Бизнес-жоспардың қаржылық тарауын талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Марта 2012 в 18:20, курсовая работа

Описание работы

Зерттеу объектiсi ретiнде “Жiгер” жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң сүт өнiмдерiн құю жобасы алынды.
Алға қойылған мақсатқа қол жеткiзу үшiн мынадай мiндеттер қойылды:
• Бизнес-жоспарлаудың компания бизнесiнiң табыстылығы үшiн маңызын айқындау;
• Бизнес-жоспардың құрылымын зерттеу;
• Қаржылық жоспарлаудың негiзгi әдiстерi мен тәсiлдерiн қарастыру;
• Нақты кәсiпорын мысалында бизнес-жоспарды құру арқылы бизнес-жоспардың iс жүзiнде қалай жұмыс iстейтiндiгiн көрсету.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1 БИЗНЕС-ЖОСПАР: КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖОСПАРЛАУ.....................................................................................
1.1 Нарық жағдайында бизнес-жоспар құру қажеттілігі және оның маңызы............................................................................................................
1.2 Бизнес-жоспардың құрылымы.........................................................
1.3 Қазіргі таңдағы бизнес-жоспарлау концепциялары........................
2 БИЗНЕС-ЖОСПАРДЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ АСПЕКТІСІН ТАЛДАУ................
2.1 Қаржылық жоспарлау – кәсіпорынның қаржылық ресурстарын басқару құралы ретінде..................................................................................
2.2 Кәсiпорынның қаржылық жағдайын бағалау және болжау
әдiстемесi........................................................................................
2.3 Бизнес-жоспардың қаржылық тарауын талдау.........................
3 СҮТ ӨНІМДЕРІ ӨНДІРІСІН КЕҢЕЙТУ ЖОБАСЫНЫҢ МЫСАЛЫНДА БИЗНЕС-ЖОСПАР ҚҰРУ.........................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................

Работа содержит 1 файл

бизнес-жоспар.DOC

— 445.00 Кб (Скачать)


4

 

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

1  БИЗНЕС-ЖОСПАР: КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖОСПАРЛАУ.....................................................................................

1.1 Нарық жағдайында бизнес-жоспар құру қажеттілігі және оның маңызы............................................................................................................

1.2 Бизнес-жоспардың құрылымы.........................................................

1.3 Қазіргі таңдағы бизнес-жоспарлау концепциялары........................

2  БИЗНЕС-ЖОСПАРДЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ АСПЕКТІСІН ТАЛДАУ................

2.1 Қаржылық жоспарлау – кәсіпорынның қаржылық ресурстарын басқару құралы ретінде..................................................................................

2.2 Кәсiпорынның қаржылық жағдайын бағалау және болжау

әдiстемесi........................................................................................

2.3 Бизнес-жоспардың қаржылық тарауын талдау.........................

3  СҮТ ӨНІМДЕРІ ӨНДІРІСІН КЕҢЕЙТУ ЖОБАСЫНЫҢ МЫСАЛЫНДА БИЗНЕС-ЖОСПАР ҚҰРУ.........................................................................

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КIРIСПЕ

 

Әрбiр кәсiпкер өз қызметiн бастамай тұрып болашақта қажет болатын  қаржылық, материалдық, интеллектуалдық ресурстар және оларды алу көздерi туралы анық түсiнiгi болу керек, сонымен бiрге компания қызметiнде осы ресурстардың пайдаланылу тиiмдiлiгiн есептеу қажет. Өз қызметiн дәл ұйымдастыра бiлмесе, нарық жадайы туралы үнемi ақпараттық қамтамасыз етусiз, өзiнiң және бәсекелестерiнiң нарықтағы жағдайын салмақтамаса, өз болашағы мен мүмкiндiктерiн талдамаса бiрде-бiр жетекшi тұрақты табысқа жетпейдi.

Нарықтық экономика жағдайында бизнес-жоспарлау- бұл кәсiпкерлiктiң барлық түрлерiнде қолданылатын жұмысшы құрал.  Ал бизнес-жоспар- үнемi жүйелi түрде жаңарып отыратын құжат. Оған компания iшiнде және нарықта болып жатқан өзгерiстерге қарай өзгерiстер мен түзетулер енгiзiлiп отырады.

Нарықтық экономика жетекшiлерге өте үлкен талаптар қояды. Бұл бәсекенiң күшеюiмен, демек, қабылдаған және жүзеге асыратын шешiмдерi, жоспарлары, идеялары үшiн жауапкершiлiктiң де артуымен түсiндiрiледi.  Жетекшi алдында үнемi таңдама тұрады: не өзiнiң жеке басының жауапкершiлiгiн және тәуекелдi арттыру қажет пе, не оларды серiктестер арасында бөлiп-таратқан дұрыс па. Әрине бұл шешiмдердiң әрқайсысының өздерiнiң жақсы және жаман жақтары бар, соларды салмақтап, дұрыс шешiм қабылдау өте қиын, өйткенi кез-келген шешiм салдарын сандық-сапалық дәл өлшеу  көбiнесе мүмкiн болмайды.

Кез-келген типтегi идеялар мен жобалардың жүзеге асырылу дәрежесiн арттырудың құралы - жоспарлау болып табылады. Кез-келген күрделi проблеманы неғұрлым қарапайым бөлiктерге бөлiп, содан кейiн оларды тереңiрек қарастыру арқылы жүзеге асыру ықтималдығын анықтауға болады. Осы әдiс бизнес-жоспарлаудың негiзiн құрайды. Бизнес-жоспарлау процесi өте күрделi және еңбек сыйымдылығы да мол процесс, сондықтан оны дұрыс құру үшiн экономикалық бiлiм, тәжiрибе, бiлiктiлiк, дағды қажет.

Әлемдiк тәжiрибе көрсеткендей, көптеген компаниялар сыртқы факторларлың әсерiн дұрыс болжай алмағандықтан және өз мүмкiндiктерiн дұрыс бағалай алмағандықтан үлкен зиян шегiп жатады. Жоспарлау, сондай-ақ,  серiктестер мен инвесторларға компанияның таңдап алған жолының дұрыс екендiгiн дәлелдеу үшiн, көрсету үшiн қажет, ал ол үшiн жоқ дегенде оларды өз жоспарларымен таныстыру керек. Әрине потенциалдық инвесторлар мен серiктестердi олармен дер кезiнде және толық мөлшерде  есеп айрысу мүмкiндiктерi мен кепiлдiктерi, сондай-ақ өздерiне келетiн пайда ғана  қызықтыратын болады. Бизнес бойынша серiктестердi бизнес мақсаты, осы мақсаттың өз мүдделерiмен үйлесiмдiлiгi қызықтырады, ал потенциалдық сатып алушылар мен клиенттердi компания қызметi қаншалықты олардың бизнесiне әсер етедi және мүдделер қарама-қайшылығын болдырмас үшiн қандай шаралар қабылдау керектiгi қызықтырады. Несие берушiлер басты назарды берген қарызды компанияның дер кезiнде және толық мөлшердi қайтару қабiлеттiлiгiне, қарыз бойынша қойылған кепiлдеменiң құнына аударады. Сондықтан бизнес-жоспар барлық проблеманы жобаға қатысушылар көзқарасынан және әр түрлi вариантта бiрден қарастырады.

Әдетте бизнес-жоспар жобаның жүзеге асыру мүмкiндiгi әбден зерттелгеннен кейiн, оның өмiр сүру қабiлеттiлiгi анықталғаннан соң және бағалау зерттеулерi жүргiзiлiп, оны жүзеге асыруға болады деген соңғы шешiм қабылданғаннан кейiн  ғана құрылады. Одан ары қарай жобаның мақсаттары мен кәсiпорынның мақсаттары қалай ұштасады, және жобаны жүзеге асыру барысында және нәтижесiнде серiктестердiң, несие берушiлердiң, инвесторлардың мүдделерi қалай сақталады деген сияқты мәселелер анықталады.

Бизнес-жоспар оған қызығушылық танытқан тұлғаға iстiң дәл мәнiсi жайлы, оған қатысу дәрежесi және одан келетiн пайда туралы дәл ақпарат беруi керек.  Ол жаңа өнiм өндiрудi немес оны елеулi модификациялауды көздеген бiрнеше компаниялардың қызметiн үйлестiретiн белсендi құрал болуы керек.

Дағдарыстық экономика жағдайында кез-келген кәсiпкер қарыз құралдарын тарту қажеттiлiгімен кезiгедi, өйткенi кең көлемде қызметтi жүзеге асыру үшiн әдетте кәсiпорындардың меншiктi құралдары жеткiлiктi бола бермейдi. Тап осы кезде бизнес-жоспар және бизнес-ұсыныс жасалады. Бұл, бiрiншiден, қолда бар ресурстарды маңызды проблемаларды шешуге жұмылдыруға мүмкiндiк бередi, екiншiден, кәсiпкерде өз бизнесiн жоспарламау нәтижесiнде жiберген қателерiн жөндеуге не ресурсы, не уақыты болмай қалуы мүмкiн. Оған қоса, дағдарыс жағдайында бизнестiң табыстылығы емес, ең алдымен оның өмiр сүргiштiк қабiлетi, яғни ұзақ мерзiмдегi оның активтерi мен мiндеттемелерiнiң арақатынасы бiрiншi орындағы маңызды проблема болады.

Ресурстар алға қойылған мақсатқа бағытталған және мейлiнше тиiмдi пайдаланылған  жағдайда  ғана компания нарықта өз орнын сақтап қалады және  табысқа жетедi, ал бұған бизнес-жоспарды құру және енгiзу мүмкiндiк бередi.

Сонымен, бизнес-жоспарлаудың қазiргi нарық жағдайында компаниялар қызметiн табысты жүзеге асырудағы маңыздылығын ескерек отырып, бұл тақырыптың өзектiлiгiн байқауға болады.

Дипломдық жұмыстың алға қойған мақсаты- бизнес-жоспардың, әсiресе оның қаржылық бөлiгiнiң маңызын, құрылу қағидаларын, әдiстемесін талдау болып табылады.

Зерттеу объектiсi ретiнде “Жiгер” жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң сүт өнiмдерiн құю жобасы алынды.

Алға қойылған мақсатқа қол жеткiзу үшiн мынадай мiндеттер қойылды:

                  Бизнес-жоспарлаудың компания бизнесiнiң табыстылығы үшiн маңызын айқындау;

                  Бизнес-жоспардың құрылымын зерттеу;

                  Қаржылық жоспарлаудың негiзгi әдiстерi мен тәсiлдерiн қарастыру;

                  Нақты кәсiпорын мысалында бизнес-жоспарды құру арқылы бизнес-жоспардың iс жүзiнде қалай жұмыс iстейтiндiгiн көрсету.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖОСПАРЛАУ

 

1.1 Нарық жағдайында бизнес-жоспар құру қажеттілігі және оның маңызы

 

Бизнес-жоспар инвестицияны негіздейтін қорытынды құжаттардың бірі, ол жоспарланған өнім номенклатурасы және өнім шығару көлемі туралы, өнім өткізу және шикізат базасының сипаттамасы туралы, жер, энергетика және еңбек ресурстары туралы деректерді қамтиды, сондай-ақ, қарастырылатын жобаның коммерциялық, бюджеттік және экономикалық тиімділігі туралы көрініс береді және ең біріншіден, жобаның инвесторлары үшін салынатын инвестицияның  тиімділігін негіздейді.

Бизнес-жоспар интеллектуалдық меншік объектісі, коммерциялық құпия пәні болып табылады және сәйкес қорғауды қажет етеді.

Қазіргі нарықтық қатынастардың дамуы жағдайындағы экономикалық жағдай кәсіпорындарға ішкі фирмалық жоспарлауға жаңа тәсілдеме қолдануды талап етеді. Жоспарлау болашақта әрекет етуді көздейтін кез-келген ұйымға қажет. Кәсіпорындар барынша тиімді шешім қабылдауға мүмкіндік беретіндей жоспарлау нысандары мен модельдерін іздеуге мәжбүр болады. Мұндай шешімдерге қол жеткізудің оптималды варианты - бизнес-жоспар болып табылады.

Бизнестің табысты дамуының шешуші элементі – сауатты басқару және жоспарлау. Жоспарлау - табысқа қол жеткізудің қажетті шарты, алайда ол жеткіліксіз. Өздерінің іс-әрекеттерін жоспралайтын көптеген кәсіпорындар сәтсіздікке ұшырады, сондықтан жоспарлаудың өзіне де ұтымды көзқараспен қарау керек.

Жоспарлау – болашақта, белгілі бір уақыт мерзімінде болатын оқиғалардың барынша нақты сандық сипаттамасы. Әрине, бизнес дамыған сайын, уақыт өтісімен ақпарат та өзгереді, өйткені экономикалық жағдайлар өзгеріске ұшырайды. Алайда бизнесті қоршаған ортаның өзгерісі ақпаратқа өзгерістер әкелгенімен, жоспарлау - қажетсіз күш-жігер мен уақыт жоғалту деп санауға болмайды. Егер жоспарлау дұрыс жүргізіліп, болып жатқан оқиғаларға сәйкес келсе, ол бизнесмен үшін бизнесті қоршаған орта туралы ақпарат алуға, өзінің бизнесінің әлсіз және күшті жақтарын сезінуге, қоршаған ортаның бизнеске тигізетін әсерін бағалауға мүмкіндік беретін құрал бола алады. Сонымен қоса, бизнес-жоспар  банктерге салынған инвестицияның пайдалану тиімділігін бақылауды күшейтуге және мүмкін болатын проблемаларды алдын-ала айқындауға мүмкіндік беретін маңызды құжат. Дұрыс құрылған бизнес-жоспар келесі сұраққа жауап беруге көмектесу керек: “Бұл жобаға қаражат салуға тұра ма және ол жұмсалған күш пен қаражатты ақтайтындай табыс әкеле ме?”

Бизнес-жоспар коммерциялық кәсіпорынның барлық негізгі аспектілерін қамтитын құжат, ол алда тұрған мүмкін болатын проблемаларды талдайды, осы проблемаларды шешу тәсілдерін анықтайды.

Сонымен, бизнес-жоспар – бұл бизнестегі қол жеткізуді көздеген мақсаттың қағаз жүзіндегі жазылған моделі және осы алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін барлық ресурстарды тиімді пайдалануға жағдай жасайтын құрал.

Жақсы құрылған бизнес-жоспар - жоспарланған іс-әрекеттердің схемасы. Ол бизнестің болашақ жай-күйін айқындауға көмектеседі. Алға қойылған мақсаттарды белгілеуден бастап, ол мақсаттарға қол жеткізуге қажетті барлық ресурстар мен кезеңдерді қамтиды.

Бизнес-жоспарды құру өнерін меңгеру бүгінде келесі себептерге байланысты қажет:

-         Экономикаға қазір кәсіпкерлердің жаңа ұрпағы келіп жатыр, олардың көпшілігі бұрын коммерциялық құрылымдарды басқарып көрген емес, сондықтан нарықтық экономика жағдайында оларды күтетін проблемалардың барлық шеңберін олар алдын-ала көріп біле алмайды;

-         Шаруашылық проблемалар үнемі өзгеріп тұрады және тәжірибелі жетекшілердің алдында болашақтағы шараларын жаңаша көзқараспен қарау қажеттілігін тудырады.

-         Инвестиция алу және экономиканы көтеру үшін инвесторларға жоспарлардың өміршеңдігін және тиімділігін дәлелдеу керек;

Бизнес-жоспардың мақсаты – кәсіпорын басқармасына келесі негізгі міндеттерді шешуге көмектесу:

-         болашақ өткізу нарығының сыйымдылығын және даму перспективасын айқындау;

-         осы нарыққа қажетті өнімді өндіруге қажетті шығындарды бағалау және оларды товарды қолайлы бағамен сатудан түсетін түсіммен салыстыру арқылы жоспарланған істің табыстылығын анықтау;

-         өнімді өткізу алдында кездесуі мүмкін кедергілерді алдын ала айқындау;

-         өндіріс көлемінің көтерілуі мен құлдырауын анықтауға мүмкіндік беретін бақылау көрсеткіштерін анықтау.

Бизнес-жоспар – қазіргі нарықтық экономикада кәсіпкерлік көлеміне, қызмет ету өрісіне және формасына байланыссыз қолданылатын менеджменттің арнайы құралы.

Батыс елдермен салыстырғанда Қазақстандағы іскерлік жоспарлаудың бірқатар ерекшелігі бар. Қазақстандық заңдылық бойынша қазіргі кезде бизнес-жоспарды құру міндетті емес. Ол көптеген қазақстандық кәсіпорындар үшін жаңа құжат. Бизнес-жоспарды құруға кіріспес бұрын, ең алдымен, қажетті ақпарат кешенімен жабдықталып алу керек.

Бизнес-жоспардың қажеттілігін дәлелдейтін бірнеше аргумент:

        1. Бизнес-жоспар құру арқылы бизнесменге басты назарды айналысқалы отырған ісіне шоғырландыруға мүмкіндік береді, бұл жекелеген ұсақ аспектілерге көңіл аудармауға жағдай жасайды. “Бизнес әлеміне ұшпас” бұрын, кәсіпкер өз бизнесіне әсер ететін барлық маңызды шарттарды көзден таса қалдырып алмас үшін, болашақтағы іс-әрекетін қоршаған ортамен үйлестіріп қарастыруы керек.

        2. Бизнес-жоспар жаңа кәсіпкерлік идеяны нақты бағалауға көмектеседі. Егер бизнес-жоспар жақсы құрылса, ол идеяның жүзеге асырылуына негіз  болады.

       3. Бизнес-жоспар істі жүргізуге көмектесетін құрал болып табылады. Кәсіпорынды жоспарсыз басқару машинаны құралсыз жөндеумен тең. Жоспардың  болмағанынан болғаны жақсы.

      4. Бизнес-жоспар фирманың бизнес-идеяларын фирмадан тыс тұлғаларға жеткізеді, бұл қаржыландыру көздерін тарту немесе бірлескен кәсіпорын құру үшін қажет.

Инвесторлар, банкирлер, потенциалдық серіктестер келесі деректерді білгісі келеді:

                 Сізге қанша ақша қажет?

                 Ол сізге қашан қажет болады?

                 Қаражат сізге не үшін қажет?

                 Оны сіз қайтара аласыз ба және қашан қайтарып бере аласыз?

Сіздің жоспарыңыз осы сұрақтарға жауап бере алуы керек.

      5. Бизнес-жоспар құру арқылы жүзеге асырылған істер жоспарсыз оқиғаларға жауап беру арқылы жүзеге асырғанға қарағанда табысқа әкеледі. Өйткені бизнес-жоспар басты мақсатқа зер салуды, соған қол жеткізу үшін қажетті мінеттерге басты назарды шоғырландыруға мүмкіндік береді.

 

1.2 Бизнес-жоспардың құрылымы

 

Бизнес-жоспардың құрылымы оның мазмұнының ұқсастығына қарамастан ол әр елде, әр салада әртүрлi құрылады. Алайда халықаралық деңгейде жасалатын инвестициялық жобаларды құру ЮНИДО–ның ұсынған стандарттары бойынша жүргiзiледi. Соның құрылымын қарастырайық. Негiзгi тараулар келесiдей:

Информация о работе Бизнес-жоспардың қаржылық тарауын талдау