АҚ Банк Центр Кредиттің маркетингтік саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2012 в 09:29, курсовая работа

Описание работы

Банк жүйесі – нарықтық экономиканың ең маңызды және ажырамас құрылымдарының бірі. Банктердің дамуы тауар өндірісімен және айналымымен қатар өсіп өзара тығыз араласып кеткен. Мұндайда банктер ақша есеп айырысуларын жүргізіп, шаруашылыққа кредит бере отырып, капиталдарды қайта бөлуде арадағы делдал ролін атқарып өндірістің жалпы тиімділігін елеулі түрде арттырып, қоғамдық еңбек өнімділігінің өсуіне жағдай туғызады.

Содержание

Кіріспе
1 Коммерциялық банктердегі маркетингтік қызметті ұйымдастырудың негізгі теориялары
1.1 Коммерциялық банктердегі маркетинг қызметінің мәні мен міндеті
1.2 Банктік маркетинг қызметін ұйымдастыру ерекшеліктері
1.3 Банктік өнімдер нарығы

2 «Банк Центр Кредит» Акционерлік қоғамының маркетингтік қызметін талдау
2.1 «Банк Центр Кредит» Акционерлік қоғамының маркетинг қызметінің саясатын бағалау
2.2 «Банк Центр Кредит» Акционерлік қоғамының маркетинг механизмін талдау
2.3 «Банк Центр Кредит» Акционерлік қоғамындағы клиенттерге қызмет көрсету саласында маркетингтік зерттеулердің ерекшеліктері

3 Банктік маркетингтің дамуының негізгі жолдары
3.1 Банктік өнімдер мен қызметтер нарығында туындайтын мәселелерді шешу жолдары
3.2 Банктік маркетингінің дамуындағы жаңа тендециялар
Қорытынды

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Word.docx

— 64.44 Кб (Скачать)

¾ Бірдей валютадағы есепшоттар мен карталар арасында ақша аудару жұмыс күндері Алматы уақытымен сағат 00:01-ден 18:00-ге дейін, сондай-ақ демалыс және мереке күндері сағат 00:01-ден 23:00-ге дейін мүмкін болады.

ТБЖ артықшылықтары:

¾ Барлық клиенттерге ТЕГІН қызмет көрсетіледі;

¾ Барлық клиенттер (заңды және жеке тұлғалар, сондай-ақ несие алушылар мен «Капитал» ЖЗҚ АҚ салымшылары) қол жеткізе алады;

¾ қызметті кез келген телефоннан пайдалану мүмкіндігі;

¾ ТБЖ жүйесі клиенттің қалауы бойынша қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қызмет көрсетеді;

«SMS-Банкинг» – бұл клиенттің  мобильді телефонына оның (депозиттік немесе ағымдағы) есепшоты бойынша  жүргізілген кез келген операциялар  туралы SMS-хабарлама жеткізетін қызмет.

Жүйе клиентке оның банктік есепшоттары  бойынша кіріс және шығыс операциялар  туралы SMS-хабарлама түрінде автоматты  түрде хабарлайды, бұл Клиенттің  есепшоттары бойынша барлық жасалған операцияға толық бақылау жасауды  қамтамасыз етеді.

Қызметке қосылу талаптары:

¾ «Банк ЦентрКредит» АҚ-та ашылған банктік есепшоттарының болуы;

¾ Қазақстандық ұялы байланыс провайдерінің желісіне қосылған мобильді телефонның болуы;

¾ «SMS-Банкинг» қызметіне қосылу үшін Клиент құрылымдық бөлімшеге барып, қызмет көрсету туралы шартты жасасу қажет.

¾ «SMS-банкинг» қызметін пайдалана отырып, Клиент өз есепшоттарындағы ақша қаражатын рұқсатсыз пайдалану қаупін едәуір төмендетеді.

Қосымша артықшылықтары:

¾ Клиенттің есепшоты бойынша операция жүргізудің айқындығы;

¾ рұқсат етілмеген операцияларды болдырмау.

¾ Клиенттерге хабарлама жеткізіледі. Бұл – клиенттің банктік есепшот(тар)ындағы қалдықтың өзгерісі туралы SMS-хабарлама.\

ҚР-ның шағын және орта бизнессін  дамыту «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның  алдынғы мақсаттарының бірі болып  табылады. Клиенттің барлық қажеттіліктерін  қанағаттандыру үшін көптеген тарифтер және кепілбіктер ұсынады. Соларды  бірі: Сауданы қаржыландыру. Қарқындап  дамып келе жатқан халықаралық сауда  әлемінде Банк пен Клиент арасындағы өзара түсіністік пен тиімді ынтымақтастықтың маңыздылығы аса зор.

ЦентрКредит Банкі клиентке қаржылық қызметтердің толық ауқымын ұсынады, солардың бірі – Сауданы қаржыландыру құралдары арқылы клиенттің шетелдік және отандық серіктестеріңізбен импорттық-экспорттық келісімдеріне қызмет көрсетеді.

Аталған ақпарат Сіздің саудалық келісімдеріңіздің  барлық егжей-тегжейлері мен өзгешіліктерін есепке ала отырып ресімдеу үшін сауданы  қаржыландыру құралдарын қолданудың барлық мүмкіншіліктерімен таныстыру мақсатында ұсынылып отыр.

Шетелдік банктерден қысқа және орташа мерзімге қаражат тартуды  көздейтін құжаттамалық операциялармен жұмыс жүргізу кезінде ЦентрКредит  Банкінің қарыз қаражатын бәсекелестікке жарамды төмен мөлшерлемемен  ұсынатынын атап көрсету өте маңызды.

Қазіргі уақытта ЦентрКредит Банкі  корреспондент банктердің тармақталған жүйесіне ие, бұл Сіздің мәмілелеріңізді  әлемнің барлық елдерінде жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Жоғары дәрежелі банктерден несие желілерінің  болуы Сіздің бұйрығыңыз бойынша  шығарылған аккредитивтер мен кепілдіктерге  осындай банктердің сөзсіз төлем  міндеттемелерін қосуға мүмкіндік береді, бұл бизнес-серіктестеріңіздің Сізге деген сенімінің рейтингін едәуір арттыра түседі

3. БАНКТІК МАРКЕТИНГТІҢ ДАМУЫНЫҢ  НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ.

 

 

3. 1 Банктік өнімдер мен қызметтер  нарығында туындайтын мәселелерді  шешу жолдары.

 

Банк өнімдері нарығының бұдан  әрі дамуы қор нарығы дамуымен байланысты болмақ. Қазақстан Республикасының  құнды қағаздарының Ұлттық комиссиясы мен ҰБ біріге отырып, ұйымдасқан қор  нарығында банктер акциялары  мен өзге де құнды қағаздарды белсенді ету, оларды БАҚ – та жариялау жұмыстарын жүргізуде. ҚҚҰК – мен біріккен түрде  спецификалық қарыз міндеттемелері енгізілген банк активтерін қорғау механизмі  жасалмақ. Қор нарығының дамуы  барысында ҰБ корпаративті құнды  қағаздары бар банк әрекеттерін  кеңейтуді көздеп отыр.

ҚҚҰК, Қазақстан қаржыгерлерінің  ассоциациясы мен ҰБ бірлесе отырып, қаржы институттарының өзара  байланыс, хеджировкалау, ипотекалық, корпаративті вексельдермен жұмыс  істеуге міндеттелген ұйымдар қорлары  секілді жаңа типтерін құруды жоспарлауда. Бұдан өзге ҰБ қозғалмайтын мүліктің ұйымдасқан нарығы мен ипотекалық операцияларды  дамытуға қатысатын болады. Банк әрекеттері әділдігін тексеру үшін ҰБ мен  ҚҚҰК отандық рейтингтік агенттіктердің әрекет етуіне жағдай жасауда. Бұл сферадағы  негізгі бағыт – банк қызметтерін  одан әрі дамыту, банктік қызмет көрсетудің жаңа түрлері мен әдістерін  енгізу.

Банктер қор нарығында өз әрекетін белсенді ету үшін жаңа қаржы құралдарын қолдана отырып инвестиция тартулары  керек.  Осындай құралдардың бірі капиталдың халықаралық нарықтарында қолданылатын еврооблигациялар эмиссиясы. Аталған қаржы операциясы бірнеше  мақсатқа жетуде септігін тигізеді.

Біріншіден, шетел валютасында  ақша алуды, теңгеге қарағанда пайыздық ставка төмен болады.

Екіншіден, Республикадағы құнды қағаздар нарығы аталған мезетте қаржыландыруда банк қажеттіліктерін түгел қанағаттандыруға қауқарсыз.

Үшіншіден, банк өз әрекеті сферасын кеңейту мен халықаралық қаржы  институттарымен байланыс орнатуға қызығушылық танытуы керек. Банктің  стратегиялық мақсаты - өзі қалаған  уақытта капиталдың халықаралық  нарығында оңай шығуға мүмкіндік  алу болуы керек. Олар банктік  жалшылыққа қарағанда үлкен потенциалға  ие және банкті қаржыландыруға көп  мүмкіндіктер береді.

Еврооблигация эмиссиясының негізгі  міндеттері:

¾ Инфляциялық ресурстары жоқ тиімді қаржы көздері диверсификациясы мен сыртқы қаржыландыруда жоғарғы потенциалға ие түрді қорғау.

¾ Қарыз төлеудегі шығынды азайту, ішкі нарыққа қарағанда сырттан қарыз алу арзанырақ болады.

¾ Жал алу үшін банктің инвестициялық базасын кеңейту.

¾ Несиеге қауқарлы эмитет ретінде көріну үшін банктің несиелік тарихын алу.

¾ Жалға алу мерзімдерін ұлғайту.

¾ Банктің қаржы ресурстарына шетел капиталының келуі.

Еврооблигациялар шығарылымының  міндетті шарты – инвесторлар  үшін индикатор болып табылатын  несиелік рейтингтің болуы. Несиелік рейтингті  алу мен өзге де қажетті кезеңдер орындалуының қиындығы алғашқы эмиссияға  дайындық процедурасы ұзаққа созылады. Отандық банктердің халықаралық  капитал нарығына алғашқы болып  шыққаны “Казкоммерцбанк” АҚ, ING Burns және Commerzbank AG (АҚШ)  50 млн. және 35 млн., ал Bankers Trust – тан 20 млн. доллар көлемінде  несие алды. 26

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе банктерге құнды қағаздар нарығында  эмитент есебінде шығуды ұсынамыз. Отандық облигация нарығында  қаржылық құралдар жетіспегенде, өз ақшасын  тиімді орналастыру жолын таппай жүргендердің бұл ұсыныс қызығушылығын  туғызатынына еш күдік жоқ. Ал сатып  алушыларды эмитенттің төлемге қабілеттілігі  қызықтырады. Осы есептен банкке жақын арада ҚҚБ шыққан дұрыс. ҚҚБ тізімінде тұру банктің өз әрекеті туралы толық мәлімет  беріп, инвесторларға құнды қағаздарды бағалау үшін қажет құжаттарды түгел  беруге әзір екендігін көрсетеді. Корпоративті қарыз міндеттемелерінің алғашқы  эмиссиясын 6 айлық мерзіммен 50 млн. теңге сомасына істеген жөн. Жалшылар назарын аудару үшін пайыздық ставкаларды, әрекет етуші эмиссияларынан жоғары, ең жақсысы МЕККАМ, НСО кірісіне жақындатыпқойған дұрыс. Егер алғашқы  кезең жақсы өтсе, банк өзін пайдалы  әрі сенімді эмитент ретінде  көрсетіп, инвесторлар сеніміне ие болады. Бұл келесі реттерде жалға  алу мерзімі мен сомаларын  ұзартып, пайыздық ставканы сәл төмендетуге  мүмкіндік береді.

Сөйтіп, банк жалға алудың өз инвестициялық  базасын кеңейтіп, қаржы ресурстарын  тартудың қосымша көздерін табады және ссудалық капитал нарығындағы өз әрекетін белсенді етеді.

Кастодиалды әрекет өздеріңе мәлім  зейнетақы реформасы нәтижесінде  республикада зейнетақы жинақтау қорлары  құрылған. Олар салымшылар ақшасын  қауіпсіз қысқа мірзімді мемлекеттік  бағалы қағаздарға айналдырады. Осыған байланысты банктік қызметтің жаңа түрі – зейнетақы қорларындағы ақша ағымдары қозғалысын бақылаудың тиімді әдісі кастодиалды қызмет пайда  болды. Банк – кастодиан өзіне  сеніп тапсырылған бағалы қағаздар мен ақшаны тіркеп сақтайды, ұрлау, заңсыз операциялар мен бопсалаулардан қорғайды. Осы үшін ол марапаттау алады. Мысалы, Алматы сауда – қаржылық банкі кастодиалды қызметтерді  көрсеткені үшін бағалы қағаздардың  бастапқы құнының 0,15 % өлшемінде ақша алады. Мұндай төмен баға арнайы тұтынушылар  үшін орнатылған.

Форфейтинг пен факторинг саудалық қаржыландырудың ең тиімді түрлерінің бірі - форфейтинг. Форфейтинг – көбіне сыртқы сауда операцияларында қолданылатын тауар сатылымы кезінде экспорттаушыларды  несиелеудің өзіндік бір түрі.

Банк сатушыдан сатып алушы  міндеттемелерімен тауарды сатып  алады. Одан әрі оны сатып алушыға  сатады. Алдын – ала төлем үшін банк – форфейтор сатушыдан пайыз  ақша алады. Сөйтіп банк – форфейтор  төлем қаупін өзіне қабылдап, сатушы үшін кепілдікке барғаны үшін марапатталады. Республикада экспорттық операцияларды  жүзеге асыратын көптеген фирмалар болғандықтан несиелеудің аталған түрі қолданысқа ие болады деген сенімдеміз.

Несиелеудің енді бір түрі – факторинг  бойынша банк сатушыдан төлем  талаптарын сатып алып, сатушыға береді. Банк клиентінің көретін пайдасы  – ақша құралдарының айналымға тез  енуі, сатып алушының төлемей кету қаупінің болмауы және т. б.

Факторингтік компания не банктегі бөлім төмендегідей қызметтерді  ұсынады:

¾ шаруашылық әрекетінің талдауы, несиелік талдау не қарызды қайтару,

¾ “бекітілген міндеттемелер” көмегімен жағымсыз қарыздарға қарсы несиелік сақтандыру.

¾ есеп-фактуралардың 75 – 80 % жедел түрде қолма – қол төлеу мен келісілген уақытта қалдық ақшаны төлеуге кепілдік беру./27,б.47/

Форфейтинг операциясы факторинг  операциясымен бірдей.

Сөйтіп өз мүмкіндіктеріне қарай  отандық банктерде форфейтингті қолдану ұсынылады. Бұл банкке келетін  клиенттер санын көбейтеді. Қазақстан  Республикасында банк әрекетін дамытудағы перспективті бағыттардың бірі банк операцияларына Интернетті қолдану  болып табылады. Бұл виртуалды  қызметтер көрсету деп аталады. Мысалы, Халық Банкі өз қызметтерін  интернет арқылы жарнамалайды. Нақтырақ айтсақ, интернет пен компьютерлік технологияларды кассалық есептеу  жұмыстарында қолданады. Екінші бір  мысал ретінде TexaBank-ті алуға болады. Клиенттер есептеулерінің жаңа жүйесін енгізу үшін TexaBank өзінің жеке сайтының ашылғанын жариялайды. Ол жаңа технологияларды қолданатын әмбебап банк ретінде белгілі. “Internet – banking” атты жаңа бағдарламаны енгізу арқылы ол клиенттің есепшотты ашуын жеңілдетті. Аталған тәсіл клиенттің банкпен кез келген уақытта, кез – келген жерден байланысқа түсуіне мүмкіндік береді. Ол өз үйінде, интернет арқылы тіпті Республикадан тыс жерде де банкпен байланыс орнатады. TexaBank өз клиенттеріне ақшаны қауіпсіз сақтау, құпия ұстау, есепшотта минималды қалдық қалуын талап етпеу, мультивалюталы есепшоттар жүйесі, құжаттарды рәсімдеудегі қарапайымдылық және өзге де қызметтерді ұсынады. Банк ойынша, құпиялылықтың сақталуы аса маңызды. Жоғарыдағыны қорытындылай келе айтарымыз, Қазақстандағы банк өнімі нарығы кеңейіп, дамып, жаңа технологиялармен және дәстүрлі емес жаңа әдістермен толығары даусыз.

Инкассаторлық қызмет нарығындағы  көпжылдық қызмет броньді көлік, дайындалып, жаттыққан кәсіби инкассаторлар  байланыс құралдары, қару – банк клиентурасына  қызмет көрсетуде қауіпсіздік, дәлдік пен жылдамдық шарты болмақ. Бұдан  өзге клиент есепшотына ақша салу кезінде  дәл болуды ұмытпаған жөн. Инкассация қызметтері үшін ставкалар мен тарифтер жүйесі заңды тұлғалар мен корпоративті клиенттерге арналған ставкалар  мен тарифтерден құралады.

Инкассация қызметін көрсетуге  байланысты процесс келесі кезеңдерден  құралады:

¾ Потенциалды клиентпен сөйлесу. Оның тілегі бойынша алдын – ала қызмет көрсету, ставкалар мен тарифтер, ерекше жағдайлар келісіледі.

¾ Келісім – шарт жобасын даярлау мен клиентпен келісу.

¾ Келісім – шарт орнату.

¾ Клиент тілегіне сәйкес инкассация қызметі кестесін жасау мен түзетулер енгізу.

¾ Клиентті материалды қамтамасыз ету.

¾ Инкассация жүргізу тәртібі бойынша мамандар кеңесі.

¾ Клиенттен ақшаны алу.

¾ Инкассатор сумкаларын кассаға беру.

¾ Ақшаны есептеуге жіберу.

¾ Ақша құралдарын өңдеу.

¾ Есептеу қорытындыларын шығару.

¾ Есептеулерді тексеру.

¾ Келу құжаттарын рәсімдеу.

¾ Ақшаны клиент шотына жіберу.

Инкассация қызметі үшін банк кірісіне клиент төлейтін төлем.

Клиенттің банкпен байланысы инкассация, сақтандыру қызметтерімен шектелмейді. Банктер әдетте әмбебап келеді. Кәсіби мамандар банк технологияларының жаңа түрлерін қолдану кәсіби және қаржы  мәселелерді кешенді шешуге мүмкіндік  береді. 28             

 

3.2 Банктік маркетингінің дамуындағы  жаңа тенденциялар.

 

Банктік марктингті дамыту бағыттары. Банктер арасындағы бәсекелестік олардың  тікелей клиенттермен жұмыс істейтін қызметкрлерге ерекше назар аударуға, олардың өз міндеттерін сапалы орындауларына  қол жеткізуге еріксіз итермелейді. Клиенттерге қызмет көрсетуді жетілдірудің жекелеген бағыттарын бөліп көрсету  көзделеді. Оларға мыналар жатады:

1) Банкте ақыл-кеңестер беретін және сұрақтарға жауап қайтаратын жауапты қызметкерлерді тағайындау.

2) Банктің ірі филиалдарына қажы мен несие, инвестициялар мен сақтандыру аясындағы проблемаларды шешу үшін қаржы кеңешілерін тағайындау.

3) Клиеттердің банкке өтініш жасау және пәтерлерден тікелей операциялар жүргізу үшін жағдайлар туғызу.

4) Банктің клиенттермен іскерлік қатынастар этикасын енгізу.

5) Қажеттіліктердің кең ауқымды спектрін қанағаттандыруға арналған, бірсыпыра инновациялық дипозиттік және несие бағдарлармаларын енгізу.

6) Несие беру туралы шешім қабылданғанға дейін келиенттің төлем қабілеттілігін тексеру.

7) Менеджмент саласында көмек көрсететін бизнес-орталықтар құру.

Информация о работе АҚ Банк Центр Кредиттің маркетингтік саясаты