тәсiлдерi басқы тарауларда келтiрiледi, яғни оларда жобаның негiзiн құрайтын товарлар мен қызмет түрлерi негiзделедi, өткiзу нарықтары бағаланады, бәсекелестер туралы мәлiметтер келтiрiледi, маркетинг және өндiрiс жоспары құрылады.
Бизнес-жоспардың қаржылық тарауы “қаржылық жоспар” деп аталады және бiр-бiрiмен өзара тығыз байланысты болатын бiрнеше құжаттардан тұрады.
Қаржылық жоспарды құрудың бiрнеше нұсқалары бар. Олардың бiреуi бойынша келесiдей құжаттар құрамы болады:
- өткiзу көлемiн жобалау;
- ақшалай табыстар мен шығыстар балансы;
- табыстар мен шығындар кестесi;
- кәсiпорынның болжанған активтер мен пассивтер балансы;
- залалсыздық нүктесiн есептеу.
Ендi осы құжаттардың әрқайсысына сипаттама берiп кетейiк.
Өнiм өткiзу көлемiн болжау қаржылық тараудың негiзiн құрайды және ең бiрiншi тұрады. Оның өз себебi бар. Өйткенi қаржылық ресурстардың басым бөлiгiн өнiмдi өткiзуден түскен түсiм құрайды. Өткiзуден түскен түсiм көлемi туралы мәлiметтердi есептеу үшiн бизнес-жоспардың 3-тарауында бейнеленетiн маркетингтiк зерттеулер нәтижесi негiз болады. Егер өткiзу көлемiн болжау натуралды бiрлiкте жасалса, онда өнiмнiң бiр бiрлiгiнiң нарықта қалыптасқан бағасын өзгерте отырып, нәтижелiк қаржылық көрсеткiштердi бiрнеше нұсқада есептеу мүмкiндiгi пайда болады, яғни егер нарықта баға өссе немесе төмендесе бiздiң сәйкес қаржылық нәтижемiз қандай болатындығы есептеледi.
Әдетте өткiзу көлемiн алдағы 3 жылға жасалады. Бiрiнiш жыл үшiн деректер әр сайын келтiрiледi және үлкен дәлдiкпен есептеледi, өйткенi барлық сатып алушылар қысқа мерзiм iшiнде бiзге жақсы мәлiм. Екiншi жыл үшiн деректер әр тоқсан сайын есептеледi, ал үшiншi жыл үшiн-жылдық мәлiметтер болжанады. Есептеу жолымен анықталған өткiзу сомасының есебiнен құрал-жабдықтар, шикiзат пен материалдар сатып алынады, еңбекақы мен салықтар төленедi. Бұл шығындардың жалпы шамасы өндiрiске жұмсалған капиталды ескере отырып күтiлген пайда мөлшерiне шығатындай болуы керек.
Қаржылық жоспардың ең негiзгi құжаттарының бiрi-ақша кiрiстерi мен шығыстарының балансы. Оны басқаша сөзбен ақша ағымдарының балансы деп те атайды. Бұл болжамды құру мақсаты- болашақ ақша ағымдарының түсуi мен жұмсалуын синхронизациялау, яғни уақыт аралығында олардың шамасын теңестiру, басқаша сөзбен айтқанда кәсiпорынның активтерiнiң қажеттi өтiмдiлiк деңгейiн қамтамасыз ету. Өтiмдiлiк белгiлi бiр уақыт мезетiне есептелетiн көрсеткi болғандықтан болашақ ақша ағымдарының болжамы қысқа уақыт аралқтарына құрылу қажет. Уақыт аралықтары ұзарған сайын бұл құжатта көрсетiлген мәлiметтердiң маңызы, дәлдiгi төмендей түседi.
Жүзеге асырылатын жоспардың өтiмдiлiгi оның пайдалылығына әсер ете алады, нақты уақыт аралығында ақша құралдарының жеткiлiксiздiгi төлемсiздiк проблемасын тудырады, тiптi банкротқа ұшырау қаупi туындауы мүмкiн. Төлемдер бойынша есеп айрысу мерзiмiн тежеу қосымша айып-пұлдар мен өсiмдер төлеу қажеттiлiгiне әкеледi, ал бұл баланстық пайданы азайтады.
Кесте 2.1. Ақша ағымдарының балансы
Көрсеткiштер | 1-шi ай | 2-шi ай | Және т.с.с | |||
Бол-жам | нақты | Бол-жам | нақты | Бол-жам | нақты | |
Ақша құралдарының кезең басындағы қалдығы |
|
|
|
|
|
|
Кезең iшiнде келiп түскен ақша құралдары: А) өткiзуден түскен түсiм Б) өткiзуден тыс табыстар мен түсiмдер С) қосымша тартылған капитал және қаржылық көмек Д) несиелердiң қайтып келуi |
|
|
|
|
|
|
Ақшалай төлемдер: А) товарлар мен қызметтердi сатып алу Б) еңбекақы төлеу С) салықтар мен төлемдердi төлеу Д) өткiзуден тыс шығындар мен салымдар Е) жалгерлiк төлем Д) сақтандыру төлемдерi Ж) жарнама шығындары З) несие бойынша % төлеу, негiзгi қарыз сомасын жабу К) кәсiпорын иелерiнiң айналымнан ақша құралдарын алуы |
|
|
|
|
|
|
Ақша құралдарының кезең соңындағы қалдығы |
|
|
|
|
|
|
Информация о работе Бизнес-жоспардың қаржылық тарауын талдау